kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МА?ЖАН - А?ЫН, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ

Нажмите, чтобы узнать подробности

МА?ЖАН-А?ЫН,ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ ?ара??л Мейрамк?л Байболат?ызы И.?бдік?рімов атында?ы ?ызылорда аграрлы? техникалы? колледжіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? о?ытушысы Поэзия ?лемінде айры?ша із ?алдыр?ан,?зіндік ?лкен ?нер,?рнек тудыр?ан,тере? сыр?а,?ш?ыр ?иял?а толы ?ле? д?ниесін кейінгіге аманат етіп ?алдыр?ан а?ын- Ма?жан Ж?мабаев.Ол -?лы а?ын ?анаемес,?аза?- ты? ?лы педагогтарыны? бірі.О?ан оны? педагогика саласында?ые?бек- тері мен д?рістері д?лел.1922 жылы Орынборда басылып шы??ан «Педагогика» атты е? ?лкен ?ылыми е?бегіара?а жетпіс жыл салып,1992 жылы бас?а шы?армаларымен ?атар жары? к?рді.Аталмыш кітабы т?гелдей дерлік психология м?селелерін с?з етеді.Ша?ын е?бекті? 17 тарауыны? 13 тарауы тікелей психология м?селелеріне арнал?ан. М.Ж?мабаевты? осы кітабында?ы психологиялы? ой-т?йіндеріні? негізгі ар?ауы-адам жаны.Ол «...адам баласын т?рбие ?ылу дегенде,?рине,адам баласыны? ,?сіресе, жанын т?рбие ?ылу керек. Д?ниеде те?із тере? емес,адамны? жаны тере?...»,-деп ой т?йеді.Б?л е?бекті а?ын бала -ларды,жастарды т?рбиелеу ісіне аса ?атты м?н беріп жаз?ан.Ескі ?аза? т?рмысынан,?дет-??рпынан нені алу?а болады,оны жа?а заман т?ртібімен ?алай ?штастыру керек, негізгі классикалы? педагогиканы? ?а?идаларын ?алай ?абылдап,бой?а сі?іру ?ажет деген сия?ты м?селелерді Ма?жан аса биік зерттеушілік ?абілетпен шешеді.[5] Жан к?ріністерін білу яки а?ыл,сезім,я?ни к??іл,??м ?айрат к?рініс -тері дейтін ?ш тарма??а б?ле келіп,оларды? ?зара таби?и ?йлесімі туралы тере?інен с?з ?оз?айды.Оны? бала зейінін т?рбиелеу ж?ніндегі айт?андары ?ыс?а да болса н?с?а.Автор ш?кірттерде зейін даму ?шін ?серді? к?шті,жеке,жа?а болуын,жа?а алын?ан білім мен ескі білімні? байланысуын ж?не оны? болаша? ?серге даярлану есебінде болуын талап ете отырып о?у ж?йесіні? саба?тасты?ына м??ият зер салады.адам зейінін ерікті,еріксіз,табансыз,ішкі,сырт?ы деп жіктейді.Баланы т?рбиелеу оны? жас ерекшелі- гіне т?уелді болатынды?ын айтады.А?ын ?иялды еріксіз ж?не ерікті деп екіге б?леді.Бала фантазиясыны? таби?атына ерекше к??іл ?ойып,оны ?ркендетудегі ертегі,бала ойындары мен ойыншы?тарды? р?ліне то?талады.[3] Ма?жан сол кез ?шін де,б?гінде ?з ??нын жойма?ан о?ытуды? принциптеріне ерекше к??іл б?леді. Белгілі бір та?ырыпты т?сіндіргенде ?ткен та?ырыппен байланысты салыстырмалы о?ытуды? берері молды?ын д?лелдейді. «Бір н?рсені бала?а ашы? ??тырма?шы болса?,сол н?рсені? ?зін алып кеп к?рсет.?ажет бол?ан жа?дайда суретін салып немесе балшы?тан сол н?рсені? ?зін жасау керек»,-дейді. ?орша?ан ортамен,?мірмен,б?гінгі керемет,?р т?рлі жа?алы?тармен байланыстыра о?ытуды б?гінгі дидактикада да талап етеді.Шы?арманы шы?армашылы?пен о?и ал?ан ?рі эстетикалы? талдау?а ?йренген о?ушы кез-к елген тапсырмаларды орындай алады.Тек о?ушыларды? о?у?а ?ызы?ушылы?ын арттыру басты назарда бол?аны д?рыс.Ол ж?нінде Ма?жан: «Баламен баланы? тілінде с?йлей отырып о?ан ?ылымны? ?р саласынан т?сініктеме бере отырып о?ыту керек.П?нді о?ытуда жа?алы? болмаса,саба? о?ушы?а ?ызы?сыз болады.Балалар?а о?улы?та?ы білім аз.О?ан ?зі білмейтінін білуге ?ызы?атын білім керек.Сонды?тан да м??алім жан-жа?ты,?р ?ылым саласынан т?сінігі бар адам болу керек» дегенді ал?а тартады. ?зіні? «Педагогикасында» Ма?жан ?лкен-кішіні? б?рін ізгілікке, адамгершілікке ша?ырады. «С?лулы? сезімдері» атты б?лімде:«Адам тек ?ана сырт с?лулы?ымен ?ана емес,ішкі с?лулы?ымен де с?йкімді болуы керек»,-дейді.Сонды?тан ?н-музыка, сурет, поэзияны? орны ерекше екендігін айтады. «Т?рбиешіні? міндеті-балада искусствоны? ?андай т?ріне ынта бар екенін тауып,сол ынтасын,сол т?р ту?ызатын с?лулы? сезімдерін ?ркендету. Баланы? ма?айында?ы адамдарды? ж?ріс-т?рыстары да ?депті,с?лу болу?а тиісті.С?лу дене,с?лу ?оз?алысты к?ріп ?скен баланы? денесі де,?оз?алысы да с?лу болады.Т?рлі музыка ??рал -дарыны? ?ндерін ты?дасын,сурет салып ?йренсін.?н салып,музыка ??ралдарында ойнап ?йренсін»,-дейді .Ма?жан педагогикасыны? ??нды- лы?ы осында.Бала ?мірі ?шін ертегіні? ма?ызы ерекше екендігі ж?нінде «Бала ертегіні жан-т?німен ты?дайды.Ертегіге шын к??ілімен нанады. Бала??р?а? а?ылды ??пайды,жандандырып,суреттеп алып келсе? ??ады.Егер сен бала?а ?тірікші туралы ертегі айтса?,сол ертегіде ?тірікшіні? ?тірігі ?шін ?ор бол?анын,зиян к?ргенін суреттеп алып келсе?,бала ?тірік айтпау керек екендігін сонда ??ады»,-дейді.[1] «...?р т?рбиешіні? ?олданатын жолы-?лт т?рбиесі.?рбір ?лтты? бала т?рбиелеу туралы ескіден келе жат?ан жеке-жеке жолы бар.?лт т?рбиесін бая?ыдан бері сыналып,к?п буын ?олданып келе жат?ан та?та? жол бол?анды?тан,?рбір т?рбиеші с?з жо?,?лт т?рбиесімен таныс болу?а тиісті.?рбір ?лтты? баласы ?з ?лтыны? арасында,?з ?лты ?шін ?ызмет ?ылатын бол?анды?тан...»,- дейді ?лт ?стазы. ?лы а?ынны? методикалы? е?бектері де психологиялы? жа?ынан ерекше к??іл аударарлы?. «?аза?ты? та?дыры,келешекте ел болуы да мектебіні? ?андай негізге ??рылуына барып тіреледі.Мектебімізді таза,сау,берік,??м ?з жанымыз?а ?абысатын,?йлесетін негізге ??ра білсек,келешегіміз ?шін тайынбай- а? серттесуге болады.Сондай негізге ??ра алмаса?,келешегіміз к??гірт...»,- дей отырып ?лт болаша?ына ала?дайды. «Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескеретін іс- со??ы кезде со?ыр еліктеу ауруы бізді? жанымыз?а сі?іп барады.Елімізді? саяси ынтыма?ы ??м шаруашылы? т?рмысын жа?а жол?а ?ойма?шы бол?анда да біз еліктеу ауданында ж?рміз.?аза? жанын ?айшылап отырып жат ?алып?а салма?шымыз.Жат ?алыпты ?аза? жанына ?абыстыру, яки жа?а ?алып жасау т?жірибесіне кірісуіміз ?арадай ?ор?ытады.Мектебімізге негіз сал?анда біз та?ы осы жол?а т?сіп кетпесек игі болар еді...Ке? ?аза? мектебіне негіз іздегенде ,таза п?н к?зінен ,я?ни мектеп ??рылысыны? ?аза? жанына ?абысуы жа?ынан келу д?рыс болар еді деген ой »,-деп жазады М.Ж?мабаев ?зіні? «Жазылаша? о?у ??ралдары ??м мектебіміз» атты ма?аласында.[4] Педагогикалы? о?ыту технологиясы алдына ?ой?ан ма?сат?а жету ?шін педагогикалы? процеске ?атысушылар:м??алім мен о?ушы ?арым-?атынасында іс-?рекет ететін,н?тижесін,?абілеттерін ж?зеге асыру ж?не оларды уа?ыт талабына с?йкестендіруге ба?ытталатын іс-?рекет.[7] М.Ж?мабаев педагогиканы,методиканы психологиясыз, я?ни ш?кірттерді? жан-ж?йесі ерекшеліктерін ескермейінше,о?у-т?рбие процесіні? д?рменсіз болатынды?ын ерекше ескертеді. Педагогикалы? о?ыту технологиялары Тиімділігі М.Ж?мабаевты? психологиялы? пікірлері Білім беруді ізгілендіру (Амоношвили Ш.А. Коваленко В.Г.) О?ушыларды? психологиялы? ерекшеліктеріне сай ойлау,с?йлеу ?абілеттері дамиды. Ізгі ой,ізгі іс адамда жа?ымды сезім ту?ызады.Адам?а ?алай да болса,?ашан да болса пайда келтіретін ой ??м ізгілік деп аталады. Сезім ?серленуін ілгерілете отырып,баланы? жаны кетік болмай б?тін болсын десе,т?рбиеші баланы ?ннен,жырдан,музыкадан ?ашырмасын . Ойын ар?ылы о?ыту (Самоскина Н.В.) О?ушы бойында п?нге ?ызы?ушылы?ын арттырады Баланы? ?иялы ?сіресе,ойында жары??а шы?ады.Ойын-бала?а к?дімгідей бір ж?мыс.Ойна?анда бала ?серлерімен б?ліседі. Бала іскер болсын десе?,бала?а ?серді жа?алап беру керек,Бір саба?ты? ?зін де т?рлендіріп беруге болады. Проблемалы? о?ыту (Оконь В.) О?ушыны? логикалы? ойлау ?абілетін дамытады. Балаларды о?ыт?анда ?арсылы? ассоциациясы ны? к?п пайдасы тиеді.Бір н?рсені бала?а ашы? ??тырма?шы болса?,сол н?рсені? ?арама- ?арсысын алып кел.Жер ортасыны? ысты?ын т?сіндірмекші болса?,солт?стікті? суы?ымен салыстыр. Де?гейлік саралап о?ыту (Беспалько В.П.) ?рбір о?ушы ?зіні? даму де?гейінде о?у материалын ме?геруін ?амтамасыз етеді. Бала?а білім бергенде жа?ыннан алыс?а,таныстан жат?а к?шіп,жа?а білімді ескі білімге байлап беру керек. Дамыта о?ыту (Давыдов В.В, Занков Л.В.) Баланы? а?ыл-ойыны? ?рістеуі жеделдейді. Т?рбиеші баланы? ойын жетектемесе,бала ??ымды теріс жасау?а,?ате ой шы?ару?а ?йреніп кетеді. Бала пікірді суреттеуді ?зі шы?арып алсын, же?ілден ауыр?а к?шуді,мысалдан ереже-за? шы?артып ?йрету керек. Модульдік технология (Жанпейісова Ж.М.) О?ушыны? танымды? ?абілетін дамыту ар?ылы о?у белсенділігін арттыру Бір н?рсені бала есіне тез алсын ??м есінде ?за? ?стасын десе,бала?а жа?а беретін білімді жат к?йінше бермесін,баланы? б?рын?ы таныс білімдеріне байлап берсін. А?паратты? коммуникативтік технология О?ытушы мен о?ушыны? уа?ытын ?немдеу Бала бас?а сырт?ы сезім ??ралдарына ?ара?анда к?зді к?п ж?мсайды.Бала?а не ?йретсе? де к?рсетіп ?йрету керек екендігі осыдан. «Жас бала – жас бір шыбы?,жас к?нде ?ай т?рде иіп тастаса?, есейгенде сол иілген к?йінде ?атып ?алма?. Теріс иіліп ?ал?ан шыбы?ты артынант?зеймін десе?,сындырып аласы?» -деген ??нарлы ой айт?ан М.Ж?мабаев – педагогиканы жан сырыны? за?дылы?тарын зерттейтін психологиямен астастыра байланыстыр?ан т???ыш ?аза? ойшылы.[6] ?аза? жаны бар кезде,?аза? ?ні бар кезде,?аза? тілі бар кезде,?аза? елі бар кезде Ма?жандай азаматтар ?мытылмайды, а?ынны? асыл с?зі,ас?а? рухы хал?ымен м??гі жасайды. Т?йіндеме Ма?алада М.Ж?мабаевтв? педагогикалы?,психологиялы? пікірлеріне то?тал?ан. О?ытуды? ?азіргі технологияларыны? т?рлері,ма?сатын саралай келе,М.Ж?мабаевты? пікірлерімен салыстыра отырып кестеге т?сіріліп берілген. Пайдалан?ан ?дебиеттер: 1.«?аза? тілі мен ?дебиеті» ?ылыми-педагогикалы?, 1997 жыл,№9-10 ?дістемелік журналы 2. «?аза? ?дебиеті» газеті 1992 жыл 21.08. 3. «Мектептегі психология» ?ылыми- ?дістемелік журналы 2013 жыл,№ 2 4. М.Ж?мабаев Шы?армалар Алматы, «Жазушы»,1998 ж. 5.М.Ж?мабаев Шы?армалар Алматы, «Білім»,1995 ж. 6.М.Ж?мабаев Шы?армалар Алматы, «Жазушы»,2013 ж. 7.Педагогикалы? ізденіс Алматы «Рауан» ,1990 ж.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МА?ЖАН - А?ЫН, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ »

МАҒЖАН-АҚЫН,ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ

Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған,өзіндік үлкен өнер,өрнек тудырған,терең сырға,ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын- Мағжан Жұмабаев.Ол -ұлы ақын ғанаемес,қазақ- тың ұлы педагогтарының бірі.Оған оның педагогика саласындағыеңбек- тері мен дәрістері дәлел.1922 жылы Орынборда басылып шыққан «Педагогика» атты ең үлкен ғылыми еңбегіараға жетпіс жыл салып,1992 жылы басқа шығармаларымен қатар жарық көрді.Аталмыш кітабы түгелдей дерлік психология мәселелерін сөз етеді.Шағын еңбектің 17 тарауының 13 тарауы тікелей психология мәселелеріне арналған. М.Жұмабаевтың осы кітабындағы психологиялық ой-түйіндерінің негізгі арқауы-адам жаны.Ол «...адам баласын тәрбие қылу дегенде,әрине,адам баласының ,әсіресе, жанын тәрбие қылу керек. Дүниеде теңіз терең емес,адамның жаны терең...»,-деп ой түйеді.Бұл еңбекті ақын бала -ларды,жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған.Ескі қазақ тұрмысынан,әдет-ғұрпынан нені алуға болады,оны жаңа заман тәртібімен қалай ұштастыру керек, негізгі классикалық педагогиканың қағидаларын қалай қабылдап,бойға сіңіру қажет деген сияқты мәселелерді Мағжан аса биік зерттеушілік қабілетпен шешеді.[5]

Жан көріністерін білу яки ақыл,сезім,яғни көңіл,һәм қайрат көрініс -тері дейтін үш тармаққа бөле келіп,олардың өзара табиғи үйлесімі туралы тереңінен сөз қозғайды.Оның бала зейінін тәрбиелеу жөніндегі айтқандары қысқа да болса нұсқа.Автор шәкірттерде зейін даму үшін әсердің күшті,жеке,жаңа болуын,жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады.адам зейінін ерікті,еріксіз,табансыз,ішкі,сыртқы деп жіктейді.Баланы тәрбиелеу оның жас ерекшелі- гіне тәуелді болатындығын айтады.Ақын қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі.Бала фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып,оны өркендетудегі ертегі,бала ойындары мен ойыншықтардың рөліне тоқталады.[3]

Мағжан сол кез үшін де,бүгінде өз құнын жоймаған оқытудың принциптеріне ерекше көңіл бөледі. Белгілі бір тақырыпты түсіндіргенде өткен тақырыппен байланысты салыстырмалы оқытудың берері молдығын дәлелдейді. «Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң,сол нәрсенің өзін алып кеп көрсет.Қажет болған жағдайда суретін салып немесе балшықтан сол нәрсенің өзін жасау керек»,-дейді. Қоршаған ортамен,өмірмен,бүгінгі керемет,әр түрлі жаңалықтармен байланыстыра оқытуды бүгінгі дидактикада да талап етеді.Шығарманы шығармашылықпен оқи алған әрі эстетикалық талдауға үйренген оқушы кез-к елген тапсырмаларды орындай алады.Тек оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру басты назарда болғаны дұрыс.Ол жөнінде Мағжан: «Баламен баланың тілінде сөйлей отырып оған ғылымның әр саласынан түсініктеме бере отырып оқыту керек.Пәнді оқытуда жаңалық болмаса,сабақ оқушыға қызықсыз болады.Балаларға оқулықтағы білім аз.Оған өзі білмейтінін білуге қызығатын білім керек.Сондықтан да мұғалім жан-жақты,әр ғылым саласынан түсінігі бар адам болу керек» дегенді алға тартады.

Өзінің «Педагогикасында» Мағжан үлкен-кішінің бәрін ізгілікке, адамгершілікке шақырады. «Сұлулық сезімдері» атты бөлімде:«Адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес,ішкі сұлулығымен де сүйкімді болуы керек»,-дейді.Сондықтан ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екендігін айтады. «Тәрбиешінің міндеті-балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып,сол ынтасын,сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті,сұлу болуға тиісті.Сұлу дене,сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де,қозғалысы да сұлу болады.Түрлі музыка құрал -дарының үндерін тыңдасын,сурет салып үйренсін.Ән салып,музыка құралдарында ойнап үйренсін»,-дейді .Мағжан педагогикасының құнды- лығы осында.Бала өмірі үшін ертегінің маңызы ерекше екендігі жөнінде «Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.Ертегіге шын көңілімен нанады. Балақұрғақ ақылды ұқпайды,жандандырып,суреттеп алып келсең ұғады.Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң,сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын,зиян көргенін суреттеп алып келсең,бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады»,-дейді.[1]

«...Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі.Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып,көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,әрбір тәрбиеші сөз жоқ,ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті.Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында,өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан...»,- дейді ұлт ұстазы.

Ұлы ақынның методикалық еңбектері де психологиялық жағынан ерекше көңіл аударарлық.

«Қазақтың тағдыры,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.Мектебімізді таза,сау,берік,һәм өз жанымызға қабысатын,үйлесетін негізге құра білсек,келешегіміз үшін тайынбай- ақ серттесуге болады.Сондай негізге құра алмасақ,келешегіміз күңгірт...»,- дей отырып ұлт болашағына алаңдайды. «Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескеретін іс- соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады.Еліміздің саяси ынтымағы һәм шаруашылық тұрмысын жаңа жолға қоймақшы болғанда да біз еліктеу ауданында жүрміз.Қазақ жанын қайшылап отырып жат қалыпқа салмақшымыз.Жат қалыпты қазақ жанына қабыстыру, яки жаңа қалып жасау тәжірибесіне кірісуіміз қарадай қорқытады.Мектебімізге негіз салғанда біз тағы осы жолға түсіп кетпесек игі болар еді...Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде ,таза пән көзінен ,яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді деген ой »,-деп жазады М.Жұмабаев өзінің «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» атты мақаласында.[4]

Педагогикалық оқыту технологиясы алдына қойған мақсатқа жету үшін педагогикалық процеске қатысушылар:мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында іс-әрекет ететін,нәтижесін,қабілеттерін жүзеге асыру және оларды уақыт талабына сәйкестендіруге бағытталатын іс-әрекет.[7] М.Жұмабаев педагогиканы,методиканы психологиясыз, яғни шәкірттердің жан-жүйесі ерекшеліктерін ескермейінше,оқу-тәрбие процесінің дәрменсіз болатындығын ерекше ескертеді.

Педагогикалық оқыту технологиялары

Тиімділігі

М.Жұмабаевтың психологиялық пікірлері

Білім беруді ізгілендіру (Амоношвили Ш.А.

Коваленко В.Г.)

Оқушылардың

психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды.

Ізгі ой,ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.Адамға қалай да болса,қашан да болса пайда келтіретін ой һәм ізгілік деп аталады.

Сезім әсерленуін ілгерілете отырып,баланың жаны кетік болмай бүтін болсын десе,тәрбиеші баланы әннен,жырдан,музыкадан қашырмасын .

Ойын арқылы оқыту (Самоскина Н.В.)

Оқушы бойында пәнге қызығушылығын арттырады

Баланың қиялы әсіресе,ойында жарыққа шығады.Ойын-балаға кәдімгідей бір жұмыс.Ойнағанда бала әсерлерімен бөліседі.

Бала іскер болсын десең,балаға әсерді жаңалап беру керек,Бір сабақтың өзін де түрлендіріп беруге болады.

Проблемалық оқыту (Оконь В.)

Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясы ның көп пайдасы тиеді.Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң,сол нәрсенің қарама- қарсысын алып кел.Жер ортасының ыстығын түсіндірмекші болсаң,солтүстіктің суығымен салыстыр.

Деңгейлік саралап оқыту

(Беспалько В.П.)

Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Балаға білім бергенде жақыннан алысқа,таныстан жатқа көшіп,жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек.

Дамыта оқыту (Давыдов В.В,

Занков Л.В.)

Баланың ақыл-ойының өрістеуі жеделдейді.

Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе,бала ұғымды теріс жасауға,қате ой шығаруға үйреніп кетеді.

Бала пікірді суреттеуді өзі шығарып алсын, жеңілден ауырға көшуді,мысалдан ереже-заң шығартып үйрету керек.

Модульдік технология (Жанпейісова Ж.М.)

Оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы оқу белсенділігін арттыру

Бір нәрсені бала есіне тез алсын һәм есінде ұзақ ұстасын десе,балаға жаңа беретін білімді жат күйінше бермесін,баланың бұрынғы таныс білімдеріне байлап берсін.

Ақпараттық коммуникативтік технология

Оқытушы мен оқушының уақытын үнемдеу

Бала басқа сыртқы сезім құралдарына қарағанда көзді көп жұмсайды.Балаға не үйретсең де көрсетіп үйрету керек екендігі осыдан.

«Жас бала – жас бір шыбық,жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынантүзеймін десең,сындырып аласың» -деген құнарлы ой айтқан М.Жұмабаев – педагогиканы жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психологиямен астастыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы.[6]

Қазақ жаны бар кезде,қазақ әні бар кезде,қазақ тілі бар кезде,қазақ елі бар кезде Мағжандай азаматтар ұмытылмайды, ақынның асыл сөзі,асқақ рухы халқымен мәңгі жасайды.


Түйіндеме

Мақалада М.Жұмабаевтвң педагогикалық,психологиялық пікірлеріне тоқталған. Оқытудың қазіргі технологияларының түрлері,мақсатын саралай келе,М.Жұмабаевтың пікірлерімен салыстыра отырып кестеге түсіріліп берілген.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-педагогикалық, 1997 жыл,№9-10

әдістемелік журналы

2. «Қазақ әдебиеті» газеті 1992 жыл 21.08.

3. «Мектептегі психология» ғылыми-

әдістемелік журналы 2013 жыл,№ 2

4. М.Жұмабаев Шығармалар Алматы, «Жазушы»,1998 ж.

5.М.Жұмабаев Шығармалар Алматы, «Білім»,1995 ж.

6.М.Жұмабаев Шығармалар Алматы, «Жазушы»,2013 ж.

7.Педагогикалық ізденіс Алматы «Рауан» ,1990 ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
МА?ЖАН - А?ЫН, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ

Автор: ?ара??л Мейрамк?л Байболат?ызы

Дата: 26.12.2014

Номер свидетельства: 148239


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства