kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақал-мәтелдер. фразеологизмдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық сабақ қысқа мерзімді жоспар "Мақал-мәтелдер. фразеологизмдер"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақал-мәтелдер. фразеологизмдер»


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

3

Топ:


Сабақтың номері


Модульдің атауы:

Қазіргі қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Мақал-мәтелдер. Фразеологизмдер

Сабақ барысында кері байланыс жасау

Күні:

«03»__12__2019__ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

303-кабинет

Сабақтың мақсаты:

Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің жасалу жолдарын түсіндіру. Сабақ барысында кері байланыс түрлерін тиімді пайдалануға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Мақал-мәтелдердің айырмашылығ мен ұқсастығын ажырарітады. Әртүрлі тақырыпқа мақалдар айтады. Фразеологизмдер, оның жасалу жолдарын, ерекшеліктерін көрсетеді. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің басқа тілдегі нұсқаларын біледі. Тапсырмаларды орындау кезінде бір-біріне кері байланыс жасап бағалайды.

Күтілетін нәтижелер:

Ақпарат қөздері арқылы алынған мәліметтерді сұрақ қоя отырып алады. Білімдерін кеңейтеді. Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың авторлық мақал-мәтелдерін біледі және сөйлеу мәдениетінде қолдануға дағдыланады. Тапсырмалар орындау барысында рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастырады. Бір- бірін тыңдап, пікірлерін айтады. Салыстырады, талқылайды.

Сабақтың түрі:

Теория сабақ

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:

Көрнекі материал (презентация), топтық жұмыс, оқытушы жетекшілігімен оқыту жұмысының әдістері, өздігінше оқу жұмысының әдістері

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

ДК, проектор, экран, маркерлер, ватман, А-4 форматтағы қағаз, кестелер, тақта.

Қосымша көздер (әдебиеттер)


Т.Мейірманқұлова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»-2010ж

А.Қыдырниязова «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы»-2008ж

Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» Фонетика. Лексика. Морфология. Синтаксис - 2006ж

Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә.: Бурабаева Назгул Боранбаевна

Тел.: 8702 2878400 E-mail: [email protected]

Сабақтың жоспар-қысқаша жазбасын ұсынылған нысанға сәйкес толтырыңыз;

САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ

Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

Тыңдаушылардың әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

2минут

Сәлемдесу. Сабаққа қатысып отырған тыңдаушыларды түгендеу.

Сабақ жоспарымен таныстыру.

Сабақ жоспары:

  1. Психологиялық ахуал.

  2. «Интервью» ойыны

  3. Жаңа тақырып «Мозайка»

  4. «Атмосфера орнату»

  5. «Суреттер сөйлейді»

  6. «Абай аффоризмі»

  7. «5 жолды өлең»

  8. Үй тапсырмасы

  9. Рефлексия


Психологиялық ахуал. «Домино» әдісі арқылы жақсы тілек, жылы сөздер айту.


Амандасады. Зейінін сабаққа аударады. Бір студент жылы сөз айтады. Келесі студент сөздің соңғы әрпінен басталатын жақсы сөз айтады. Ары қарай жалғастырады.

Сабаққа қатыс журналы, интертақта

2. Үй тапсырмасын орындауын тексеру

5 минут

«Интервью» ойыны

Ойынның шарты: 1 студент өтілген сабақ бойынша басқа студенттерден интервью алу арқылы сұрақтар қояды.

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірін толықтырады. “Бір сөзбен..» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Интер тақта, микрофон, смайлик

3.Сабақтың тақырыбын түсіндіру


6 минут

Жаңа тақырып: Мақал-мәтелдер. Фразеологизмдер

«Мозайка» әдісі

1. Фразеологизмдер. Сөздердің бір-бірімен орын жағынан әбден қалыптасқан, өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып басқа мағынада, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты сөз тіркесі немесе фразеологизмдер деп атаймыз.

2. Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Қиылған қағаздарды сәйкестендіреді. Сәйкестендірген қағаздардан мәтінді оқу арқылы жаңа тақырып бойынша ереже құрайды.

Интер тақта, қағаз қиындылары

4.Топтардағы жұмыс

5минут


























7 минут









10 минут









5 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма. «Атмосфера орнату» (Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар)

1-топ. Тұрақты тіркестерді бір бөлек, мақал-мәтелдерді бір бөлек топтастырыңдар. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы. Қыздың жиған жүгіндей. Азар да безер болды. Тайға таңға басқандай. Қазақтың ақылы – көзінде, қасиеті – сөзінде. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Ол кейде аса аса намыскер, басынан сөз асыра алмайды. (М.Ә)

2- топ. Мақалдардың тура және ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын ажыртаңыз.

Халықтың құшағы кең

Ел аузы - дуалы

Қырықтың бірі – қыдыр.

Көз қорқақ, қол батыр

3-топ. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңыз. 1. Суға кеткен ....2. Байтал түгіл ....3. Батырға да....................4. Айдағаның бес ешкі....5.Жақсы кісі текшіл, ...6. Білгенің бір тоғыз...7. Тұз астың дәмін келтірсе, .....


2-тапсырма. «Суреттер сөйлейді»

Суреттен сөздер тауып, сол сөздердің үш тілде аудармасын айтыңыз. Тұрақты сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңыз.






3-тапсырма.

Абай Құнанбаеватың 175 жылдығына орай

«Абай аффоризмі»

Абайдың нақыл сөздеріне постер құрау.





4-тапсырма. Жаңа тақырыпты бекіту. «Ассоциативті қатар»


Жаңа тақырыпты пысықтайды, ой қалыптастырады. Салыстырады.

Бір-бірін бағалайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.














Талқылайды, салыстырады. Сөйлем құрап, орыс, ағылшын тіліне аударады. «Ауа райы» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.


Берілген аффоризмнің қандай шығармадан алынғандығын табады. Аффоризмнің мағынасын ашып,постер қорғайды.


Жаңа тақырыпты бекітеді,қорытынды жасайды.

Смайлик арқылы кері байланыс жасайды.

Стикерлер, суреттер,маркерлер, А4 , А3 қағаз

5. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

2 минут

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты эссе жазу.

Тыңдаушылар үй тапсыр-масын жазып алады.


6.Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу және рефлексия

3 минут

Рефлексия:

«Аяқталмаған сөйлем»

Тақтаға оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

 бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

 бүгін сабақта қуантқаны.....

 мен өзімді.....үшін мақтар едім.

 маған ерекше ұнағаны.....

 сабақтан соң маған........келді.

 бүгін маған..........сәті түсті.

 қызықты болғаны.....

 ......қиындық тудырды.

 менің түсінгенім.....

 енді мен......аламын.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мақал-мәтелдер. фразеологизмдер

Автор: Бурабаева Назгул Боранбаевна

Дата: 05.12.2019

Номер свидетельства: 530319


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства