kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8-сынып?а арнал?ан диктант жина?тары

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сынып

Жылына – 5 диктант

С?дер саны – 120 - 150 с?з

Та?ырыбы

С?з саны

І то?сан

1

Жа?сы ?дет

120 с?з

2

Ту?ан ел

124 с?з

ІІ то?сан

3

А?ыз кейіпкері

139 с?з

4

?аза?ты? бас а?ыны

134 с?з

ІІІ то?сан

5

Ту?ан жерге тез жетем

121 с?з

6

Домбыра

147 с?з

І? то?сан

7

Ескендір

132 с?з

8

ЖА?СЫ ?ДЕТ

?дет-??рып - ?р халы?ты? ?анына сі?ген н?рсе. Ол барлы? халы?та бар. ?дет-??рыптарды? ?айсы бір т?рі тым ?ріден, діннен де б?рын шы?ып, ?те к?не замандарда ?алыптас?ан. Ал ?айсы бір т?рлері тікелей дін ?а?идаларынан туындап, адамны? б?кіл ?міріні? бір кезе?дерінде пайда бол?ан.

?аза?ты? а?айын, тума-туыс?анды, жалпы елді сыйлау?а байланысты жа?сы ?дет-??рыптары бар. М?селен, ?аза? хал?ы жер ы??айына, ауа-райына ?арай к?шіп-?онуды ?детке айналдыр?ан. К?нні? ?апыры?, ыссы мезгілдерінде ауылдан ?тіп к?шіп бара жат?андар?а елді? ?ыз-келіншектері ?ымыз, ш?бат, айран, шалап сия?ты бар сусындарын алып шы??ан. К?шіп келе жат?андар то?тап, к?лік суытып, ?арсы ал?андарды? сусынын ішіп, дем алып, жол-ж?некей осындай ??рмет к?ріп, ра?метін айтып, ілгері жылжи береді екен. Жалпы, ауыл ?стінен ?ткендерге д?м тат?ызу - ?аза?ты? ата ??рпы.  (120 с?з)

(«Ата м?ра? - асыл ?азына»)

ТУ?АН ЕЛ

Ту?ан ел! Б?л кішкентай ?йі?ні? табалдыры?ынан басталады. Содан шетсіз, шексіз ?ия?а ?рлеп кете барады. Оны? ж?пар ат?ан жусаны, ж?ректей болып желмен л?пілдей со??ан ?ызыл г?лдері, кеуде?е ??йыл?ан м?лдір ауасы -осыны? б?рі-б?рі сені? ту?ан елі?ді ??райды.

Ту?ан жерсіз адамны? к?ші жо?. Алыс кетсе?, ?з ?йі?ні? м?ржасына дейін са?ынасы?. Ту?ан жері? т?сі?е енеді. Алыстан сені ?ол б?л?ай ша?ырады.

Ту?ан ел ма?ынасы тере?де жатыр. Бал?ын балалы? ша?. ?зен ?стінде ?йіріліп ?ш?ан ша?ала. Кемеріне жайлап со??ан к?гілдір к?л. К?нні? ?ыз?ылт шана?ына б?ленген ?йлер - осыны? б?рі т?тас т?р?ан ту?ан ел. Ал, енді ананы? бесікте жат?анда айт?ан ?лдиі, ?жені? тамылжыта т?ккен тамаша ертегілері, ту?андары?ны? мейірбанды к?лкілері - осыны? б?рі ту?ан елі?ні? керемет сипаттары!  Міне, осындай жан?а жылы, ж?рекке жа?ын т?р?ан жерді ?р адам баласы ?зіні? ту?ан жері, елі деп біледі.

 (124 с?з)

А?ЫЗ КЕЙШКЕРЛЕРІ

?асиетті ?ор?ыт ата адам ??мырыны? соншалы? шола?ты?ына наразы болып м??гілік ?мір іздеп, д?ниені? т?рт б?рышын шарлайды. Барма?ан жері, баспа?ан тауы ?алмайды. ?ай ойпат?а т?спесін, ?ай ?ырат?а шы?па-сын-сар?аймайтын ба?ша-бау, ш?кпейтін ас?ар тау, ?гілмейтін тас, ?артаймайтын жас кездестіре алмайды. ?ай ?ала?а ат басын тіресе, сол ?алада к?р ?азып жат?андар?а тап болады. А?ыр ая?ында ажал?а ?арсы ем таппай, ?лмес ?мірді ?нерден іздеп, к?й шы?арады. "Адамны? ?зі ?лсе де, ісі ?лмейді" деп т?йеді.

?ор?ьптан кейінгі ?йгілі аталарымызды? бірі — Асан ?ай?ы. Ол желмая?а мініп, жер-к?кті біраз шарлайды. Елді жау алмайтын, малды ж?т алмайтын, ?ой ?стіне бозтор?ай ж?мырт?ала?ан жер жаннаты Жер?йы?ты іздейді. Алайда сол Жер?йы?ын таба алмай, ?лытау?а жеткен кезде д?ние салады.

Б?л екі а?ызды? кейіпкерлері ?мірде бол?ан адамдар делінеді. Алайда, халы? ?иялынан ту?ан кейіпкерлер де болуы м?мкін. (139с?з)

?АЗА?ТЫ? БАС А?ЫНЫ

     Бір мы? то?ыз ж?з ?шінші жылы ?олыма Абай  с?здері жазыл?ан д?птер т?сті.О?ып ?арасам, бас?а а?ындарды? с?зіндей емес. Оларды? с?зінен бас?алы?ы сонша, ?уелгі кезде жатыр?ап, к?пке дейін тоса?сып отырасы?. С?зі аз, ма?ынасы к?п тере?. Б?рын естімеген адам шапша? о?ып шы?са, азына т?сініп, к?біні? ма?ынасына жете алмай ?алады. Кей с?здерін ойланып да?дылан?ан адамдар болмаса, мы? ?айтара о?ыса да, т?сіне алмайды. Не ма?ынада айтыл?анын біреу баяндап ??тыр?анда ?ана біледі.  

     Сонды?тан Абай с?здері жалпы адамны? т?сінуіне ауыр екені рас. Біра? ол ауырлы?-Абайды? айта алма?анынан бол?ан кемшілік емес, о?ушыларды? т?сінерлік д?режеге жете алма?анынан  болатын кемшілік.Олай бол?анда, айып жазушыда емес, о?ушыда. Не н?рсе жайынан жазса да, Абай т?бірін,тамырын, ішкі сырын, ?асиетін ?армай жазады. Н?рсені? сырын, ?асиетін біліп жаз?ан со?, с?зіні? б?рі де халы??а тіреліп, о?ушыларды? біліміне сын болып,емтихан болып табылады. Абай с?зі заманында?ы а?ындарды? с?зінен о?шау, оларды? с?зінен ?здік, арты?. (134 с?з)

ТУ?АН ЖЕРГЕ ТЕЗ ЖЕТЕМ

Уа, ту?ан жер!

?ызбелде? аттан?ан біз, с??гіген сайын селеуі ?алы?дай т?скен, елсіз-к?нсіз ке? даланы кезіп отырып, жеті-сегіз к?нде "Аман" аталатын ?ара?ай мен ?айы?, аралас ?скен жыныс?а келіп кірдік. М?ндай тамаша орманды мен б?л жасыма дейін к?рген емес едім, одан кейін де ?зірге к?рген жо?пын. Б?та?тары басына ?ана шо?тала ?скен з?улім биік, о?тай т?п-т?зу, ?ара?айларды? арасында, бой те?естіре ?скен (з?улім биік) аппа? к?містей ?айы?дар да, жуанды?, биіктік, с???а?ты?, т?зулік жа?ынан ?ара?айлар?а беріспейді. Б?та?тары ай?ас?ан сол ?алы? а?ашты? ішінде, жапыра? арасынан ?ана сы?ала?ан к?н к?зіні? жерге т?скен с?улесі, барысты? терісіндей ш?барланып, жапыра?ты ж?мса? самалды? тербетуінен, ?имылдап жат?ан жанды ма??л?? сия?танып кетеді. А?аштарды? ?немі к?ле?ке б?ркеген т?бінде сирек ?скен жапыра?ты ш?пті? ?асына барып, жапыра?ыны? арасын ашса?, шо?тала шы??ан б?лдіргенні? ?ан ?ызыл т?сі сексеуілді? жел ?рлеген ?ып-?ызыл шо?ындай жылтылдайды. Сол бір б?лдіргенні? ?ыш?ылтым д?ніні? т?ттісін-ай!  (121 с?з)

ДОМБЫРА

?аза? музыка м?дениеті тарихында домбыра ел ішіне ке? тарал?ан екі, кейде ?ш ішекті, шертіп немесе ?а?ып ойнайтын музыкалы? аспап ретінде ертеден белгілі бол?ан. ?аза? жеріні? ?р ?лкелерінде т?ратын халы? шеберлері домбыраны ?з ?алауынша ?р т?рлі ?лгіде жасады. О?ан ?айы?, ?ара?ай, ж?ке, шырша, ?йе?кі сия?ты а?аштар пайдаланыл?ан. Домбыраны? шана?ын б?лшек-б?лшек а?аштардан ?иыстырып немесе сом а?аштан ойып жасайды. Шана?ты? ка?па?ына ?ос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ?зынша мойнына иірген ішектен екі немесе ?ш орал?ан пернелер та?ылады. Ал?ашкы кезде перне саны 5-7 болса, кейін оны? саны 9-19-?а жетті.

Домбыра халкымызды? тарихи ?мір жолымен ты?ыз байланысты. Ол халы? ?ндерін с?йемелдеуге ж?не к?йлер тарту?а ?олданылады.

?аза? халкыны? к?не музыка аспабыны? бірінен саналатын б?л домбы­ра к?йші-композиторларды? к?мбірлеген к?мейі, бозда?ан ?ні мен с???ылда?ан тіліне айналып отыр?ан.

Каза? хал?ынын небір ?н-к?йлері мен жыр-дастандары кейінгі ?рпа??а осы домбыра ар?ылы жеткен. ?азір оркестрге лайы?талып жасал?ан домбыраны? прима, тенор, бас сиякты т?рлері ?мірге келді. Осы секілді он то?ыз пернелі жетілдірілген жа?а домбырамен нота?а жазыл?ан кез келген музыкалы? шы?арманы орындау?а болады. (147 с?з).

ЕСКЕНДІР

Ж?ртгы? б?рі Ескендірді? ептілігі мен ер ж?ректілігіне та? ?алады, ал патша ?з баласын к?ша?тап т?рып: "?лым-ай, ?зі?е ша? патшалы? ізде, Ма­кедония са?ан ол?ылы? етер", — деген екен.

Александрды? бойына біткен ал?ыр а?ылы, тап?ырлы?ы, батырлы?ы ерекше еді. Оны а?асы т?зімді, барынша к?шті, тама? тал?амайтын жауынгер етіп т?рбиеледі. А?асыны? та?ерте?гілік ас орнына т?нгі жоры?та?ыдай ат?а мінгізіп шап?ылат?анын, ал т?скі тама? ?ата? ерте? ішетіндей ж?пыны асты тал?амау етіп ?йреткенін Александр кейін де талай есіне алып ж?ріпті.

Александр к?нде ойын, к?нде той дегенді жанымен жек к?рді. "Ерке — тотайлы? пен с?н-салтанаттан ас?ан ??лды?, е?бектен арты? патшалы? жо?" дегенді жиі айтатын.

Ежелгі д?ниені? ата?ты ?алымы Аристотель Александрды? ?стазы болды. ?алым ханзада?а ?лем, таби?ат жайында, адам мен мемлекет ха?ында ??гімелер айтып беретін-ді.

Жігіт те ?стазына: "?згелерден тек к?ш-?уатыммен ?ана емес, сондай-а? е? жо?ары т?р?ан а?ылмен де асып т?скім келеді" — дейтін. (132с?з)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8-сынып?а арнал?ан диктант жина?тары »

8 сынып

Жылына – 5 диктант

Сөдер саны – 120 - 150 сөз

Тақырыбы

Сөз саны

І тоқсан

1

Жақсы әдет

120 сөз

2

Туған ел

124 сөз

ІІ тоқсан

3

Аңыз кейіпкері

139 сөз

4

Қазақтың бас ақыны

134 сөз

ІІІ тоқсан

5

Туған жерге тез жетем

121 сөз

6

Домбыра

147 сөз

ІҮ тоқсан

7

Ескендір

132 сөз

8





ЖАҚСЫ ӘДЕТ


Әдет-ғұрып - әр халықтың қанына сіңген нәрсе. Ол барлық халықта бар. Әдет-ғұрыптардың қайсы бір түрі тым әріден, діннен де бұрын шығып, өте көне замандарда қалыптасқан. Ал қайсы бір түрлері тікелей дін қағидаларынан туындап, адамның бүкіл өмірінің бір кезеңдерінде пайда болған.

Қазақтың ағайын, тума-туысқанды, жалпы елді сыйлауға байланысты жақсы әдет-ғұрыптары бар. Мәселен, қазақ халқы жер ыңғайына, ауа-райына қарай көшіп-қонуды әдетке айналдырған. Күннің қапырық, ыссы мезгілдерінде ауылдан өтіп көшіп бара жатқандарға елдің қыз-келіншектері қымыз, шұбат, айран, шалап сияқты бар сусындарын алып шыққан. Көшіп келе жатқандар тоқтап, көлік суытып, қарсы алғандардың сусынын ішіп, дем алып, жол-жөнекей осындай құрмет көріп, рақметін айтып, ілгері жылжи береді екен. Жалпы, ауыл үстінен өткендерге дәм татқызу - қазақтың ата ғұрпы. (120 сөз)

(«Ата мұраң - асыл қазына»)



ТУҒАН ЕЛ


Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, жүректей болып желмен лүпілдей соққан қызыл гүлдері, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы -осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.

Туған жерсіз адамның күші жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғай шақырады.

Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала. Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл. Күннің қызғылт шанағына бөленген үйлер - осының бәрі тұтас тұрған туған ел. Ал, енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері - осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері, елі деп біледі.

(124 сөз)



АҢЫЗ КЕЙШКЕРЛЕРІ

Қасиетті Қорқыт ата адам ғұмырының соншалық шолақтығына наразы болып мәңгілік өмір іздеп, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қай ойпатқа түспесін, қай қыратқа шықпа-сын-сарғаймайтын бақша-бау, шөкпейтін асқар тау, үгілмейтін тас, қартаймайтын жас кездестіре алмайды. Қай қалаға ат басын тіресе, сол қалада көр қазып жатқандарға тап болады. Ақыр аяғында ажалға қарсы ем таппай, өлмес өмірді өнерден іздеп, күй шығарады. "Адамның өзі өлсе де, ісі өлмейді" деп түйеді.

Қорқьптан кейінгі әйгілі аталарымыздың бірі — Асан Қайғы. Ол желмаяға мініп, жер-көкті біраз шарлайды. Елді жау алмайтын, малды жұт алмайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер жаннаты Жерұйықты іздейді. Алайда сол Жерұйығын таба алмай, Ұлытауға жеткен кезде дүние салады.

Бұл екі аңыздың кейіпкерлері өмірде болған адамдар делінеді. Алайда, халық қиялынан туған кейіпкерлер де болуы мүмкін. (139сөз)



ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ


Бір мың тоғыз жүз үшінші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті.Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп терең. Бұрын естімеген адам шапшаң оқып шықса, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.

Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық-Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік.Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін,тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып,емтихан болып табылады. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. (134 сөз)


ТУҒАН ЖЕРГЕ ТЕЗ ЖЕТЕМ


Уа, туған жер!

Қызбелдең аттанған біз, сүңгіген сайын селеуі қалыңдай түскен, елсіз-күнсіз кең даланы кезіп отырып, жеті-сегіз күнде "Аман" аталатын қарағай мен қайың, аралас өскен жынысқа келіп кірдік. Мұндай тамаша орманды мен бұл жасыма дейін көрген емес едім, одан кейін де әзірге көрген жоқпын. Бұтақтары басына ғана шоқтала өскен зәулім биік, оқтай түп-түзу, қарағайлардың арасында, бой теңестіре өскен (зәулім биік) аппақ күмістей қайыңдар да, жуандық, биіктік, сұңғақтық, түзулік жағынан қарағайларға беріспейді. Бұтақтары айқасқан сол қалың ағаштың ішінде, жапырақ арасынан ғана сығалаған күн көзінің жерге түскен сәулесі, барыстың терісіндей шұбарланып, жапырақты жұмсақ самалдың тербетуінен, қимылдап жатқан жанды мақұлұқ сияқтанып кетеді. Ағаштардың үнемі көлеңке бүркеген түбінде сирек өскен жапырақты шөптің қасына барып, жапырағының арасын ашсаң, шоқтала шыққан бүлдіргеннің қан қызыл түсі сексеуілдің жел үрлеген қып-қызыл шоғындай жылтылдайды. Сол бір бүлдіргеннің қышқылтым дәнінің тәттісін-ай! (121 сөз)


ДОМБЫРА

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың кақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашкы кезде перне саны 5-7 болса, кейін оның саны 9-19-ға жетті.

Домбыра халкымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады.

Қазақ халкының көне музыка аспабының бірінен саналатын бұл домбы­ра күйші-композиторлардың күмбірлеген көмейі, боздаған үні мен сұңқылдаған тіліне айналып отырған.

Казақ халқынын небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сиякты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады. (147 сөз).



ЕСКЕНДІР

Жұртгың бәрі Ескендірдің ептілігі мен ер жүректілігіне тақ қалады, ал патша өз баласын кұшақтап тұрып: "Ұлым-ай, өзіңе шақ патшалық ізде, Ма­кедония саған олқылық етер", — деген екен.

Александрдың бойына біткен алғыр ақылы, тапқырлығы, батырлығы ерекше еді. Оны ағасы төзімді, барынша күшті, тамақ талғамайтын жауынгер етіп тәрбиеледі. Ағасының таңертеңгілік ас орнына түнгі жорықтағыдай атқа мінгізіп шапқылатқанын, ал түскі тамақ қатаң ертең ішетіндей жұпыны асты талғамау етіп үйреткенін Александр кейін де талай есіне алып жүріпті.

Александр күнде ойын, күнде той дегенді жанымен жек көрді. "Ерке — тотайлық пен сән-салтанаттан асқан құлдық, еңбектен артық патшалық жоқ" дегенді жиі айтатын.

Ежелгі дүниенің атақты ғалымы Аристотель Александрдың ұстазы болды. Ғалым ханзадаға әлем, табиғат жайында, адам мен мемлекет хақында әңгімелер айтып беретін-ді.

Жігіт те ұстазына: "Өзгелерден тек күш-қуатыммен ғана емес, сондай-ақ ең жоғары тұрған ақылмен де асып түскім келеді" — дейтін. (132сөз)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
8-сынып?а арнал?ан диктант жина?тары

Автор: Тлекешева Сафура Аскарбековна

Дата: 15.09.2015

Номер свидетельства: 230864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства