kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование открытыго урока

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок. дополнительная информация по теме урока

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование открытыго урока»






Мектеп: Абай атындағы №3 орта мектеп

Күні: 12.02.20.

Мұғалімнің аты-жөні: Игманова К.А.

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың тұңғыш журналист қыздары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасау.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар: Қосымша материалдарды пайдалана отырып, мәтін тақырыбына байланысты қорытынды жасайды.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтін тақырыбын талқылап, қорытынды жасайды. Пікір білдіру кезінде қосымша материалдарды ескереді.

Кейбір оқушылар: Мәтін тақырыбын талдап, жүйелі қорытынды жасайды. Қосымша метриалдарды пайдаланады.

Бағалау критерийлері

Қосымша материалдар негізінде қорытынды жасайды.

Құндылықтар

Ашықтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Жаңа сөздер: шағымдану, шәкірт, бұлжытпай, ғұлама, қаһарман, таңдану.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтіндердегі ақпараттармен жұмыс жасауды меңгерген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың оқу мақсаты мен критерийлер таныстырылады, талқыланады. «Қазақ қызы» әнімен бастау

Слайд

Сабақтың ортасы

5 мин










10 мин





13 мин




7 мин
















Оқылымға дайындық

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс:

шағымдану, шәкірт, бұлжытпай, ғұлама, қаһарман, таңдану

А деңгейлі оқушылар сөздердің мағынасын анықтайды;

С деңгейлі оқушылар кейбір сөздермен сөйлемдер құрастырады.


Нәзипа – қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист. Нәзипа Құлжанова (1887-1934) Қостанайдағы қыздар гимназиясын тәмамдады. Сөйтіп, Семейдегi мұғалiмдер семинариясында сабақ берді. Осы кезден бастап қазақ әйел­дерi арасынан дараланып, ұлт­тың жоғын жоқтады

Тек педагог, ғалым ғана емес, қаламы қарымды журналист ретінде де қоғамға үн қосты. «Қазақ», «Айқап», «Бірлік туы», «Жаңа мектеп» секілді басылым-дарда Нәзипа қазақ тағдырына, оқу-ағартуға қатысты мақалаларын жария-лады.

Нәзипа Абайды қазаққа таныт­қан зиялылардың бірі болатын. Жүсіпбек Аймауытов «Айқап» журналына бұл туралы: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс» деп жазды.

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда,мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар.
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
Қайратанып, қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын жолыңды ерлер де бар.

Бейнефильм көрсетіледі

Алма Оразбаева (28 желтоқсан 1898, Бөкей ордасы, — 1948, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой станциясы) — мемлекет және қоғам қайраткері.

Жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан.

1909-11 ж. Симбирскідегі чуваш мектебіңде оқиды. Әкесінің қайтыс болуына, қаражат тапшылығына байланысты оқуын аяқтай алмай, елге оралып, алдымен Ордадағы жаңадан ашылған 2 кластық қыздар мектебінде оқиды.

Кейін осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алып шығады (1916).

Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы. 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.

1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.

1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы елге қайтады.

Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск медициналық университетіне оқуға түседі

1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.

Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.


Тапсырма 1. Т

Мәтіндерді төмендегі стратегия бойынша талдап, қорытынды шығарады.

1.Баяндаушы (мәтіннің мазмұнын баяндайды) 

2.Сұрақ қоюшы (баяндалған мәтін бойынша 2-3 сұрақ қояды.) 
3.Бағалаушы (кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.) 
4.Дәнекер (мәтінде көтерілген мәселені бүгінгі өмірмен байланыстырады.)

Тапсырма 2. Ж.

Мәтін мазмұнына сәйкес төмендегі кестені толтырады.

Автор ойы

Көтерілген мәселе

Оқырманға әсері




5-тапсырма

Кім жылдам?

Демеулік шылауларды қатыстырып , сөйлем құраңыздар.

Ғана, па, -ау, -мыс, -ді, -ай, бе.






Сабақтың соңы

2 мин


Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Қиындық тудырған 2 аспект;

  • Сабақ барысында туындаған1 сұрақ.





Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылар бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Планирование открытыго урока

Автор: Игманова Куляим Амангельдиновна

Дата: 26.02.2020

Номер свидетельства: 541227


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства