kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәні  бірлестігінің І жарты жылдықта

 жүргізген жұмыстарының есебі

Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» - дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану», жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. Пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады.

Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.

«Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін алдымен өзін танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Оқулықта берілген халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың  шығармаларындағы тәрбие қаймағы рухани құндылықтарымыздың мөлдір бұлағы іспетті.

Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірінің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі»

275 ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

















Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі














Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі:Дыханова М.К













Байқоңыр, 2016

Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің І жарты жылдықта

жүргізген жұмыстарының есебі


Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» - дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану», жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. Пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады.

Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.

«Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін алдымен өзін танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Оқулықта берілген халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тәрбие қаймағы рухани құндылықтарымыздың мөлдір бұлағы іспетті.

Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірінің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.

Жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болуына да себепші нағыз ұстаз.

Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну, іздену адам көркі мен мінезін шынықтырып, шындайды. Өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін» табуға жетелейтін пән.

2015-2016 оқу жылы Қармақшы ауданында өткен өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысынан басталды. Онда 2014-2015 оқу жылында жүргізілген жұмыстары қорытындыланып, 2015-2016 оқу жылының негізгі міндеттері мен атқарылатын жұмыстар төңірегінде мәселе қозғалды. Өткен оқу жылында өткізілген сабақтар бойынша ұстаздардың баяндамалары оқылып, панорамалық сабақтар көрсетілді.

Биылғы оқу жылында №275 орта мектепте өзін-өзі тану пәнінен 3 мұғалім сабақ береді.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Қызылорда қаласындағы мұғалімдердің білім жетілдіру институтында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбында 72 сағаттық курстан өтті.


Мектепте өзін-өзі тану пәні 3 мұғалімге жүктелген. Бастауыш сыныптар бойынша Таубаева А.,5-6 сыныптар бойынша Баймуратова К.,7-11 сыныптар бойынша Дыханова М. дәріс береді.

р/с

Аты, тегі

Бітірген

оқу орны


Сабақ беретін сыныбы

Еңбек

өтілі,

санаты

Курстан өткен уақыты,

тақырыбы, сағат саны

Зерттеп жүрген тақырыбы


1




Дыханова Мунсыз Куванышбаевна


Алматы қаласы. С.М.Киров атындағы ҚазМУ, география факультеті, 1989 жыл

7-11

18сағ.

27 жыл




«Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

/06-15 тамыз 2015 жыл,

72 сағат/


«Өзін-өзі тану сабақтарында АКТ-ны пайдалану»


2


Таубаева Алпеш

Амитовна


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ПИМНО,

2006 жыл


1-4

18 сағ.


II санат

21жыл


«Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

/23 маусым-03 шілде 2014 жыл, 72 сағат/



«Оқу үдерісінде ойын элементтерін қолдану»

3



Баймуратова Кумискуль


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, тарих-география факультеті,

2008 жыл


5-6

5 сағ.


8жыл


«Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

/08-18 қаңтар 2015 жыл,

72 сағат/


«Өзін-өзі тану сабақтарында оқушы шығармашылығын дамыту»


. Барлық сыныпқа өзін-өзі тану оқулықтары түгел таратылған. Ол жөнінде мектеп кітапханашысымен бірлесе отырып, таратылған оқулық саны анықталды. Мектеп кітапханасына келген жалпы өзін-өзі тану оқулығының саны – 1325 болса, оның 729 оқулығы таратылған.

2 қыркүйек күні өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысы өткізіліп, жылдық жоспар таныстырылды. Жылдық жоспарға сәйкес белгіленген жұмыстарға жауапты мұғалімдер бекітіліп берілді.

Өзін-өзі тану пән бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында басшылыққа алатын тақырыбы: «Оқытудың озық педагогикалық технологияларын қолдана отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуының көрсеткіші ретіндегі күтілетін нәтижелерге қол жеткізу» болатын.

Қазан айында мектепте өткен білім айлығында өзара сабақтараға қатысып, тәжірибе алмастық.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері жергілікті-«Бәйтерек», аудандық-«Қармақшы таңы», облыстық-«Сыр бойы», пәндік-«Самопознание» журналына жазылды.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2015 жылдың қазан-қараша айларында өтетін Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысатын оқушыларды іріктеу мақсатында 6 қазанда 7-9 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға 18 оқушы қатысты.

  1. Абдреева Назгүл 9 «Ә» сыныбы – 1 орын;

  2. Әбубәкірова Гүлжаз 9 «Б» сыныбы – 2 орын;

  3. Жусупов Нұрбек 9 «А» сыныбы – 3 орын иеленді.

Аудандық олимпиадаға Абдреева Назгүл қатысып, нәтижесінде жүлделі орынға ие бола алмады.

І жарты жылдықта ауданда өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген іс-шаралардың барлығына қатысып пән мұғалімдері қатысып отырды. Қараша айында ауданда өткізілген тренингтер сайысына қатысушы ретінде бірлестік жетекшісі Дыханова Мунсыз көрермен ретінде қатысты.

Аудандық «Озат» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудағы мұғалімнің алатын орны» атты педагогикалық оқу байқауына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дыханова Мунсыз қатысып, III орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.


Панорамалық сабақтар байқауына Дыханова Мунсыз қатысып, 6 «Ә» сыныбында «Әдептен озбайық» тақырыбында панорамалық сабақ көрсетіп өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Панорамалық сабақ өткізудің негізгі мақсаты: өзін-өзі тану пәнінің берілуі, сабақ этаптарының өз дәрежесінде сақталуы, мұғалімнің ізденісі, шығармашылық деңгейін анықтау болатын.




ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу- біздің алдымыздағы ең басты міндет. Міне, осындай басты міндеттеріміздің бірі – жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жас ұпақтың өзін-өзі дамуына жол көрсету. Осы орайда, тәжірибе алмасу мақсатында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына қатысып, пікір алмасып отырды


Сабақтарда оқушы шығармашылығын арттыру бағытындағы жұмыстар

(постер қорғау, эссе оқу)

Әңгімелеу Топтық жұмыс



Сабақтың қорытынды сәті

Өзін-өзі тану пәні бойынша жұмыс дәптерлерін жүргізу оқушының өзіндік ой-пікірлерін жүйелі түрде жеткізуге бағыттайтын нақты шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан жұмыс дәптерлерінің жүргізілуін басты назарда ұстап отырады.

Мектеп жоспарына сәйкес өзін-өзі тану пәнінің берілуін тексеру туралы мектеп директорының 14.12.2015 ж. № 71 п.1 бұйрығы шыққан болатын

Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерімен танысу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі деңгейін;олардың сынып оқушыларымен жұмыс жүргізе білу қабілетін,сондай-ақ ұйымдастыруға байланысты іс-әрекет дағдысын тексеру.

Тексеру мерзімі:2015 жылғы желтоқсанның 18-нен 25-іне дейін

Бақылау формасы:

  • Сабақтарға кіріп, соңынан нәтижесін талдау.

  • Мұғалімдердің әдістемелік дидактикалық материалдар қорымен танысу.

  • Мұғалімдермен әңгімелесу.

Тексеру кезінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін үш мұғалімнің де әдістемелік біліктілігі қалыпты деңгейде болды Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоцияналдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интелектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген.Әрбір сабағында балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтуде бейне материалдарды қолдана білді. Оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылған жұмыстар сәтті шықты. Оқушылар сабақта мұғаліммен қарым-қатынаста еркін, өз ойларын ашық айта біледі, проблемалық жағдаяттарды талқылауға ынталы. Әйтсе де, жоспар жасау және сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөлу, оның көлемі мен оңтайлы түрде қолданылуын ойластыру шарт.Сабақта оқушылардың бір-бірін тыңдай білу қабілеттерін дамытуға көңіл бөле білу және оқушылардың дәптермен жұмыс жасай білуіне көңіл бөлу қажет екені айтылып, ұсыныстар айтылды.

Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.

«Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін алдымен өзін танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.














































Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің ІI жарты жылдықта

жүргізген жұмыстарының есебі



«Өзін-өзі тану» пәні адами асыл қасиеттерге жетелейтін, оқушылардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та, жұмбақ та сырлы нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние екендігі баршамызға мәлім. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзін-өзі тану пәні жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарға, адами қасиеттерге тәрбиелейтін бірден-бір пән болып отыр. Осыған орай өзін-өзі тану пәні ұстаздарына артылар жүктің жеңіл еместігі белгілі. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстаздардың алдында рухани дүниесі бай, өмірде кездесетін әр қилы жағдайларға байыппен, сабырмен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу деген үлкен ұлағатты міндет тұр. Өзін-өзі тану пәнінің әр сабағы оқушы үшін ғибратқа, өнегеге толы болары сөзсіз. Бұл пән мектептегі басқа пәндермен біріге отырып, жұмыстар жүргізгенде оның тиімділігі жоғары болатынын уақыт дәлелдеп отыр.

III оқу тоқсанының ақпан айында мектебімізде білім айлығы өткізілді. Осыған орай «Ең үздік оқушы», «Ең үздік күнделік», «Ең таза кабинет», т.б. сайыстар өткізілді. Жыл сайын еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күнінің қарсаңындағы дәстүрлі онкүндік білім айлығына тұспа-тұс келді. Ақпанның 2 – 12 аралығында мектеп директорының бейінді оқыту жөнінде орынбасары Қожағұлова Гүлнардың ұйымдастыруымен өзін – өзі тану пәні мұғалімдері «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті жоспарлап өз деңгейінде өткізе білді.


Мазмұны

Түрі

Мерзімі

Өтетін орны

Жауапты

I.



«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Онкүндік



2.01-12.01 2016ж

№275 орта мектеп

Бірлестік мүшелері

1.

Онкүндіктің ашылуы

Салтанатты жиын

2.01.2016ж.

Мәжіліс залы

Бірлестік мүшелері

2.

«Алтын жүрек анамыз»

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

І орын 5«Ә»АбсултановаА

ІІ орын 6«Б»Елтаева А

ІІІ орын

6«А»Пернебай Д

6«Б»Жеткергенова А

3.01.2016ж

Кітапхана

Баймуратова К

3.

«Мейірімділік-жан шуағы»

Пікірсайыс

10 сыныптар

4.01.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Дыханова М.

4.

«Ана, мейірімділік және достық»

Шығармашылық

жұмыстар көрмесі

0-11 сыныптар

5.01.2016ж


Бірлестік мүшелері

5.

«Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, формасы

Семинар-практикум


6.01.2016ж

№129 мектеп

Дыханова М.

6.

«Мейірімді жүректен...»

Театрландырылған қойылым

4 сыныптар

7.01.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Таубаева А.

7.

«Жүректен – жүрекке...»

Қайырымдылық акция

0-11 сыныптар

8.01.2016ж

Коррекциялық сынып

Бірлестік мүшелері

8.

«Отан от басынан басталады»

Тәрбие сағаты

3 сыныптар

9.01.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Таубаева А

9.

«Мейірімділік –асыл қасиет»

Танымдық сабақ

10.01.201ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Баймуратова К.

10.

«Қызыққа толы бұл әлем»

Зияткерлік сайыс

11.01.201ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Дыханова М.

Онкүндіктің жабылуы.

Оқушыларды марапаттау.

12.01.201ж


Мәжіліс залы

Бірлестік мүшелері

Көрме, ән, театрланды рылған қойылым байқаулары

Көрме III орын

(жет.Керимова П.)

Ән байқау II орын

Шамбилова Н.

(жет.Нарманова К.)

Театр.қойылым

II орын (жет.Сарымсақова К)

12.01.201ж

Аудан орталығы

Бірлестік мүшелері


Онкүндікті өткізудегі басты мақсат:оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту, ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге, шығармашылыққа баулу болатын. 2 ақпан күні барлық сыныптардың қатысуымен онкүндіктің ашылуы өткізіліп, өзін-өзі тану пәні орталығының жетекшісі Дыханова Мұңсыз оқушыларға онкүндіктің тақырыбын, мақсатын хабарлады. Еліміздің кереметтері Астана қаласы, домбыра, қазақтың киіз үйі сияқты ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін «Қазақстан алға» әні, «Астана» әні әндері орындалып, Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі тыңдалды, «Қазақ» биі тамашаланды. Мектеп директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Бисембекова Шәмшібану оқушыларға сәттілік тіледі.

3 ақпанда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі К.Баймұратованың ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтілді. Нәтижесінде І орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Абсултанова Ақбота, ІІ орынды 6 «Б» сынып оқушысы Елтаева Арайлым, ІІІ орынды 6 «А» сынып оқушысы Пернебай Диана мен 6 «Б» сынып оқушысы Жеткергенова Альмина жеңіп алды.

4 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М. Дыханова 10-сыныптар арасында «Мейірімділік – жан шуағы» атты пікірсайыс ұйымдастырды. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, слайдтар көрсету арқылы қызығушылықтарын оятты. Оқушылар берілген тақырыптар барысында өздерінің пікірлерін айтты. «Бар мейірім балаға» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, өзін-өзі тану пәнінің өзектілігі қандай?, неліктен аққуды адалдықтың, махаббаттың символы ретінде қарастырады? сияқты сұрақтар төңірегінде пікірлер айтылды. Ж.Баласағұнидің « Жылуы жоқ жүрек – қуыс кеуде» деген дәйексөздің мағынасы туралы түсінік берілді. Сайыс соңында оқушылар жүрек-шарларға мейірімге толы тілектерін жазып, достарына сыйлады, ал мұғалім өзі шығарған өлеңін шәкірттеріне сыйға тартты.

4 ақпанда «Ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық» тақырыбында шығармашылық жұмыстардан көрме ұйымдастырылды. Шығармашылық жұмыстарға даярлық сыныптар мен 11-сынып оқушылары түгелдей қатысты. Жекеленген жұмыстар бағаланып, мадақтама берілді.

5.02.2016ж.Аудандық «Өзін-өзі тану тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары» тақырыбында өткізілетін семинар-практикумға өзін-өзі тану пәні орталығының жетекшісі Дыханова Мұңсыз қатысып, тәжірибе жинақтады. Ол мектептегі өз әріптестерімен ой бөлісті.

Таубаева Алпештің ұйымдастыруымен 6 ақпанда 4-сыныптар аралығында «Мейірімді жүректен...» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетілді. 4 «А» сынып оқушылары «Бақша ағаштары», 4 «Ә» сынып оқушылары «Мөлдір бұлақ», 4 «Б» сынып оқушылары «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетті.

7.02.2016 «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Затова Нұргүл мүмкіндігі шектеулі балаларды жүректен шыққан жылы сөздерімен құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.

.

8 ақпан күні Таубаева Алпеш «Отан от басынан басталады» тақырыбында 3-сыныптар арасында тәрбие сағатын өткізді.

9 ақпанда Баймұратова Күміскүл «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында 5-сыныптар аралығында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенділігі, шығармашылық жұмыстарды орындаулары, тақырыпқа сай өлең құрастыра білуі, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды жатқа білуі сабақтың жақсы өтуіне ықпал жасады.

10 ақпан күні Дыханова Мұңсыз 7-сыныптар аралығында «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс (зияткерлік сайыс) өткізді. Оқушылар «Алғырлар», «Дарындылар», «Тапқырлар» тобы болып үш топқа бөлінді. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында бейнеролик арқылы әлемдегі табиғаты ерекше жерлер, слайд арқылы әлемнің жеті кереметі көрсетілді. Қазақтың кереметтері Астана, бәйтерек Домбыра, киіз үй, туралы мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар құрастырылды. Жақсы ұпай жинаған топтар жеңіске жетті. «Алғырлар» тобы – І орын, «Тапқырлар» І орын,«Дарындылар» тобы ІІ орынды иеленді.

10 ақпан күні аудандық «Мейірімділік жүректен...» атты театрландырылған қойылым, қолөнер, ән байқауларына мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді

Қойылым жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі Сарымсақова К.

2. «Ән – көңілдің ажары» байқауына 5 «А» сынып оқушысы Шамбилова Назерке қатысты.

3. «Шығармашылық көрме» байқауына тақырыпқа сай жұмыстар жіберілді.

Апарылған жұмыстардың нәтижесінде «Қарты бардың - қазынасы бар» тақырыбындағы қойылым – ІІ орынды, «Ән – көңілдің ажары» байқауына қатысқан 5 «А» сынып оқушысы Шамбилова Назерке ІІ орынды, «Шығармашылық көрме» байқауына қатысқан жұмыстарымыз ІІІ орынды жеңіп алды.

АУДАННАН БЕРІЛГЕН МАДАҚТАМАЛАР








12 ақпанда өзін – өзі тану пәнінен ақпанның 2 – 12 – аралығында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»»атты өткізілген онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өткізілді. Өзін-өзі тану орталығының жетекшісі М.Дыханова онкүндікте өтілген іс-шараларға тоқталып, оларды слайд арқылы көрсетті.

Қорытынды сөз сөйлеген мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Затова өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігіне тоқталды. Онкүндікке белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

Қорыта айтқанда, әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы ролін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Сондықтан өзін-өзі тану пәнінің баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтін қоғамда өзіндік мәні бар пән екенін естен шығармауымыз керек.

Оқу жылының басында мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Қожағұлова Гүлнармен ақылдаса отырып, бірлестік мүшелері жылдық секция отырыстарын белгілеген болатынбыз. Осыған орай бірлестік отырыстары өткізіліп, жоспарлаған мәселелер талқыланып отырды.

Бірлестік жиналыстары

Реті

Қаралған мәселе

Мерзімі

Өтілген орны

Жауапты

1.

I-отырыс

1.Өтпелі кезең бағдарламасымен танысу

2.Жоспарлар құру, оларды бекіту

28.08.2015ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Бірлестік мүшелері

2.


II-отырыс

1.I-тоқсан. оқу бағдарламасының орындалуы..

2.«Әдептен озбайық» панорамалық сабақ

19.11.2015ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Бірлестік мүшелері

Дыханова М.

3.


III-отырыс

1.II-тоқсан оқу бағдарламасы I жарты жылдық жұмыс есебі

2.Пән мұғалімдерінің өзіндік білім көтеруі мен өзара сабаққа қатысуын қадағалау.

3. Онкүндікті жоспарлау

28.01.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Бірлестік мүшелері

4.


IV-отырыс

1.III-тоқсан.Оқу бағдарламасы .

2.Ьілім айлығының қорытындысы

3.Өзіндік білім көтеру мен өзара сабаққа қатысу

18.03.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Бірлестік мүшелері






V-отырыс

1.ІV тоқсан. Оқу бағдарламасы

2.2015-2016 оқу жылына есеп беру

3.Кабинетті жөндеуден өткізу туралы

19.05.2016ж

Өзін-өзі тану кабинеті

Бірлестік мүшелері



Бірлестік мүшелері күнделікті сабаққа жан-жақты ізденіп, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтарда үнемі интернет материалдарын, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсету, ондағы оқиғаларға байланысты сұрақтар қою арқылы, баланың ой-қиял ұшқырлығын арттыру арқылы оқушының рухани дүниесін дамытып отырады. Сонымен бірге күнделікті баспасөз материалдарын да назардан тыс қалдырған емес. Осы мақсатта бірлестік мүшелері жергілікті «Бәйтерек», аудандық «Қармақшы таңы», облыстық «Сыр бойы», республикалық «Егемен Қазақстан», пәндік «САМОПОЗНАНИЕ.KZ-ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ.KZ» журналына жазылып, баспасөз материалдарын күнделікті сабақтарға пайдалып келді.



Газет н/е журнал

Атауы


Мерзімі


Мұғалімнің тегі, аты


1.

Журнал

Газет

Газет

Газет

САМОПОЗНАНИЕ.KZ- ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ.KZ

Егемен Қазақстан

Қармақшы таңы

Сыр бойы

VI-XII

I-XII

I-VI

VI-XII

Дыханова М.



2.


Газет

Газет

Сыр бойы

Қармақшы таңы

VI-XII

I-XII

Баймуратова К

3.

Газет

Газет

Газет

Сыр бойы

Қармақшы таңы

I-XII

VI-XII


Таубаева А.


Бірлестік мүшелері оқушы шығармаларын, өлеңдерін жинақтап баспасөз беттеріне жариялауды жоспарлап отырмыз. Биылғы оқу жылында 2-12 ақпан аралығында өткізілген «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндік материалдарын жергілікті «Бәйтерек» газетінің 2016 жылғы №13 бетінде бірлестік жетекшісі Дыханова Мунсыз Куванышбаевна жариялаған болатын.


Тақырыбы

Баспа атауы

Саны

Жауапты


1.


«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»


Бәйтерек газеті



№13 2016ж.


Дыханова М.


Биылғы оқу жылы біздің мектеп үшін өтпелі кезең, яғни Ресей білім стандартынан Қазақстан білім стандартына көшу кезеңі болатын. Бұл кезеңде қиыншылықтар болмады деп айту қиын. Соған қарамастан, мектебіміздегі өзін-өзі тану пәні бірлестігінің мүшелері көптеген игі жұмыстарды тындырды. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейге көтерілеміз, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева ұйымдастырған бағдарлама, яғни «Өзін-

өзі тану» бағдарламасының идеяларын жүзеге асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, рухани бай жан-жақты, ұшқыр ойлы, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, халқымыздың ұлттық рухын көтеретін ұрпақ тәрбиелеу бағытында жұмыс жасай береміз деп ойлаймыз.


Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің 2015-2016 оқу жылындағы

педагогикалық іс-қызметі рейтингісінің балдық көрсеткіші


Мұғалімнің тегі, аты

Жинаған балы

1.

Дыханова Мунсыз

217

2.

Баймуратова Кумикуль

190

3.

Таубаева Алпеш

151







Өзін-өзі тану пәні бірлестігі жетекшісі: Дыханова М.К.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі

Автор: Дыханова Мунсыз Куванышбаевна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства