18.11.2014. Ата-аналар?а арнал?ан коучинг сессиясы
Саба?ты? та?ырыбы: «Мектеп-о?ушы-ата-ана»
Жалпы ма?саттар:
Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, орта? шешімді аны?тау. Болаша?та баламен ж?мыс істеу міндетін белгілеу, ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала т?рбиесі туралы пікір алысу. Бала т?рбиесін де ата-ананы? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру. Баламен д?рыс тіл табысу?а, с?йлеу м?дениетін ?немі ?олдау?а ой салу.
Тренинг ережесі Сенімділік, ынтыма?тасты?, сыйласты?, жа?ын араласу
О?ытуды? н?тижелері:
О?у т?рбие ?рдісіндегі міндетті ж?зеге асыру ?шін ата- аналарды? белсенділігін к?теру ж?не ынтыма?тасты?ты ны?айта отырып отбасы мен мектеп арасында?ы байланыс к?шейеді;
?зіні? ??ндылы?тары мен к?з?арастары аны?талады;
Проблемалар мен даму?а арнал?ан басымды?тарды аны?талады.
К?тілетін н?тиже: Балаларыны? алдында ата-ананы?, ата-аналар алдында педагогтарды? беделі к?теріледі;
Ата-аналар мектеп ?міріне араласа алады.
Негізгі идеялар:
Б?гінгі ?о?ам алдында?ы басты ма?сат ?мірді? барлы? саласында белсенді, шы?армашылы? іс-?рекетке ?абілетті, еркін т?л?а т?рбиелеу. Ол ?шін бала т?рбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, ?о?ам ж?не ж?ртшылы?ты? т?рбие ісі кіріктіріліп ж?зеге асуы тиіс. ?йткені отбасына мектеп тарапынан білікті к?мек ?ажет. Педагогтар мен ата-аналарды? ?зара ?рекетіні? ар?асында ?ана о?ушы т?л?асын дамыту м?селелерін табысты шешуге болады. Мектеп, м??алім ж?не ата-ана орны б?лек, себебі бала бір жа?ты т?рбие алу м?мкін емес. ?йде ата-ана баулыса, мектепте м??алімдер т?рбие береді. Т?лім-т?рбиедегі жарасымдылы? бірлесіп ж?мыс істеген жа?дайда ?ана ?йлесімділік табады. Баланы? ?мір с?руге ??штарлы?ыны? оянуы ?зін ?орша?ан ортасына: м??алімге, ата-ана?а, бірге о?ы?ан ??рбы-достарына, оларды? к?нделікті іс-?рекеттеріне байланысты.
Ресурстар: Интернеттен ?осымша материалдар
Саба?та ?олданылатын материалдар: Ватман, маркер, стикер, т?рлі-т?сті ?а?аздар, АКТ, А-4, А-3 ?а?аздар, суреттер, бейне-роликтер
О?ыту ?дістері:
Топты? ж?мыс, диалогтік о?ыту, СТО, талдау, т?сіндіру
Дерек к?здері:
Тапсырмалар: С?ра?-жауап, салыстыру, ассоциация, р?лдік ойын
Коучинг барысы
Коуч ?рекеті Ата-аналарды? іс-?рекеті Уа?ыты
Тренинг: «Біра?». Жа?ымды психологиялы? азуал ту?ызу ма?сатында коучер ата-аналарды шатты? ше?берін ??ру?а ша?ырады. Ата-аналар орта?а шатты? ше?берін ??рады, ж?не берілген с?йлемдерді жал?астырады 5 мин
Ой ?оз?ау: «О?ушы» (коучер ата-аналар?а с?ра? ?ояды, с?ра??а на?ты жауап алады) ?р топ «о?ушы» с?зіне ?рт?рлі ой мен пікірлер айтады, бір-біріні? ойларын ты?дайды 3 мин
Топтастыру: «Мектеп», «О?ушы», «Ата-ана» (коучер м??алімдерді ?ш топ?а б?леді) Ата-аналар б?гінгі саба?та т?рлі-т?сті бет орамалдар ар?ылы ?ш топ?а б?лінеді 2 мин
Топты? таныстырылым
(коучер топ м?шелерінен топтарын таныстыруын с?ранады, уа?ыт беріледі) ?атысушылар берілген уа?ытта ?з топтарын таныстырып ?теді
Ая?талма?ан с?йлем (коучер с?ра?тарды о?иды) Ата-аналар берілген с?ра?тар?а шынайы ж?не на?ты жауаптар жазады 3 мин
Тренинг: «Байлаулы бала» (коучер орта?а бір ата-ананы ша?ырады) Орта?а бір ата-ана шы?ады, берілген с?ра?тар?а жауап береді 3 мин
С?ра?-жауап: Бала?ызды? ?уана мектепке баруы ?шін не істеуге болады?
(коучер ата-аналар?а с?ра?ты о?иды, с?ра?тар?а жауап с?райды) Берілген с?ра?тар?а ата-аналар шынайы т?рде жауап береді 3 мин
Сергіту с?ті: «К??ілді к?н»
(коучер барлы? ата-аналарды орта?а сергіту с?тіне ша?ырады) Интерактивті та?тадан к?рсетілген «К??ілді к?н» биіне билейді, к??ілдерін сергітеді 2 мин
Шы?армашылы? тапсырма: «Мектеп-о?ушы-ата-ана» кластер толтыру (коучер шы?армашылы? тапсырманы т?сіндіріп ?теді) Ата-аналар «мектеп-о?ушы-ата-ана» та?ырыбы бойынша флипчарт?а кластер толтырады, ?з ойларын айтып ?ор?айды. 10 мин
?ызы?ты с?ра?тар:
(коучер с?ра?тарды рет-ретімен о?ып шы?ады) Ата-аналар берілген с?ра?тар?а жылдам жауап беруі керек 5 мин
Ой тол?ау:
Саба? барысы ?андай?
Б?гінгі д?ріс жайлы не айтасыздар?
Ал?ан материал т?жірибе?ізге пайдалы деп ойлайсыз ба?
Не ?йренді?із?
(коучер ата-аналар?а б?гінгі саба??а кері байланыс орнатады) Ата-аналар б?гінгі саба?тан ал?ан ?серлерімен б?лісіп, стикерлерге жазып іледі. 2 мин
Рефлексия Б?гінгі саба??а рефлексия жазады 2 мин
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп-о?ушы-ата-ана »
Сабақтың тақырыбы:
“Мектеп – оқушы – ата-ана”
Сабақтың мақсаты
Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Оқу нәтижелері:
Оқу тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата- аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып отбасы мен мектеп арасындағы байланыс күшейеді;
Өзінің құндылықтары мен көзқарастары анықталады;
Проблемалар мен дамуға арналған басымдықтарды анықталады.
Күтілетін нәтиже
Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтардың беделі көтеріледі;
Ата-аналар мектеп өміріне араласа алады;
Негізгі идея
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Тренинг:“БІРАҚ”
Мен шаршадым, бірақ ...
Мен кішкентай бойлымын, бірақ ...
Мен кейде ұстамсызбын, бірақ ...
Мен жалқаумын, бірақ ...
Мен ашушаңмын, бірақ ...
Мен сөзге жоқпын, бірақ ...
Мен тымкөнгішпін, бірақ ...
Мен оқушымын, бірақ ...
Менің үйімде телефон жоқ, бірақ ...
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ ...
Менің математикадан үлгерімім жақсы емес, бірақ ...
Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ ...
Мен кейде тым көп ұрсамын, бірақ ...
Мен қырсығып қаламын, бірақ ...
Мен әлсізбін, бірақ ...
Оқушы
Топтастыру
“мектеп” тобы
“оқушы” тобы
“ата-ана” тобы
Топтық таныстырылым
Аяқталмаған сөйлем
–Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
–Егер балаға үнемі күлсе, ...
–Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
–Егер бала төзімділікте өссе, ...
–Егер бала адалдықта өссе, ...
–Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
–Егер бала кекшілдікте өссе, ...
–Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Тренинг:байлаулы бала
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Сұрақ-жауап:
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
Сергіту сәті:
Шығармашылық тапсырма
“МЕКТЕП – ОҚУШЫ – АТА-АНА”
(КЛАСТЕР ТОЛТЫРУ)
Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
Қызықты сұрақтар
Балаңыздың туған күні?
Сынып жетекшісінің аты-жөні?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Ой толғау
Сабақ барысы қандай?
Бүгінгі дәріс жайлы не айтасыздар?Алған материал тәжірибеңізге пайдалы деп ойлайсыз ба?Не үйрендіңіз?
Тренинг:“ТІЛЕК ШАМЫ”
ҚҰРМЕТТІАТА-АНАЛАР!!! УАҚЫТТАРЫҢЫЗДЫ БӨЛІП, ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСҚАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!
ІЗГІ НИЕТПЕН №31 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫ АТЫНАН
–Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуға құлқы болмайды).
–Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).
–Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).
–Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).
–Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).
–Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).
–Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
–Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).
•Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
•Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
•Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
•Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
•Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
•Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
•Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
•Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.