kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мазмұндама шие тергенде 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

изложение на тему "Шие тергенде". разработка по казахскому языку для 6 класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мазмұндама шие тергенде 6 сынып»

11/10/13

6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Шие тергенде» № 18. 1 тоқсан № 18.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Тақырып бойынша сөздік қорын жинақтау арқылы байланыстырып сөйлеуге баулу.

2. Дамытушылық: Ауызша және жазбаша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыта отырып, оқушылардың тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру. 1,2,3,7,8

Сабақтың типі: қайталау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Достыққа арналған мақал-мәтелдерді қайталау.

  2. Қайталау: Сөз мағынасы ережені қайталау.


7. Бекіту:

Сабақтың мақсатын хабарлау:

Бүгін, «Шие тергенде» тақырыбына мазмұндама жазамыз.

Мәтінді оқимын. Екі-үш оқушы мәнерлеп оқиды. Қысқаша мазмұнын айтады.

Мазмұндама.

Шие тергенде.

Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.

Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.

Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды.

Жанат, әдейі арнап тергенін айтып, қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасы шиенің біреуін алып, дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырады. Жанат орманда тойғанша жегенін айтты, дегенмен атасының көңілін жықпай, аузына бір-екі шие салды.

  • Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же, - деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп.

Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.

/107 сөз/.



Жоспар:

  1. Әмина әженің немерелері.

  2. Шие теру.

  3. Атасының риза болуы.

  4. Қанат қатты ұялды.



8.Қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу.

Үйге тапсырма: сөз мағынасы ережені қайталап келу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Мазмұндама шие тергенде 6 сынып

Автор: Калиева Дина Николаевна

Дата: 06.12.2017

Номер свидетельства: 442651


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства