Мақсаты: Ата – аналардың жалпыадамзаттық құндылықтарымен баланы рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының ролінің маңыздылығын дамыту. Міндеттері: - «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері туралы түсінік беру. Бағдарламаның аксиологиялық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі, балаға үлгілі ата –ана болуға шақыру. | Ресурстары: (түрлі қаламдар қағаз, интер.тақта) |
Жиналыс барысы: Жоспар «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері. Жиналысты «Тыныштық сәті», «Тыныс алуға зейін қою» бастау,жоспар жазылған парақша таратамын.«Өзін – өзі тану» рухани - адамгершілік білі беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен - жүрекке жетсе, қандай ғанибет» - деген сөзін басшылыққа ала отырып ата –аналарға рухани бай адамдар туралы ой қозғаймын. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздерін түсіну үшін сананың құрылымы және оны тазарту түрлері туралы айтамын және рухани бай адам болу үшін ой,сөз және іс – әрекет сәйкестігіне тоқталып, мысалдар келтіремін. 2.«Өзін – өзі тану » рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері. Құндылықтың түрлеріне тоқталамын және сол құндылықтарды салыстырмалы түрде табиғаттың бес элементіне негіздей отырып адамның бойындағы қасиеттерімен салыстырамын. Абсолютті құндылықтың ерекшелігі мен адамның бәріңе де ортақ құндылық екенін, оның адамның өмірге келеннен адамды нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамайды. Құндылық ағашы туралы айтып, мысалдармен түсіндіремін.Жалпыадамзаттық құндылықтарды диалог арқылы әр түрлі өмірден алынған жағдаяттар арқылы талқылаймын. 3.Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі. Дәйексөз: «Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынан , ананың ақ сүтінен нәр алады» М.Горькийдің сөзімен, ата - аналардың баламен қарым – қатынасы, бала тәрбиелеу туралы ой бөлісемін. Бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің рөлін ата – аналардан сұрау арқылы олардың ойларымен бөлісемін. Баламен қандай тақырыпта әңгімелесіп , баланың пікірлері туралы ойларын талқылау және баланың міндеттері мен баланың белгілі бір өзі жасауға лайық істері бар екенін ұғындыру. Баланың мінез құлқына кері әсер ететін ата – аналардың қарым – қатынас типтері туралы мысалдар келтіремін. | Талдау |
Үйге тапсырма: Жалпыадамзаттық құндылықтарға толы әңгімелер оқы келу тапсырылады. Жиналыстың қорытынды сәті. Ата – аналарға сауалнама беріледі,өзгерістері туралы пікірлерін тыңдау. Сөзі: С.Сейітман әні:С.Дәрібаев «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін топпен айту. | |