Просмотр содержимого документа
«М?рат М??ке?лы «?арасай-?ази» тол?ауы »
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы
«Қарасай-Қази» толғауы
Сабақтың білімдік мақсаты: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын өмірі туралы сызба – кесте, ақын шығармашылығына арналған слайдтар,электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, сабаққа қатынасын белгілеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Жоспары:
Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын түсіндіру.
Мұрат – айтыскер ақын.
Ақын жырларының көркемдігі.
Мұрын жырау естеліктері.
3. Жаңа сабақты меңгерту: Электрондық оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1. Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық.
2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.
3. Қосымша мәлімет.
4. Түйін.
4. Сабақты бекіту кезеңі.
Ақынның дастан – толғауларының аттарын жазу, әрбір оқушыға «Қарасай-Қази»толғауынан үзінді оқыту, мазмұнын айту.