kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ытуда?ы бас?ару ж?не к?шбасшылы?" коучинг-сессияны? есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  О?уда?ы бас?ару ж?не  к?шбасшылы?.

Ма?саты: «К?шбасшылы? ж?не о?уда?ы к?шбасшылы? дегеніміз не?»,    «На?ыз  к?шбасшы  ?андай  болады?»  деген с?ра?тар т??ірегінде ?ріптестерге  д?рыс  к?з?арас  ?алыптастыру.

М??алімдер ?шін табыс критерийлері:  

1. ?ріптестерді?  танымды?  ?абілеттері  ке?ейеді.

2. ?жымда?ы  сыйласты? пен  ауызбіршілік артады.

3. Сын т?р?ысынан  ойлай  отырып, на?ыз к?шбасшылы? туралы д?рыс к?з?арас ?алыптастырады.

   Коучингті? басында  жалпы  жеті  модулге  шолу жасай отырып, осы  к?шбасшылы??а  то?талдым. М??алімдерден «К?шбасшы  деген кім?»  деген с?ра?  ?оя  отырып, оларды? пікірін ты?дадым. 

М??алімдер  к?шбасшы деп ?зіне сенімді, іскер, адамдармен тіл табыса білетін, ?арама?ында?ы адамдарды ?зіні? со?ынан ерте алатын адам екендігін айтты.Кейбір м??алімдер  к?шбасшы деп- егер ол жер берсе, адамдар?а ?й берсе, жала?ысын к?бейтсе сол на?ыз к?шбасшы бола алады деді. Осыдан кейін  Лорд  Бертлиді?  ?з  баласына  айт?ан   а?ылы туралы  ж?не осыдан шы?атын н?тижені? ?андай болатында?ы туралы ?сиетімен таныстырдым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ытуда?ы бас?ару ж?не к?шбасшылы?" коучинг-сессияны? есебі »

Абдыжамалова Кульмира Кемаловна Мұғалім портфолиосы В1.2 есебі

5 топ 2 - деңгей

Алматы қаласы 20.05.2014

Мен қараша айында коучинг сабағыма «Оқудағы басқару және көшбасшылық» тақырыбын алдым. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім әріптестеріме ХХI-ші ғасырдың көшбасшысы қандай болатындығы және оқуды басқару кезіндегі көшбасшылықтың маңызы туралы түсіндіре отырып, мектептегі мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің міндеттері мен қарым қатынастары туралы мағлұмат бергім келді. Сонымен бірге мұғалімдерге этикалық және моральдық құндылықтардың осы нағыз заман талабына сай көшбасшының бойынан табылатындығын жеткізе білгім келді. Жәй мұғалімдерге осы әдіс-тәсілдердің олар үшін берері көптігін, және көшбасшы оларға үстемдік пен өз лауазымдарын асыра пайдаланушы емес, керісінше оларға білмегенін үйрететін, қолдау көрсететін және даналар салып кеткен жолды дұрыс қолдана білуге жол көрсетуші адамдар екендігін жеткізгім келді

. Тақырыбы: Оқудағы басқару және көшбасшылық.

Мақсаты: «Көшбасшылық және оқудағы көшбасшылық дегеніміз не?», «Нағыз көшбасшы қандай болады?» деген сұрақтар төңірегінде әріптестерге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:

1. Әріптестердің танымдық қабілеттері кеңейеді.

2. Ұжымдағы сыйластық пен ауызбіршілік артады.

3. Сын тұрғысынан ойлай отырып, нағыз көшбасшылық туралы дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Коучингтің басында жалпы жеті модулге шолу жасай отырып, осы көшбасшылыққа тоқталдым. Мұғалімдерден «Көшбасшы деген кім?» деген сұрақ қоя отырып, олардың пікірін тыңдадым.

Мұғалімдер көшбасшы деп өзіне сенімді, іскер, адамдармен тіл табыса білетін, қарамағындағы адамдарды өзінің соңынан ерте алатын адам екендігін айтты.Кейбір мұғалімдер көшбасшы деп- егер ол жер берсе, адамдарға үй берсе, жалақысын көбейтсе сол нағыз көшбасшы бола алады деді. Осыдан кейін Лорд Бертлидің өз баласына айтқан ақылы туралы және осыдан шығатын нәтиженің қандай болатындағы туралы өсиетімен таныстырдым.

1.Басшылармен қарым-қатынас кезінде өзіңді қарапайым ұста, бірақ өзіңді төмендетпе.

2.Өз қатарыңмен қарым-қатынасың қысқа да нұсқа болсын, бірақ та оларға құрметпен қара.

3. Бағыныштыларыңмен достық қарым-қатынаста бол және оларға мейірім көрсет. Одан шығатын нәтиже :

1. Сені карьера жолына дайындайды.2.Саған тәрбиелі азамат репутациясын қам -тамассыз етеді.3. Сен де біраз уақыттан соң халықтан күмәнсіз қолдау табатын жақсы қасиеттер қалыптасады.

Осыдан кейін мен оларға «Көшбасшы» туралы бейнекөрсетілім көрсетіп, олардың пікірлерін тыңдадым. Олар бұл құмырсқалар туралы бейнекөр- сетілімнен негізгі түйінін сын тұрғысынан дұрыс сипаттап берді.

Мұқтардың айтуы бойынша бұл бейнекөрсетілім көшбасшының қандай болатыны туралы сипатталып тұрғандығын, ол әрқашан бастаманы өзіне алатындығын, қарамағындағылардың құрметтейтіндігін, басқалармен тез тіл табысатындығын, өзіне сенімді, ең бірінші айналасындағылардың қамын ойлайтындығын, басқаларды өзінің соңына ерте алатындығын және жігерлендіру қабілетінің жоғары екендігін айтты, сонымен бірге басқаларға қарағанда ерекше идея ойлап табатындығын айтты. Осыдан кейін «құрбақа» биіне мұғалімдер билеп сергіту сәтін жасады.

Әріптестерді топқа бөліп алып «Сен көшбасшының қандай болғанын қалайсын?» деген сұрақ қоя отырып, оларға постер жасап оны қорғайтындай ахуал туғыздым. Постер қорғау барысында әріптестерімізден ерекшелік байқадым. Оларда өздеріне деген сенімділік, еркіндік және қызығушылық байқалып тұрды. Олардың постер- лерін қорғау барысында да көшбасшы деген ұғымға көзқарастарының өзгергендігін байқадым. Себебі постермен жұмыс алдында «Нағыз көшбасшы қандай болады?» деген сұрақ қойғанда мұғалімдердің кейбіреуінің ойынша егер ол тек жер берсе , үй салып берсе және жалақысын көбейтіп, жағдайларын жасаса сол нағыз көшбасшы болатынын айтқан еді.

Келесі кезекте топтарға «Оқудағы көшбасшылық дегеніміз не?» деген сұрақ қоя отырып мұғалімдер өз ойларын топ болып қорғады. Олардың ойынша оқудағы көшбасшылық зияткерлік оқудың стандарттарымен салыстырылатын жоғарғы нәтижеге қол жеткізу екендігін айтты. Екінші топ бірінші топтың ойына қосылмайтындығын, ол тек ескі көзқарас екендігін яғни белгілі бір межеге жету мақсатында кең тараған әділетсіз баға қоюшылық пен оқушының бағаларын көтермелеушілікке әкелетіндігін айтты. Ол оқушының жан-жақты және сапалы, тұғыры мықты білім алуы сол арқылы оқыту сапасын арттыруы екендігін және осының барлығы жаңа әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білгенде іске асатыны туралы айтты.

Бұдан кейін мұғалімдердің алдарына тұзды бөліп беріп түрлі-түсті бор беріп оны араластыруын сұрадым. Бастапқы кезде олар бұл іс-әрекеттің не екендігін түсінбесе де әйтеуір артында бір сын тұрғысынан олар үшін жаңалық болатын іс-әрекеттің тұрғандағын жорамалдады.. Кейін олар өз тілектерін айта отырып, құтының ішін түрлі-түсті тұзбен өрнек жасай отырып толтырды. Кейін өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне таң қалып , өз ойлары мен пікірлерін айтты. Бұл іс-әрекеттен мен оларға көшбасшылық-бірлік пен ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асатындығын түсіндіргім келді. Мұғалімдер бұл іс-әрекетті үйлеріне барғаннан кейін әрқайсысы жасап, көз түсетін жерге қойып қоятындығы туралы, себебі ол біріншіден отбасы ауызбіршілігін, екіншіден тіл-көзден қорғап тұратындығын, ал ішіндегі өрнек көз тартатындығын айтты және бұл идеяны осы Екінші деңгей дайындық курсында бізді жаңа әдіс-тәсілдермен шыңдаған тренеріміз үйреткендігі туралы айта кеттім.

. Коучингтің соңында оларға М.Мақатаевтың « Өмір мен мансап» туралы өлең шумақтарын оқып бердім. Осы шумақ арқылы оларды сабарлыққа, ауызбіршілікке, тойымдылыққа, адамгершілікке шақырғым келді. Қамшының сабындай қысқа өмірде адам өз өмірін мәнді өткізуге тиіс екендігін, мансапқа масаттанып адамдық қасиеттен арылмау керектігін, бұл да адамзатқа жоғарыдан берілген сынақ екендігін, сонымен бірге көшбасшылық жұмыстың жүгі ауырлығын және соны адал атқарғанда ғана екі дүниеде де жақсылыққа кенелетіндігін айтқым келді. Коучинг соңында әріптестер өздерінің бағалауларын айтып, кері байланыстарын жазып берді.

Сәтті тұсы: Мұғалімдердің қызығушылығы артты. Сонымен бірге олар топтық жұмыс жасап, постер қорғау кезінде бұрынғыдай ол жас маман немесе мен тәжірибелі ұстазбын деген сияқты пендешілік көзқарастардың орын алмағандығы көрініп тұрды. Яғни олар достық, бір-бірін түсінушілік көзқараста қызыға отырып жұмыс жасады. Іс-әрекет барысында тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға білмегендерін түсіндіріп, оларды постер қорғау кезінде қолдап, жұмыс істеуге түрткі болды. Әрбір көрсетілген іс-әрекетті өз өмірлерімен байланыстырып, келешекте сабақтарында қолданатындығын айтты. Кейбір көзге түспей, көптің тасасынды жүретін мамандар коучинг кезінде ашылып өз ойларын пікірлерін айтты. Олардың кері байланысында, әсіресе жас мамандар маған тәлім алушы болғысы келетіндігі жөнінде және олардың да осындай мұғалімдер дайындайтын курстарға барғысы келетіндігі жөнінде өз ойларын білдіріпті. Олар көп нәрсені білмейтіндіктері туралы және осындай коучингтер жиі өткізіп тұруымды сұрапты. Бұл мен үшін қуантатын жағдай болды.

Сонымен бірге әріптестердің ризашылығы мен өз ойларын білдіруде менің көзқарасым мен бойымда осы курстан кейін бір өзгешелік барлығын айтқан. Бұл менің кереметтігім емес, бұл менің осы екінші деңгей берген әдіс-тәсілім, теориялық білімім және тренерімнің еңбегі деп ойлаймын және осы алғыстардың барлығы солардың атына беріліп жатқан баға екенін түсіндім.

Сәтсіз тұсы: Бір жас мұғалім коучинг барысында жақсы тыңдап отырғанымен кері байланыс кезінде өз ойын толық жазбаған. Кейін себебін сұрағанда бұл жаңа әдіс-тәсіл оны қазақтырмайтындығын және бұл тек уақыт

өткізуге арналған деді. Мен оған оның әлі көзқарасының өзгермегендігін, жас та болса оның бойында алға ұмтылушықтың жоқтығын айттым және тәлім алушым Замираны мысалға ала отырып оның осы іс-әрекетті бастағанға дейінгі және кейінгі кезін саластыра отырып дәлелдедім.

Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау:

Осы коучингтен кейін мектеп әкімшілігінің көзқарастары өзгерді. Олар өздерінен осындай үш айлық курстарға барғысы келетінін байқадым.Себебі олар екінші деңгей бағдарламасы туралы көптеген мағлұматтар алды. Сонымен бірге мұғалімдерді де осындай курстарға көптеп жіберу мақсатында олардан сауалнамалар алып жатты.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"О?ытуда?ы бас?ару ж?не к?шбасшылы?" коучинг-сессияны? есебі

Автор: Абдыжамалова Кульмира Кемаловна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства