kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План урока "?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?ана?ат пен ра?ым туралы т?сінік бере отырып, д?рыс ?рекет ??ндылы?ыны? м?нін ашып, оларды мейірімді, парасатты болу?а баулу ар?ылы ізгілікке, сабырлылы??а, мейірімділікке т?рбиелеу ма?сатында жаса?тал?ан 10-сынып?а арнал?ан ?зін-?зі тану п?ні бойынша саба? жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План урока "?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой!"»

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектеп Мерзiмі: 21.11.2015ж

Мұғалім: Демиханова Акнур Урунбаевна Сынып: 10А Оқушылар саны:22

Тақырып: Қанағат, рақым ойлап қой! Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, парасаттылық, ізгілік, сабырлылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға қанағат пен рақым туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларға қанағатшыл болу туралы түсінік беру;

- оқушыларды мейірімді, парасатты болуға баулу;

- оқушыларды ізгілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) 

слайд, өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.    «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  

  Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына №13 тақырыптағы 55-беттегі өсиет әңгімені үйден оқу.

Мәтінге қойылатын сұрақтар:

  1. Байды не мазалады?

  2. Ол көмекті кімнен сұрады?

  3. Байдың жан тыныштығының таба аламауының себебі неде деп ойлайсыз?

  4. Данышпанның әрекетін қалай бағалар едіңдер?

  5. Өсиет әңгімедегі байдың барға қанағат жасамай, жан тыныштығынан айрылуы дұрыс па?

  6. Сіз жан тыныштығын табу үшін қандай дұрыс әрекеттер жасар едіңіз?

Ескерту



3. Дәйексөз.

«Игілікке жетудің бір көзі – еңбек пен қанағат».

Мақал

Оқушылар талдап болғасын қыздарға және ұлдарға айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын ашу. Балалардың жауабын тыңдаған соң, мұғалім өзі толықтырып, қорытындылайды. Балалар дәптерлеріне жазады.


4. Әңгімелеу

Қанағат қарын тойғызады.

Баяғыда Жетісудан шыққан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін текіректеп шауып, ұзап кетеді. Екіншісі асықпай, атын шалдырып, жайлап жүре береді.

Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған азығын жеп тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау қасқырлар алып кетеді. Көліксіз қалған соң барар жеріне қалай жетсін, не аты, не тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді.

Аты тың, азғантай малтасын қанағат еткен. Сөйтіп ол Жалғызды мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада көмусіз қалғандай екен. Жұрт арасында “қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық Жалғыздың атын сойғызады” деген сөз содан қалыпты.

Сұрақтар:

  1. Жолаушылар қайда бет алды?

  2. Жалғыз қандай жағдайға ұшырады?

  3. Оның осындай жағдайға тап болуына қандай әрекеттер себеп болды?

  4. Жалғыздың Бұқараға жетуіне кім көмектесті?

  5. Тәңірбергеннің мақсатына жетуіне не ықпал етті деп ойлайсыңдар?

  6. Өздерің күнделікті өмірде барға қанағат жасайсыңдар ма?


5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Баяу музыка ойнап тұрады. Бұл жұмысқа балаларға 5 минут уақыт беріледі.

1- топ: «Қандай қасиеттер бізді әрдайым дұрыс шешім қабылдауға жетелейді?» қасиеттерді жазу.

2- топ: «Қанағат» тақырыбына қанағатшылдыққа байланысты дұрыс әрекеттің көрінісі орын алатын шағын қойылым көрсету.

3- топ «Рақым» сөзінің әр әрпіне дұрыс әрекеттің түрлерін тізу.


Р – (ризашылық, рақымшылық)

А – (адалдық, адамгершілік)

Қ – (қайырымдылық, қамқорлық, қайраттылық)

Ы – (ынтамақтастық)

М – ( мейірімділік )


6. Топпен ән айту.

          Жақсы адамдар

                                       Әні мен сөзі: А. Оралов

1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

              

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

          

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар

3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.


7. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтағы 60-беттегі М.Кемелдің мәтінін оқып келу.

2. Дәптердегі 2-тапсырма


8. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап, дұрыс әрекет туралы ойларымызды ұмытпайық.

Сабақ аяқталды. Рахмет!




Мұғалім Демиханова Акнур Урунбаевна

Директор Джамалов Дуйсенбай Максымович


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
План урока "?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой!"

Автор: Демиханова Акнур Урунаевна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279465


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства