?леуметтік игілікті ?амтамасыз ету ?мір с?ру сапасын арттырумен, сондай-а? елімізді? адам ресурстарын ?л?айтумен ?атар ж?ргізілуі тиіс. Елімізді? ?ылыми, білім беру ж?не денсаулы? са?тау кешендеріні? басты м?раты осы.
Президент Жолдауынан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасы т?рбиесі -?о?ам негізіні? бастауы »
Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға
көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек
түрлерін ұйымдастыру
Құлекенова Айман Тәкібайқызы
Шалқар қаласы
№6 орта мектебінің әлеуметтік
педагогі
Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуі тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.
Президент Жолдауынан
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасындағы негізгі міндеттердің бірі болып, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі, денсаулығы, аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау болып анықталған.
Анықталған міндеттерді шешу жолында мектебімізде мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға әлеуметтік қолдау, көмек көрсету, қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Әрбір істі жүзеге асырудан бұрын оның жоспарын, бағыт-бағдарын анықтап, бағдарлама дайындап, сол негізде орындайтын іс-шаралардың мазмұны, жұмыс түрлері нақтыланады. (мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жылдық жоспары)
Жоспар бойынша мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушылар анықталып, есепке алынды. Бұл оқушылар мектеп кітапханасының қорындағы бар оқулықтармен қамтылып және бір мезгіл жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінетін қаржыдан ыстық тамаққа тартылды.
Ата-аналарымен жыл бойы әр түрлі мәселелер бойынша үнемі байланыс жасалып келеді.
Бірінші кезекте қайырымдылық акцияларынан, бюджет қаржысына алынған киім-кешектермен қамтылды.
Әр жыл сайын 10 қазанда Мүгедектер мерекесі атап өтіледі. (слайд)
Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып, білім беруде оқшаулап үйлерінде ғана қалдырмай, ұжым ортасында, арнайы білім беру мекемелеріне тартып, айналамен тығыз байланысты білім алуына көңіл бөлінді.
Бұл оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс ұйымдарымен байланысы әр оқу жылында анықталып отырылады.
Сабақ үлгерімдері, сабаққа қатысымдары анықталып, қадағаланып отырылады.
Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі дегенмен адам қасиеті, қабілетінің сан қырлы екені жекелеген адамдардың өмір тәжірибесінен көргеніміздей, сол мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздеріне де ерекше дарын берілген.
Ақындық, шеберлік талант көздерін аша білсе, сол қасиеттерімен қоғамда сау адамнан да көбірек пайда әкелетінін көріп жүрміз. Соған байланысты әр баланың бойынан дарын ұшқынын үрлеп, әрі қарай дамыта білу міндеті жүктеледі.
Баланың ортадағы өзін-өзі ұстауы, айналадағы адамдармен, қатар балалармен қарым-қатынасы психикасына жақсы әсер етеді. Өзгелермен салыстыра алуы, белгіліден белгісізге ұмтылуы, өзгеден үйренуге талпынуы – жеке бас дамуына ықпал ететінін анықтау мақсатында түрлі сайыстарға қатыстырылады. (конкурстарға қатысу)
Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға қатысымына қолдау жасалады. (слайд)
Үйден оқитын және мектепте оқитын мүгедек оқушылардың мәдени сауықтыру шараларын тамашалауға жағдай жасалып, демеушілік көрсетіледі.
Бұл оқушылардың жанұя мүшелерімен, сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланысы, қарым-қатынасы мектеп психологтерінің көмегімен түрлі сауалнамалар арқылы анықталды.
Жазғы демалысын ұйымдастыру да жүйелі түрде жүргізіледі.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тақырыбындағы бағдарламасында: «Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтарды әлеуметтендіру тетігін дамыту қажет. Бұл, бірінші кезекте, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар, көп балалы отбасылар мүшелері, зейнет жасындағы адамдар және т.с.с. Сонымен бірге, негізгі көзқарас мемлекет қамқорлығы емес, осы азаматтардың өздеріне, өздерінің әлеуметтік пайдалы еңбекке жарамдылығына деген сенімге ие болуларына көмектесетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті. Осы орайда, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек түрлерін ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру – бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі.