ҚБ: «Түзетулер» (өзара бағалау)
2-тапсырма: Мәтінді оқыңыздар, қосымша ақпаратты қолданып мәтінді өзгертіңдер «Кең ауқымды дәріс»/оқылым жұмысы (жұптық жұмыс) БО: мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беру; ББ: қосымша ақпараттан негізгі ойды теріп жазу; КО: қосымша ақпарат арқылы мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшелігін талдау;
ҚБ: «Серпілген сауал» (өзара бағалау)
Ойлау деңгейлері | Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | түсіну | Мәтіннің мазмұнын түсінеді | Сұрақтарға жауап береді; Негізгі ойды теріп жазады; | талдау | Мәтінді талқылайды | қызықты деректерді анықтайды; мәтінге өзгеріс енгізеді; ерекшелігін ашып көрсетеді; |
3-тапсырма: газет мақаласын оқып, күшейткіш үстеу жасауға қажетті сөздерді теріп, қызықтыратын бір жаңалыққа күшейткіш үстеуді қатыстырып қысқаша жазыңдар; «Қызықты мақала»/оқылым/тілдік бағдар жұмысы (топтық жұмыс) 1-топ: мақаласы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қазақ қызы ізетті, ұялшақ болып келеді. Қыздың бойында үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-6991 2-топ мақаласы: Қазақ халқы «Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы – ұлттың ұлылығын танытады» - деп есептеген. Ізетті, сыпайы, мейірімді әрі өнерлі болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркіне жібермеген, «қызға қырық үйден тыю» деп, оның әр басқан қадамын бақылап отырған. Қызды жалғыз жібермеген, оның жанында жеңгесі қоса жүрген. («Айқын» газетінен) 3-топ мақаласы: Әсіресе қыз баланың көрікті, сымбатты болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б. https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-6991
БО: қосымша ақпараттан негізгі сөйлемді тауып, 3 сөйлем жазу ББ: күшейткіш үстеулер жасауға қатысатын сөздерді тауып жазып алу, сөйлем құрастыру КО: мақаладан қызықты ақпаратты тұжырымдау, мәтінмен байланыстыру
ҚБ: «Кері байланыс бутерброды» (өзін-өзі бағалау)
Ойлау деңгейі | Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | қолдану | қосымша ақпаратты табады; күшейткіш үстеулерді көрсетеді | 3 сөйлем құрастырады мақаладан тауып алады; ауызша сөйлем құрастырады | жинақтау | ақпаратты іріктейді | қызықты мәліметті тұжырымдайды; мәтін мен берілген мақаланы байланыстырады; |
4-тапсырма: «Ойбөлісу»/тілдік бағдар жұмысы (жеке жұмыс) Мәтін мен қосымша ақпаратты қолданып, күшейткіш үстеулерді қосып «Қазақ қызы» тақырыбына ой бөлісіңдер БО: күшейткіш үстеулерді пайдаланып, өз ойымен бөлісу ББ: өзгертілген ақпарат пен күшейткіш үстеуді қолданып, өз ойымен бөлісу; КО: күшейткіш үстеуді қатыстырып, өзгертілген ақпараттың ерекшеліктерін бақылай отырып өз ойымен бөлісу
ҚБ: «Футбол алаңы» (өзін-өзі бағалау) |