Күні: | |
Модуль аты | Оқыту және оқу үшін бағалау. |
Коучинг тақырыбы | Сабақта оқушылардың өзара және өзіндік бақылауын қалыптастыру |
Коучинг мақсаты | 1.Коучингке қатысушы мұғалімдерге оқушы жетістіктерін бағалау түрлерін үйрету. 2. Критериалдық бағалаудың тиімді жолдарын қолданудың дағдысын жетілдіру. |
Оқу нәтижелері | Бағалау әдістерін әдістерін үйренеді, бірлесіп жұмыс істейді. Бағалаудың тиімді жолдарын қолдану дағдысын меңгерді. |
Түйінді идея: | «Ойды ой туғызады» |
Әдіс-тәсіл | Жекелей, топпен жұмыс,ой қозғау, миға шабуыл, сто стратегиялары |
Ресурстар мен жабдықтар | Бағалау парағы, постер, презентация, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар |
Оқыту кезеңдері | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу.Бүгінгі коучингтің не күтетіндерін білу.Бірлесе мақсат қою.Барлықтарыңызға бүгінгі сабағымызда сәттілік тілеймін! Мұғалімдерді жұппен отырғызу. | Өз мақсаттарын айтады. |
Өзін бағалау (презентациялау, таныстыру) | Нұсқаумен таныстырады: Сіздерге 2 минут уақыт беріледі.Осы уақыт ішінде сіз өзіңіз туралы көлемді ақпарат беруге тырысуыңыз керек.Әріптесіңіз сізден естіген мәліметті дәл,анық,қысқа беруге тырысады.Тақтаға өзіңізді таныстыруда қамтылатын маңызды сұрақтар жазылып қойылады. | Тақтадағы сұрақтарға қарап отырып өздері туралы нақты мәлімет береді. |
Өзара бағалау | Әріптесіңіздің таныстыруын бағалаңыз. Ол өзін толық таныстыра алды ма ? | Мұғалімдер әріптесінің таныстыруын бағалайды. |
Рефлексия | Әріптесіңіз туралы жаңа мәлімет біле алдыңыз ба? | Ойларын айтады. |
Мадақтау | Қол соғып мадақтау. | |
Жаттығу | «Қосылмайтынды қосып көр» Таратпа қағаздар беріледі.Қағазда мағынасы жағынан екі түрлі сөз жазылған.Осы сөздерді қосып сөйлем құрау керек. Табыс критериімен таныстырамын. | Табыс критериіне қарап отырып, аз уақыт ішінде сқйлем құрайды. |
Рефлексия | Мен қандай әдіс қолдандым? Менің рөлім қандай? Берілген табыс критериі сіздерге жұмыс алгоритмін нақты құруға көмектесті ме? Бағалау критериінде сіз қандай рөл атқардыңыз ? Иә,ешқандай,себебі критерийді мен өзім дайындадым. Қалай ойлайсыздар, табыс критериін құруға сіздерді қатыстырмағаным дұрыс болды ма ? | Өз ойларын айтады. |
Жұппен жұмыс | Қазіргі кездегі бағалаудың тиімді және осал тұстарын анықтау. Оларды шешудің жолдарын табу. | Спикер 1 минутта айтып шығады. |
Топтарға бөлу. | «Молекула » әдісі бойынша топтарға бөлінеді. | Музыка ырғағымен билей жүріп,музыка тоқтағанда молекулалар 5-тен атомдарға жиналуы тиіс.. |
| Топтарға таратпа қағаз беріледі. Онда сурет салу керектігі жазылған. 1 топқа бағалау критериі беріледі.2-топқа бағалау критериі берілмейді. | Топта бірлесе сурет салады. Соңынан суреттер сапасы неге екі түрлі болғанын айтуы қажет. |
Қорытынды жасау: | Бағалау критериін белгілеу неге маңызды ? | Жоғары деңгейде табысты болу үшін. |
Топпен жұмыс | Бағалаудың мақсаттарын анықтаңыздар? | 2 минут ішінде топта талдап,ортақ ойларын айтады. |
Тапсырма орындау: | Бағалау мұғалімге,оқушыға,ата-анаға не береді? | Постер жасайды.Қорғайды. |
Рефлексия | Бүгін сіз өзіңізге жаңа нәрсе ала алдыңыз ба? Оқу үрдісінде сізге көмек бола ала ма? Бұрын критерийлі бағалауды қолдандыңыз ба, болмаса енді қолдана аласыз ба? | Өз ойларын айтады. |
Соңында Выготскийдің сөзімен аяқтағым келеді: сіздерге рюкзактың суретін таратамын.Әр қайсыңыз білім жолына бүгінгі коучингтен не алдыңыздар соны айтуларыңызды сұраймын. | Рюкзактың суреті таратылады. Өз ойларын айтады. |
Үйге тапсырма | Сабақта өзін және өзара бағалау критерийлерін қолдануды ойластыру. | |