Бекітемін
Мектеп директоры
Коучингтің тақырыбы: | Креативті ойлауды дамытудың жолдары | |||
Мақсаты: | Креативті ойлау дағдыларын тәжірибеде пайдалану,өзара тәжірибе алмасуға бағыт-бағдар беру,тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту. | |||
Күтілетін нәтиже: | -ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, -креативтивті ойлау әдістемесін үйренеді, -оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің оқытуды жетілдіруге ықпалын түсінеді, -өзара тәжірибе алмасады. | |||
№ | Іс-әрекет | Коучтің әрекеті | Мұғалімдердің әрекеті | |
1 | Топқа бөлу Әр ұлттың салт-дәстүрі бойынша 4топқа бөлу 5мин |
Әр ұлттың салт-дәстүрілерін қима қағазға жазып таратады. |
Әр ұлттың салт-дәстүрі жазылған қима қағаздарды алып,ұлт өкілдері жазылған топқа бөлінеді. | |
2 |
Психологиялық ахуал туғызу 5мин |
Қатысушыларға мұқият тыңдау керектігі,сосын жауап беру жолдары түсіндірілді |
Сұрақ:Егер банан жерге құласа қайсы аң бірінші қағып алады?Мұғалімдердің пікірі тыңдалады,сосын видео жауабымен ұсынылады. | |
3 |
«Миға шабуыл» әдісі 10мин Суретпен жұмыс |
Қатысушыларға коучинг тақырыбын ашу үшін сурет көрсетіледі және төмендегідей сұрақтар қойылады. -суреттер көре отырып сіздер нені түйдіңіздер? -бүгінгі тақырыппен қандай байланысы бар деп ойласыздар? -ешкімнің ықпалынсыз бала өзін-өзі реттей ала ма? | Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.Пікір-талас жүргізіледі.Түйінді пікір алмасады.Сұрақтарға жауап бере отырып коучинг тақырыбын ашады. | |
4 |
«Дананың кілттері» әдісі Топпен жұмыс 15мин |
Креативті ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында,төрт топқа төрт түрлі тапсырма беріледі.Тапсырманы орындалу шарттары түсіндіріледі. 1-топ «Керісінше кілт»-сөйлемде «істей алмаймын»,«ешқашан» және «істеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма. 2-топ «Конструктор» кілті-шектеулі құрылыс материалдарын креативтілігін пайдалануда талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма. 3-топ «Қиыстыру» кілті-үйлеспейтін екі обьектінің қасиеттерін санамалаңыз,одан кейін жаңа және жақсырған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз. 4-топ «Жөнсіздік» кілті-ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз,содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз. |
Әр топ өзіне берігһлген тапсырма бойынша пікір білдіреді. 1-топ Шымкенттекездеспейтін он заттыжазады. 2-топ Топқа берілген бес түрлі заттан бір зат ойлап табады. 3-топ Берілген үйлеспейтін екі заттан бір зат ойлап табады. 4-топ 12-3=0 1000≤1 екендігін дәлелдеу | |
5 |
Психологиялық эксперимент Суреттегі тұлғаны тап. Видеоролик 10мин
| Сұрақтар: -Бес тілде еркін сөйлей алады -Бүкіл Еуропа таниды -Гиннес рекорд кітабына енген -Үнемі киген киімі өзіне жарасымды -Адамдармен қарым- қатынасы өте жоғары дәрежеде Соңынан коуч жауабын айтады(Виктор Люстиг). | Қатысушылар суреттегі тұлғаның қандай адам екендігіне болжам жасайды. Б.Тілеухановтың психологиялық экспериментін көре отырып салыстырады.
| |
6 | Сергіту сәті Видеоролик 10мин
|
Миды жаттықтыруға арналған тапсырмалар береді |
Қатысушылар экраннан тапсырмаларды жылдам орындайды. | |
7 | Рафт стратегиясы 10мин Р-роль А-аудитория Ф-форма Т-тақырып | Әр топқа тапсырманың орындалу жолдарын түсіндіреді.
| Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап оқып шығады | |
8 | Рефлексия 5мин «Еттартқыш,Чемодан,Себет» әдісі |
Қатысушыларға коучинг бойынша рефлексия жасауға тапсырма береді.
| Егер өздеріне қажетті мәліметтер алып оны әрі қарай өңдегісі келсе еттартқышқа, -ешқандай өзгеріссіз өз тәжірибеме енгіземін десе чемоданға, -маған қажеттілігі жоқ десе себетке салу арқылы рефлексия жасайды,коучинг үдерісі барысында өз жұмысына баға береді. | |