kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала. ?аза? тілін ?йрету м?селері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тіліні? мемлекеттік м?ртебе алуына орай, ?зге тілде білім беретін о?у орындарында ?аза? тілін о?ыту, оны жа?а саты?а к?теру, оны? мазм?ны мен ма?саты келешектегі даму жолын аны?тау аса жауапты да к?рделі м?селе. ?аза? тілін о?ыту барысында ?аза? хал?ыны? тарихы, ?дебиеті, ?деп-??рпы, салт-д?ст?рі, ?ылымы, ?нері, а?ын-жазушылары ж?не т.б. ж?ніндегі білім жина?талады, ж?йеленеді. ?аза? тілін мемлекеттік тіл ретінде о?ытуды? сапасын арттыру к?птеген факторлар?а байланысты. Олар білім мазм?ны, ?дістемелік, м??аілім шеберлігі о?у-материалды? база т.б. Соны? ішінде п?нні? білім мазм?нын ??ру бас?а факторларды? іргетасы іспетес. Осы т?р?ыда мол ?ылыми-?дістемелік т?жірибесі ?алыптас?ан "?аза? тіліні? атасы" А. Байт?рсынов, ?. Бе?алиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, ?. М?сабаев атты ?алымдар есімі еске т?седі. Атап айт?анда: Ш.Бект?ров, Ф.Оразбаева, ?.Ж?нісбек, Б.??лма?анбетова, т.б. бір с?збен айт?анда, ?ай п?нні? болмаса да білім мазм?ны сия?ты атал?ан п?нні? білім мазм?ны да біржола ??рыл?ан немесе ??рылатын д?ние емес, ол педагогика ?ылымы ?азанында ?немі ?айнап, пісіп, жетілдіріп, динамикалы? даму процесінде болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала. ?аза? тілін ?йрету м?селері.»

Мақала: "Қазақ тілін үйрету мәселелері".


Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай, өзге тілде білім беретін оқу орындарында қазақ тілін оқыту, оны жаңа сатыға көтеру, оның мазмұны мен мақсаты келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты да күрделі мәселе. Қазақ тілін оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын-жазушылары және т.б. жөніндегі білім жинақталады, жүйеленеді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Олар білім мазмұны, әдістемелік, мұғаілім шеберлігі оқу-материалдық база т.б. Соның ішінде пәннің білім мазмұнын құру басқа факторлардың іргетасы іспетес. Осы тұрғыда мол ғылыми-әдістемелік тәжірибесі қалыптасқан "Қазақ тілінің атасы" А. Байтұрсынов, Қ. Беғалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ. Мұсабаев атты ғалымдар есімі еске түседі. Атап айтқанда: Ш.Бектұров, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбек, Б.Құлмағанбетова, т.б. бір сөзбен айтқанда, қай пәннің болмаса да білім мазмұны сияқты аталған пәннің білім мазмұны да біржола құрылған немесе құрылатын дүние емес, ол педагогика ғылымы қазанында үнемі қайнап, пісіп, жетілдіріп, динамикалық даму процесінде болады. Ендігі жерде жаңа ХХІ ғасыр педагогикасының философиясы мүлде өзгеше пародигманы қажет етуде. Мұнда білім беру үлгісі, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, мынандай міндеттерден түзіледі. Оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, іскерлік саналарын, өз бетінше әрекетшілідігін, коммуникативтілігін, әлеументтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-амадгершілік, экологиялық, дене шынықтыру мәдениетін т.б. қалыптастыру және дамыту.

Бүгінгі таңда оқушылар алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интерент желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан мұғалім оқушылармен нағыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-оқушының ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйрету тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын оқушылардың санасына сіңіріп, тәрбиелеу-әр мұғалімнің міндеті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби "Әлеуметтік этикалық трактаттарында" былай дейді: "Тәрбиелеу дегеніміз-халықтың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту." Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан, болашақ мамандарға этикалық, эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндетіне айналуы тиіс.

Тәуелсіз Қазақстанда өркениетті дамуының азаматтық парызының алатын арқауы-қазақ жепіндегі татулық пен имандылық. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілі-Қазақстандағы ұлт қкілдерін топтастырушы тіл, үлкен фактор. Қазақстан Республикасы Елбасының 2001 жылғы 7 ақпанындағы, № 550 бұйырық "Тілдерді қолдану мен табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі, қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытуды толыққанды, жүйесінің тұрақта қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен санасына көңіл бөлу керек" деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты осындай. Қазақ тіілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенеміз.

Қазақ халқы-шынында ақын халық, әнші халық, жыршы халық, тіл байлығы мол халық. Өмір сүрген адамның асқақ арманы, жастық мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, сұлу назы, терең мұны, ыстық сағынышы, көркем сөзі шебер тілмен тізілген. Түркі Қағанатының, Алтын Орда заманындағы үстем тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең өзін, даналық толғамын, бірін-бірі нұрландыратын нәрлі тіл-қазақтың баба тілі, қақатың ана тілі.

Еліміз шынайы бостандық алып, қазақ тілінің мәртебесі арта түскен қазіргі шақта осы тілді басқа ұлтқа үйретуші ұстаздардың шәкірт алдындағы жауапкершілігі де күшейе түсті. Әрине, орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың толып жатқан қиындықтары бар екенін, осы іске ат салысып жүрген әріптестерім де жақсы біледі. Осындай қиындықтарға қарамастан мен өзім сүйетін, бұл жауапкершілігі де, мазмұны да үлкен пейілді барынша қызғылықты да тартымды оқытуға тырысамын. Орыс аудиториясындағы мұғалімдерге қазақ тілін сан қилы методикалық амалдар мен әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Әсіресе, қазақ тілінде 9 әріпті, септік жалғауының артықшылығын, екпін түсіру ерекшеліктерін үйретудің қиындығы, қазақ тіліне тән шешендік сөздерді орыс тіліне аударуға байланысты туындайтын қайшылықтар қазақ тілі маманын көптеген мәселелерді өзінше ойланып, шешуін қажет етеді. Міне, өз сабақтарымда әркез қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың айтылуына басты назар аударамын. Сонымен бірге дыбыстардың жуан, жіңішке, қатаң, ұяң, үнді тағы басқа болып бөлінуін тілдегі үндестік (сингармонизм) заңдарымен ұштастыра оқыту керек. Дыбыстардың үндесу заңдарын үйрету-қазақ сөздердің өзара байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құру мүмкін емес. Осы қиындықтарды жеңіп, оқу процесінде шәкірттерге дұрыс бағдар, бағыт бере білу-ұстаздың тәжірибелігінен, оның өз пәніне деген ықыласын, ой өрісінің кеңділігін көрсетеді. Орыс аудиторияында қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер.

1. Сұрақ-жауап әдісі. Сабақта осы әдісті жиі қолдана отырып, шәкірттердің қазақша ойлау жүйесін дамытуға болады.

2. Суретті пайдалану. Оқушыларды сурет арқылы сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Әсіресе, әр тақырып бойынша іріктеліп жиналған, тақырыптық топтама суреттердің берері мол.

3. Аударма. Екі тілде де сөйлемді және жан-жақты үйрететін пайдалы әдіс.

4. Сөзді және сөйлемді толықтыру. Сөздерді құрап айту, әрбір сөздің орысша, қазақша мағынасын түсіндіру, тақтаға және дәптерге қазақша жазуды үйрету ең қиын да күрделі жұмыс. Сөйлем құрау және сөзді толықтыру әдісін білген ұстаз қазақ тілін тез үйрете алады.

5. Мәтін бойынша сабақ өту әдісі. Бұл әдісті қолдану оңай емес. Себебі мұғалім қос тілде де жақсы сөйлеп, әрі түсіндіре білу керек. Қазақ тілін жақсы түсіндіре алғанмен, орыс тіілн жөнді сөйлей алмаса, мәтінмен де жұмыс істеу қиын.

6. Қайталау. Тіл үйретудің негізгі шарты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп, жаттықтыра беру.

7. Сөздікпен жұмыс істеу. Сөздік жұмысы оқушылардың қазақша сөздік қорын көбейтіп, ой-өрісін кеңейтеді.

8. Жаттығу әдісі. Оқушыларға тіл үйретудің тиімді әдістерінің бірі. Жаттығу жазбаша және ауызша өткізіледі.

9. Мәнерлеп оқыту. Сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқытуға білу-қазақ тілін меңгеруге септігін тигізері сөзсіз.

10. Әңгімелесу. Екі тілде әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету, оқушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

11. Сабақты қызықты түсіндіріп өту. Көрнекті құралдары орынды пайдаланып, түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақты барынша қызғылықты өтуге тырысу керек. Мұғалім-бұл кәсіпкер, ол әрбір педагогикалық мәселелерді шеше алатын қабілеті бар адам. Білімнің негізгі мақсаты әмбебап, еркін шығармашылықты жеке адам қалыптастыру. Осындай ерекшеліктері бар мұғалім ғана, осы мақсатқа жете алады.


Әдебиеттер:

1. Мемлекеттік тілді жобалау әдісімен оқыту әдістемесі /Монография.-Алматы, 2007.-120 б.

2. Қазақ тілі для школ с русским языком обучения /Учебник для 4 класса 12-летней общеобразовательной школы-Алматы: Алматыкітап 2006.-164 с., илл. (Т.Ермековамен авторлық бірлестікте).

3. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілілн оқытудың кейбір мәселелері //Оқытушылардың, аспиранттардың және ізденушілердің ғылыми мақалаларының жинағы.-Алматы: КазМемҚызПИ, 1998.-204-201 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ма?ала. ?аза? тілін ?йрету м?селері.

Автор: Суттибаева Гульжахан Ибрагимовна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289453


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства