kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы жарасты?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Н?р?а б?лену

Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды  шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты.Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді?  ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз  н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз  тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді.Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз.

Н?рды уа?ытша  т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде  отыра т?ры?ыз. Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем  сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз. Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.Рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы жарасты?ы.»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№12 сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 5а(02.12.15) ә(26.11.15)б(02.12.15)
Тақырып:Отбасы жарастығы Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, сыйластық, махаббат
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 5

Сабақ мақсаты:

Балалардың «сыйластық», «махаббат», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-«махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
-сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту
-оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.


2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.
№11 сабақ.Отбасы татулығы


4.Мұғалімнің сыйы.
Баяғыда кедей бір отбасы болыпты. Әйелі жүн иіріп, ал күйеуі оны базарға апарып сатумен күн көреді екен. Бір күні жіптерін сатып, үйіне қажетті азық-түлік сатып алуға бара жатып, бір кісінің біреуді ұрып жатқанын көреді. Жанына барып арашалап, себебін сұрағанында, ұрған адам: «Ол маған ақша қарыз, кедей болғандықтан төлей алмай жүр» дейді. Әлгі жіп сатушы: «Оның қарызын мен төлеймін, қалтамдағы барлық ақшаны ал!» дейді. Әлгі кісі: «Бұл ақша аз, бірақ мейлі бір амалдап жеткізерміз» дейді. Осылайша әлгі қарыздар кісі аман қалады.Кейін әлгі жіп сатушы үйіне барып, әйеліне жағдайды түсіндіреді. Әйелі: «Мейлі адамды құтқарып жақсы істепсің, бүгінше сабыр етерміз» дейді. Ертеңіне тағы да базарға шығады, бірақ жібін сата алмайды. Кеш болады, амалсыз үйіне қайтып келе жатқанында, қолында балық алып бара жатқан кісіні көреді. Ол: «Мен балықшымын, бүгін балық сата алмадым. Әйелім жіп сұраған еді, сенде жіп бар екен. Балық пен жіпті ауысамыз ба? - дейді. Жіп сатушы келісіп, заттарын ауысады. Үйіне келіп, әйеліне: «Бүгін ақша таппадым, бірақ қарынды тойдыратын балық әкелдім. Балықтарды пісірші, жеп алайық» дейді. Әйелі балықты тазалап жатқан кезде ішінен алтын шыққанын көріп, қатты қуанады. Кейін балықты пісіріп жейді. Енді біз бай болдық деп қуанып тұрған кезде, әлгі балықшы келіп: «Әйелім разы болмады. Мен саудадан бас тарттым. Міне жіптерді ал да, балықты қайтарып бер» дейді. Жіп сатушы: «Жарайды, бірақ біз балықты пісіріп жеп қойдық, оны бере алмаймыз. Балықтың ішінен алтын шықты, соларды берейік» дейді де, алтынды әкеліп береді, бірақ балықшы алтынды алмай, былай дейді
Алтындар сенікі» дейді.


5.Дәйексөз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» (халық мақалы)

Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, өскенде ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. Үлкеге көмектесу, қамқор болу, ұқыпты болу.


6.Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма Үйден әкелінген суреттермен, коллаж құрастыру.
2-тапсырма Менің отбасым шағын эссе


7.Топпен ән айту. Әкем әнім

Сөзі: О.Сүттібаев
Әні: А.Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан қиялдан. 
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жерқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.


Адалдық әркез көксеген, 
Үйрендім әке тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жерқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді.


Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай, 
Сағындым әке иісіңді.


Көңілің бүгін алаңды, 
Күттің бе әке балаңды.
Шаттық пен жерқын тойыңа, 
Сыйлаймын сазды бұл әнді



8.Үй тапсырмасы.
№13 сабақ Бір ауыз сөз


9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Отбасы жарасты?ы.

Автор: Жандосова Айжан Жандос?ызы

Дата: 22.11.2015

Номер свидетельства: 256909


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства