kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Силлабус. ?аза? тілі .12-эксперимент сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

БЕКІТЕМІН    КЕЛІСІЛДІ        БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
М?хамеджанова К.Б.   _________
«____»  ________ 2014 ж.    ?ылыми ісі ж?ніндегі директорды?
орынбасары
Амренова А.К.       _________
«_____»  _________ 2014ж    Мектеп директоры
М?хамеджанова К.Б.   _________
«____»  ________ 2014 ж.

 

С И Л Л А Б У С 
 « ?аза? тілі » курсыны?
                                     12-сыныбына арнал?ан 

Барлы?  кредит:  68 са?ат
Аудиториялы?:    68 са?ат
О?Ж:                    8 са?ат

 

 

 

 

 


??растыр?ан: 
Мариновка ?аза? орта мектебіні? ?аза? тілі мен ?дебиет п?ніні?  м??алімі   Тонтакаева ?.?.               
Силлабусты о?ытушы о?ытуды? 12 жылды? моделі бойынша эксперименттік 12-сыныбына арнал?ан жалпы білім беру п?ндеріні? о?у ба?дарламалары (бай?ау н?с?а). – Астана: Ы.Алтынсарин атында?ы ?БА, 2014. – 208 б. бойынша  ??рды.
 

 Мектепті? тіл бірлестігіні?  ?стаз-экспериментаторлар отырысында ?аралды.
«03» ?ырк?йек  2014 жыл
Хаттама  № 1
1    О?ытушы туралы м?ліметтер:

ББМ атауы    Мариновка ?аза? орта мектебі
Мекен-жайы, байланыс телефоны    А?мола облысы.Атбасар ауданы.
Мариновка селосы
Элеватор к?шесі 43/2 ?й,  
Е-mail:kalamkas,[email protected]
М??алім туралы а?парат    Тонтакаева ?.?.                      
Тел: 87781325180
Педагогикалы? ?тілі, санаты, ?ылымид?режесі    І санат, 25-жыл

2    П?н туралы м?лімет:  
Курс:    ?аза? тілі
12-сыныпта  аптасына 2 са?атттан, барлы?ы  – 68 са?ат. 12-сынып?а о?ытуды? кредиттік технологиясыны? енгізілуіне байланысты практикалы? саба?тарды ?ткізу ?шін 68 са?ат, ал о?ушыларды? ?зіндік ж?мыстарына 8 са?ат б?лінеді. 

сынып    кредит    Лекция
    Семинар
    практикалы?    ОМ?Ж     О?Ж
    барлы?ы    Ба?ылау т?рі
12    68    -    -    68        8    68    4


Т?сінік хат
Жалпы білім беретін 12 жылды?  мектепті? 12-сыныбына арнал?ан «?аза? тілі» ба?дарламасыны? негізгі о?ыту нысаны – ?аза?ты? ?мір к?шінде ?асырлы? тарихы бар, ?нерді? ішіндегі жалпыхалы?ты? сипат?а ие бола ал?ан с?йлеу ?нері.  С?йлей білу- ?нер. С?йлеу ?нері – ойлай білгендерді даналы??а баулы?ан т?сіл, адамдарды т?сіністікке жетелеген танымды?-этикалы? ??рал, к?шбасшылы? ?асиеттерді дамыт?ан  к?сем тіл.  М?ндай жо?ары ?абілетке жеткен адамдарды шешендер деп, шешендерді? с?йлеу жетістігін шешендік ?нер деп ба?ала?ан.  Шешендік ?нерді? ?ызметі к?нделікті к?йбе? тіршілікті? ау?ымынан ана??рлым ке? жат?ан, халы?ты?, жалпа? ж?ртты? ?мірлік м?дделерін, м?рат-ма?саттарын к?здейтін ?арым-?атынас ??ралы бол?ан. Осы себептен шешендік ?нер талай ?асырлар бойы халы?ты? ?ажеттілігіне жарап, ?о?амды? ?ызметін ?сіріп отыр?ан. 
Б?л ?нер ты?даушысын ?уелі тол?андырып, одан со? иландырып,   б?дан кейін еліктіріп ?кетіп, а?ырында д?лелді у?жге ж?гіндіріп, істі істеуге ж?мылдыр?ан. Балалы?тан арылып, азаматты??а ая? бас?анжастарды? «?зіндік менін» табатын кезі – жалпы білім беретін орта мектепті? со??ы сатысы. Осы кезде жо?ар?ы сынып о?ушыларыны? «Т?л?а» болып танылуына к?мектесетін к?ш бар, ол - с?йлеу ?нері. Платон шешендікті ?з-?зі?ді дамыту?а ?йрететін ептілік, шеберлік, іскерлік  деп сана?ан. Шешен с?йлеу – ?ажетті жа?дайда ?з м?дде?ді ?ор?ау ?шін де немесе ?з ?сынысы?ды к?пшілікке д?лелдеп, оларды? ?олдауына ие болу ?шін де ?ажет ?нер. Аристотель: «Шешендік с?з ?о?ам ?шін не пайдалы, не зиян, ?ділеттілік неде, ?ділетсіздік неде дегендерді жеткізе алады», б?л тек адам?а ?ана т?н. Егер адам ?о?амда ?арым-?атынас?а т?се алмаса, онда ол мемлекетті? ??рушысы болып есептелмейді», - деді. Цицерон шешендік ?нерді адамдарды? ?з білімін с?зді? к?мегімен жеткізе білу ?нері деген еді. Ломоносовты? айтуынша, шешендік ?нер – с?збен берілген ойларды? ?июын тауып ??растырылуы туралы ілім. Шешендік - ?о?ам?а пайдалы болуды к?здеген парасатты, ізгілікті ж?не эмоционалды адамды ?алыптастыратын ?нер. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Силлабус. ?аза? тілі .12-эксперимент сынып »

БЕКІТЕМІН

КЕЛІСІЛДІ

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры

Мұхамеджанова К.Б. _________

«____» ________ 2014 ж.

Ғылыми ісі жөніндегі директордың

орынбасары

Амренова А.К. _________

«_____» _________ 2014ж

Мектеп директоры

Мұхамеджанова К.Б. _________

«____» ________ 2014 ж.







С И Л Л А Б У С

« Қазақ тілі » курсының

12-сыныбына арналған



Барлық кредит: 68 сағат

Аудиториялық: 68 сағат

ОӨЖ: 8 сағат

























Құрастырған:

Мариновка қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тонтакаева Қ.Қ.

Силлабусты оқытушы оқытудың 12 жылдық моделі бойынша эксперименттік 12-сыныбына арналған жалпы білім беру пәндерінің оқу бағдарламалары (байқау нұсқа). – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 208 б. бойынша құрды.


Мектептің тіл бірлестігінің ұстаз-экспериментаторлар отырысында қаралды.

«03» қыркүйек 2014 жыл

Хаттама № 1

  1. Оқытушы туралы мәліметтер:


ББМ атауы

Мариновка қазақ орта мектебі

Мекен-жайы, байланыс телефоны

Ақмола облысы.Атбасар ауданы.

Мариновка селосы

Элеватор көшесі 43/2 үй,

Е-mail:kalamkas,[email protected]

Мұғалім туралы ақпарат

Тонтакаева Қ.Қ.

Тел: 87781325180

Педагогикалық өтілі, санаты, ғылымидәрежесі

І санат, 25-жыл


  1. Пән туралы мәлімет:

Курс: қазақ тілі

12-сыныпта аптасына 2 сағатттан, барлығы – 68 сағат. 12-сыныпқа оқытудың кредиттік технологиясының енгізілуіне байланысты практикалық сабақтарды өткізу үшін 68 сағат, ал оқушылардың өзіндік жұмыстарына 8 сағат бөлінеді.


сынып

кредит

Лекция


Семинар


практикалық

ОМӨЖ 

ОӨЖ


барлығы

Бақылау түрі

12

68

-

-

68


8

68

4





Түсінік хат

Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған «Қазақ тілі» бағдарламасының негізгі оқыту нысаны – қазақтың өмір көшінде ғасырлық тарихы бар, өнердің ішіндегі жалпыхалықтық сипатқа ие бола алған сөйлеу өнері. Сөйлей білу- өнер. Сөйлеу өнері – ойлай білгендерді даналыққа баулыған тәсіл, адамдарды түсіністікке жетелеген танымдық-этикалық құрал, көшбасшылық қасиеттерді дамытқан көсем тіл. Мұндай жоғары қабілетке жеткен адамдарды шешендер деп, шешендердің сөйлеу жетістігін шешендік өнер деп бағалаған. Шешендік өнердің қызметі күнделікті күйбең тіршіліктің ауқымынан анағұрлым кең жатқан, халықтың, жалпақ жұрттың өмірлік мүдделерін, мұрат-мақсаттарын көздейтін қарым-қатынас құралы болған. Осы себептен шешендік өнер талай ғасырлар бойы халықтың қажеттілігіне жарап, қоғамдық қызметін өсіріп отырған.

Бұл өнер тыңдаушысын әуелі толғандырып, одан соң иландырып, бұдан кейін еліктіріп әкетіп, ақырында дәлелді уәжге жүгіндіріп, істі істеуге жұмылдырған. Балалықтан арылып, азаматтыққа аяқ басқанжастардың «өзіндік менін» табатын кезі – жалпы білім беретін орта мектептің соңғы сатысы. Осы кезде жоғарғы сынып оқушыларының «Тұлға» болып танылуына көмектесетін күш бар, ол - сөйлеу өнері. Платон шешендікті өз-өзіңді дамытуға үйрететін ептілік, шеберлік, іскерлік деп санаған. Шешен сөйлеу – қажетті жағдайда өз мүддеңді қорғау үшін де немесе өз ұсынысыңды көпшілікке дәлелдеп, олардың қолдауына ие болу үшін де қажет өнер. Аристотель: «Шешендік сөз қоғам үшін не пайдалы, не зиян, әділеттілік неде, әділетсіздік неде дегендерді жеткізе алады», бұл тек адамға ғана тән. Егер адам қоғамда қарым-қатынасқа түсе алмаса, онда ол мемлекеттің құрушысы болып есептелмейді», - деді. Цицерон шешендік өнерді адамдардың өз білімін сөздің көмегімен жеткізе білу өнері деген еді. Ломоносовтың айтуынша, шешендік өнер – сөзбен берілген ойлардың қиюын тауып құрастырылуы туралы ілім. Шешендік - қоғамға пайдалы болуды көздеген парасатты, ізгілікті және эмоционалды адамды қалыптастыратын өнер.

Егеменді қазақ елінің тәуелсіздігін, мәңгілігін сақтап, қуатты мемлекеттермен бәсекелестікте жеңіп шығу қоғам мүшелерінің ақыл-ой күшімен ғана жүзеге асады. Әл-Фарабидің айтуынша, адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін ақыл-ой күші даналар мен пайымдағыш шешендерде болады. Адамның дүниеде бар және қасиеті жағынан жасайтын немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуге келмейтін заттарды танып білуіне көмектесетін күш – осы ақыл-ой күші. Олай болса, грек, рим, қытай, үнді, ресей, түркі-қазақ елдерінде шешендіктің сөйлеу өнері ретінде жоғары бағаланып, ақыл-ой даналығының көзі ретінде саналғандығы тегін емес еді. Шешендік өнер ілімі барлық елде және барлық кезеңде қоғам, мемлекет мүддесі үшін бағалы болды.

Бүгінгі бәсекелестік өріс алып отырған жаңа дәуір талабы әрбір адамның өзіндік ой-пікірін, көзқарастарын дұрыс, жүйелі, көркем, дәйекті етіп айта білуін, алуан түрлі өмірлік жағдаяттарда, пікірталас түрлерінде кездескен проблемаларды ұтымды шеше алуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды меңгерту үшін оқушыларға бұрынғы және қазіргі заманғы шешендік сөздің озық үлгілеріне сауатты талдау жасап, сол үлгілер негізінде өзі де шешендік сөз мәтіндерін құрай алуға үйрету маңызды. Бағдарлы мектепте шешендік сөзді оқыту үдерісінде болашақ қоғам иелерінің бойында тілдік талғамды қалыптастыру, оларды сөз шеберлігіне баулу арқылы интеллектуалдық әлеуетін жетілдіру, бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту көзделеді. Онда тілдің тұлға мәдениетімен, ұлттық санамен, ұлттық ділмен сабақтастығына айрықша назар аударылады.






Құзыреттіліктер

12-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушының тілдік, қатысымдық, ақпараттық, проблеманы шешу, мәдени-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру көзделеді.

Тілдік құзыреттілік бойынша: оқушытілдік қарым-қатынастағы шешендік өнердің рөлін түсінеді;сөйлеу мен ойлаудың арақатынасын таниды; сөз мағыналарының, грамматикалық заңдылықтардың шешендік өнермен сабақтастығын біледі; шешендік өнердің тарихындағы ғылыми ұстанымдар мен басты қағидалардыигереді; шешен сөзінің құрылымдық бөліктеріндегі тәсілдерді меңгереді; шешендік сөздің сапалық белгілерін сипаттайды; тілдік қатынастың сөйлеу шеберлігімен сабақтастығын түсінеді; тілдің қатысымдық қызметінің сөйлеу түрлерімен байланысын біледі; сөйлеу түрлерінің әрқайсысына тән белгілерді ажыратады;сөйлеу әрекетін құрайтын элементтерді таниды; сөйлеу әрекетіндегі жұмсалатын сөздер мен сөйлемдердің сөйлеу түрлеріне қатыстылығын анықтайды; сөйлеу түрлеріндегі заңдылықтарды меңгереді; сөйлеу әрекетіндегі шешеннің жағымды бейнесін сипаттайды; монологтік және дискурстық сипаттағышешендік сөздің ерекшеліктерін біледі; мәтін құрау тәсілдерін меңгереді, қазіргі шешендіктің түрлері мен қолданылатын орындарын, оларға тән тілдік қолданыстарды негіздейді.

Проблемаларды шешу құзыреттілігі бойынша: әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды; шешен бейнесіне еніп, өздігінен шешім қабылдайды; өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; сөйлеу әрекетіндегі жұмсалатын сөздер мен сөйлемдердің сөйлеу түрлеріне қатыстылығын дәлелдейді; шешендік сөздегі тіл тазалығының ой айқындылығына тәуелділігін талдайды; сөз дәлдігінің тілдік сезімге, сөз таңдауға қатыстылығын шешен сөзінен анықтайды, лебіз көркемдігі таңдап жұмсалған көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдеріне байланысты екендігін дәлелдейді; сөз дұрыстығы шешеннің таным деңгейіне байланысты болатындығын негіздейді; сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға және сөз мәдениеті талаптарына сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады; өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді іріктей біледі; тілді қарым-қатынастық, танымдық, эстетикалық қызметтеріне сай қолданады; шешендік сөздердегі сөйлеу заңдылықтарын негіздейді; әртүрлі жағдаяттарда сөйлеген шешеннің стилін анықтайды; шешен сөзіндегі дәл қолданыстарды анықтап, сөздік қорын өз бетінше толықтырады.

Ақпараттық құзыреттілік бойынша:шешендік сөздердің ақпараттық-мазмұндық сипатын талдайды;ақпараттардың әлеуметтік-қоғамдық мәнін сыни тұрғыдан түсіндіреді; ақпараттар негізінде шешім қабылдайды; шешендік сөздің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады; логикалық операцияларды орындап, ақпараттарды мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды іріктеп таңдайды; ақпараттар негізінде сөйлеудің жалпықоғамдық сипатын бағалайды; сөйлеу мазмұнының ішкі және сыртқы бүтіндігін талдайды; сөйлеудің мағыналық шегін анықтайды; шешендік мәтіннің көркемдеуші құралдары мен мәнерлеуіш тәсілдерінің ақпарат мазмұнына сәйкестігін анықтайды; ақпараттар негізінде тақырыпқа сай мәтін түрлерін құрайды; ақпараттар мазмұнына сәйкес шешен бейнесін негіздейді; дискурс тиімділігін арттыратын тілдік және тілдік емес заңдылықтарды анықтайды.

Коммуникативтік құзыреттілік бойынша: сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және тілдік нормаларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискурсқа (монолог, диалог, полилог) қажетті дағдыларды меңгереді; ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеу тілдерінде тілдік сезім мен қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады; ұсынылған тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай алады; сөз дұрыстығы, сөйлеу шеберлігі талаптарын меңгереді; қазіргі шешендіктегі туындаған жағдаяттарға сай қатысымдық, тілдік-әлеуметтік міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады; шешендік сөздің әр жанрға тән тілдік құралдарын таңдап қолданып, шешен бейнесін жасайды; сөйлеу әрекетін құрайтын мерзімдік жағдаят, авторлық шабыт, сөз (пікір) шынайылығы элементтерін меңгереді; тілдік жағдаяттарға сәйкес туындаған дискурс түрлерін анықтайды және сөз қолданыстары мен сөйлем түрлерін меңгереді.

Мәдени-танымдық құзыреттілік бойынша:қоршаған ортаның шынайылығына деген көзқарастар мен сенімділік жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымы орнығады, өз халқы мен басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын біледі, мәдениетті тұлғаның көптеген қасиеттерін игереді; көпшілікке өзін танытқан шешеннің қалпын сипаттайды; қарым-қатынас жасау мәнерін талдайды; сөйлеу шеберлігін уақытқа және кеңістікке қарай негіздейді; қазіргі шешендер сөздеріндегі ұлттық-мәдени ұғымдарды ажыратады;шешен рөліне еніп, ұсынылған тақырып пен тілдік жағдаяттарғасәйкес сөз жұмсау дағдыларын меңгереді; шешендік сөз нормаларын ұлттық тілдің ішкі ерекшеліктеріне сай сақтайды; шешен тұлғасындағы ұнамды әрекеттерді қоғамдық талап тұрғысынан талдайды; шешендік сөздің ақыл-парасатқа негізделетіндігін мәтін тақырыбы мен идеясы арқылы ашады; сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапаларына тән талаптарды ұлттық және жалпыадамзаттық нормалармен ұштастырады; сөйлеу түрлеріне лайық шешеннің тілдік дағдыларды жұмсау шеберлігін меңгереді; тілдің этномәдени және эстетикалық даралығын таниды;шешен сөзінің логикалық байланысын, жүйелілігі мен айқындылығын дәлелдейді.

Аталған құзыреттіліктер қалыптастырылғанда ғана пән қоғамға пайдалы адам болудың, жақсы мінез-құлық пен ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралына айналады.

Пәнаралық байланыс

12-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын құрайтын шешендік өнер ұстанымдары мен қағидалары, сөйлеудің түрлері мен заңдылықтары, шешен бейнесі мен тыңдаушы қалпы оқушылардың мәдени түсінігі мен функционалдық сауаттылығын арттырып, өзі өмір сүріп отырған қоғам мен мемлекет игілігі туралы дүниетанымын кеңейтуге жол ашады.Қоршаған дүниені танып білу және өзін таныту мүмкіндіктері оның өзге пәндерден алған білімімен тереңдей түседі.

12-сыныпта оқушы 5-11-сыныптарда оқып білген «Қазақ тілі» мазмұнындағы мәтін, лексика, фонетика, грамматика, стиль, сөз мәдениеті салаларымен байланысады. 5-сыныптағы «Лексика» тақырыбынан сөздің тура және ауыспалы мағыналарын, сөздердің синоним, антоним, көп мағыналылық түрлерін, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді, кәсіби сөздерді; «Фонетика» саласындағы екпін, интонация, орфоэпиялық нормаларды; 6-сыныптағы «Морфология» саласынан сөз тұлғаларын; 7-сыныптағы «Синтаксис» саласынан сөз тіркестіру нормаларын; 8-сыныптағы сөйлем түрлерін, сөйлем құрау нормаларын, 9-сыныптағы құрмалас сөйлем жүйесін, 10-сыныптағы стиль түрлерін, 11-сыныптағы тілдік қатынас пен сөз мәдениетін қайталап еске түсіруді талап етеді.

Шешендік сөздің мазмұны, оның қоғамдық-әлеуметтік сипаты мектепте оқытылатын қоғамдық-гуманитарлық пәндермен сабақтастықты талап етеді.Атап айтқанда:

«Қазақ тілі» пәнінің оқушының тілдік қарым-қатынас пен шешендік өнерді қалыптастыру мақсатында «Қазақ әдебиетімен» байланыста меңгертілуі ақын-жазушылар дүниетанымының тереңдігін, ұлттық сипатын зерделеуге жетелейді; көркем әдебиет тіліндегі қазақ тілінің бай да құнарлы сөздік қорын игертуге, тілдік сезімін жетілдіруге, сөйлеу шеберлігін шыңдауға, образды ойлау мен көркем сөйлеудің тәсілдерін меңгертуге төселдіреді; тілдің ұлттық ділмен, салт-дәстүрмен сабақтастығын түсінуіне жол ашады.

«Қазақстан тарихы» пәнімен байланыс нәтижесінде оқушы шешендік өнердің халық тарихымен бірге жасасып келе жатқандығын, қоғамдағы сан алуан саяси-әлеуметтік жағдаяттарды шешуге шешендердің ықпалы мол болғандығын пайымдауына мүмкіндік береді; қазақ тілінің бай тілдік қоры және шешендік сөздері ел тарихының айнасы, ата-бабалар аманаты, ұлттық рухани құндылық екендігін таниды; шешендік сөздің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс ретіндегі мәнін түсінеді. Ал мұндай білімдер оқушының ұлттық және адамзаттық құндылықтар туралы дүниетанымын кеңейтеді.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен байланысы оқушының даралық қасиеттерін, тұлға болып қалыптасу жолдарын игертіп қана қоймайды, ұлттық дүниетаным мен сана өзгерісін түсінуге көмектеседі. Халықтық менталитет пен адамзаттық құндылықтарды бағалауға жол ашады.

Орыс және өзге де шет тілдерімен байланысы оқушының қазақ тілінің өзіндік құрылымдық жүйесі, тілді қолдану ерекшеліктері бар екендігін түсінуге ықпал етеді, талай ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен заңдылықтарын тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, тілдің бәріне ортақ сөз мәдениеті мен сөйлеу талаптарын меңгеруге жетелейді.

Сонымен қатар, 12-сыныптағы «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны кейінгі білім беру жүйесіндегі (бакалавриаттағы) барлық мамандықтарда міндетті пәндер болып саналатын «Философия», «Педагогика», «Психология» тәрізді пәндермен байланысты болмақ. «Шешендік өнер» мазмұны «Философия» пәнімен ғылымның философиялық және мәдениеттанулық талдау жүйесі, ғылымның рационалистік үлгісі, әлеуметтік институт, әрекет жүйесі ретіндегі кешенді сараптамасы, ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени компоненттері, қауымдастықтың нормативті-құндылықтық құрылымы, ғылыми шығармашылықтың психологиялық және эстетикалық аспектілері т.б. тақырыптармен байланысады.

«Педагогика» пәнімен ұлттық тәрбие, танымдағы жас ерекшеліктері, білім берудің жаңа парадигмасы, білім беру саясаты, коммуникативтік құрылым, т.б. тақырыптармен байланысады.

«Психология» пәнімен білім берудегі психология және акмеология, білім алу үдерісіндегі студент тұлғасы және интеллектуалдық функциялардың дамуы (ес, ойлау, зейін), оқу іс-әрекет түрткілері, әлеуметтік психологиясы,білім алушылардың топтық динамикасы, қарым-қатынас психологиясы, тыңдаушыларға әсер ету психологиясы, шиеленісті жағдайларды шешу психологиясымен байланысады.

Оқу жүктемесінің көлемі.

12-сыныпта аптасына 2 сағатттан, барлығы – 68 сағат. 12-сыныпқа оқытудың кредиттік технологиясының енгізілуіне байланысты практикалық сабақтарды өткізу үшін 68 сағат, ал оқушылардың өзіндік жұмыстарына 8 сағат бөлінеді.

3 Оқыту жүктемесі

Семестр

Кредит саны


Барлық сағат саны

ОӨЖ сағат саны

Бақылау түрі




всего

аудиторные

практ


Барлығы

ОӨЖ



2

2

68


68

8


Тест

Барлығы

2

68


68

8


Тест
















Курстың мақсаты:

Шешендік сөздің жалпыадамзаттық өркениеттегі рөлі мен жеке тұлға өміріндегі мәнін білгізу арқылы оқушылардың шешендік өнер туралы дүниетанымын кеңейту; шешендік сөз түрлерінің мазмұндық-тілдік ерекшеліктерін таныта отырып, сөз шеберлігіне баулу;жастардың мемлекеттік-қоғамдық санасын жоғарылатып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту,шешендік сөйлеудің талаптары мен амал-тәсілдерін үйрету арқылы образды ойлай алатын, сезіне алатын және пікірін анық, дәл жеткізе алатын Тұлға қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

- шешендік өнердің қоғамдық мәнін түсіндіру;

- сөйлеу өнерінің тілдік қарым-қатынастағы рөліне көз жеткізу;

- шешен құрастырған сөздің тағылымдық мәнін талдай білуге үйрету;

- шешендік өнердің ақыл-ойға құрылатындығын оның тарихын оқыту арқылы білгізу;

- қазақ шешендер сөзінің әлеуметтік және білімдік-тәрбиелік мәнін талдай білу;

- көпшілік алдында орындалатын шешен сөзінің ақпараттық мазмұндық сипатын меңгерту;

- шешен сөзі құрылымының логикалық байланысын, жүйелілігін жүзеге асыратын элементтерді игерту;

- шешен сөзінің сапалылығы тілдік сезімге, сөз таңдауға және грамматикалық заңдылықтарды жетік білуге байланысты екендігін дәлелдеу;

- шешендік сөйлеу әрекетінің элементтерін және заңдылықтарын түсіндіру;

- сөйлеу әрекетінің түрлерін білгізуі және ондағы орын алатын тілдік және тілдік емес заңдылықтарға көз жеткізу;

- тілдік қатынастағы шешен және тыңдаушы бейнесін негіздеу;

- шешен бейнесін танытудағы сөйлеу ерекшеліктері мен стилін меңгерту;

- қазіргі қоғамдағы шешендіктің түрлері мен қолданылатын орындарын білгізу.

Болжам:

Егер курс тыңдаушы пән қоғамға пайдалы адам болудың, жақсы мінез-құлық пен ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралына айналады. Сондықтан курс тыңдаушылары үшін өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіне байланысты сұрақтардың жауабын алуға мүмкіндік алады.

Пререквизит:

Курс тыңдаушылары үшін негізгі орта білімі бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің базалық білімдерінің болуы.

Постреквизит:

Курсты оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Адам, қоғам, құқық, орыс тілі т.б.



Оқушы білуі керек білімдер:

    • тілдік қарым-қатынас және шешендік өнердің қатысымдық табиғатынан;

    • ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолданудан хабардар болуы керек.

    • ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білуі;

    • шешендік өнер мен сөйлеу түрлерінің сабақтасығын білуі;

    • тілдік қарым-қатынас түрлеріне сай тілдің стильдік жүйесін меңгере білуі;

    • мәтін белгілері мен мәтіндегі тілдік бірліктердің қызметін білуі;

    • мәтіннің түрлері мен табиғатына, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі;

    • тақырыпқа сай сөздердің тіркесу мүмкінділігін білуі;

    • тілдік бірліктердің мәтін ішіндегі қызметін білуі;

    • әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын, оларға тән ерекшеліктерді білуі;

    • мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі;

    • сөз мағыналарын мәтіндік қолданыста ажырата білуі;

    • сөздердің жасалу тәсілдерін білуі;

    • сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін және олардың күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын негіздей білуі;

    • әдеби тілдің нормаларының шешендік өнерге қатысын негіздей алуы;

    • әдеби тілдің нормаларын стиль түрлеріне сай қолдана білуі;

    • зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі тиіс.

Оқушы игеруі керек біліктіліктер:

    • тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдыларды;

    • тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын;

    • жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми іс-қағаздар жүйесін;


Оқушы меңгеруі керек дағдылар:

1.Нақты жағдаятқа талдау жасайды, ойлаған және нақты жағдаяттар арасындағы қарама қарсылықты көрсете алады;

2.Өз әрекетінің өнімін өз бетінше анықталған әрекет өлшемдерінің мақсаттарына сәйкес бағалайды; 3.Алынған тапсырманы сипатына қарай өз бетінше негіздеме құрастырады, іздеген ақпаратты бөліп алады; 4.Тез шешім қабылдауға, мәселе бойынша пікірін ашық айтуға, еркін сөйлеуге үйренеді.


Білімді бағалау саясаты және тәртібі


Бағаның әріптік эквиваленті

Бағаның сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіш

Дәстүрлі бағалау жүйесі

өлшемдері

А

4

95-100

өтежақсы

ОқушыбарлықбағдарламалықматериалдытереңжәнеберікмеңгередісауаттыдәлелдіжауапбередіжәнелогикалықнегіздежүйелібілімінкөрсетеаладыТүрлендірілгентапсырмалардыорындайдыҚосымшадереккөздерінқолданаотырыпжанжақтыбілімкөрсетедішешімдеріндұрыснегіздейаладыпрактикалықәрекеттіңтүрліәдістәсілдерінмеңгергеніскерлігіжоғарыөздікжұмыстардықатесізорындаған

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы

Оқушыбарлықбағдарламалықматериалдыжетікбіледібілімнегізінсауаттытүрдемеңгергендегенменжауабындаауытқуларкездеседітеориялықбілімдідұрысқолданадыпрактикалықәрекеттеқажеттібілімбілікдағдылардымеңгергендігінкөрсетеалады

В

3

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

Оқушытекнегізгіматериалдымеңгеріпжекелегендетальдарынмеңгермегеннақтылықкөрінбейдіпрактикалықтапсырмалардыорындаудақиындықтаркездеседі

С

2

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1

50-54

F

0

0-49

Қанағат-танарлықсыз

Оқушы бағдарлама материалының көп бөлігін меңгермеген, елеулі қателіктер жіберген, практикалық тапсырмаларды қиналыспен орындайды.

Оқушыны қорытынды бағалау

Межелік бақылау-40%

Қорытынды жоба -60%

Қ%=( М12+)/2*0,4+ҚЖ*0,6

М12, – межелік бақылаулардың пайыздық көрсеткіші

ҚЖ-қорытынды жобаның пайыздық көрсеткіші

Оқушылардың оқу жетістігін бақылау түрі: Ауызша-жазбаша, Рефераттар, шығармашылық жобалар, т.б. /тыңдаушы ерекшелігіне қарай таңдалады/

Жобаларды бағалау өлшемдері


өлшемдер

көрсеткіштер

Өлшеуіштер

19-20

15-18

10-14

0-9

Жобаның

өзектілігі


Тақырыптың таңдалу себебінің негізделуі





Жобаның аталған курс мазмұнына сәйкестігі





Болжамның қойылуы





Жобаның

мақсаттылығы

Жоба мақсатының қол жетімділігі





Міндеттердің қойылуы





Міндеттердің орындалуы





Ақпараттық

қамтылуы


Мектеп курсындағы оқулықтар





Ғылыми-танымдық әдебиеттер





Интернет-ресурстар





Бағдарламалыққамтылуы


Стандартты бағдарламалар





Кәсіби бағдарламалар





Бейнеөңдеу





Оқушының

зерттеумәдениеті

Зерттеу әдістерін қолдануы





Талдау жүргізуі, қорытындылауы





Жобаны ұсыну деңгейі






«19-20» - талап толық орындалған, нақты көрсетілген

«15-18» -талаптың орындалуы толық емес

«10-14» -жеткіліксіз деңгейде көрсетілген

«0-9» -қателіктер кездеседі


Курстың саясаты мен процедурасы (оқушыларға қойылатын талаптар)

  1. Сабаққа кешікпеу;

  2. Сабаққа мектеп жарғысына сәйкес формамен келу;

  3. Сабақты себепсіз босатпау;

  4. Босатқан сабақтарын оқытушы белгілеген уақыттан кешіктірмей өтеу;

  5. Білімді тексерудің барлық түрлерінен өтуге;

  6. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  7. Педагогикалық үрдіске белсенді қатысу;

  8. Үй тапсырмасын мұқият орындау;

  9. Сабақты ұйымдастыру барысындағы әрекетке бейімделу, жағымды қарым-қатынас орнату. Курс мазмұны және әдістемелік қамтамасыз етілуі:

Модуль бойынша лекциялық сабақтар, семинар сабақтары, топтық, ұжымдық, жеке жұмыс, СТО, жобалау технологиясы, дебат технологияс

I тарау Шешендік өнер және шешендік сөз

1 тақырып. Шешендік өнердің тілдік қарым-қатынастағы рөлі

Тілдік жүйелік-құрылымдық табиғаты қарым-қатынас құралы ретінде өзара байланыста жұмсалатын қатысымдық қызметі. Зайырлы қоғам өмірдің барлық саласында сөйлеу еркіндігін қамтамасыз етуі туралы.Шешендік – зайырлы қоғамның әлеуметтік және экономикалық өсуінің кілті.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1.Тілдік қарым-қатынастағы сөйлеу өнерінің рөліне анықтама беру.

2.Ә.Таразидің талант иесі туралы мәтінді оқып, ары қарай эссе жазу.


2 тақырып. Шешендік өнердің қоғамдық мәні

Шешенді өнер – қоғамдық құбылыс.Шешендік өнердің қоғамдық қызметі сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен,тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрып заңдарымен толық байланысты.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1.Қазіргі заманда отбасылық ғұрып жырлары сақталып отыр ма?

2.Берілген мәтіндер бойынша пікірлеріңізді жинақтап, пікірталасқа түсу.

3. «Шаршы топта сөз бастау қиын» тақырыбына шығарма жазу.


3 тақырып. Шешендік сөздің Тұлға қалыптастырудағы тағылымдық мәні

Тілдік қатынас түрлеріне сәйкес шешендік стиль жүйесі.Қоғамға пайдалы адам болуға, өмірден өз орнын табуға және көшбасшылық ынта-ықыласы мен қабілеттілігі.Шешеннің қоғамдағы орны, беделі, білімі үлкен

рөл атқаратындығын мысалдар.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1.Шешеннің әлеуметтік МЕН-ін, интеллектуалдық МЕН-ін, психологиялық МЕН-ін анықтап, талдау жасаңыздар.

2.жыраулардың тұлға тәрбиелеудегі маңызы туралы пікір алмасыңыздар.

3. «Жыраулар поэзиясының тұлға тәрбиелеудегі тәрбиелік мәні» тақырыбында жоба қорғауға дайындалу.


4 тақырып. Шешендік өнердің ілім ретінде қалыптасу тарихы

Грек ,рим,үнді, қытай, ресей шешендігі туралы түсінік. Аристотель, Цицерон Ломоносовтың риторика туралы пікірлері. Конфуцийдің тағылымдық сөздері.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1. Платонның: «Диалектиканың негізі – шындықты іздеп табу» деген қағидасының мәнін тілдік жағдаят арқылы ашыңыздар.

2. Аристотельдің: «Стиль аса төмен де болмауы керек, тым жоғары да болмауы керек, ол сөйлеудің тақырыбына сәйкес болуы керек» деген сөзін қалай түсіндіңіздер? Азалы хабар мен шаттыққа толы оқиғаны жеткізу арқылы дәлелдеңіздер.

3. Аристотельдің: «Қоғамдық мемлекеттік құрылыс, ең алдымен, қоғамның сөзбен ұйымдасуы. Қоғам бір-бірінен қандай әдет, заңдылықпен сөздің ұйымдастыруына байланысты ажыратылады» деген пікірін негіздеңіздер. Ол үшін «Тарих» пәнінен қоғамның түрлері жайында алған білімдеріңізді қолданыңыздар.

4. «Кез келген шешендік сөздің мақсаты біреу ғана: ойын қисындап мазмұндау және шешім шығаруға қол жеткізу» деген Аристотельдің сөзіне мысал келтіріп, дұрыстығына көз жеткізіңіздер.

Өзіндік жұмыс тақырыптары: Шешендік өнердің ілім ретінде қалыптасу тарихынан жобалар қорғау.

Негізгі әдебиетер: 11,12,13,1,4,5,3,2.

6 тақырып. Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі шешендік қолданыстар.Қазақтың шешендік өнерін зерделеу халық ауыз әдебиетінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитынын дәйекті мысалдар.Шешендік сөздердегі ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтар. Қазақ халқының және басқа да елдердің тарихы, мәдениеті, шешендік өнері.

Тақырып бойынша тапсырмалар :

  1. Тұмар мен Заринаның ел басқару ісіндегі ұқсастықтарды табыңыздар. Мәтіндерден шешендік сөздерді тауып айтыңыздар. Мәтіндегі оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырып, пікір алмасыңыздар.

  2. Мәтіндегі Білге қағанның береке-бірлікке шақырған сөздердің астарына терең үңіліп, сәйкес мақал-мәтелдерді іздестіріп көріңіздер. «Мен ел басқарам...» тақырыбында шағын ойтолғау жазыңыздар.

Өзіндік жұмыс : шешендік өнердің әр кезеңін салыстыра отырып, жобалар қорғау.

7 тақырып. Билер шешендігі және олардың танымдық-тәрбиелік мәні

Билер сөздеріндегі шешендік қолданыстар. Қазақтың шешендік өнерін зерделеу халық ауыз әдебиетінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитынын дәйекті мысалдар.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Едігенің шешендік сөздерін жинастырып, ондағы көтерілген мәселелерді анықтаңыздар.

2. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би айтқан шешендік сөздердің әлеуметтік-тұрмыстық мәнін талдаңыздар.

3. Сырым шешеннің өмірбаяны мен шешендік сөздерін талдап, баяндама жасаңыздар.



8 тақырып. Ақын-жыраулар шешендігі және танымдық-тәрбиелік мәні

Қазақ шешендік өнерінің тарихындағы ақындар мен жыраулардың рөлі.Ақын-жыраулардың шешендік сөздерін тақырыптық-мазмұны. Шешен ақын-жыраулар тіліндегі образды сөздердің мағынасы. Ақын-жыраулар сөздеріндегі шешендік қолданыстарды, образды сөздер. Ақын-жыраулардың шешендік сөздері.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

  1. Тарихи жырлар туралы айтқан ғалымдардың пікіріне көңіл бөліңіздер. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» туралы тарихтан алған білімдеріңізбен байланыстырыңыздар. «Көшпенділер» фильмін көре отырып, «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» тақырыбында эссе жазыңыздар.

  2. Жиембет жыраудың толғауын көркемдік тұрғысынан талдаңыздар.

  3. Ақтамберді толғауының философиялық маңызын ұғыныңыздар.

«Құлым бір ұлдай киінсе» немесе

Ошақтың оты өшпесе!

Май жемесе қонағым,

Қан жемесе барағым,

Он кісіге жараса

Бір кісіге арнап тартқан табағым! – деген өлең жолдарының өзектілігі туралы ой қозғаңыздар

ІІ тарау. Шешендік сөздің мазмұны мен құрылымы

1Тақырып. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің мазмұндылығы, жеткіліктілігі

Шешендік сөздің тақырыбы мен идеясы. Тілдік қатынас түрлеріне сай шешендік стиль жүйесі. Сөйлеу әрекетіндегі бос сөз бен іске бастайтын түрткі сөздерді тілдік жағдаяттарда қолданылуы.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Бiрiншi бөлiктегi монолог түрiндегi Мұхтар Мағауин сөзiнен шешендiк сөзге тән белгiлердi тауып, ойларыңызды дәлелдеңiздер.

2. Екiншi бөлiктегi дана шешеннiң бата сөзiне сүйенiп, бала шешеннiң сөзiне жазбаша баға берiңiздер.

3. Соңғы бөлiктегi билер сөзiне талдау жасаңыздар. Барлық бидi тоқтатқан тұжырымды түйiндi табыңыздар. Оның мәнiн түсiндiрiңiздер.

4. Мысалдарда шешендiк сөздiң қай түрiне жататынын таратып айтыңыздар.

5. М.Мағауин сөзiн үлгi етiп ұстанып, өзiңiздiң туған жерiңiз туралы ойтолғау жазыңыздар.

2 Тақырып. Диктант




3Тақырып. Тест.

1.Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
А) 4. Ә) 6. Б) 5.
2.”Шешеннің  ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту ғана емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау” деген кімнің сөзі
А) Цицерон Ә) Бэкон Б) Платон
3. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі қай ғасыр аралығында болған?
А) X X ; Ә) XI- XII ;Б)XY- XI;
4. Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын билер кеңесі құрылған.Оны қалай деп атаған?
А) “Жеті санат” Ә) “Жеті жарғы”
Б) “Ханабад
5.1783 – 1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұсаушысы кім болды?
А) Досбол Қорлыбай Ә) Балаби Есенәлі Б) Сырым Датұлы
6.Білімдік –ғылымдық сипаттағы шешендік неше топқа бөлінеді?
А) 5; Ә)4; Б) 3;
7.өнер адамдарының т.б  сөздері шешендіктің қай түріне жатады?
А) Діни мазмұнды Ә) Әлеуметтік –тұрмыстық мазмұнды Б) Сотта қолданылатын
8. Дәріс,ғылыми баяндама, ғылыми шолу, мақала шешендіктің қай түріне жатады?
А) Білім-ғылым мазмұнды
Ә) Әлеуметтік -саяси мазмұнды
Б) Сот ісі шешендігі

4 Тақырып. Шешен сөзінің шынайылылығы, өмірге жақындылығы Шешен сөзін бүгінгі қоғамға, өмірлік мәселелерге қатысы. Қазіргі шешендердегі әрекетке жұмылдыратын шешендік сөздер. Шешендік сөздің түрлері мен табиғатына, тілдік ерекшеліктері.

Тақырыптық тапсырма:

Бүгiнгi күннiң өзектi бiр мәселесiне арналған шешендiк сөздi тауып (газет-журналдардан), оның мазмұндық, көркемдiк жағына талдау жасаңыздар. Талдауда А.Байтұрсынұлының ұсынған төмендегi жүйесiн басшылыққа алыңыздар.


5 Тақырып . Шешендік сөздің көрнекілігі, эмоционалдығы Шешен сөзінің көрнекілігін, эмоционалдығын құрайтын элементтері. Сөйлеу эмоциясын туғызатын факторлар. Шешендік мәтін белгілері мен мәтіндегі тілдік бірліктердің қызметі.

Тақырыптық тапсырма:

  1. Қазақ билерінің бір сөзіне талдау жасау.

  2. «Сөзге» анықтама беріңіздер.

  3. Анекдоттың сөз өнерінің бірі екендігін дәлелде.


6 тақырып. Шешен сөзінің құрылымы Мәтін құрылымы, кіріспесі мен негізгі бөлімі, қорытындысы. Шешендік сөздердегі тірек сөздердің мәтін құрылымындағы қызметі. Шешендік тілдің нормаларын жанр түрлеріне сәйкестігі.

Тақырыптық тапсырма:

А.Байтұрсынұлы пікірінде сөз құрылымы жөнінде айтылған ойлардың бүгінгі талаппен үндесетіндігіне назар аударып, автор ұсынған ұғымдардың теориялық бөлімдегі жүйемен бірлігін сызба түрінде жазыңдар.



7 тақырып. Шешен сөзінің жүйелілігі, өзара байланыстылығы, тұтасымдылығы

Шешендік сөздің құрылымындағы сөйлемдердің ойды жеткізудегі рөлін және қолданыс ерекшелігі. Шешен мәтініндегі байланыспен тұтастықты жүзеге асыратын амал-тәсілдер. Тақырыпқа сәйкес сөздердің шешен сөзіндегі тіркесу мүмкінділігі.

Тақырыптық тапсырма:

  1. Риторикалық сұрақтар, қайталаулар пайдаланылған шешендік сөздерді тауып, талдау жасаңыздар. Онда баяндаудың қандай тәсілдері қолданылып тұрғанына назар аударыңыздар.

8 тақырып. Кіріспе сөздің мақсаттылығы, тыңдаушыларға бағытталуы

Шешен мен тыңдаушылар арасындағы түсіністік ахуалды тудыратын амалдар. Шешендік өнеріге тән құндылықтар.Шешеннің қоғамдағы орны, беделі, білімі.

Тақырыптық тапсырма:

1.Әдебиет пәнінде жазған шығармаларыңыздың кіріспе бөліміне талдау жасаңыздар.

2.Кіріспеден, тақырыптан авторлардың одан кейінгі айтатын ойларын болжауға бола ма?

9 тақырып. Шешендік сөздің негізгі бөлімін құрайтын талдау мен бекітудің тілдік қатынастағы рөлі

Талдаудың логикалық тәсілдері. Баяндаудың түсіндіру тәсілдері. Шешен сөзіндегі келтірілген деректердің тақырыпқа қатыстылығы.

Тақырыптық тапсырма:

Төмендегі тақырыптардың қалаған біреуі бойынша күрделі жоспар құрыңыздар.

1. Әдебиет− әсемдік әлемі.

2.Инфляция− нарықтық экономикаға тән құбылыс.

3.Физика әлеміндегі соңғ,ы жетістіктер.

4.Бізге химия қажет пе?

10 тақырып. Қорытындының нұсқау берушілік, іске жұмылдырушылық сипаты

Шешен сөзінің ой қорытындысы.Қорытынды сөзге тән белгілер.Қорытынды бөлімде қолданылатын сөз орамдары.

Тақырыптық тапсырма:

Жүйелі тапқыр сөз, шешендік туралы мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді кірістіріп, «Сөз әдебі» деген тақырыпта баяндама дайындаңыздар.

Өзіндік жұмыс:«Халық шешендер», «Ежелгі Грекиядағы шешендік өнер мектебі» «Қазіргі шешендер» тақырыбында реферат дайындау.

11-12 тақырып. Сынақ тапсырмасы

1.«Ақындық туа біткен өнер болса,шешендік жүре келе қалыптасқан қасиет» деген ойды кім айтқан.?

а) Платон ә) Цицерон б) Аристотель в) Сократ г) Демосфен

2. «Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы – шешендік» атты ойдың авторын табыңыз.

а) Б.Майлин ә) М.Әуезов б) М.Балақаев в) Ғ.Мүсірепов г) З.Қабдолов.

3.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз

а) 3 ә) 2 б) 4 в) 6 г) 5

4. Асан қайғы,Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай сыйлап өткен ғажап тіл.

Осы жыр шумағының авторын атаңыз.

а) Қожаберген жырау. ә) Ақтамберді жырау. б) Доспамбет жырау. в) Қазтуған жырау. г) Дулат жырау

5. «Шешендік – кісінің көркі» атты даналық сөздің авторын атаңыз.

а) Платон ә) Гораций б) А.П.Чехов в) Аристотель г) Цицерон

6. «Терең ой,түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.Әулие деген сол болса керек» деген ойдың авторын белгілеңіз.

а) Шәкәрім ә) Абай б) Демосфен в) А.П.Чехов г) Т.Пейт

7. Шешендіктің отаны аталатын елді ата

а) Египет ә) Үндістан б) Вавилон в) Ассирия г) Эллада

8. «Ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен парапар» деген ойдың авторын атаңыз.

а) Демосфен ә) Аристотель б) Сократ в) Цицерон г) Платон

9. «Федр» атты диалогтың авторын атаңыз.

а) Платон ә) Квинтилиан б) Платон в) Сократ г) Аристотель

10. «Шешендік тәлім» еңбектің авторын атаңыз.

а) Квинтилиан ә) Цицерон б) Платон в) Сократ г) В.В.Радлов






13 тақырып. Шешендік сөз және тұлға интеллектісі

Шешендік сөздің нормативтік, коммуникативтік және этикалық сапалары.С.Аташевтің тілдік ішкі құрылым жүйесіне байланысты нормалары.

Тақырыптық тапсырма:

Шешендік сөздің коммуникативтік және этикалық сапалары дегеніміз не? Шешен сөзіндегі ой тереңдігін мағыналық-мазмұндық тұрғыдан талдау дегенді қалай ұғасыздар? Шешен сөзіндегі тіл тазалығымен ой айқындылығы туралы айтыңыздар.


14тақырып. Шешендік сөздегі сөз дәлдігі, лебіз көркемдігі

Тілдік сапалар.Сөздің грамматикалық құрылысы.Сөздің дәлдігі. Троптың түрлері.

Тақырыптық тапсырма:

1.М.Мағауиннің «Аласапыран» роман-дилогиясын пайдалана отырып, троптар мол қолданылған диалогтерді тауып жазыңыздар. Олардың түрлерін ажыратыңыздар.

2. Өздеріңіз қалаған бес мақалдың мәнін түсіндіріңіздер.


15 тақырып. Сөз дұрыстығы, оның шешеннің таным деңгейіне байланыстылығы

Сөз дұрыстығы, тазалығы, байлығы, түсініктілігі туралы А.Байтұрсынов, В.Г.Белинский,Аристотельдің пікірлері.

Тақырыптық тапсырма:

1.Тақырып соңында берілген мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын ашыңыздар..

2. Тәрбиелік мәні бар Бөлтірік бидің шешендік сөзін жаттап алыңыздар.


16 тақырып. Сөз мәнерлілігі, сөз әуені

Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері(дыбыстық, тыныстық қойылым, дауыс сазы, ырғақ, кідіріс, екпін, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, мақамның, орфоэпияның дұрыс қойылымы).Шешендік сөздің интонациялық сипатына қарай С.Негимов тұжырымы.

Тақырыптық тапсырма:

Мәтінді дауыс мәнерін сақтап оқу.Оқулықтағы Ақан сері туралы мәтінді басшылыққа алып, өздеріңіз қалаған өнер иесі туралы ойтолғау жазу.


ІІІ тарау. Шешендік сөйлеу әрекеті.

1тақырып. Сөйлеу әрекетін құрайтын элементтер

Мерзімдік жағдаят, авторлық шабыт, пікір шынайылығының сөйлеу әрекеті. Шешен сөзінің мерзімдік жағдаятқа қатыстылығы. Шешен сөзіндегі авторлық шабытты құрайтын элементтер.

Тақырыптық тапсырма:

Қ.Жұмаділовтің шабыт пен бап туралы, уақыт пен орын туралы пікірін оқып, талқылаңыздар.

2 тақырып. Сөйлеу түрлеріндегі заңдылықтар

Сөйлеу заңдары Аристотель айтуы бойынша. Сөйлеу мазмұнының ішкі және сыртқы бүтіндігін құрайтын элементтер.Әрбір сөйлеудің мағыналық шегі тақырыптан ауытқымай, мазмұн аясынан шықпау екендігін тілдік жағдаяттарда дәлелдеу.

Тақырыптық тапсырма:

1.Қ.Ысқақтың мәтінін оқып, «Қалың елім, қазағым» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.

2. «Тіл тазалығы – сөз мәдениетінің басы» тақырыбына өз пікірлерінізді жазыңыздар.


3 тақырып. Шешен сөзінің түсініктілігі мен айқындылығы

Шешен сөзінің түсініктілігі тілдік нормаға қатысы. Ой айқындылығының сөз таңдаумен қатыстылығы.Әр кезеңдегі және қазіргі дәуірдегі шешендер сөзінің түсініктілігін құрайтын тілдік амалдар.Тілдік жағдаяттарға сай мәтін құрауда сөздерді таңдап жұмсау шеберлі.

Тақырыптық тапсырма:

1.Қ.Жұмаділов «Тағдыр» мәтіні берілген.Үзіндідегі көркемдік тәсілдерді анықтау.

2.М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқып, «Бәріміздің бабамыз сөзден өлген, Өнердің кереметін сөзбен өрген» деген өлең жолдарын қалай түсінесіздер? Пікір таластырыңыздар.

4 Тақырып. Сөз әрекетіндегі пікір алмасу түрлері

Дискурстың түрлерін жанр және стильге қатысы. Әртүрлі жанрдағы дискурс мәтіні. Дискурсты туғызатын тілдік жағдаяттарға түсу. Әртүрлі жанрдағы дискурс мәтіндерінің стильдік ерекшеліктері.

Тақырыптық тапсырма:

1.Монологті (53-жаттығу) дискурсқа айналдырыңдар. Дискурстың қандай түріне жататындығын дәлелде.

2. «Рухсыз күш формуласы» өлеңіндегі көтерілген мәселелер бойынша пікірталас жоспарын құрыңдар. Жаһанданудың қазақ қоғамына тигізген ықпалы туралы жоба дайындап, қорғап шығыңдар.

5,6 Тақырып . Сынақ тапсырмасы.

1. «Софистер» дегенді қалай түсінетініңізді белгілеңіз.

а) көркем сөздің заңын ақылы оқитындар ә) шешен сөйлейтіндер б) біреудің пікірін жоққа шығаратындар в) өз ойын дәлелдеушілер г) шындықты жоғары бағалаушылар

2.Аристотельдің ұстазын белгілеңіз

а) Сократ ә) Демосфен б) Квинтилиан в) Цицерон г) Платон

3. «Риторика» атты еңбектің авторын көрсет.

а) Сократ ә) Платон б) Цицерон в) Аристотель г) Демосфен

4. «Риторика» атты оқулықтың авторын табыңыз.

а) В.Г. Белинский ә) Н.В.Гоголь б) М.И.Усачаев в)А.Ф.Кони г) М.В.Ломоносов

5. «Шешендікке қысқаша басшылық» атты оқулықтың авторын атаңыз

а ) М.В.Ломоносов ә) И.С.Рыжский б) А.С.Пушкин в) А.Ф.Кони г) Н.В.Гоголь

6. «Риторика тәжірибелері» атты еңбектің авторын атаңыз.

а) Н.В.Гоголь ә) П.С. Проховщиков б) М.В.Ломоносов в) И.С.Рыжский г) А.С.Пушкин

7. «Дәріс оқушыға кеңес» деген тундының авторын белгіле.

а) В.Г.Белинский ә) Н.В.Гоголь б) А.С.Пушкин в) Л.Толстой г) А.Ф.Кони

8. «Шешен болу үшін тілді,ұлттық әдебиеттің қазынасын егжей-тегжейлі білу – басты парыз» деген түйінді сөздің авторын ата.

а) А.С.Пушкин ә) Н.В.Гоголь б) В.Г. Белинский в) А.П.Чехов г) А.Ф.Кони

9. «Сөз – ұлы нәрсе,тіл – ұлттың жан дүниесі» деген сөздің авторын атаңыз.

а) Л.Толстой ә) В.Г. Белинский б) Н.В. Гоголь в) М.В. Ломоносов г) А.С.Пушкин

10. «Тіл – елшінің қылышы» атты пікірдің авторын атаңыз.

а) Құтып ә) Әбунасыр әл Фараби б) М.Қашқари в) Ж.Баласағұн г С.Негимов

11. Қазақтың ұлттық шешендік өнері қай ғасырда дамыған?

а) VIII-ХІ ә)V-Х б)V-VI в) VII-VIII г) V-ІХ

12. Шыңғысханның он екі биінің бірін ата.

а) Майқы би ә) Аяз би б) Қазыбек би в) Әйтеке би г) Төле би

13. Төле би.Қазыбек би,Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз

а) VI-ІХ ә) ХVIII б) ХVI в) ХVII г) ХІ

14. Азамат ердің баласы Жабыққанын білдірмес Жамандар мазақ қылар деп!

Толғаудың авторын атаңыз

а) Міржақып ә) Қазтуған б) Ақтамберді в) Асан қайғы г) Қожаберген

15. «Қазақ даласы ән салып тұр.

Қазақтың алты жасар баласынан бастап алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады» деген ойдың авторын атаңыз.

а) В.В.Радлов ә) Л.Толстой б) Потанин в) А.С.Пушкин г) А.П.Чехов.


7 тақырып. Тілдік қатынастағы шешен және тыңдаушы мүддесі

Тілдік қарым-қатынастағы шешен және тыңдаушы арасындағы байланыс заңдылықтары. тыңдаушы риторикасына кіретін ұғым-түсініктерді түсіндіре алуды; Тыңдау мәдениетіне арналған мақал-мәтелдерді, даналық сөздер. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы қатынастың мәтін арқылы жүзеге асатынын іс-тәжірибеде бақылау.

Тақырыптық тапсырма:

1.Тыңдау және сөйлеу мәдениетіне арналған мақал-мәтелдерді тауып, талдау.

2.Ж.Баласағұнның «Құтты біліктегі» шешен мүддесі мен тыңдаушы мүддесіне қатысты өнегелі сөздерді талдаңыздар. Ғұлама ойшылдың астарлы мәнде айтылған өсиеттерінде қандай мақал-мәтелдер қолданылған? Ауыспалы мағынада келген сөздердің мағынасын ашыңыздар.

8 тақырып. Сөйлеу әрекетіндегі шешен бейнесі

Шешен бейнесіне енетін ұғым-түсініктер. Шешен бейнесінің сөйлеу түрлеріне қатысы. Шешендік тұлға көрінісі – шешеннің білімділігі мен мәдениеті, өмірдегі ұстанымы, өнегелі іс-әрекеті, үлгілі сөзі. Шешен бейнесін танытатын сөйлеу ерекшеліктері.

Тақырыптық тапсырма:

«Адам өзінің жүріс-тұрысында пайдаланатын өнер түрі» деген Әл –Фарабидің сөзін қалай түсінесіздер? Өмірден мысал келтіре отырып, бір-біріңізбен топ болып ақылдасыңыздар.



9 тақырып. Монологтік риторикадағы шешен көзқарасы

Монологтік шешендік сөйлеуде қолданылатын ережелер.

Тақырыптық тапсырма:

Монологтік риторикадағы басты нәрселерге нелер жататындығын оқу мәтініне сүйене отырып әңгімеле.

Тілдік жағдаят. Көпшілікке арнап замандастарыңыз және олардың ұстанымы жөнінде монологтік сөз дайындау қажет болды делік. Сол сөздердің жоспарын жасап, құрылымын түзіңіздер. Мақсат қойыңыздар: тыңдаушыларды қандай эмоцияға түсірмекшісіздер?


10 тақырып.Шешеннің қарым-қатынас жасау мәнері, сөйлеу шеберлігі

Шешеннің қарым-қатынас жасау мәнері. Шешеннің маңызды, кекесінді, хабарлы, оралымды, түсіндірмелі, үзілмелі, екпінді, қарапайым сөйлеу ерекшеліктері. Шешендердің көзқарасындағы, ой-пікіріндегі тұрақтылықты, бірізділікті бақылап, шешендерге мінездеме беру.Шешеннің түрлі тілдік жағдаяттардағы сөйлеу шеберлігі. Сөйлеу қорқынышын жоятын және өзара достық қарым-қатынасты орнататын шешендік әрекет.

Тақырыптық тапсырма:

Шешендік сөздегі фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді тауып, орнымен қолданылғанын түсіндіріп жазыңыздар. Сыныпта «Егер мен билік етсем ...» тақырыбында Еңлік пен Кебек дауына төрелік жасап көріңіздер. Полилогтік сөзге тән белгілерді анықтаңыздар.


11 тақырып. Шешеннің халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерге жетіктігі

Шешен бейнесіне енетін ұғым-түсініктер.Цицеронның әртүрлі сазға сегіз түрлі сөйлеу ерекшелігі және шешен сөзінің мазмұнын айқындайтын үш шарт.Шешен болуға талпынған адамның талаптары.

Тақырыптық тапсырма:

1.Көк түріктер сарынымен жазылған жырларының тәрбиелік мәні туралы айтыңыздар.Т.Медетбек жырларын ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстырыңыздар.

Өзіндік жұмыстары: Белгілі тақырыптар бойынша пікірталасқа түсу; өз ойларынан шешендік мәтіндер құрастыру.

12 тақырып. Қазіргі шешендіктің түрлері және қолданылатын орындары

Қазіргі шешендіктің бастау көзі - демократиялық қоғам.Шешендік сөздердің шешендік тақырыбы мен мазмұнына, айтылу орны мен мақсатына қарай А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша беске бөлінеді.

Тақырыптық тапсырма:

Қазіргі шешендіктің қолданылатын орындарын мысал келтіре отырып дәделдеңіздер.

Қ.Сәтбаев туралы оқығаннан кейін мінездеме беріңіздер.

Тілдік жағдаят.Сіздерге әлеуметтік –саяси мазмұн тақырыбына баяндама жасау тапсырылды делік.Сіздер қандай тақырыпты таңдар едіңіздер, жоспарын жасаңдар.


13 тақырып. Әлеуметтік-саяси шешендік және тақырыптық-тілдік ерекшеліктері

Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендіктің ерекшеліктері. Полилог сөздің тақырыптық-мазмұндық түрлері.Шешендердің пікірталасқа түсу мәдениеті.

Белсенді азаматтық ұстаным, жоғары патриоттық сезім.

Тақырыптық тапсырма:

Мәтіннен әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерді тауып, әлеуметтік мәнін талдаңыздар.


14тақырып. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері

Әлеуметтік -тұрмыстық сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық сөздердің қолданылатын орындары. Тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы шешендік сөздерді тақырыптық-мазмұндық жағы. Тілдік бірліктердің шешендік сөздегі қызметі. Тұрмыстық-әлеуметтік шешендік сөздерде қолданылатын тілдік құрал.

Тақырыптық тапсырма:

Н.Ә.Назарбаев шешендігіндегі негізгі ойларды анықтаңыз.Айқын, түсінікті, көркем жазылғанына көңіл бөліңіздер.


15 тақырып. Ғылыми шешендік және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері

Ғылыми мазмұнды шешендік сөздердің ерекшеліктері.Ғылыми мазмұнды шешендік сөздердің қолданылатын орындары. Ғылыми мазмұнды шешендік сөздерді тақырыптық-мазмұндық жағы.

Тақырыптық тапсырма:

Берілген оқу мәтініндегі көтерілген мәселелерді анықтаңыздар.

М.Әуезовтің сөзіндегі бірыңғай мүшелердің қолданысына, синоним сөздерге және эмоцияны жеткізіп тұрған шылау сөздерге талдау жасаңыздар.


16 тақырып. Діни шешендік және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері

Діни мазмұнды шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни мазмұнды шешендік сөздердің қолданылатын орындары.Діни мазмұнды шешендік шешендік сөздерді тақырыптық-мазмұндық жағы. Діни мазмұнды шешендік сөздерде қолданылатын тілдік бірліктер.

Тақырыптық тапсырма:

Діни шешендіктің үлгілерін «Құран-Кәрімнен» іздеп тауып, мазмұнын талдаңыздар.

Діни шешендікке жататын бата мен тілек үзінділерін тауып, діни тақырыпқа құрылғандығын дәлелдеңіздер.

17 тақырып. Сот ісіндегі шешендік және оның тақырыптық-тілдік мазмұнды ерекшеліктері

Сот мазмұнды шешендік сөздердің ерекшеліктері. Сот мазмұнды шешендік сөздердің қолданылатын орындары. Сот мазмұнды шешендік шешендік сөздерді тақырыптық-мазмұндық жағы. Тілдік бірліктердің шешендік сөздегі қызметі. Сот мазмұнды шешендік сөздерде қолданылатын тілдік бірліктер.

Әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-тұрмыстық, ғылыми, діни мазмұнды, сот ісіндегі шешендік сөздер.

Тақырыптық тапсырма:

Оқу мәтінінде көтерілген мәселелерді анықтап, өзара ойбөліске түсіңіздер.

Мәтінге сүйене отырып, өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.

Өзіндік жұмыстары:берілген тақырыптар бойынша пікірталасқа түсу.


18 тақырып. Сынақ тапсырмасы


  1. Аристотельдің шешендік өнер жайында жазған шығармасын көрсетіңдер:

А) «міндеттер туралы» ә) «Федр» б) «этика»

В) «»шешендік тәлім» г) «риторика»


2. Шешендік өнердегі негізгі мақсаттардың бірі:

А) эмоция туғызу ә) сөйлеушінің білімділігін таныту б) сендіру

В) әдемі сөйлеуге үйрету г) шешім табу


3. Ежелгі Грециядағы шешендік өнерге үйретуші мұғалімді қалай атаған?

А) ритор ә) Федр б) педогог в) софист Г) философ


4. Ежелгі Грециядағы философ шешенді тап.

А) Платон Ә) Цицерон б) педогог В) гус Г) Конфуций


5. Көркем,шешен сөйлеу-мемлекет үшін басты қажеттілік деп есептеген шешен кім?

А)Аристотель ә) Сократ Б) Цицерон В) Рабль Г) Квинтилиан


6. Жалған сөйлесең де, жеңіп шығуың қажет деген бағытты ұстаушылар кімдер еді?

А) теолог Ә) филолог Б) философ В) софист Г) ритор


7. Шешендік сөздің басты белгісін тап.

А) Тыңдаушымен көзбе-көз,тікелей қарым-қатынас жасалады

Ә) айтылған ой, пікірдің барлығы бірден жүзеге асады

Б) тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін дамтады

В) дайын тілдік құралдарды жаттайды Г) адамгершілікке үндейді.


8. Шешенге қойылатын талаптардың бірін анықта.

А) тақырыпқа қажет материалдарды жинақтай білу

Ә) жазылған мәтінді мәнерлеп оқып беру Б) мәтінді бөлімдерге бөліп оқу

В) көркем сөйлеуге үйрету г) әдемі жазуға төселдіру


9. Шешенге қажет талаптардың бірі деп төмендегілердің қайсысын белгілеуге болады?

А) психологиялық бейімдеу Ә) психологиялық шабуыл

Б) психологиялық қарсылық В) мәтінді жаттау Г) мәтінді түсіндіру


10. шешендік сөздердің есте жақсы сақталуының шарттарының бірін тап.

А) құрамындағы сөздердің ұқсаспен айтылуы

Ә) кітаптардан жазылып алынуы б) көп насихатталуы

В) мектепте жиі оқытылуы Г) кітаптарға жиі жазылуы


11. « Би айтатын сөзді құл да айтады, бірақ аузында... жоқ». Мақалдағы бос орынға қай сөзді қояр едіңдер?

А) дауасы Ә) дауы б) дуасы В) дәруі г) дәні


12. «Жеті жарғы» деген не?

А) күлтөбедегі жиын ә) жеті жыр Б) шешендік сөздер

В) әдет-ғұрып,қарым-қатынас заңдарының жиынтығы Г) сөз өнеріне үйрететін кітап

13. Мақалдағы көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойңдар, «Тура биде туған жоқ... биде иман жоқ»

А) ақылсыз Ә) жағымсыз Б) туысқан В) таныс Г) туғанды


14. Дау-жанжалға билік айтушыны кім деп айтады?

А) шешен Ә) би Б) ақын В) төре Г) болыс


15. «Азғынды қуып, тозғанға жолықпа,

Туыс іздеп, достан кетпе.

Тауға шығып айғайлама,

Ойда тұрып бақырма.

А) Қазыбек би ә) Төле би Б) Байқотан шешен В) Жанқұтты шешен

Г) Кенжалы шешен


16 «Түгел сөздің түбі-бір, түп атасы ... би». Мақалда қай би туралы айтылады?

А) Сасан би Ә) Майқы би Б) Төле би В) Қазыбек би Г) Әйтеке би


17. Пікірталас түрін белгілеңдер.

А) көзқарас Ә) ойбөліс Б) Түсіндірме сұрақ В) пікір Г) сұрақ-жауап


18. Мәтіндегі ойдың берілу ретін алдын ала жобалауды не деп айтады?

А) жоспар Ә) тақырып Б) сөйлеу тілі В) аудиториямен байланыс Г) хабар


19. Тыңдаушыларды тақырыпқа даярлайтын мәтін бөлігі

А) жоспар Ә) тезис Б) қорытынды В) неізгі бөлім Г) кіріспе


20. Нақты бір мәселені талдап,талқылап аяқтап,келесіге көшу әдісі

А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс

В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру


21. Хронологиялық жолмен баяндау әдісі:

А) тарихи әдіс Ә) индуктивті әдіс Б) дедуктивті әдіс

В) баспалдақты әдіс Г) салыстыру


22. Қатысушылар мүдделері ортақ пікірталас түрі

А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмасу


23. Ортақ шешеімге келу міндетті емес пікіралмасу түрі

А) ойбөліс Ә) айтыс Б) ойталқы В) пікірталас Г) пікіралмасу


24. Ғылыми,саяси, есеп беру баяндамасына қосымша талдау

А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірталас


25. Пікірлер,идеялар айтысы,бір жағы жеңіп үстем болатын пікірталас түрі

А) жарыссөз Ә) тақырып Б) жарнама В) айтыс Г) пікірсайыс


19 тақырып. Қорытынды

Тіке жауап тест

Тіке жауап тестіде ауызша жауап беріп,өздеріне ұпай жинайды.

    1. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды не дейміз?

    2. Біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын не дейміз?

    3. Қолданыстан шығып қалған,тарихи шығармаларда ғана кездесетін,мағынасы көмескі сөздерді не дейміз?

    4. Бір тілде сөйлесетін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді не дейміз?

    5. Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды не дейміз?

    6. Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшектерді не дейміз?

    7. Көзге көрінбейтін адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,ұғым атауларын не дейміз?

    8. Өзге сөз таптарынан жасалған сын есім қалай аталады?

    9. Жалғаудың неше түрі бар?

    10. Үстеудің мағыналық түрлерін ата

Анықтау тест

Анықтау тестіде жеке-жеке компьютерден тексереміз

Рет саны

Тапсырмалар

Жауаптары

1.

Өзі жалғанған сөзге меншік мағына беретін жалғаудың түрін анықта


2.

Зат есім,сын есім,сан есімнің орнына жүретін сөз табын анықта.


3.

Мифтік ескі наным бойынша атын тура атауға тиым салынған сөздерді не дейміз?


4.

Түрлі дыбыстарға елітеуден туындаған сөздерді анықта


5.

Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп,нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін анықта


6.

Сөйлемде іс-әрекеттің түрлі белгісін (мекен,мезгіл т.б.) анықтайтын сөйлем мүшесін анықта.


7.

Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған сөзді анықта.


8.

Мағынасы дөрекі,тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздерді анықта.


9.

Белгілі бір кәсіпке,шаруашылыққа,өнерге байланысты қолданылатын және сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді анықта.


10.

Сөз және оның мағынасын зерттейтін саланы анықта.


Сәйкестік тест

Сәйкестік тестіде ауызша жауап береді,түсіндіреді.

1. 1) Зат есім шырақ,кенже қыз 2) есімдік кім,не 3) табу сілтеу,жіктеу

2. 1) эвфемизм ашық,тұйық,бітеу 2) буын төбе шашы тік тұру,қоян жүрек 3) табу қолды болды,о дүниеге аттанды

3.1) сабақты етістік оңашаланған,қосарлы 2) есімдік табыс септігі 3) табу қандай,қай

4.1) көсемше атау,ілік септіктен өзге септіктер 2) реттік,жинақтық,болжалдық 3)-ып,-іп,-п,-қалы,-келі,-а,-е,-й

5.1) сарғыш жай шырай 2) аса қызыл салыстырмалы 3) суық асырмалы

6.1) жұрнақ –іміз,-ымыз,-лерің 2)ортақ тәуелдену сөз түрлендіруші,сөз тудырушы 3) біріккен сөз,қысқарған сөз,тіркескен сөз

7.1) жалпылауыш сөздер септеулік,демеулік,жалғаулық 2) сөз тіркесі есімді,етістікті 3) шылау сілтеу,жалпылау есімдігі,сан есі

Толықтыру тест

Толықтыру тестіде компьютерден жазып талдайды

Берілген көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып талда.

    1. Ел жайлау... қайт..., күзек.. .бетте... кел... жат... (-дан,-ып,-ке,-п,-е,-ты)

    2. Киіз үй... төр... бір топ ауыл ақсақал... қымыз іш... отыр. (-дің,-інде,-дары,-іп)

    3. Мен қар... бірге домала... жер... түс... . (-мен,-п,-ге,-тім)












Тақырыптық - күнтізбелік жоспар


Жаңа тақырып - 60 сағат

Диктант – 4 сағат

Қайталау – 4сағат

І тоқсан 18 сағат

Р/с



Тақырыптар

Академиялық сағат саны

Бақылау түрі



Аудитория лық сағақ

Практикалық сағат

Өзіндік жұмыс


1-2

Шешендік өнердің тілдік қарым-қатынастағы рөлі


2

2


3-4

Шешендік өнердің қоғамдық мәні


2

2


5-6

Шешендік сөздің Тұлға қалыптастырудағы тағылымдық мәні


2

2


7-8

Шешендік өнердің ілім ретінде қалыптасу тарихы


2

2


9-10

Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы


2

2


11

Билер шешендігі және олардың танымдық-тәрбиелік мәні


1

1


12-13

Ақын-жыраулар шешендігі және танымдық-тәрбиелік мәні


2

2


14-15

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің мазмұндылығы, жеткіліктілігі


2

2


16

Диктант


1


Диктант

17

Сынақ тапсырмасы (тест)


1

1

Тест

18

Өткенді қайталау


1




ІІ тоқсан 14 сағат





1

Шешен сөзінің шынайылылығы, өмірге жақындылығы


1



2

Шешендік сөздің көрнекілігі, эмоционалдығы


1



3-4

Шешен сөзінің құрылымы


2

1


5-6

Шешен сөзінің жүйелілігі, өзара байланыстылығы, тұтасымдылығы


2

1


7-8

Кіріспе сөздің мақсаттылығы, тыңдаушыларға бағытталуы


2

1


9-10

Шешендік сөздің негізгі бөлімін құрайтын талдау мен бекітудің тілдік қатынастағы рөлі


2

1


11-12

Қорытындының нұсқау берушілік, іске жұмылдырушылық сипаты


2

1


13

Сынақ тапсырмасы


1

1

Тест

14

Өткенді қайталау


1




ІІІ тоқсан 20 сағат





1-2

Шешендік сөз және тұлға интеллектісі


2

1


3-4

Шешендік сөздегі сөз дәлдігі, лебіз көркемдігі


2

1


5-6

Сөз дұрыстығы, оның шешеннің таным деңгейіне байланыстылығы


2

1


7-8

Сөз мәнерлілігі, сөз әуені


2

1


9,10,11

Сөйлеу әрекетін құрайтын элементтер


3

2


12,13,14

Сөйлеу түрлеріндегі заңдылықтар


3

2


15-16

Шешен сөзінің түсініктілігі мен айқындылығы


2

1


17-18

Сөз әрекетіндегі пікір алмасу түрлері


2

1


19

Сынақ тапсырмасы


1

1

Тест

20

Өткенді қайталау


1




4-тоқсан





1,2

Тілдік қатынастағы шешен және тыңдаушы мүддесі


2

1


3,4

Сөйлеу әрекетіндегі шешен бейнесі


2

1


5,6

Монологтік риторикадағы шешен көзқарасы


2

1


7,8

Шешеннің қарым-қатынас жасау мәнері, сөйлеу шеберлігі


2

1


9

Шешеннің халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерге жетіктігі


1

11


10

Қазіргі шешендіктің түрлері және қолданылатын орындары


1

1


11

Әлеуметтік-саяси шешендік және тақырыптық-тілдік ерекшеліктері


1

1


12

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері


1

1


13

Ғылыми шешендік және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері


1

1


14

Діни шешендік және оның тақырыптық-тілдік ерекшеліктері


1

1


15

Сот ісіндегі шешендік және оның тақырыптық-тілдік мазмұнды ерекшеліктері


1

1


16

Сынақ тапсырмасы


1

1

Тест

17

Қорытынды


1





















































Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Қосымова Г.С, Дәулетбекова Ж.Т., Рахымжанов Қ.А., Омарханов Е.А. Алматы.2014 «Қазақ тілі» оқулығы

2. Қосымова Г.С, Дәулетбекова Ж.Т., Рахымжанов Қ.А., Омарханов Е.А. Алматы.2014; Әдістемелік нұсқау

3. Қосымова Г.С, Дәулетбекова Ж.Т., Рахымжанов Қ.А., Омарханов Е.А. Алматы.2014; Дидактикалық материал

4.Б.Шалабаев Көркем проза тілі. – Алматы: Білім.1994-124б

5. М.М.Жанпейісов Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006 жыл






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Силлабус. ?аза? тілі .12-эксперимент сынып

Автор: Тонтакаева ?алам?ас ?айыркен?ызы

Дата: 05.12.2014

Номер свидетельства: 139867


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства