kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖА?СЫЛЫ? - ЖАН АЗЫ?Ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это план урока, воспитывает молодые поколения быть человечным,добрым,воспитанным и дружолюбивым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖА?СЫЛЫ? - ЖАН АЗЫ?Ы»

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақбұлақ ауылы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлжаз Мұратқызы


Мерзімі: _________

Сыныбы: 7

IV-тарау. Жасампаздық жарасымы

30 - сабақ

Тақырыбы: ЖАҚСЫЛЫҚ - ЖАН АЗЫҒЫ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық, мейірімділік

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылығы: оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету,

Тәрбиелілігі: сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, рефлексия

Көрнекілігі: оқулық, үнтаспа,бейнефильм, слайд, таратпа қағаздар

Ресурстар:

(оқулық, жұмыс дәптері, аудиожазба, бейнеклип)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен сәлемдесу;

- оқушыларды түгелдеу.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Сабағымызды «тыныштық сәтімен» бастаймыз. Денемізді түзу ұстап, көзімізді жұмамыз (баяу әуен қосылады)

Тыныштық сәті

Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».

Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!

Балалар сендерге «тыныштық сәті» ұнады ма?

Қандай сезім пайда болды?








3мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген М.Қалдыбайдың Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасқан «Жеті сұраққа жауап» атты әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру

Сұрақтар:

Бауыржан Момышұлы адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалады?

  • Адамгершілікті, намысты жоғары бағалаймын. Ой, мынау адам емес екен деген, түсінсең, өте ауыр. Намыс деген сөз өз орныңды білгін, қатарыңнан қалма, қолыңнан келсе, жақсылық істе, мысал боп жүр, жамандық істемегін деген сөз. - Е, намысы жоқ, арсыз екен. Бірге өсіп ек, намысым келіп отыр, - деп ыза болатындар бар. Бұл - дұрыс. Біреулер намыс деген жалғыз соғыста керек деп ойлайды. Ол - қате.

Бауыржан Момышұлы адамның қандай қасиетін жек көрді?

  • Ең кешірмейтінім - опасыздық, тұрақсыздық. Оны кең түсіну керек. Өмір мың құбылмалы. Қиын жағдайда ол тұрақсыз болып шығуы мүмкін. Опасыздық - сұмдық сұмпайы іс. Опасыздық та отбасынан басталады. Отбасындағы ырың-жырыңнан қай бір дені түзу адам шығады. «Қыз күнінде бәрі жақсы» дегендей, бала кезде баланың бәрі сүйкімді. Өскенде өзгереді. Кейбіреу туған баласының алдында аталық, аналық парызын орындай алмай жүр. Ол бүгінде ғана емес, бұрын да болған. Ақша адамды бұзады деген рас. Қолы жетпей тұрғанда әке, апа дейді. Ақшаға қолы жеткен соң, қарамайды. Бұл - қаладағы нәрсе, себебі қала сауда той, ақшасыз ешқайда бара алмайсың.

  • Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің қызметін қалай бағалайсыз?

  • Жүрек істемесе, бас та істемейді. Онсыз организмге қайдан күш кірсін. Сондықтан адам біткен атам заманнан бері жүректі бірінші санайды. Жүрегім өйтті, жүрегім бүйтті деп оны алдымен атайды. Әдебиет - халық өмірінің айнасы десек, онда да жүрек көп жырланады. Ол қуанышта да, қайғыда да үлкен рөл атқарады. Неге десең, жүрек қан бермесе, дене жұмыс істемейді. Жүрек - мотор. Мейірбан, әділетшіл, арлы адамды жұрт жүректі кісі деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан етпейді. Бұл - табиғи шындық.

Жүректі адам (шын жүректі болса) өсек-өтірікке, қулық-сұмдыққа, алданыш, айнығыш сезімге бармайды, ал барғандар жүрегі жоқтар.

Ақыл деген нәрсе, қарағым, ол да табиғи құбылыс. Бірақ өмір көп нәрсеге үйретеді. Адам жас күннен бастап жақсы мен жаманды салыстыра, байқай келіп, жіберген қателерінен тиісті қорытынды шығарып, өмір сүруге үйренеді. Бейнелеп айтқанда, бір жығылып, бір тұрып, тәй-тәй басқан жас бала секілді ақылдылыққа бірте-бірте бой ұрады. Ақыл қашқанға да, қуғанға да қызмет етеді. Ақыл, қысқасын айтқанда, орынды ойлана білу, орынды жерде ойыңның қорытындысын айта білу. Айта білмеу-қорқақтық! Ойланған ақыл қаншама маңызды болғанмен, уақытылы айтылмаса, подвалда шіріп-көгерген ең бағалы қазы-қарталы етпен тең.

Қайрат деген негізінде екіге бөлінеді. Бірінші, ақыл қайраты. Қарсыласыңды сөзбен, логикамен жеңуің керек. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп қазекең тегін айтпаған. Екінші, күш қайраты. «Ақылыңа қайратынды жолдас ет, қайратыңа ақылыңды жолдас ет» деген де сөз бар. Оның мағынасы, қара күшім бар деп менменсіне бермегін, ойлан деген сөз. Тағы да «білегі жуан бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» дейміз.

Бойкүйездікке (жалқаулық) қарсы қалай күресу керек?

  • Күресу бар, бірақ біреуінен нәтиже шығып, біреуінен нәтиже шықпай жатады. Бұл да тәрбиеге байланысты. Пәленшенің баласынан кем болмасын деп, балаларды жаман үйретіп аламыз. Қарапайым, сыпайы, еңбекқор бол деуден гөрі, үлде мен бүлдеге бөлейміз. Тегін нәрсенің қадірі жоқ, оны жерден тауып алғандай көреді. Мысалы, жап-жаңа киімді тазалап кисе, көпке дейін жарайды. Жаңа, сәнді киім керек деп, ескісін менсінбей, кесапатқа ұшырап жүрген балалар аз ба? Ондайлардың ертеңі қандай болмақ? Ондай мінез көрсеткендерге үлкендік орнымызды пайдаланып, «олай емес, былай істейсің, істемей көр!» дей білуіміз керек...


5мин

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық

Әңгімелесу

Осы сұрақтарға жауапты берілген қағазға жазып, тақтаға ілу арқылы күн құрастырады

  1. Байлық, денсаулық, мейірімділік, сұлулықтың қайсысын таңдап алар едің? Неліктен?

  2. Жақсылық, мейірімділік жасау адамның жасына, тұрмыс халіне байланысты бола ма?

  3. Жақсылық жасап, мейірімділік танытсаңыз, өзіңізді қалай сезінесіз?

  4. Жақсы іс қандай нәтиже береді?

  5. Өз өмірінде есте қаларлық қандай жақсылық іс болды?

  6. Адам жақсылық жасау арқылы не нәрсеге қол жеткізе алады?

  7. Айналаңдағы адамдардың қандай жақсы істері туралы айта аласыңдар?

  8. Қалай ойлайсыңдар, жақсылық жасаудың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

5мин

Дәйексөз

«Көңілінді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста»

Ыбырай Алтынсарин

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіндер?

2мин

ІV.Жаңа сабақ

Нағыз адам

В.А.Сухомлинский

Сусыз далада құдық бар. Оның қасында бір үй түр. Онда атасы мен немересі тұрады.

Құдық басында ұзын арқанға байланған қауға бар. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады,қана жатып атайға алғыс айтады.ибір күні арқан тозып үзіледі де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай бірнеше күн су ішеді. Екеуі әбден қалжырады. Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан асында жатқан шелекті көрді.

Жолаушы әуелде құдыққа, сосын немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті.

  • Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

  • Бұл адам емес, - деп жауап берді атасы.

Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап су тартты. Атай мен немересін суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті.

  • Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

  • Бұл адам емес, - деп жауап берді атасы.

Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелек пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап, су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдық басына қалдырды.

  • Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

  • Бұл нағыз адам, - деп жауап берді атасы.

  • Қандай адамды «Нағыз бай адам» деп атауға болады?

  • Нағыз адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Бейнефильм көрсету: «Жақсылық жасаудан жалықпа»

Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісу

5мин




























4мин

V.Сергіту сәті

Оқушыларды сергіту алаңына шақырамын, жұп болып жұптасып, көңіл күйді көтеру алайық. Ол үшін менің айтқанымды қайталаңдар:

1) алақан-алақанға

2) иық-иыққа

3) арқа-арқаға

4) аяқ-аяққа

5) құлақ-құлаққа

6) мұрын-мұрынға

2мин

VІ. Жаңа сабақты бекіту

А.Тапсырма

Оқушы дәптері 69 бет, 2-тапсырма

Адамды жақсылыққа жеткізетін адамшылық қасиеттерді тізбелеп көрсетіңдер

Мысалы:

қайырымдылық;

жанашырлық;

мейірімділік...

Ә.Жақсылық, мінез-құлық, адамның қасиеттері туралы мақал-мәтелдерді толықтыр

1.Атаның баласы болма,

__________ баласы бол.

2.___________– елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы

3.______ – жаныңа жолдас,

______– малыңа жолдас

4.Өзін ғана ойлаған-

_________ң белгісі,

Өзгені де ойлаған –

_________ белгісі

5. _____ – сыйлағанының құлы,

_____ – қорыққанының құлы.

6.Жақсы ______ – жарым ырыс

7.Жақсы байқап ______,

Жаман шайқап сөйлер

8.Жақсыға барсаң,

_________ қайтарсың,

Жаманға барсаң

_________ қайтарсың

Дұрыс жауабы:

Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол

Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жаннның тынысы

Жақсы – жаныңа жолдас,

Жаман – малыңа жолдас

Өзін ғана ойлаған-

Жамандықтың белгісі,

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі

Жақсы – сыйлағаының құлы,

Жаман – қорыққанының құлы.

Жақсы сөз – жарым ырыс

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер

Жақсыға барсаң,

Жазылып қайтарсың,

Жаманға барсаң

Жабығып қайтарсың.

Сабағымызды «Ең басты құндылық – сүйіспеншілік» атты бейнефильмі арқылы қорытындылаймыз







8мин












































2мин

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

Оқушы дәптері 72бет, 1-тапсырма

Өзің атқарып жүрген жақсы істер мен алдағы уақытта ойға алып жүрген жақсы істердің тізімін жасаңдар.Мысалы:

мен атқарып жүрген жақсы істер

алдағы уақытта ойға алып жүрген жақсы істер

Ауладағы ағаштарға су құю...

Ауылдағы жалғыз басты апаға көмектесу...




1мин

VІІІ. Рефлексия

Мен не білемін?

Бүгінгі сабақтан нені білдің?

Келесі сабақта нені білгің келеді?

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:

5мин

Жүректен жүрекке

Оқушылар «сиқырлы таяқша» арқылы бір-біріне жақсы тілек, жылы сөз айтып сабақты аяқтаймыз

3мин



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЖА?СЫЛЫ? - ЖАН АЗЫ?Ы

Автор: Ахметова Г?лжаз М?рат?ызы

Дата: 23.08.2016

Номер свидетельства: 340461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства