Просмотр содержимого документа
«Сабақты зерттеу –білім беру бағдарламасы мен инновацияларды енгізудегі тиімді элемент»
Сабақты зерттеу –білім беру бағдарламасы мен инновацияларды енгізудегі тиімді элемент
Сядыбекова Райхан Қонысбайқызы
химия және биология пәнініңжоғары санатты мұғалімі
І деңгей - «Педагогикалық қоғамдастықта мұғалімнің көшбасшылығы»
Болашақ – біздің алға жылжып жүргеніміз емес, біздің шығарып отырған өніміміз.Ал біздің өніміміз – шәкірттеріміз. Ендеше ұлт болашағын жасап отырған мектеп ұстаздары .Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Жұрт ұқпаса-ұқпасын , ел бүгіншіл, менікі ертең үшін! Мұғалімдер де тура солай ,ел болашағы үшін еңбек етеді. Бүгінгі жетістік- ұстаздарымыздың маңдай терлерінің нәтижесі,шәкірттерінің алғырлығы.
Іс-әрекеттегі зерттеуді жүзеге асыру Қазақстан мұғалімдерінің жұмысында үлкен маңызға және мәнге ие. Оның негіздемесі, ең алдымен, зерттеу мұғалімдердің педагогикалық қызметінде рефлексиялық ойлау дағдыларын дамытуға ықпалын тигізуі болып табылады, ол бүгінгі күні 21 ғасыр мұғалімінің негізін қалаушы дағдысына айналады. Іс-әрекеттегі зерттеулер туралы толғаныстар әрқашан мұғалімнің сыныпқа кірген кезінен және күнделікті проблемаға тап болған сәтте басталады (Латимер, 2015). Бірақ проблеманы шешу үшін және оқу үдерісін жлға қою үшін алғашқы кезекте зерттеу сұрағы мен нақты іс-қимылды тұжырымдап алу керек. Фил Киркманға сәйкес, зерттеу мәселесі айқын, тұжырымдалған, ықшам, кешенді және дәлелдерді талап ететін сұраққа ие болуы қажет.
Мұғалімді шын мәнінде толғандыратын және қызықтыратын мәселені қою аса маңызды. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мұғалімдер зерттеу сұрақтарын тұжырымдаған кезде қиындықтарды бастан кешіреді және бұл көп жағдайда сұрақтардың жан-жақты қимылынақарай ие болады, не болмаса осы проблема жалпры сипат алып, мұғалім оны жасанды түрде жасауына алып келеді. Осылайша мұғалімдер зерттеуді жүзеге асырған кезде күтілетін нәтижелерге жетуді қадағалау қиынға соғады, өйткені іс-қимылдың жан-жақтылығы мен жасандылығы қажетті және сенімді дәлелдерді жинауға және ұсынуға мүмкіндік бермеәді. Деңгейлі бағдарламалардың тәлімгері бола отыра, осы ахуалға бірнеше мәрте кездесе отырып, әрқашанда мынадай сұрақтар тап келдік: зерттеудің жақсы сұрағының мысалы не болып табылады; неліктен мұғалімдер тұжырымдау кезінде осындай қиындықтарға ұшырайды және мұғалімдер терең зерттеу үдерісіне ықпалын тигізетін, тар көлемде бағытталған, шоғарландырылған сұрақтарды қою тағдысын қалай қалыптастыру керек? Бұрын айтылған сұрақтарға жауап іздеу нәтижелерін зерделеуге итермеледі. Фил Киркман зерртеу мәселесін жасауға арналған өз жұмысында сонымен бірге аталған проблеманың маңыздылығын белгілейді және іс-әрекеттердің мынандай алгоритмін ұсынады: 1) мұғалім жауап бергісі келетін барлық сұрақтарды тізімдеу, бұған қоса ол зерттеудің іс-қимылына және сұрақтың кешенділігіне назар аударуға кеңес береді; 2) алдыңғы тізімнен аса кең емес және аса тар емес болып табылмайтын ең үздік сұрақты таңдап алу; 3) зерттеу мақсатын анықтау; 4) өз сұрағын бағалау, оны сондай-ақ әріптестердің кері байланысы арқылы жасауға болады; 5) терең ойлы және дұрыс тілді пайдалану, мысалы зерттеу етістіктері (Киркман, 2015). Барлық жоғарыда айталған әрекеттер Киркманның пікірі бойынша мұғалімді зерттеудегі ″дұрыс″ сұрақтарын жасауға бағыттайды.Алайда, сұрақты қою кезінде тек қана бір әдісті қолдану әрқашан жеткілікті бола бермейді, өйткені бір мұғалімге осы тәсіл қолайлы болса, басқаларына өз кезегінде қандай да бір өзге әдсістер мен модельдер қажет болады. Осы ой сондай-ақ Латимер Мен Калиердің жұмысында растауын тапты, онда зерттеуді сүйемелдеу үшін сұрақты жасаудың біріңғай формуласы жоқ екендігі туалы айтылады. Алайда, мұнымен бірге авторлар зерттеудің ″жақсы″ сұрағын сипаттайтын, ″Ms″ критерийлерін (Латимер, 2015) бөліп көрсетеді. ″Ms″ критерий 3 ағылшын сын есімінің аббревиатурасы болып табылады: мәнді, өлшенетін, басқарылатын. Аталған критерийлерге сүйене отырып, зерттеу сұрағы мұғалімнің өзі үшін мәнді және маңызды болуы қажет, ол сондай-ақ өлшенетін болуы тиіс, бұл мұғалімнің зерттеу сұрағына жауап беру үшін қандай дәлелдерді жинау қажет екендігін түсінетінін білдіреді. Үшінші ″басқарылатын″ критерий мұғалімнің зерттеуді жүзеге асыру үшін ресурстармен және білімдермен жабдықталуы көрсетілген. Осы критерийлердің болуы сонымен қатар Элйин Уилсонның School-based research- a guide for education students кітабында қарастырылатын зерттеу сұрағын (1-кесте) тұжырымдаудың 4-сатысында қадағаланады (Уилсон, 2015).
Саты
Мазмұны
1-саты
Мен неге осы зерттеуді жүргіземін?
2-саты
Мен зерттеу барысында нақты нені анықтағым келеді?
3-саты
Мен зерттейін деп жатқан проблема туралы сарапшылар не айтады?
4-саты
Бұл туралы менің әріптестеріме не белгілі?
Киркманның жоғарыда қарастырылған сатылары, критерийлері мен алгоритмі мұғалімге зерттеудің шоғарландырылған сұрағын жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қалай да қарама-қайшы болып естілгенмен, әрқашан жеткілікті болмайды.