kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ода?ай. Ода?айды? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Ода?ай. Ода?айды? т?рлері
Саба?ты? ма?саты: 
Білімділік: ?ткен саба?ты ?орытындылай отырып, ода?айды? ой?а ?стейтін м?ніне ?арай ?ш т?рге б?лінетін, ?олдану орындарын ме?герту. 
Дамытушылы?: Ойлау, ?абылдау, ме?геру ?абілеттерін дамыту, с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру.
Т?рбиелік: О?ушыларды халы?ты? педагогика т?р?ысында т?рбиелеу, с?з ?нерін ?адірлей білуге ?йрету.
Саба?ты? т?рі: Сайыс саба?
К?рнекілігі: Интерактивті та?та, плакат
П?наралы? байланыс: ?дебиет
Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра? – жауап, талдау
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру
ІІ. ?ткен саба? бойынша с?ра? – тапсырмалар
ІІІ. Жа?а саба?
І. ?йымдастыру
С?лемдесу, сыныпта жо? о?ушыларды тексеру
ІІ. ?ткен саба? бойынша с?ра? – тапсырмалар
Балалар, б?гін «Б?йге» ойыны жарысы ?теді. О?ан ?атысушы топты? басшылары ?здерін таныстырып ?тсін.
І топ. «К?ктем»
Бізді? топты? к?ктем аталуы, жылды? осы мезгілі бізге ?атты ?найды. ?алы? ?ар еріп, жерге к?к шы?ып, талдар б?ршік атып, барлы? жан – жануарлар, ж?ндіктерді? тіршілігі басталады. Мал т?лдей бастайды. Адамдарды? да к??іл к?йлері к?теріледі.
ІІ топ. «Наурыз»
Наурыз - жыл басы, ?аза?ты? жа?а жылы. Б?л к?ні наурыз к?же пісіріліп, барлы? ?лтты? та?амдар дастархан?а ?ойылып, адамдар бір – бірімен к?рісетін к?н. К?н мен т?н те?елетін мезгіл. ?ткен реніштерін ?мытып, жа?аратын к?н. Біз наурыз айын ?натамыз.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ода?ай. Ода?айды? т?рлері»

Сабақтың тақырыбы: Одағай. Одағайдың түрлері
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Өткен сабақты қорытындылай отырып, одағайдың ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінетін, қолдану орындарын меңгерту. 
Дамытушылық: Ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеу, сөз өнерін қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақ – тапсырмалар
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпта жоқ оқушыларды тексеру
ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақ – тапсырмалар
Балалар, бүгін «Бәйге» ойыны жарысы өтеді. Оған қатысушы топтың басшылары өздерін таныстырып өтсін.
І топ. «Көктем»
Біздің топтың көктем аталуы, жылдың осы мезгілі бізге қатты ұнайды. Қалың қар еріп, жерге көк шығып, талдар бүршік атып, барлық жан – жануарлар, жәндіктердің тіршілігі басталады. Мал төлдей бастайды. Адамдардың да көңіл күйлері көтеріледі.
ІІ топ. «Наурыз»
Наурыз - жыл басы, қазақтың жаңа жылы. Бұл күні наурыз көже пісіріліп, барлық ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, адамдар бір – бірімен көрісетін күн. Күн мен түн теңелетін мезгіл. Өткен реніштерін ұмытып, жаңаратын күн. Біз наурыз айын ұнатамыз.

ІІІ топ. «Дәстүр»
Қазақтың салт – дәстүрі өте көп. Олар: бесік тойы, шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, үйлену тойы т.б. халқымыз өз дәстүрін құрметтеп, сақтай білген. Қазақтың жаңа жылында осы дәстүріміздің бәрі де орындалады. Сондықтан біз тобымызды дәстүр деп алдық.
Енді «Бәйге» жарысын әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, «Бәйге» жарысында аттар жаратылып, бәйге қосылады. Озып келген ат бәйгені алады. Біз де үш топ болып бәйгеге шабамыз, өз білімімізді көрсетеміз. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындалады, оған «Орамал тастау» ойынын ойнаймыз. Ойында ойнаушылар екі топқа бөлініп, қарама – қарсы отырады. Жүргізуші бірінші топтың шеткі ойыншысына сөздің бірінші бөлігін айтып орамал лақтырады. Қағып алған ойыншы тез сөз шығатындай етіп екінші бөлігін табады.
Мысалы: опыр – топыр, тарс – тұрс, маң – маң, жалт – жұлт, далбаң – далбаң, тасыр – тұсыр, шаң – шұң, арс – арс, ербең – ербең т.б.
Еліктеу сөздің түрлерін атап кету
2. Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір және сөйлем құра.
( ... қарау, ... күлу, ... құлау, ...жүру, ... шайнау, ... соғылу, ... секіру)
Мысалы: жалт қарау. Айнұр артына жалт қарады.
Жаңа сабақ.
- Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
- Иә
- Ал адамдар шаршағанда не істейді?
- Уһ, аһ!
- Ал қуанғанда не дейміз?
- Алақай!
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істейміз?
- Шақырамыз.
- Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз « Одағай, оның түрлері»
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.
Мысалы: Паһ, мықты екен – ау мынау мұндар! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Берілген мысалдардағы паһ, қап, сүйсінуді, өкінуді білдірсе, аухау – аухау сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай – пай, туу, уһ, әттең т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.
3. Олар: құрау – құрау, шөре –шөре, көс – көс, айт, қош – қош, моһ –моһ, құр – құр, кә – кә, пырс т.б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен, толық мағынасы жоқ, жеке сөздермен байланысқа түспейді, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін түір қойылады. Мысалы: Ту, не деген рақат еді!
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай –пай! Шіркін қазақтың келіндері –ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: пай-пай, құрау- құрау, құр-құр т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
- Жаңа бір күш біткендей болды.
- Бәрекелді!
- Япыр-ай, ә!
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Болмаса, біздің аттарымызға қарайық, бәйгеден қайсысы озып келеді екен. Бәйге ары қарай жалғасады. Келесі ойынымыз «Көкпар» ойыны.
( 6 оқушы қатысады) «Көкпар» ойынын теледидардан көріп жүрміз, күшті аттар мен қарулы жігіттер сайысады. Көкпарға сірке тігіледі.
3 оқушыға карточка беріледі.
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
№1
- Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы... –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
№2
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
№3
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
3 оқушы тақтада сөйлем талдайды.
1 оқушы интерактивті тақтада, екі оқушы жай тақтада
1. Наурыз – көктемнің бірінші айы (морфологиялық талдау)
Биыл ауыл жылы болып белгіленді (инт. тақта)
2. Наурыз шешек Қазақстанның таулы аймақтарында өседі.
3. Наурыз шешек сөзіне – математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау.
4. Қазақтың ұлттық ойындары – Көкпар, Ханталапай, Орамал тастау.
Қазақтың деген сөзге фонологиялық талдау жасау ( буын түрі, тасымал, үндестік заңы)
Осы кезде І деңгейлік тапсырма. Өз бетімен жұмыс. «жаттығу жұмысы) 
ІV. Топ басшылары үш тақырыпта «Көктем», «Наурыз», «Дәстүр» тақырыбына ой толғау жазады.
Сабақты бекіту.
Жарысымыз әрі қарай «Ханталапай» ойынымен жалғасады. Ханталапай ойынын асықпен ойнаймыз. Бұрын хандар тағына таласқан. Ал біз білімділігімізбен таласамыз. Бұл ойынға 5 оқушы қатысады. Әр оқушы екі сөзден алып, сөйлем құрайды.
№1 карточка.
Алақай, құрау – құрау. Осы одағайларды қатыстыра сөйлем ойла.
№2 карточка.
Бәрекелді, қош – қош одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№3 карточка
Әттең, пай –пай одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.

№4 карточка
Алақай, пай – пай, уһ, қап, тәйт одағайларын қатыстырып, шағын мәтін құра.

№5
Әттең, ойпырай, тамаша, шөре –шөре, тек одағайларын қатыстырып шағын мәтін құра.
Сабақтың бәрі баллмен бағаланады.
15 балл – 5 (қызыл түс)
10 балл – 4 (көк түс)
5 балл – 3 (сары түс)
Әрбір топ басшысы балл бойынша айтып, оқушыларды бағаладым. Сынып деңгейі жақсы, оқушылар түгел қатысып отырады.
Үйге тапсырма. Ережені толық оқу.
Мәтіннен одағай табу.
Осымен сабағымыз аяқталды, бәріңізге көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ода?ай. Ода?айды? т?рлері

Автор: Алтаякова Айшагуль Нурлыбаевна

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310200


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства