Мектеп тәжірибесін өзгерту шараларын өткізу үшін әуелде мектепте мұғалімдер ұжымын қатыстыра отырып кәсіби қауымдастық құру абзал. Оқытуды тұрақты дамыту үшін Желілік қоғамдыстықтың маңызы зор.
Желілік қоғамдыстық құру мақсатпен мектептегі мұғалімдер ұжымы жұмылдырылды. «Желілік қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға, сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер зерттеулерді белсенді жүргізіп, басқа мектептердегі мұғалімдердің тәжірибесіне, үдерістеріне және олардың нәтижелеріне қызығушылық танытқан жағдайда, олар өздерінің сараптамалық ой-өрісін жетілдіріп, тәуекелге баруға дайын болатыны бізге мәлім. Бұл жалғыздан-жалғыз бар күшіңді салып істегеннен, бірлесіп оңтайлы жұмыс істеудің, сондай-ақ бүкіл желінің білімін жинақтау тәсілі, ол желідегі мектептің әрқайсысында білім алып жатқан балалардың барлығына әсер ете алады»[1] Мұғалімдер біліктілігін арттыру мақсатында және оқыту мен білім беру үрдісінде жоғары нәтиже көрсету мақсатында біздің құрған топ басқа құрылған топтармен қосыла алады. Желілік мектепішілік және мектепаралық қарым-қатынас жасау үшін құрылады. Құрылған желілік қоғамдастықтың қызметтерін бөліп алдық. Басшылық етуші топ: Абай атындағы орта мектебінің 1 деңгейде оқып жатқан мұғалімі C.Б.Шукулукoвa атқаратын болды. Үйлестірушілер топ: Нығманов атындағы орта мектебінің 1 деңгейде оқып жатқан мұғалімі Ғ.Қ.Жантемиров атқаратын болды.
Дамытушы топтар: Харьков орта мектебінің 1 деңгейде оқып жатқан мұғалімі Р.Маней, Қараоба орта мектебінің 1 деңгейде оқып жатқан мұғалімі Уакбаева А.Т.
Мектепішілік желілік қоғамдастық мен құрған қоғамдастық пен үшінші деңгей біліктілігін арттыру курысының бағдарламасын оқыған мұғалім М.К.Орыспаева құрған қоғамдастықпен жақсы қарым – қатынаста болдық. Коучингтарға қатысып, кері байланыс арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді белгілеп отырдық. Тиімді білім беру желілері жаңа білім мен түсініктемелерді өздерінің оқу орындарынан тыс жерлерден іздестіреді, одан кейін осы білімді тәжірибе алмасу және тәжірибені жақсарту үшін пайдаланады. Мектепаралық желілік қоғамдастық Пaвлoдap oблыcы Ақсу аудандық, Алғабас аулы Қабылбеков атындағы орта мектептің мұғалімдері:
А.Мурзагулова және Б.Кубатовалар құрған желілік қоғамдастықпен кәсіби байланыс орнаттық.
2-сурет желілік қоғамдастықтар кездесуі
Педагогикалық қоғамдық желілікте белсенді қарым – қатынаста жұмыс істеу үшін мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
- Желілік қоғамдастық мүшелері арасында кері байланыс орнату;
- Хабарлама мен жаңалықтарды орналастыратын құрал құрастыру;
- Коучинг тақырыптары мен ата –аналар жиналысын белгілеу;
- Мұғалімдер мен оқушыларға арналған анықтамаларды белгілеу;
- Өзін - өзі бақылауға арналған және өзіне болжау жасауға тапсырмалар дайындау;
Қатыстыру әдістері: кедергілерді білу мақсатында сауалнама жүргізу, телефонограмма арқылы жеткізу, сайт арқылы топқа шақыру.
Бақылау әдістері: өткізілген іс- шараларға кері байланыс жасау арқылы, on-line іс- шараларға рейтинг шығару (қатысушылар арасында), желілік қоғамдастыққа қатысушылар арасында бастапқы жағдайды көрсететін және өсу жолын бақылайтын құрал мониторинг енгізу;
Күтілетін нәтиже: мектеп ішінде тұрақты желілік қоғамдастық жұмыс атқарады, сыртқы қоғамдастықтармен қарым – қатынас жасауды нығайту.
Бағалау құралы: Сауалнамаларға сараптама жасау, алдын ала болжау жасау, тартылған мұғалімдерден алынған кері байланысты зерделеу.
Қарым – қатынас қорытындысы: мұғалімдер жоспар құру үрдісіне қатысады, басқа қатысушылардың тәжірибелерімен бөлісу, мүмкіндігін арттыру.
Кедергілер: білікті мұғалімдердің аздығы, бірлескен жұмысқа деген қызығушылығын аз болуы, уақыттың аздығы.
Желілік қоғамдастықта жұмыс жасау тәжірибелік іс-әрекеттермен алмасу үшін ыңғайлы және туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге жағдай бар. Мектеп желілерінде бірлескен зерттеуді әртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізді, әрі ол бүкіл желінің жұмысы болып саналатындықтан, құрылған жоспар бойынша жұмыс жасайтын болсақ жақсы жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Бірінші деңгейлік курста алған білімдерімізді қолданып, нәтижелі жұмыс істейміз деген сенімім зор.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық, Бірінші (ілгері) деңгей, Екінші бacылым, «Нaзaрбaев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.