Тақырыбы: | Оқытуды басқару және көшбасшылық |
Мақсаты: | Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. |
Сілтеме: | Нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары. |
Нәтиже. | Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшылық түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. |
Негізгі идеялар: | Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілеттерін жетілдіреді. Кәсіби білім, біліктері өседі. |
Тапсырмалардың түрлері | Мұғалімдердің іс-әрекеті, қолданылатын тәсілдер. | уақыт |
Тренинг өткізу | «Мен кіммін ?» | 2 мин |
Топқа бөліну | Пазлдар арқылы топқа бөлінеді | 2 мин |
Кіріспе тапсырма | Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би Ел басшылары: Н. Ә. Назарбаев, Д. А. Қонаев, В. В: Путин Педагогтар: А. Байтұрсынұлы, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренко. Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойларын ортаға салады) | 5 мин |
Бағалау | Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды | 2 мин |
№1 тапсырма | «Көшбасшы» ұғымына постер жасап қорғау | 5 мин |
Бағалау | Түрлі түсті стикерлер арқылы бағалау Қызыл – жақсы Жасыл – орта Сары – төмен (топтар бірін бірі бағалайды) | |
Акт | Видеоролик көру. Мақал- мәтел ойластыру | |
Слайд | Макбет (табысты көшбасшылықтың 6 факторы | |
№2 тапсырма карточка | Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны сомдау керек. Тақтада үш түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі. Өктемшіл көшбасшылық Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық Делигирияшыл көшбасшылық | 10 мин |
Бағалау | Дескриптор арқылы бағалау (әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды) | 3 мин |
тренинг | «Мен кіммін» | |
Қорытынды Рефлексия | Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма? «Егер мен көшбасшы болсам........................ » | 3 мин |
Сабақтың тақырыбы: | Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру. |
Жалпы мақсат : | Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастырудың жолдарын үйрету. Оқу сапасы туралы қорытынды жасау мақсатында оқытуды жақсартуда бағалау жолдарын зерделеу, ұтымды қолдану, іс-тәжірибеге еңгізу жолдарын қарастыру |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі нұсқаулық. |
Оқу нәтижесі: | Бағалаудың түрлі нысандарын түсінеді, бағалау түрлерінің нысандары арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарта алуы. |
Түйінді идеялар: | Әріптестерім сабақ барысында ,Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру арқылы дарынды және талантты оқушыларды айқындайды және оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды жүйелейді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | А-4парақтары,стикер,интерактивті тақта, флипчарт, маркер,қалам,критериалды бағалаупарақтары,аудио материал. |
Оқыту әдістері: | АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Диалог Рөлдік ойын Қалыптастырушы бағалау Топтық жұмыс |
Дерек көздері: | АКТ, портал материалдары |
Тапсырмалар: | Шағын топқа бөлу.«Суреттер» Жағымды атмосфералық орта орнату 1-тапсырма: постермен жұмыс. Сергіту сәті: 2-тапсырма:постермен жұмыс 3-тапсырма «Рөлдік ойын» Сыни баға беру,өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау,рефлекссия. |
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Қатысушылардың суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінуіне ықпал ету (3 мин ) | Шағын топқа бөлу.«Түрлі түсті суреттер» қатысушыларға суреттерді таңдату, берілген суреттер арқылы топқа бөлу. | Қатысушылар ұсынылған суреттерді таңдайды, таңдаған суреттер арқылы топқа бөлінеді. |
Мұғалімдердің«Күннің жағымды сәулесі»атты тренингі арқылы жағымды атмосфералық ахуал орнату (5 мин) | «Күннің жағымды сәулесі»атты тренингі арқылы яғни, қатысушыларға күннің бетіндегі жапсырылған стикерлерді таңдату | «Күннің жағымды сәулесі»атты тренингі арқылы яғни, қатысушылар күннің бетінде жапсырылған стикерлерді таңдайды, жазылған сөздерді оқиды |
Қатысушы топтарға сұрақтар беру арқылы ортақ, тың ойын анықтау (15 мин) | Топтарға сұрақтар жазылған кеспе қағаздарды таңдату, берілген тапсырманы орындау барысында постермен жұмыс жасату. «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалау. | Әрбір топ сұрақ жазылған кеспе қағаздарын таңдайды, тапсырманы орындау барысында постер салады. Топ мүшесі постерді қорғайды. Өзге топтың постерлерін формативті бағалайды. |
Қатысушылардың көңілкүйін жақсарту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру (5 мин) | Қатысушыларға интербелсенді тақтадан видео бейне көрсету, қатысушылардың ойын тыңдау.«Көбелек» | Қатысушылар интербелсенді тақтадан көрсетілім көреді, қатысушылар өз ойын жеткізеді.«Көбелек» |
Қатысушы топтарға ситуациялық тапсырма беру арқылы рөлдік қабілеттерінің артуына ықпал ету. (15 мин) | Қатысушы топтарға ситуациялық тапсырмаларды таңдату, тапсырманы рөлдік ойын арқылы жеткізуін сұрану. | Қатысушы топтар ситуациялық тапсырмаларды таңдайды, тапсырманы рөлдік ойын арқылы жеткізеді. |
Екінші(орта) деңгейдің ауқымды жеті модулін еске түсіру, таныстыру. (5 мин) | Екінші(орта) деңгейдің ауқымды жеті модулін еске түсіру, таныстыру,шолу жасау. | Екінші(орта) деңгейдің ауқымды жеті модулін еске түсіреді, танысады.шолу жасайды. |
Қатысушы топтарға өлең жолдарын ұсыну арқылы (15 мин) | Интербелсенді тақтада жазылған өлең жолдарын жалғастыру, берілген тапсырманы орындау барысында постермен жұмыс жасату «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалау. | Әрбір топ интербелсенді тақтада жазылған өлеңді оқиды, топ болып жалғастырады, тапсырманы орындау барысында постер салады.Топ мүшесі постерді қорғайды.Өзге топтың постерлерін формативті бағалайды. |
Рефлексия (5 мин) | Критериалды бағалайды. | Критерийлерді мұғалімдердің өздері қояды. Сабақтан алған әсерлерін «Менің көңіл күйім» арқылы білдіреді. |
Жай мұғалім хабарлайды, Керемет мұғалім көрсетеді, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Ұлы мұғалім шабыттандырады. (Уильям Уорд ағылшын ағартушысы)