kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Тазалы? - саулы? кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?ты? ма?саты о?ушыларды е? бастысы тазалы??а т?рбиелеуден басталады. О?ушылапр б?л саба?та ?р т?рлі ж?мба?тар шешіп, тілдерін дамытады. Суретпен ж?мыс т?рлерін жасайды. Сонымен ?атар топпен, жеке, ж?не ж?ппен ж?мыс т?рлері орындалады. Одан бас?а да грамматикалы? тапрсырмаларды орындау?а да болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Тазалы? - саулы? кепілі»

Сабақтың тақырыбы: Тазалық- денсаулық кепілі. 2 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау. Көптік жалғауын қайталау."Тазалық-денсаулық кепілі" дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып,тазалық сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Түрлі әдістер,сұрақ-жауап,ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын,тапқырлығын,жылдамдығын,есте сақтау қабілетін,танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейнетаспалар, сәлемдеме,тазалық сақтау заттарының суреттері.

Сабақтың түрі: қайталау, ойын сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,қайталау,ойын,ой қозғау,проблемалық сұрақ,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,валеология.

                                 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, тіл дамыту сұрақтарын қою)

Психологиялық тренинг

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау - сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз.

Сабақтың мақсатын айту «Мой додыр» мултфильмінен үзінді көрсету, «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айту. Қ А Т З Л А Ы (ТАЗАЛЫҚ)

Фонетикалық жаттығу «Жоғалған әріптер» ойыны

К... ше, ба...даршам, тасба...а, м...хитарал, с...лүі, т...с, с...рсенбі, ж....ма.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сергіту сәті

Мен бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

1 2 3 4

1 2 3 4

Аяқты алға қоямын,

Жұдырықты түйемін.

5 6 7

5 6 7

Екі қолды көтеріп,

Мен шапалақ ұрамын.

8 9 10

8 9 10

Ал партаға қон.

Қайталау сабағына арналған тапсырмаларды орындау.

1.Сөздік жұмысы (суреттегі сөздерді қазақша аудару)

Сабын

Сусабын

Сүлгі

Тіс пастасы

Тіс щеткасы

Сүлгі

Тарақ

2.Олар не үшін керек? (сұрақ - жауап)

Сабын , жуыну үшін керек.

Тіс пастасы, тіс щеткасы тісті тазалау үшін керек.

Тарақ шашты тарау үшін керек.

Сүлгі сүртіну үшін керек.

Сахналық көрініс .Тазалық заттарының жыры.

Су

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі – жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

Тазалықтың досы

Су дегенің осы.

Сүлгі
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл – жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.

Сабын
Сабындаған кезіңде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап – таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.

Тіс щеткасы

Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт,

Маржандай болсын аппақ.

Тарақ

Аузым жоқ, көзім жоқ,

Тілім жоқ, сөзім жоқ.

Бірақ та тісім бар,

Шашыңды тараймын.

Әдемі боласың,

Менің атым тарақ.

3.Грамматикалық кезең. (ережені қайталау)

Көптік жалғау (окончание множественного числа)

лар, - лер + дауысты, р,й,у

дар,-дер +л, м, н, ң , з, ж

тар, -тер + қатаң , б,в, г, д

Берілген сөздерге көптік жалғауының жалғауын қосып жаз. Жалғаулардың жалғану ережесін айту, оқушыларға мәселелік сұрақтар қою арқылы тапсырманы орындату.

Тарақ, сабын, паста, щетка, орамал, айна, сусабын.

4. «Тазалық» сөзінен құралған сөзжұмбақты шешу.(дене мүшелерін еске түсіру)

1.зуб 2.голова 3.глаз 4.волосы 5.рука 6.нос 7.нога

Сөзжұмбақты шеш.

1.ТІС

2.БАС

3.КӨЗ

4.ШАШ

5.ҚОЛ

6.МҰРЫН

7.АЯҚ

5. Жұмбақтарды шеш.

Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір – ласың,

Тап – таза боласың.

Бұл не? (сабын)


Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да

Бұл не? (сүлгі)


Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не?

Бекіту.

Тазалықты сақтау үшін қандай заттар керек? Олар не үшін керек? «Мой додыр» мултфильімінің соңын қарау.

Үй жұмысын беру.

Бағалау .

Қорытынды.

Тазалықты сақта! Тазалық – денсаулық кепілі.

Рефлексия (сабақ соңында оқушылардың көңіл –күйлерін білу)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Тазалы? - саулы? кепілі

Автор: Бутагарина Арайлым Ерболатовна

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства