kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? шы?армашылы?, танымды? ?абілеттерін дамыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Білім туралы За?ында: «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті- ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау; о?ытуды? жа?а технологияларын енгізу, білім беруді а?параттандыру, халы?аралы? ?аламды? коммуникациялы? желілерге шы?у» - деп білім беру ж?йесін одан ?рі дамыту міндеттерін к?здейді. Б?л міндеттерді шешу ?шін, ?рбір білім беру мекемедегі ?жымыны?, ?рбір м??алімні? к?нделікті ізденісі ар?ылы, барлы? жа?алы?тар мен ?айта ??ру, ?згерістерге батыл жол ашарлы? жа?а практика?а, жа?а ?арым-?атынас?а ?ту ?ажеттігі туындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? шы?армашылы?, танымды? ?абілеттерін дамыту. »

Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.






Оңтүстік Қазақстан обылысы

Отырар ауданы


«Темір» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ахмет Қымбат Ілесбекқызы
















2015 жылы










Мазмұны


Кіріспе


1. Пікір..............................................................................................................................2

I. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  .................3-4


II. Сабақта белсенділікті арттырудың тиімді жолдары...............................5-6

  1. Жаңа технология- сапалы білім кепілі...7-8



Ойын теориясы және сабақта сөйлемді оқыту барысында дидактикалық
ойындарды іріктеу ....9-10




  1. Қорытынды...............................................................................................10


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................11..















Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педаго Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

гикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы.
Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын «Темір» жалпы орта мектебінде әр сабағымды түрлендіріп, деңгейлеп – саралап оқыту , сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып өткіземін. Ойын арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын. Сабақ қызықты өту үшін мынадай ойын түрлерін қолданамын:

«Ойлан, тап» ойыны.Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу

  1. Шай қайнатым уақыт

  2. Аяқ астынан

  3. Кірпік қаққанша

«Кім тапқыр» ойыны. Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу

«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.

  1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)

  2. Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)

«Сөз жарысы» ойыны.

Берілген сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын табу

 «Тізбек» ойыны.Берілген сөздің  соңғы дыбысынан  басталатын жаңа бір  сөз тауып айту

 “Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

 “ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазғамақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды. Осындай ойын түрлері арқылы бала өз ойын суретке қарап отырып айтып жеткізеді. Бұдан оқушының ойлау, сөздік қоры жетіледі әрі қызығушылығы оянады. Қазақ тілі сабақтарында сабақты бекіткен кезде семантикалық карта , ребус , жоғарғы сыныпта тыныс белгісін ажырату сияқты түрлерін қолданып отырамын. «Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті  елдер қатарына көтерілуі болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,жан-жақты дамуына көңіл бөлу,ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге,дамытуға ден қою қажет.Шығармашылық дегеіміз-оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін-оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең-жаңаны,тың нәрсені дамыту,түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби- шығармашылық тапсырмалар беріліп,төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі:шығарманы бөлімдерге бөліп,тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып,олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру;шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу;әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең-қиял,ұшқыр ой қалыптастыру.Бұл кезең –оқиға құрудың,образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі,әңгіме,мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп,оқиғаны дамыта отырып шығармашылық  жұмыс істейді.Өз бетінше іздену-шығармашылық қабілетін ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар / сөзжұмбақ,ребус шешу,жұмбақ,мақал-мәтел,қанатты сөздер құрастыру/

Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері / Мәтінді өндеу,берілген мәтіннен диалог құрастыру,мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру/

Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері /Өлең,ертегі,әңгіме,шығарма жазу/

Оқушылардың шығармашылық қабілетін де\амыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс.Бұл орайда сыныпты топқа бөліп,тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру,қанатты сөз ойлап табу,шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады / «Туған жерге қарыздармыз», «Менің Отаным-Қазақстан», «Қыздарға әсемдік жарасады»/.

Үшінші кезең-тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік кзқарас білдіріп,пікір / рецензия/ жазады,мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді,кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды,әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Сабақ үдерісінде баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады,әрекеттенеді. Сабақ үдерісінде мұғалім ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым  Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру-оқушыларға сұрақ қойып,оны шешу ғана емес,мұндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген сұрақтардан мүлдем өзгеще. Ол сұрақ оқушыға бейтаныс,өздігінен ізденіп,өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс жүйелері:

 



Пәндік бағыт бойынша шығармашылық қабілетті дамыту.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні- өмір танудың ерекше құралы.








Танымдық шараларға қатысу

Кітапханамен байланыс

Апталықтар,кештер ұйымдастыру

Шығармашылық жазба жұмыстарын орындау




Көркем шығармаларды талдау.

Озық технологияға негізделген шығармашылық сабақтар















Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу,ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме,факультатив сабақтарын,таңдау курстарын,пәндік кештерді,КВН, конференция,дәстүрлі емес сабақ түрлері,дебат ұйымдастыру  шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми –бұқаралық әдеьиеттер,әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады,зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.Пәндік бағыт бойынша оқыту,үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді;зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді;түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады;пәндік теориялық білігі молаяды,ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады;көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді;сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді;барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады;ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектің зиякерлік қуаты-мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып қамқорлыққа алу,оны дамыту-баршамызға ортақ іс.





























ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналы№4 2012ж
5. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
6.Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? шы?армашылы?, танымды? ?абілеттерін дамыту.

Автор: Ахмет ?ымбат Ілесбек?ызы

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180137


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства