С?билік кезе?нен бастап – а? саналы т?рбие ретінде ?аза? тілін ?йрену т?рбиелеуді? т?п негізі балаба?ша болса, мектепте даярлы? тобы болып саналады. Балаларды? д?ниетанымы, санасы, тіліні? дамуы, с?здік ?орыны? молаюы, с?зге ?ызы?ушылы?ы осы кезе?де жедел ?алыптасатынын ?алымдар д?лелдеген. Осы кезе?нен баланы? с?з, с?йлем, тіл да?дыларыны? іргетасы ?аланады.
Мен ?зімні? ж?мысымда балаларды ?аза? халы? ертегілерімен таныстыруда берілген ертегіні? балаларды? ??ым д?режесіне сай келуіне назар аударамын. Баланы? жас ерекшелігіне ?арап ?оймай ертегіні? мазм?нын бала?а ?уелі оны? ана тілінде т?сіндіремін. Ертегіні? мазм?нын т?сінген жа?дайда ?ана баланы? жадында са?талады деп есептеймін. Тек содан кейін балалар?а ертегіні м?нерлеп айтып беріп, баланы? шамасына ?арай мазм?нын айтып беруге, ертегіні кейіптендіруге, ойын ?рекетіне к?шемін.
Ертегіні о?ып беру мен ??гімелеуді? ?лкен м?ні бар. ?йткені, орыс тілді балалар ?аза? тілін ?лкендерге еліктеу ар?ылы еркін т?сініп, с?здік ?оры байып, с?йлеу м?нері жетіледі. Сонды?тан жас кезінде ертегі ?леміне к?п – к?п саяхат жаса?ан бала ?з к?рген – білгендерін ?иыстырып достарына, ата – аналарына айтып беріп, тіл шеберлігін арттыра т?седі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Проблемалы? та?ырыбым: "Саба? ?стінде ертегілерді ?олданып, о?ушыларды? ой - ?рісін дамыту" »
Сабақ үстінде ертегілерді қолданып,
оқушылардың ой - өрісін дамыту
Сәбилік кезеңнен бастап – ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйрену тәрбиелеудің түп негізі балабақша болса, мектепте даярлық тобы болып саналады. Балалардың дүниетанымы, санасы, тілінің дамуы, сөздік қорының молаюы, сөзге қызығушылығы осы кезеңде жедел қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген. Осы кезеңнен баланың сөз, сөйлем, тіл дағдыларының іргетасы қаланады.
Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуді үйретудің маңызы зор. Сөздік қорларын дамытып, молайтып, тіл мәдениетін жетілдіру арқылы балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғындыру және тілдің жетілуіне әсер етуде қазақ тілі оқу іс - әрекетінің орны ерекше. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыруда жаңылтпаштарды, санамақтарды, халық ауыз әдебиетін, ертегілерді кеңірек қолдану баланың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
Бала қабілетінің дамуына жетудің бірден – бір жолы - өзара тілдік қарым – қатынас. Оқыту мазмұнын жаңғырту тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Кешенді оқыту, мазмұны ұқсас бірнеше тақырыпты қамти отырып, қазақша жаңа сөздерді, грамматикалық құрылымдарды ертегі тыңдап, қойылым қойып, көңілді жағдайда рольдерді орындап қалай үйреніп шыққандарын балалар өздері де байқамай қалады. Дыбыстарды дұрыс айтуды бекітуді де қазақ халық ертегілерін қолдану өзінің нәтижесін береді. Балаларды жақсылыққа, әдептілікке, адамшылдыққа тәрбиелеу жұмысындағы қазақ халық ертегілерінің орны бөлек.
Мен өзімнің жұмысымда балаларды қазақ халық ертегілерімен таныстыруда берілген ертегінің балалардың ұғым дәрежесіне сай келуіне назар аударамын. Баланың жас ерекшелігіне қарап қоймай ертегінің мазмұнын балаға әуелі оның ана тілінде түсіндіремін. Ертегінің мазмұнын түсінген жағдайда ғана баланың жадында сақталады деп есептеймін. Тек содан кейін балаларға ертегіні мәнерлеп айтып беріп, баланың шамасына қарай мазмұнын айтып беруге, ертегіні кейіптендіруге, ойын әрекетіне көшемін.
Мысалы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін алар болсақ, ондағы автор сөзін, кейіпкерлердің сөзін өз мәнеріне салып айтып беру, кейіпкерлердің атын, түрін – түсін, не? кім? қандай? деген сұрақтарды дұрыс түсініп, жауап беруге жетелеу, үйрету және сөздік жұмыстар жүргізу арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сөздік жұмысы: Мақта қыз, мысық, қатық, дүкенші, тышқан, үлпілдек.
Ертегіні оқып беру мен әңгімелеудің үлкен мәні бар. Өйткені, орыс тілді балалар қазақ тілін үлкендерге еліктеу арқылы еркін түсініп, сөздік қоры байып, сөйлеу мәнері жетіледі. Сондықтан жас кезінде ертегі әлеміне көп – көп саяхат жасаған бала өз көрген – білгендерін қиыстырып достарына, ата – аналарына айтып беріп, тіл шеберлігін арттыра түседі. Мысалы: «Алдар көсе», «Ертарғын», «Толағай», «Толағай», «Алпамыс батыр», «Қасқыр мен түлкі», «Түлкі мен торғай» қазақ халық ертегілері арқылы балаларды халқымыздың сан ғасырлық таңғажайып тарихын, бабаларымыздың батырлығы, даналығы, қайсарлығы, тапқыр шешендігі туралы айтып, бірлікті, тірлікті аңсаған бірін – бірі алдамау, қайта бір – біріне көмектесуге үйретіп, салт – дәстүрмен, әдет – ғұрыппен таныстырып, елін, жерін, халқын ойлайтын адал, шыншыл, қамқор батыр болып өсуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелейміз.