О?у орыс тілде ж?ретін мектептерде мемлекеттік тілді о?ытуды? жа?ашыл ?дістері. Баяндама
О?у орыс тілде ж?ретін мектептерде мемлекеттік тілді о?ытуды? жа?ашыл ?дістері. Баяндама
?азіргі заманда ?аза?станны? ?зіне ?ана т?н ?лтты? сипаты бар білім беру ж?йесін одан ?рі дамыту,білім беру сапасында ?лемні? бас?ада алды??ы ?атар-лы беделді де,белді елдерімен ?атар ж?мыс жасау,?аза? тілін дамытуда ?зіндік ?лес ?осу,б?кіл ?лемдік де?гейге к?теру,білім беру ісінде ?леуметтік ке?істікке шы?уалда?ы т?р?ан міндеттер.
?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» За?ында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті-?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тары,?ылым мен прак-тика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау,... о?ытуды? жа?а техно-логияларын е?гізу,білім беруді а?параттандыру, халы?аралы? ?аламды? комму-никациялы? желілерге шы?у»деп,білім беру ж?йесін одан ?рі дамыту міндетте-рі к?зделеді.
Просмотр содержимого документа
«О?у орыс тілде ж?ретін мектептерде мемлекеттік тілді о?ытуды? жа?ашыл ?дістері. Баяндама »
Баяндама
Доклад
Тақырыбы: «Оқу орыс тілде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың жаңашыл әдістері»
Дайындаған: Бахитжанова
Гулдарига Шараповна
Ақтөбе- 2014 жыл.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бахитжанова Гулдарига Шараповна
Оқу орыс тілде жүретін мектептерде
мемлекеттік тілді оқытудың жаңашыл әдістері.
Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатар-лы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру,білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығуалдағы тұрған міндеттер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,ғылым мен прак-тика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,... оқытудың жаңа техно-логияларын еңгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комму-никациялық желілерге шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндетте-рі көзделеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқы-тудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің бала-ларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауап-ты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар ба-баларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономи-ка жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»[3,96-б.] деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән.Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары.Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәсе-лесі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект- субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қыз-метінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдай-да педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.Қазіргі уа-қытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақтұжы-рымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары менәдісте-рінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп,
ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру(УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу ма-териалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту техноло-гиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы,В.М.Мо-наховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технология-лары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б.ға-лымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдіс-терін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүм-кіндік береді.
Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құ-растыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық
технологияларды пайдалана алады.
Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шыңдығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Біз қонақтамыз») .Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көр-сетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы ер-кіндікті, таңдау мүм-кіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер:баланың қоғамдық қаты-настарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуни-кацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, бала-ның әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционал-дылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе ала-тын бірудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсіне алатын дәрежеге жеткізу.Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қа-лыптастыру мұғалімнің міндеті.
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде форма-лизмнің элементтері кездесуде.
Окушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылар-дың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыс-тырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элемент-терін жояды.
Оқушылардың білімге ынтасы болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің арту-ына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалып-тасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оку процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсаты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі-сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жа-сынан өтіп кетті, — деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық
нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ой-ын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне бай-ланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім- оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім-топ -оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы- оқушы». «Оқушы-оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы-топ» өрнектері өздігінен туындап жатады жә-не оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойла-рымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға сала-ды, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді.Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтар-ды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүм-кіндік береді.
Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне кө-мектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек бі-лім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақ-тардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәр-тіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасынакарамастан, ойынөзінетартыптұрады.»
Оқу процесін жандандыратын құрал -ойын,ойын арқылы оқыту ерекше орын алады. Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ой-ындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар.
Іскер ойындарының құрылымы: Талдауға проблема беру, Оқушыларды топқа бөлу, проблеманы талдау, сынып алдында шешімін айту.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді:
1.Алфавитті дұрыс меңгерту
2.Орфографияны дұрыс оқыту
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4.Грамматикалық құрылымды меңгеру
5.Оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,айту
Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары,интерактивті әдістер жиі қолданылады. Оқушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде ойын элементерінің
үлкен әсері бар.Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып,тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру, Сергіту ойындары,жаңылтпаш, жұмбақ, Алфавиттік жұмбақтар метаграмма, анаграмма кроссворд ойындары ұйымдастырылады.
1.“Жәрменке” ойыны
Ойының мақсаты: ”Күз” тақырыбы пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру.
Ойының шарты: Қазақ даласында жәрмеңкенің атақты сал,сері,әнші,күйші,палуандар өнері, ақындар айтысымен өтетін “Қоянды” жәрмеңкесі туралы әңгімелегенде айтамыз.Жәрменке той, мереке сияқты болды. Біз де, балалар, бүгін жәрменкеде өз өнеріңмзді көрсетейік.Жәрмеңкеде әр түрлі жеміс-жидектер, көкөністер сатылады.
Бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырманы орындауыңыз керек.
1.Айжан жәрмеңкеге келді.
2.Жәрмеңкеде …, …, …, … сатылады.
3.Айжанға …, … және … керек.
4.Айжан екі килограмм … жәнебір килограмм … сатыпалды.
5.Ол жәрмеңкедеАйнаштыкездестірді.
6.Айнаш екі килограмм … сатып алды, т.б.
2.Әрқайсысының өз төлін табуына көмектес.
Рөлдік ойындар – тіл дамыту құралы.
Бұл-тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі.Оны ти-імді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табыс қажет еді,сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогты ққарым – қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.
Рольдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын,сөзге араласу жағдайын ұйым-дастыратын құрал десек те болады.Оның негізінде өзара рольдегі және ойындық көріністерді бөліп алып,соған сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады.
Пікір таластық және рөлдік оқыта үйрету ойындары [4]
1. Рөлдік ойын
Дөңгелек үстел,эксперттік комиссияның отырысы,форум түрінде жүргізіледі.
Сынып 4-6 адамнан топтарға бөлінеді,олардың әрқайсысына: Реалистер, Оптимистер, Пессимистер, Сарапшылар, Сыншылар, Байқаушылар рөлдері беріледі Әр топтаЖүргізуші және Кеңесші тағайындалады. Мұғалім келелі мәселе қоя отырып ,оны әр топ өз рөлі тұрғысынан қарауды ұсынады.
Дайындыққа бөлінген уақыт (10-15 минут) өткеннен соң,әр топ өздерінің (рөлдеріне сай)біріге құрған пікір,қөзқарастарын ортаға салып,оған дәйектеме келтіріп ,өз сызба,сурет,есеп берулерімен дәлелдейді.
Негізгі (3) топтар сәйлеп болғаннан соң, «сарапшылар» немесе «сыншылар» тобы шығады.Ол әр топтың жұмысын қорытады,олырдың дәйіктеме келтіріп ,дәлелдеу дәрежесін талдайды немесе осал жерлерін сынайды,әр топқа сұрақтар қояды.
«Байқаушылар» тобы барлық топтардың қызметін қорытындылап,ортақ бағалау парағын толтыра отырып,неғұрлым белсенді қатысушыларды атап көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы.Алматы.Литература,1999,96-б.
2. Қазақстан мектебі. № 11, 2004
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96 бет.
4. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002
5. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.Алматы, Рауан, 1997
6. 12-жылдық білім, №2, 2007
7. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001