kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?«?рлеу» біліктілікті арттыру ?лтты? орталы?ы ЖОБА та?ырыбы: «Тест тапсырмаларын PISA зерттеулері ?дісімен ??растыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?«?рлеу» біліктілікті арттыру ?лтты? орталы?ы ЖОБА та?ырыбы: «Тест тапсырмаларын PISA зерттеулері ?дісімен ??растыру» »

Кіріспе

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
      Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
      Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. [3,8].

Осы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
      Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады. PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады. [1,7].Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы».Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылығы», 2006-жылы –«жаратылыстану сауаттылығы», ал 2009 жылы білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «оқу сауаттылығы» болды.PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және бұл бағыттағы үдерістерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

  PISA 2009 зерттеу құралдары (материалдары) Консорциумның жетекшілігімен жетекші халықаралық ұйымдардың және қатысушы елдер өкілдерінің сарапшыларының қатысуымен дайындалады.

Зерттеу құралдарына мыналар кіреді:

Тест тапсырмалары бар буклеттер;

Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған сауалнамалар;

Білім беру ұйымдарының басшылығына арналған сауалнамалар;

Тест және сауалнаманы жүргізушіге арналған нұсқаулық;

Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;

Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу бойынша нұсқаулықтар. [1,8].

Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар төрт немесе бес нұсқада  жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер  қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар). [1,10].

Тест жұмыстары аяқталғаннан соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырады. Қосымша бiлiм ұйымдары әкiмшiлiгiнен де сауалнамалар жүргiзiледi. Жауаптардың бағалануы халықаралық жауаптарды кодтау нұсқауының қатал орындалуы бойынша жүргiзiледi, әрбiр жауап өз кодына сәйкестелініп, бiлiктi мамандармен iске асырылады. Кейбір тапсырмалардың жауаптары дұрыс немесе бұрыс деп бағаланады, ал жартылай дұрыс немесе оңай жауаптар жартылай дұрыс деп бағаланады.

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір топтағы тапсырманы орындауына қарай (оқу, математика және жаратылыстану бойынша) халықаралық 1000-балдық шкала бойынша балл қосылады. Сонымен қатар, тапсырма барлық тестіленушілермен қаншалықты орындалғанына байланысты әрбiр тапсырмаға аталған шкалаға сәйкес нақты балл қосылады (тапсырманың қиындығы үшін).

Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы құрастыруда жеке елдердің тапсырмаларды орындау ерекшелiктерi есепке алынады. Ал қатесі бар тапсырмалар, мысалы, полиграфиялық немесе аудармасында қателескен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. [1,11].

      «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
      Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
      РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
      2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
      Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
      1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
      2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
      3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
      Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
      Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді. [2,9].



РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.

PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп түсінуге болады. Оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары.

Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.

Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіру үшін тапсырмалар қолданылады.

Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әр түрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну ұсынылады.

Рефлексияны бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді.

Айта кетерлік жайт, оқу сауаттылығы 2000 және 2009 жылдары PISA бағалау технологиясының басты бағыттарының бірі болды. PISA-2012 зерттеуінде жоба қатысушыларының оқу құзыреттілігін анықтауға бағытталған тест сұрақтарының мазмұны өзгермеген.

PISA тесті оқу сауаттылығы бағытындағымектеп түлегінің алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшінқажетті құзыреттіліктерді мектеп білімі сапасын бағалау саласындағы халықаралық сарапшылар тұрғысынан нақты айқындаған.

Оқу сауаттылығын бағалау үшін білімгерлерге мәтінде берілген ақпаратты салыстырп көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіру ұсынылады.

PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығы. Бұл орайда зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер де қолданылады.

PISA-2012 білімгерлері оқу сауаттылығының тест сұрақтары мәтіндердің түрлі форматтағы мәтіндерімен берілген. Бұл құрамында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мәтіндерінен тұратын «тұтас мәтіндер» болып табылады. Тұтас мағыналы азат жолдар бағыныш сатымен көркемделген және оқушының мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін тақырыппен және тақырыпшамен белгіленген. Тұтас емес мәтіндер мәтіннің ақпараттық бірліктерін қамтитындықтан, біршама басқа оқу дағдыларын талап етеді (кескіндер, кестелер, диаграммалар). Аралас мәтіндердің ерекшеліктері бірін-бірі толықтыратын вербалды және вербалды емес элементтер болып табылады.

Көптеген ақпараттық мәтіндер бүгінгі таңда көбіне ұсынымдық форматта болып келеді (веб-парақтар, журналдар және т.б.). Құрамдас мәтіндер мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ форматы жағынан да әр түрлі бірнеше мәтіндерді біріктіреді. Бұл орайда, олар мәтіннің диагностикалық мақсатын айқындайтындай , мағыналық мазмұны тұрғысынан байланысты және аяқталған болып келеді.

PISA-2012 тесттің жоғарыда көрсетілген формат бойынша тест сұрақтарын бөлуі келесідей: тұтас мәтіндер – 39%, тұтас емес – 30 %, аралас – 23%, құрамдас – 8%.

PISA тесті оқу әрекетінің екі маңызды құрамдас бөлігін қамтиды. Бұл «ситуация» - мәтінге сүйене отырып, оқудың мақсаты және «мәтін» - оқу материалының түрлі форматы мен мазмұны.

Осылайша тестілеуге қатысушы оқығанның түсінігін айтып беру емес, ұсынылған мәтіндегі ақпаратты іздеуі мен түсіндіруі тиіс.

PISAтестінің материалды толық түсінуге бағытталған құрылымы 3 оқырмандық біліктілік пен соған сәйкес әрекеттерді қамтиды. Бұл қажетті ақпаратты тауып, оны мәтіннің жалпы мәнмәтінінен алу, мәтіннің жалпы түсінігін тұжырымдап, мәтіндік хабарламаның мазмұны мен формасы туралы өз көзқарасын ұсынуы тиіс. Тестің әрбір тапсырмасы 15 жастағылардың өмірде кездесуі мүмкін шынайы оқу міндеттерінің шарттарын модельдейді. Оқу біліктілігінің деңгейі бойынша PISA тест сұрақтары үстірт және дәлме-дәл түсінуді талап ететін ең қарапайымнан аса күрделіге дейін түрленіп отырады. Мысалы, мәтіндегі ақпаратты іздеп, ойында қалыптастыруы қажет мағыналық бірлік саны секілді факторларды анықтайды. Мәтін хабарламасын біріктіру мен түсіндіру дағдыларын анықтаудағы оқырманның құзыреттілігі оқырманның ой мен автор идеясын бір арнаға тоғыстыру қабілетін көрсету үшін қажетті ақпараттың бірлік санымен анықталады. Бұл орайда, осындай мәтіндердің құрылымы біртекті емес,оқырман талқылау пәнімен неғұрлым азырақ таныс болса, соғұрлым мәтінді бір арнаға тоғыстыру қиынға соғады.

PISA-2012 тестінің оқу сауаттылығы деңгейлері бойынша халықаралық емтиханға қатысушы Қазақстандық білім алушылардың үлесін салыстырмалы талдау, осы көрсеткіштердегі жағымды үрдістің жоқтығын көрсетеді. Осы дерек 15 жастағы білімгерлердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі ретінде «Филология» бағытындағы пәндік сабақтардың әлеуетін арттыру бойынша мақсатты, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін растайды.

Айта кететіні, тек 32 ел ғана зерттеудің осы бағытында компьютерлік тестілеуге қатысты. Осы орайда Қазақстандық білімгерлер оқу сауаттылығын тест буклеттерінің қағаз жүзіндегі форматында көрсетті. PISA-2012 тест тапсырмаларының жалпы санынан 17% 15 жастағы білімгерлердің оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған барлығы 3-тен 5-ке дейінгі тест тапсырмалары ұсынылады. Оқу сауаттылығының даму үрдісін бағалау үшін PISA тестінде жыл артқан сайын ашық және жабық сұрақтардың үйлесімі сақталады. Ашық сұрақтар сарапшылық бағаны талап ететін анағұрлым толық жауапты бағамдайды. Зерттеуге қатысушылардың жабық сұрақтарға берген жауаптары сарапшылық бағалауды қажет етпейді, оларды автоматты режимде бағалауға болады.Анағұрлым классикалық жабық сұрақтар дайын күйінде берілген төрт-бес нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдауды пайымдайды. Жабық сұрақтардың күрделірек түрлері, мысалы баяндалған оқиғаны уақыт бірізділігімен орналастыру секілді тапсырмаларды қамтиды. Сұрақтардың сарапшылық бағалауды қажет етпейтін осы санатына оқырманның өзі бір-екі сөз жазуына тура келетін, сөзді мәтіннен көшіріп жазу секілді тапсырмалар да кіреді.Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар төрт немесе бес нұсқада  жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер  қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар).Тест жұмыстары аяқталғаннан соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырады. Қосымша бiлiм ұйымдары әкiмшiлiгiнен де сауалнамалар жүргiзiледi. Жауаптардың бағалануы халықаралық жауаптарды кодтау нұсқауының қатал орындалуы бойынша жүргiзiледi, әрбiр жауап өз кодына сәйкестелініп, бiлiктi мамандармен iске асырылады. Кейбір тапсырмалардың жауаптары дұрыс немесе бұрыс деп бағаланады, ал жартылай дұрыс немесе оңай жауаптар жартылай дұрыс деп бағаланады.

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір топтағы тапсырманы орындауына қарай (оқу, математика және жаратылыстану бойынша) халықаралық 1000-балдық шкала бойынша балл қосылады. Сонымен қатар, тапсырма барлық тестіленушілермен қаншалықты орындалғанына байланысты әрбiр тапсырмаға аталған шкалаға сәйкес нақты балл қосылады (тапсырманың қиындығы үшін).Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы құрастыруда жеке елдердің тапсырмаларды орындау ерекшелiктерi есепке алынады. Ал қатесі бар тапсырмалар, мысалы, полиграфиялық немесе аудармасында қателескен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. Қазақстандық зерттеуге қатысушылардың оқу құзыреттілігі келесі тест тапсырмаларын өңдеу нәтижесінде берілген - «Тоқаш», «Мінсіз кеңсе», «Кітап туралы» [2,73].

Тоқаш

Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде , ер адам да біреуін алды. Ол таңқалғанымен, ешнәрсе айтпады және одан әрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар емеспін! Егер мен батылдау болғанда міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады.Ол әрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер адамның не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал, ол соңғы тоқашты алып, оны екіге бөліп, оған жартысын берді.Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда ғана ол өзінің қорабы ашылмағаны, тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.

Осы мәтін бойынша мына сұрақтар берілген:

1- сұрақ

Әңгіменің басында бойжеткен не істеді?

А) Ол бекетте поезд күтіп отырды

В) ол бекеттен кетейін деп жатты

С) Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты

D) Ол бекетте газет сатып алып жатты

2-сұрақ

Әңгіменің ортасында бойжеткен «Сене алар емеспін!» деді. Бойжеткен не нәрсеге сене алар емес?

3-cұрақ

Әңгімеде сөз болып отырған бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесіп қалды делік. Бойжеткен ер адамға не айтқан болар еді?

Тұтас мәтін форматында берілген «Тоқаш» тапсырмасы тестілеуге қатысушылар үшін күрделі болған жоқ. Ең алдымен, мәтінді сыни талдау және өмірлік жағдаймен ұштастыра түсіндірудегі оқу біліктілігін көрсету қажет болды. Бірінші жабық сұраққа PISA-2012 тестіне қатысушылардың 90% жауап берді. «Мәтіндегі ақпаратты табу және алу» екінші сұрағына 54% адам жауап берді. «Жағдайды бағалап, берілген жағдайдан шығудың өз жеке жорамалын ұсынуға» зерттеуге қатысушы 15 жастағы білімгерлердің 70% жауап бере алды.







































Қорытынды

Бүгінгі әлемде өзін ауқымды халықаралық контексте көрместен, білім беру саясатын әзірлеу аса қиын. Оның үстіне бұл білім беру реформаларын әзірлеушілерге жұмыс берушілердің, ата-аналардың, оқушылардың, тұтастай қоғамның, яғни білім беру қызметтерін пайдаланатын және салық төлейтін барлық адамдардың тарапынан қойылатын міндетті шартқа айналып келеді. Осындай зерттеулердің нәтижелері әдетте қоғамда кеңінен талқыланады және ел ішіндегі білім беру саясатын қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Мысалы, атап айтсақ, Ресей мен Қырғызстандағы мектеп оқушыларын тексеру нәтижелері қоғам мен кәсіпқой ортада үлкен назарға ие болып, оқытудың мазмұны мен әдістері туралы дәстүрлі түрде қалыптасқан түсініктерді елеулі тұрғыдан қайта қарау қажеттігі туралы мәселені күн тәртібіне шығарды. Осы елдердің халықаралық зерттеулерге қатысуының маңызды нәтижелерінің бірі сондай-ақ білім беру сапасын бағалаудың озық құралдарын әзірлеу мен қолдану саласындағы мамандарды кәсіптік тұрғыдан дамытудың жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы болды.Зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оқушылар мұғалімдердің оларды шындап қабылдауын сезінгенде, оқушылардың білім алуға құштарлықтары артып, тәртіпке қатысты проблемалары азайған. 2000 жылғы PISA-ның қорытындылары оқушылардың басым көпшілігінің мұғалімдермен қарым-қатынастарының сапасына көңілдері толатынын көрсеткен. 2009 жылы "мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынастар сапасы одан әрі жақсарды .Білім беру қорларын әділ үйлестірумен сипатталатын жүйеде академиялық жетістіктер мен әлеуметтік-экономикалық жағдай арасындағы өзара қатынас әлсіз болуы мүмкін. Мұндай жүйеде барлық оқушылар өздерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктерге ие және нәтижелері олардың зейінін, қабілеттері мен барлық қауымда амбициясын көрсетеді.PISA зерттеуінің көмегімен алынған мәліметтер зерттеушілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсы болуы, оқушылардың білім жетістіктері мен білім үлгерімдеріне біршама әсерінің барын анықтап,осылайша білім алу мүмкіндіктерінің, білім ресурстарының нақты бөліну дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.



















Пайдаланған әдебиеттер:


1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ PISA 2012 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ Астана –2013

2.PISA 2012 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері PISA -2012 УДК 38.0 ББК 75Н 37Н 37 PISA-2012 15-жастағы білімгерлердің білім жетістіктерін халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері.А.Құлтуманова, Г.Бердібаева,Б.Қартпаев, И.Иманбек, К.Шарбанова, М.Рахимова, Ж.Жұмабаева, З.Пирнепесова, Б.Окенова, А.Увалиева.Астана: ҰБСБО, 2013 -293б. ISBN 978-601-7080-81-5«PISA-2012 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері»

3.ҚР Жолдауы «Қазақстан - 2050» 2012ж 14 желтоқсан




























Жоспар:


  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспары

  2. Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін айқындайтын машықтар

PISA тестіндегі ашық және жабық сұрақтар

  1. PISA халықаралық зерттеулерінің маңызы

























АҚ«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты








ЖОБА



Тақырыбы:

«Тест тапсырмаларын PISA зерттеулері әдісімен

құрастыру»










Орындағандар: Байгабылова Г.Ж.

Уразаева Ф.К.

Есеналина Л.А.

















Ақтөбе-2014

Мақсаты -   PISA бағдарламасы тапсырмаларын, тестерін орындауда оқытудың белсенді стратегияларын орындауға оқушыларды  дайындау және жолдарын үйрету.

Тақырып өзектілігі: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуы, нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды сауаттылықты қалыптастыру. Белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест  тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.

Міндеттері: 1) Теориялық материалдарды оқып-зерттеу:
-PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,құрылысы;
- PISA – 2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрі;

2) жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын есте ұстау;

3) PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену;
4) оқушы құзырлылығын бағалаудың  формативті және суммативті стратегияларын үйрену.

Күтілетін нәтиже:

PISA бағдарламасының элементтері типтерімен бірдей болатын, оқушыларға арналған элементтердің үлгілерін жасау.

тест тапсыруға дайындайтын стратегияларды меңгеру.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна

Дата: 18.11.2014

Номер свидетельства: 132107


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства