Алғашқы әскери дайындық пәнінің мазмұндағы ұлттық жаңашылдығы
«Қазақстан - 2050» “Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” жарлығын оқушыларға ҚР ҚК-ның ішкі қызмет жарғысы талаптарының мазмұны мен ерекшелігін үйрету.Қарулы Күштер қатарында Әскери антты қабылдау салтанатты сәтінен қысқаша мағлұмат беру.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отан сүйгіштікке баулу, үлгі болу, ардагерлерге, үлкендерге құрмет көрсету, оқушылар арасында әскери – патриоттық тәрбиені жандандыру.Оқушыларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» Жолдауындағы “Салауатты өмір салты” жарлығын жүзеге асыру. Жасөспірімді Отанына адал қызмет атқаруға тәрбиелеу.Адамзаттық борыш, жауапкершілік пен терең түсінікке негіздеу. . Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"- деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", "отансүйгіштік ", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде » - дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді. Адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады: - рухани адамгершілік - тарихи - өлкелік -«Шежіре» - азаматтық-патриоттық тәрбие. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау, қызмет ету арқылы ықпал етеді. - әлеуметтік-патриоттық. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып, үлкен кісілер сыйластық сезімдері. - әскери-патриоттық. Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді, Отан сүйіспеншілікті , оны қорғауға , әскери дәстүрді , әскери тарихты қалыптастыру . - спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз: Ата мекен жер үшін, Қасиетті ел үшін, Әзиз ана, қарт ата, Ботакөз сұлу қарындас Күң, құл болмасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады. Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталып өткім келеді: Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға – қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. Табандылық – батырлардың қалқаны. Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған. Мысалы: • Намысты нанға сатпа. • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық. • Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық. • Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. • Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. • Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды. • Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. • Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады. • Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір. • Ептілік те - ерлік. • Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол. Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт-дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш – сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін –ұстаздар қауымы деп айта алар едім. Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттық сана – сезімін қалыптастыру , патриоттық іс – әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу. Қоғамда ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етуде. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта әрі педагог, әрі психолог, әрі оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьтердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселесіне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың ілгері оқыту технолгиясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.Компьютерлік желі арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылары өздеріне керекті сабақтарды, тесттерді пайдалана алады.Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компютер мүмкінділіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.Компютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұңдай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, сызбалар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б жатқызуға болады. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңге ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. АӘД пән үрдісінде жаңа технологияларды қолдану Тәрбие саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалады. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Қорыта келе, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
Практикалық тәжірибеде патриотизмның қалыптасуы 10-11 сынып оқушыларымен өткізу барысында
I тоқсан. Қыркүйек. Қыркүйек. Дискуссия « Патриоттық және ұлттық өзіндік сана» «Менің тұрғым келетін мемлекет». Оқушылардағы «өзіндік баға» түсінігінің алғашқы қалыптасуы.Азаматтылығының қалыптасуы және патриоттық жауапкершілік, өз мемлекетіне пайда тигізуге икемді болу.
I тоқсан. Қазан. Қазан. Мәдениетті мерекелер.Мұражайға бару. Әскери хроникасын көру.Ұлттық мәениеттерімен танысу.
II тоқсан.Қараша. Қараша. Сыныптан тыс сабақ «Жақсы адамдардын өмірі. «Ұмытуға мүмкін емес, оралуға болмайды. Суреттегі отбасылық баға».оқушыларда жақсылық жасауға ынтасын қалыптастыру.
II тоқсан.Желтоқсан. Желтоқсан. Ардагерлермен кездесу. Жетім балаларға көмек көрсету: ойыншық, кітап, канцелярды товар. Сана сезімінің бағалауын қалыптастыру: мейрімділік, адамгершілік, қарт адамдарға,ардагерлерге сыйластық.
III тоқсан. Қантар. Қантар.Дискуссия«Мен Қазақстанда тұрамын:өткеннен болашаққа». Оқушыларда өзіндік патриотты қалыптастыру.
IV тоқсан. Сәуір. Сәуір. Тәжірибелі-жобалау проектілері. Дайындық және призентацияны қорғау. Өзге ұлт салт дастүрлерге және өз ұлт салт дәстүрлеріне сыйластықты қалыптастыру.
IV тоқсан. Мамыр. Мамыр.Конкурстар.Ұлы Отан соғысы таппақтар конкурстары. Өз халқының жадына сақталған тарихын құрметтеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша.
2. «Әдеби әлем» Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.
3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет.
4. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 - 73 бет.
5. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 6. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004 7. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 8. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.: Өркен, 2007 9. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.