kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Ма?атаев « А??улар ?йы?та?анда»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

     

?орытынды: Асыл с?з маржандарды ?асырдан-?асыр?а м??гілік жасай бермек. Оны о?ып, та?ыр?аудан, к?кірекке то?удан жалы?пайды.

      « Елінні? ?лы болса?, еліне жаны? ашыса, азатты? намысы? болса, ?аза?ты? ?лытты? жал?ыз мемлекетті? ны?айып-к?ркеюі жолында жан терінді сы?ып ж?ріп е?бек ет. Жерді?де, елді? иесі ?зі? екені?ді ?мытпа!»- деп Н.Назарбаевты? с?зі мен ая?таймыз.

 

 

М.Ма?атаев « А??улар ?йы?та?анда»

 

Ма?саты:   О?ушыларды? ?з ойын д?рыс т?жырымдап, д?лел мен жеткізе                                                                                     

                     Білуге, еркін с?йлеуге да?дыландыру, теориялы? білімдерін  

                     практикада ?штастыру.

 

 

 

 

 

 

 

К?рнекі ??рал: А?ын суреттері, слайд, кітап к?рмесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

                  

                 

 

 

 

   Перде ашылып, Жетімк?лді? суреті к?рінеді. Сахнада-?асиет (к?гілдір не а? т?сті капрон жамыл?ысы бар к?йлек киген). Музыка ойнап т?рады. Жетімк?лді? ?ызы?ына ?уан?ан ?асиет ж?гіріп ?айы?дарды аялайды, жерге отыра ?алып ш?птермен орамалды желпиді. Сахна?а ?айта ж?гіріп барып, келе жат?андарды ты?дайды.

   Сахна?а бір ?л мен бір ?ыз шы?ады. Жетімк?лге ?арай ж?гіріп барып, біріне-бірі су шашысады. Сол кезде алдарынан ?асиет ?шып ?теді. ?ызбен ?л сахнаны? екі б?рышына ?арай аяндайды.

 

Айгерім:

?зен жо? сима?ан арнасына,

Жыл?а да жо? даламен жал?асу?а.

Тастан т?н?ан жа?бырды? тамшысындай,

?алай біткен мына к?л тау басына?!

М?лдірейді, ?арайды ?ар?а, шы??а,

Жал?ызды?тан жаманды? барма, сіра!

 

(5-6 ?ыз бен жігіт Жетімк?лді? ?асына келіп ??гімелескендей, біреулері ойланып, к?рерменге ?арап отырады.)

 

Азамат:

?анша ?асыр ?тті екен, ?анша заман

?анша ?рпа? кетті екен, ?анша адам

?анша шырша ?сті екен, ??лады екен

Жетімк?лге ?араудан шаршама?ан

Жетімк?лден су ішкен ?анша марал,

?анша киік?алды екен сай-салада

?анатынан ?зіліп ?н-самалы,

?аншама а??у кетті екен-а?са?ан ?н

 

Бекзат:

Ортайма?ан Жетімк?л, толма?ан да,

Бол?ан ?мір ??сайды болма?ан?а.

Сызатта жо? бетінде, сыза? та жо?,

Айдынына а??уы ?онба?ан ба!

Сорлан?ан ??сайды, сорлан?ан?а,

Ш?регейлер айдынын ?орла?анда,

К?к??тандар ?анатын ?омда?анда...

 

Алтынай:

Беу, д?ние- ай, а??улар орал?анда,

Айдын к?лді? иесі жол ал?анда.

Жетісіп бір Жетімк?л?алушы еді-ау,

Тынушы еді-ау тенселген ?ара орман да.

Таян?анда а??улар ?онар ма??а,

Басушы еді-ау байызын бар арман да.

 

 

 

 

Данияр:

?анатынан а??уды? балапандап,

?н ?шатын сымпылдап та? атарда.

«С?йінші бер» дегендей бір толысып,

Сыбырлайтын Жетімк?л Алатау?а.

Тына ?алып б?лб?л да жа?а-талда,

?арайт??ын айдын?а, а? отау?а.

 

(Музыка: Н.Тілендиев. «А??у.»)

 

Айгерім:

Та? мен к?нні? арасы таян?анда,

Тауды?басы алаумен боял?анда.

Тірілетін тауда?ы бар тіршілік,,

?анатынан а??уды? оян?ан ба!

 

(Шам с?ніп, музыкамен сахна?а 8 а??у шы?ады.А??у биін бейлейді.)

 

Азамат:

К?мейінде т?тті ?ні былай ?алып,

Жа?а-талда жас б?лб?л т?р ойланып.

Жеті а??улар

Т?гендеп Жетімк?лін,

Жа?алауда ?шып ж?р айналып.

 

(Бірден к?лге ?онбайды ??лай барып.)

 

Айгерім:

Сондайт??ын а??улар, сондайт??ын,

Асы?ысты? оларда болмайт??ын.

?ома?ай к?к??тандар секілденіп,

Жалп беріп, жа?а?а олар ?онбайт??ын.

Сондайт??ын а??улар, сондайт??ын,

А? м?сін айдын?а кеп орнайт??ын.

 

( А??улар ?асиетке барып та?зыметеді. ?асиет ?сем ?имылымен ( капрон) ?анатын (екі ?олын) жайып, а??уларды? ортасынан ?тіп, Жетімк?л жа??а жылжиды. А??улар артынан ереді.)

   Перде жабылады.

1 ?ыз бен 1 жігіт е? ал?аш?ы орнынан ( авансцена?а) – сахынаны? екі б?рышына келіп т?рады.

 

Айжан:

?лдилеп а? т?сіне бермей тыным,

А? айды? а? м?сін тербейт??ын.

Б?л к?лге мылты? ал?ан саятшы емес,

Тірі жан ая? басып келмейт??ын.

А??улар аман-есен ?айт?аныша.

Суына Жетімк?лді? ш?лдейт??ын.

 

 

 

Берік:

?рпа?тан ?рпа? алып жалы?пастан,

Сондай бір д?ст?р бар-ды ?алыптас?ан.

Заманнан заман ?ткен, жа?ар?ан жа?а ж?рт,

А??уын айдын к?лді? налытпастан.

Д?ст?рін аттама?ан, аны? бас?ан,

Сондай бір д?ст?р бар-ды жары? шаш?ан,

Бір ?рпа? бір ?рпа??а алып ?аш?ан.

 

Алия (м??айып):

?айсыбір  ?иын ?ыстау-ай, к?ндерде,

Шойыртылып т?ссе да?ы ?ай?ым белге,

Ала?сыз а??уымды атпасын деп,

Жат?а да дастар?анды жайдым т?рге,

А??улар ?йы?та?анда айды? к?лде...

 

Мардан (к?рсініп):

... Оралмады,а??улар осы ма??а,

Жыладар ?тті бай??стар шошын?ан ба

Жетімк?л жетімсіреп ?ала берді,

Арман-ай, а??уымен ?осылар ма!

                                                          

                                                        2-к?рініс

Музыка. Т?леген Момбековты? «?осбасары), «Салтанат» к?йлері жаймен орындалады. (?йді? іші. Т?секте бала аурып жатыр.)

   ?кесі еденде басын салбыратып отыр. Ана баласыны? басын ?стап ?иналып отыр. Жай басып кіріп-шы?ып ж?рген кісілер. Т?уіп шал келіп, баланы? тамырын ?стайды. Бірнеше кісі м??айып отыр.

   Т?уіп шал: А??умен аласта?дар ( шы?ып кетеді).

 

С?кен:

Бала жатыр т?секте албыра?ан

?ке жатыр еденде, ?алжыра?ан.

Т?н к?зетіп ана отыр, ?ос жанары

Шарасыздан шарша?ан, жаудыра?ан.

Т?ні мынау-маужыра?ан,

Тауы? анау-шымылды? салбыра?ан.

 

Мадина:

Бала жатыр т?секте к?йіп-жанып,

Баласыны? ана отыр к?йіп ба?ып.

?айда?ы бір ?атігез, с?р?ай ойлар

Миын ?арып барады.

 

Ана: Сар?ытындай ?лімні? ?ал?ан ?ар?а,

Екеу болса, д?ние-ай, арман бар ма!

 

Бекбол:

Арагідік назарын аударады

Т?рт б?ктеліп еденде ?ал?ан жар?а.

?ауіптеніп т?ндерге, та?дар?а да,

?н шы?армай іш ??са, зарлауда ана.

Шынар:

«Мына к?ндіз, т?уіп шал не деп кетті!

?лде ?тірік, ?лде шын демеп кетті.

«А??уменен баланы аласта?дар»,-

Деді да?ы жаймен ж?неп кетті...»

-Т?рса?шы, таяу ?алды та? ату?а,

-Неткен жансы? санасыз жаратыл?ан

Мана?ы т?уіп шалды? айт?ан с?зі,

?мытылып кетті ме санаты?нан...

Айналайын а??уды? ?анатынан,

?айтеміз-ол да адам?а бола ту?ан.

Жетімк?лге барып ?айт та? жамылып,

Та? ат?анша ?алай да тау?а ілік.

Біреулерді? к?зіне т?сіп ?алып,

Д?рліктірме ж?рты?ды, салма б?лік!

Кім білсін, м?мкін, б?рі жал?ан ?міт...

 

Даурен:

-Апыр-ай, ?алай барам, ?алай барам!

Атармын а??у ??сты ?алай ?ана

Айдыны? а??улар ?йы?та?анда,

?рге мал, ?скен шырша абайла?ан.

Барлы?ы ?асиетке ?арайла?ан,

О? атса ?асиетке ?алай ?алай ?ана

Бармаймын, бара алмаймын, ?алай барам

 

Ана (ашуланып):

-Жал?ыз ?лдан арты? па, жал?ан б?рі,

Балам ?лсе ба?ытты? керегі не!

Топан су басып кетсін ?ал?андарын,

Перзент с?рап, несіне армандады?!

??рсын онсыз сені? жан?ан ба?ы?!

Мылты?ты ?кел!

Атты ерте!

Жал?ан б?рі!

    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Ма?атаев « А??улар ?йы?та?анда» »



М.Мақатаев « Аққулар ұйықтағанда»

Аққуды атуға болмайды

Аққу-киелі құс.






Сабей Гүлзада Матығұлқызы

ОҚО Сарыағаш ауданы

Абавй ауылы №73 Ө.Жәнібеков

Атындағы мектеп-гимназиясы

Кітапханашысы.




























Мақсаты: Оқушылардың өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлел мен жеткізе

Білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру, теориялық білімдерін

практикада ұштастыру.








Көрнекі құрал: Ақын суреттері, слайд, кітап көрмесі.




























Перде ашылып, Жетімкөлдің суреті көрінеді. Сахнада-Қасиет (көгілдір не ақ түсті капрон жамылғысы бар көйлек киген). Музыка ойнап тұрады. Жетімкөлдің қызығына қуанған Қасиет жүгіріп қайыңдарды аялайды, жерге отыра қалып шөптермен орамалды желпиді. Сахнаға қайта жүгіріп барып, келе жатқандарды тыңдайды.

Сахнаға бір ұл мен бір қыз шығады. Жетімкөлге қарай жүгіріп барып, біріне-бірі су шашысады. Сол кезде алдарынан Қасиет ұшып өтеді. Қызбен ұл сахнаның екі бұрышына қарай аяндайды.


Айгерім:

Өзен жоқ симаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Тастан тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық барма, сіра!


(5-6 қыз бен жігіт Жетімкөлдің қасына келіп әңгімелескендей, біреулері ойланып, көрерменге қарап отырады.)


Азамат:

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман

Қанша ұрпақ кетті екен, қанша адам

Қанша шырша өсті екен, құлады екен

Жетімкөлге қараудан шаршамаған

Жетімкөлден су ішкен қанша марал,

Қанша киікқалды екен сай-салада

Қанатынан үзіліп ән-самалы,

Қаншама аққу кетті екен-аңсаған ән


Бекзат:

Ортаймаған Жетімкөл, толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға.

Сызатта жоқ бетінде, сызақ та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба!

Сорланған ұқсайды, сорланғанға,

Шүрегейлер айдынын қорлағанда,

Көкқұтандар қанатын қомдағанда...


Алтынай:

Беу, дүние- ай, аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесі жол алғанда.

Жетісіп бір Жетімкөлқалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау тенселген қара орман да.

Таянғанда аққулар қонар маңға,

Басушы еді-ау байызын бар арман да.





Данияр:

Қанатынан аққудың балапандап,

Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.

«Сүйінші бер» дегендей бір толысып,

Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға.

Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,

Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.


(Музыка: Н.Тілендиев. «Аққу.»)


Айгерім:

Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудыңбасы алаумен боялғанда.

Тірілетін таудағы бар тіршілік,,

Қанатынан аққудың оянған ба!


(Шам сөніп, музыкамен сахнаға 8 аққу шығады.Аққу биін бейлейді.)


Азамат:

Көмейінде тәтті үні былай қалып,

Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып.

Жеті аққулар

Түгендеп Жетімкөлін,

Жағалауда ұшып жүр айналып.


(Бірден көлге қонбайды құлай барып.)


Айгерім:

Сондайтұғын аққулар, сондайтұғын,

Асығыстық оларда болмайтұғын.

Қомағай көкқұтандар секілденіп,

Жалп беріп, жағаға олар қонбайтұғын.

Сондайтұғын аққулар, сондайтұғын,

Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.


( Аққулар Қасиетке барып тағзыметеді. Қасиет әсем қимылымен ( капрон) қанатын (екі қолын) жайып, аққулардың ортасынан өтіп, Жетімкөл жаққа жылжиды. Аққулар артынан ереді.)

Перде жабылады.

1 қыз бен 1 жігіт ең алғашқы орнынан ( авансценаға) – сахынаның екі бұрышына келіп тұрады.


Айжан:

Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,

Ақ айдың ақ мүсін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.

Аққулар аман-есен қайтқаныша.

Суына Жетімкөлдің шөлдейтұғын.




Берік:

Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,

Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.

Заманнан заман өткен, жаңарған жаңа жұрт,

Аққуын айдын көлдің налытпастан.

Дәстүрін аттамаған, анық басқан,

Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,

Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.


Алия (мұңайып):

Қайсыбір қиын қыстау-ай, күндерде,

Шойыртылып түссе дағы қайғым белге,

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да дастарқанды жайдым төрге,

Аққулар ұйықтағанда айдың көлде...


Мардан (күрсініп):

... Оралмады,аққулар осы маңға,

Жыладар өтті байғұстар шошынған ба

Жетімкөл жетімсіреп қала берді,

Арман-ай, аққуымен қосылар ма!

2-көрініс

Музыка. Төлеген Момбековтың «Қосбасары), «Салтанат» күйлері жаймен орындалады. (Үйдің іші. Төсекте бала аурып жатыр.)

Әкесі еденде басын салбыратып отыр. Ана баласының басын ұстап қиналып отыр. Жай басып кіріп-шығып жүрген кісілер. Тәуіп шал келіп, баланың тамырын ұстайды. Бірнеше кісі мұңайып отыр.

Тәуіп шал: Аққумен аластаңдар ( шығып кетеді).


Сәкен:

Бала жатыр төсекте албыраған

әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Түні мынау-маужыраған,

Тауың анау-шымылдық салбыраған.


Мадина:

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйіп бағып.

Қайдағы бір қатігез, сұрқай ойлар

Миын қарып барады.


Ана: Сарқытындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!


Бекбол:

Арагідік назарын аударады

Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.

Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,

Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.

Шынар:

«Мына күндіз, тәуіп шал не деп кетті!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.

«Аққуменен баланы аластаңдар»,-

Деді дағы жаймен жөнеп кетті...»

-Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

-Неткен жансың санасыз жаратылған

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан...

Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз-ол да адамға бола туған.

Жетімкөлге барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалай да тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!

Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...


Даурен:

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам!

Атармын аққу құсты қалай ғана

Айдының аққулар ұйықтағанда,

өрге мал, өскен шырша абайлаған.

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атса қасиетке қалай қалай ғана

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам


Ана (ашуланып):

-Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,

Балам өлсе бақыттың керегі не!

Топан су басып кетсін қалғандарын,

Перзент сұрап, несіне армандадың!

Құрсын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ерте!

Жалған бәрі!


3-көрініс

Жетімкөл маңы. Ұйқыдағы аққулар. Қыздар мен жігіттер сахнада.


Амангелді:

...Оятып дүниені дел сал қылып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.

Сай-сайдан бошаланған бозала таң,

Таудағы тіршілікке ән салдырып.

Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,

Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.


Шынар:

Қысқа таң.

Бұлбұл үні.

Көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне.


Бекзат:

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша, жартастар жағадағы

Сұғынып, бәрі көлге табынуда.

Аласұрып қан ойнап тамарында,

Ана-жүрек тыпыршып қабынуда,

Не қыларын біле алмай, жабығуда.


Алия:

Асқар белден күн нұры шашырады,

Шашырап, ол да көлге бас ұрады.

Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады.


(Аппақ болып сахынаға Қасиет шығады. Аққуларға амандасады. Ананы айналып өтеді. Ана оған назар аудармайды.)


Алия:

Көл-көкке, көл-көлге кеп асылады,

Ұйқысы аққулардың ашылады.

Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі,

Ана жүрегі солқ етіп басылады.


Әсем:

Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналады,

Абыржып ана көңіл мың ойланады.

Ғазиздің көзінде емес, көңілінде,

Айдын көл астан-кестен лайланады.


( Сахнаға қара ниетті Қасірет шығады. Қасиет Қасіретті аққуларға жібермейді. Қасиет жақындағанда Қасірет кейін шгінеді.)


Азамат:

Дәстүр, ырым, жаймен құдай қалды,

Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.

Айдынның аққуының орынынан

Көргендей көзі тұнып құмайларды.


(Жайлап күй ойналады. Аққулар (8 қыз) жүзіп, таранып, билейді.)


Арайлым:

Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері білмей тұрмын,

Етерін тағдырыңды кімге аманат!

Жаны сұлуақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.

Құм тұрсада бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлуақ еркем,ары сұлу!


Ана:

Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем

Ошақ қасы, отбасы, көрмеппін ғой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең!


Ерсейіт:

Ана отыр.

Озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда, әлде кім табалауда.

...Аққулар-ақ айдынды қалдырды да,

Таратты кеп, ана отырған жағалауға.

------

Шошымай шолжың өскен батырлардың,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнып бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтығының атылғанын.

(Музыка. Аққудың қаңқылдаған үндері.)

Көздің алды көк түтін, ақыл жарым,

Білмей отыр жаңағы тыныштықтың

Сүт ұйыған тегішін сыпырғанын!...


Қасірет сахнада үстемдік етеді.Қасиет құлап жатады. Бір кезде есін жинағандай: қанатын жаймай келіп, анаға аңтарыла қарайды.)


Шынар:

Тау жаңғырып, тамаша құстың әні,

Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.

Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,

Ұша алмайды, ұшпақ болып күш қылады.


Ерсейіт:

Сыңар қанат сынық құс баулауда тұр,

Тағы бірі айдында жайрап жатыр.

Қан арласып қалқыған мамығымен,

Жетімкөлдің толқыны ойнап жатыр.

Қалай алып келерін біле алмастан,

Сүле-сопы, жағада ойлауда құр


Бейсен:

Жетімкөлден сән кетті мына тұнған,

Аққу кетті, ән кетті қанатында.

Асқар-асқар таулардан асып әрі,

Шың-құздардың үн қалды қабатында.

Аққу үні естілмей қалатын ба

Алатаудан үзілтіп Қаратауға,

Жаңғырып жартастар таратуда...


Асем:

Жетімкөлдің сән кетті, ән кетті қанатында.

Дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан.


(Сахнаға жылқышы шығады.)


Жылқышы:

- Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,

Көргенсіз көл басында мылтық атқан!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік.

Бұл маңның адамы емес, сірә дағы,

Білмеймін, табайын да бір амалын.

Қарауы бар кәззапқа құрықпенен,

Ұмытылса, қалай қайрат қыла аламын!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...


Лаура:

...Аққу үркіп, батысқа бет түзеген,

Қамшы басты атына, шыдамады,

Алып тұрып, ақырды қыр басынан.


Жылқышы:

- Ей, берекесін бұл жердің кім қашырған


Лаура:

өңім бе, түсім бе деп таңданады,

көз алмай орамалды ұрғашыдан,

көз алмай сүле-сопы тұлғасынан:


Жылқышы:

- Ей!

Кімсің

Тірісің бе

Жаның барма

Аққуды неге атасың, арың барма

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері кеуденде жаның барда!


Айнұр:

...Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні мең-зең құлаққа ұрды.

Қолыңдағы мылтығын құлаштап кеп,

Бөгелмей, Жетімкөлге лақтырды.

Қартқа қарай ақырын аяндады,

Қарасуға қарт келеді,аянбады.

...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,

Болған жайды келіні баяндады.


Жылқышы:

-Әй, балам!...

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...

Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,

...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағынды қанаттың ба


Ана:

-Әлек боп, арпалысып сор қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен.

Жасымнан естігенім бар – тын еді,

әйтеуір «аққуды атқан онбайды» деп...


Жылқышы:

Солай, солай...

Аманат бір құдайға...

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойыңа...


Мадина:

...Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,

Қарт тастап-нелер сұмдық сырды бойға.


Камшат:

Бәрі ұмыт: бақыттың да, байлығың да,

Күлкі, шаттық, күйзелткен қайғы мұң да.

Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды,

Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...

Бар өмірден көңілі шайғылуда,

Байғұс ана есінен айрылуда.


Жәнібек:

Әлденеден жүрек сескенеді,

Арагідік әлдене ес береді.

Табиғаттың да, таудың да, аққудың да,

Байғұсқа болмай қалды еш керегі,

Келеді ана-сезбейді ештеңені.


Мадина:

Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,

Қайтқан құстай алыстап барады үміт.

Көлімен қоштасқан аққу үні,

Құлағына келеді арагідік.


Нұрдаулет:

өмір емес өмірі қораштаған,

байғұс ана тірліктен қалас қалған.

Келеді ана, қарабет қарақшыдай,

Ел мен жерден бір жола аластаған!

Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннын,

Түн-түнекте бейне бір адасқан жан.


Мадина:

...Абыр-сабыр, үй маңы дүбірлең-ді

Алғаш ана абыржып, білмеген-ді

Ат үстінен түсе алмай қатып қалды,

Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,

Білмейді қайда келеді, кімге келеді.


Құралбек:

Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Отырғандай Жетімкөлдің жағасында,

Аққу жатыр көзінің шарасында.

Аунап түсіп атынан, үйге енді

Есіне алып ерін де, баласында.

Өліп жатқан ұлына қарасында,

Қалсын ана Жетімкөл жағасында.

Өлі мен тірінің арасында...


Жұлдыз:

...Аппақ нұрмен шомылтып айналаны,

Ақ сәулемен айдынның ойнағаны.

Көз алдында...

Құлақтан кетер емес

Таңда бұлбұл тамылжып сайрағаны,

Көз алдыңда аққудың жайрағаны.

Сыңар қанат, сынық құс-жаралы аққу,

Өлі аққудан кете алмай айналады.


Гулжан:

Ақ төсек-аппақайдын, аққу бала,

Жаралы аққу секелді жаттың ба, ана

Ана: (көкке алақаның жайып):

Қазір,ботам...

Мінекей таң атады...

Қазір ботам, аққумен ұшықтаймын,

Жазылсаң, құлыным, балапаным!

Қасиет!

О, қасиет

Осындай ма ең!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең...

Қасиет!...

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет...

Қасымдағы досымдай ма ең!


(Қасиет аққу ұшқан жаққа қарап тізерлеп отыр. Қасірет анаға қарап тұр).



Ана:

Қасиет... Қасірет...

Қасірет... Қасиет...


(Күй орындалады.)


Ақын:

Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз ақ сол арманым.

Қиын екен, қимасан екі бірдей,

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Көрдің бе бір біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін

Балам ай, мынау өмір дарияның,

Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Аққулар:

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзің мен көрндей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.


Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.









Қорытынды: Асыл сөз маржандарды ғасырдан-ғасырға мәңгілік жасай бермек. Оны оқып, таңырқаудан, көкірекке тоқудан жалықпайды.

« Еліннің ұлы болсаң, еліне жаның ашыса, азаттық намысың болса, қазақтың ұлыттық жалғыз мемлекеттің нығайып-көркеюі жолында жан терінді сығып жүріп еңбек ет. Жердіңде, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!»- деп Н.Назарбаевтың сөзі мен аяқтаймыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
М.Ма?атаев « А??улар ?йы?та?анда»

Автор: Сабей Г?лзада Маты??л?ызы

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства