Просмотр содержимого документа
«Т?манбай Молда?алиев- ?аза?ты? біртуар к?рнекті а?ыны»
Мұғалім: Тұманбай Молдағалиев- бұл есім ардақты да, аяулы есім. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы сөз өнерінің көсем тұлғасы, біртуар ақыны, қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жастардың, жалпы жыр сүйер қауымның ең сүйікті ақыны еді.
-сол себепті бүгінігі ашық тәрбие сағатымыз осы ақынның 80жылдығына арналып отыр , «Тұманбай Молдағалиев- қазақтың біртуар көрнекті ақыны» атты тақырыппен.
1.Зейнеш:.Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ Қазақ әдебиеті орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 77 жасқа қараған шағында аса көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев дүние салды.Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастап, 1956-1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959-1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған.
2.Даурия:Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрген. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы оқырман қолына тиді. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін ана тілімізге сәтті аударды. 1968 жылы «Жаңа дәптер» жинағы үшін Республика комсомолы сыйлығының, 1982 жылы «Жүректегі жазулар» кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
3.Мерген:Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, басқа да танымал композиторлардың «Құстар әні», «Құстар қайтып келеді», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», т.б. жүздеген әндерге өлең жазған. 2007 жылы «Құстар қайтып барады» атты ән текстерінің жинағы жарық көрді.
4.НұрсұлтанАқынның қаламынан туған «Студент дәптері», «Кәмила», «Құралай», «Алатау қызы», «Зулайды күндер», «Жаңа дәптер», «Шақырады жаз мені», «Қош, көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Хаттар, хаттар», «Махаббат оты сөнбейді», «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жиырма бесінші көктем», «Жүректегі жазулар», «Тынық мұхит дәптері», «Сарыала күз келгенде», «Туған елім — тірегім», «Сағындырған көктемдер», «Шыңдағы гүлдер», «Қар жауып тұр», «Ұмытпа мені» сияқты жыр жинақтары бар.
5.Мұғалім:Қазақ жырының ары мен абыройын арқалап, ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген, санаулы саңлақтарымыздың біріне айналған көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі туған халқымен бірге жасары даусыз. Ақынның тұмадай тұнық жыр жаратқан ұлтжанды болмысы мен ақжарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады.
Келесі тамашалайтыңдарыңыз Зейнеш пен Жанайымның орындауында Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған
«Құстар қайтып барады» әні қабыл алыңыздар!
6.Айда: Тұманбай Молдағалиев «Соңғы сөз»
Жұрт айтады,- ақын еді әкең,- деп,-
Жетісуға тұрған дейді аты өрлеп
Өлең айтып рас екен жүргені
Кім біледі, онда да арман көп шығар
Өзіменен жалын оты өшті бар
Ол да мүмкін бір жарқ еткен нажағай
Ол да мүмкін бір атылған оқ шығар
7.Жанайым. Тұманбай Молдағалиев «Күз»
Ақшыл ма, әлде күлгін, әлде қоңыр
Торлады көк аспанды бұлт керуені
Сорғалап әлсін-әлсін күміс жаңбыр
Ажарсыз шөптің басын жел тербеді
Су бөгеген жаз күні артта қалып,
Тоған толы көп толқын тасып ақты
Өкпелетіп кетіпті жасыл бақты
8.Нұрбек Тұманбай Молдағалиев қазақ лирикасының королі еді. Тұла бойы тұнып тұрған сезім болатын. Махаббат пен сүйіспеншіліктен жаратылған жан еді. Оның лирикаларынан құс қанатының сусылы, желдің уілі, судың сылдыры, жапырақтардың сыбдыры естіліп тұратын. Дүниедегі тебіреністер мен тербелістердің ақыны еді…
9 Нұрсұлтан: Иә, Молдағалиев сынды ақыннан айырылғанымыз бүкіл еліміз үшін үлкен қаза. Бүгін қазақ мәдениеті үлкен қайғыға душар болып отыр. Өнердегі үлкен бір жайқалған бәйтерек құлап, саясынан айырылдық.
10 Даурия: Тұманбай Молдағалиев «Туған жерге»
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн
Анам сенсің жолдан тайсам ұрсатын
Саған қарай ұшып келем, туған жер
Көктем жаққа құстар солай ұшатын
Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар
Аспанында аяулы елдің жыры бар
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да
Саған келер, саған келіп жығылар
11 Мадина:О, туған жер, қадіріңді кім білген
Мен қырыннан теруші едім бүлдірген
Сенде өткізген артық екен бір күнім
Басқа жерде той тойлаған мың күннен
Қайда жүрсем ойлап сені жүремін
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім
Саған ғана арқамды мен сүйедім
Саған ғана аяғымды тіредім
12 Мерген: Тұманбай Молдағалиев «Ана тілім»
13 Мұғалім: . Тұманбай Молдағалиев музыканы терең түсінетін, оның нәзік иірімдерін терең түйсінетін ақын еді. Өзінің еңбегімен, талантымен сүйкімді адам еді. Соңғы елу жылдың ішінде ән жазған қай композиторды алсаң да Тұманбай Молдағалиевтің аты бар. Оның сөздеріне жазылған әндерді орындамаған әнші де сирек
Мұғалім: Молдағалиев поэзияда өшпестей, өлместей мұра қалдырды, ән өнеріне өлшеусіз еңбегін сіңірді деп өзімізді жұбатқанмен, ауыр екен. Өкінішті.Денесін ғана қара жерге қоярмыз, дарыны сол дара күйінде өмір сүре береді. Енді бұдан былай ғұмыр бойы жан жүрегі көктем болып өткен Тұмағаң туралы өткен шақпен сөйлейтініміз өкінішті-ақ.Ұлы халқы тұрғанда ұлы ақын есімі ешқашан ұмытылмақ емес
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
Жамбыл орта мектебі
Тақырыбы:
Тұманбай Молдағалиев-қазақтың көрнекті біртуар ақыны.