Орыс тілінде білім беретін мектептерде ?аза? тілі саба?тарыны? негізгі ма?саты – с?здік ?орын ?алыптастыру, о?у техникасын ?алыптастыру, ауызекі с?йлеуге ?йрету, сауатты жаза білуге ?йрету, ?аза? хал?ыны? м?дениетін, салт-д?ст?рін насихаттау. Осы ?ойыл?ан ма?саттар саба?ты ?йымдастыру т?сілдерін аны?тайды, ?р ?стазды? алдына келелі м?селе ?ояды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен тіл дамытуды? ?діс-т?сілдері»
Тіл дамыту әдіс-тәсілдері
Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты – сөздік қорын қалыптастыру, оқу техникасын қалыптастыру, ауызекі сөйлеуге үйрету, сауатты жаза білуге үйрету, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау. Осы қойылған мақсаттар сабақты ұйымдастыру тәсілдерін анықтайды, әр ұстаздың алдына келелі мәселе қояды.
Менің келелі мәселемнің тақырыбы – қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданамын.
1. Сұрақ-жауап әдісі
ең тиімді әдіс, оқушылардың көру қабілеттірн ойлау қабілеттерімен ұштастыра дамытады.
2. Өз ойын айту әдісі
оқушылардың ойлану, ойлау үрдісі арқылы ойын ауызша жүйелі айтып беруге дағдыландыру.
3. Ситуация арқылы сөйлесу
сөздер, сөз тіркестерін, сөйлем құрау, болған, көрген, естіген уақиға жайлы ойын жеткізу.
4. Баяндау әдісі
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше сөйлеуге дағдыландыру.
5. Сұхбаттасу әдісі
оқушылардың өз ойларын сыртқа мәнерлі, жүйелі түрде беруге үйрету.
6. Монолог әдісі
оқушылардың өз білім деңгейлеріне сай өз ойларын айтқызуға ұмтылдыру.
7. Аударма әдісі
екі тілде де жазуды, оқуды, сөйлеуді үйрететін пайдалы әдіс.
Оқушы қазақ тілін меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының бай сөздік қорын сөйлесуде қолдануына мүмкіндік туғызу керек. Қазіргі ұсынатын ойын сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдісі деп ойлаймын. Ойынның негізгі мақсаты қатысушылардың сөздік қорын қисыннан сөз, жауап таба білулерін тексеру.
Осындай ойындар оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсетіні сөзсіз. Әсіресе, мінезі тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын оқушыларға осындай ойындар үлкен әсер етіп өзгеріс әкеледі.
Инретактивті оқыту әдістерін қолдану
Дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар, интерактивті оқыту әдістерінің ішінде синквейн, кластер, Венн диаграммасын жиі қолданамын. Бұл әдістерді тақырыпты ашар алдына немесе сабақты бекітер кезде қолданған қолайлы.
Синквейн әдісін сабақ басында не соңында қолданамын. Мысалы, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбын өтер алдында ең бірінші «қазақ» сөзіне синквейн құруға болады. Яғни қазақ халқының ұлттық болмысы, қазақ халқының өзіне ғана тән ерекшелігі, жалпы ол қандай халық екенін анықтап алып барып қана оның салт-дәстүрлеріне көшуге болады. Сол сияқты сабақты бекіту мақсатында да өте қолайлы әдіс.
Кластерді балаға шығармашылық жұмыс берер алдында паййдалануға болады. Мысалы, экология тақырыбына байланысты мәтін талданып болағаннан кейін «Қоршаған ортаның ластануы» тақырыбына кластер құрғызып, сол бойынша шағын әңгіме айтыға болады немесе үйге тапсырма ретінде шағын шығарма жазуға беруге болады.
Венн диаграммасын да түрлі тақырыпта қолдануға болады. Мысалы, ұлттық тағамдар тақырыбын өткен кезде екі ұлттың ұлттық тағамдарын салыстыра отырып, мынадай диаграмма құруға болады.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Тамақ әзірлеудегі ортақ әркеттері
Орыс халқының ұлттық тағамдары
Бесбармақ
Қуырдақ
қоспа
.............
Қуырады
Пісіреді
Қайнатады
дайындайды
...........................
Тұшпара
Борщ
блины
..............
Осылар сияқты басқа да интерактивті оқыту әдістеріне тоқталуға болады.
1. «Қатені тап»
А) Оқытушы материалды түсіндіріп тұрып әдейі қателер жібереді. Сол уақытта сабаққа қатысушылар жіберілген қатені тауып алулары қажет.
Б) Немесе оқушыға әдейі қатемен жазылған мәтін беріледі. Сәйкесінше оқытушыға қатесін түзетіп көрсетуі керек. Бұл әдісті грамматикалық тақырыпты өткен кезде пайдалануға болады.
3) «Дотошный ученик» (тыңғылықты)
Оқушылар берілген мәтінді оқып, сол бойынша барлығы сұрақтар құрастырады. Құрастырып болғаннан кейін ең көп сұрақ құраған оқушы ортаға шығып сұрақтарын оқиды, сәйкесінше қалғанда сұраққа жауап бере отырып, қойылған сұрақтар өздерінде болса сызып отырады. Бірінші оқушыдан кейін сызылған сұрақтардан басқа да сұрақтары бар екінші оқушы шығады. Сөйтіп үшінші , т.с.с кезекпен шығады. Ал ең соңында ешкімде де кездеспеген сұрағымен соңғы оқушы шығады.
4) «Кладезь мудрости» ойыны
Оқушылар берілген мәтінді мұқият оқиды. Содан соң әрбір оқушы кішкентай қағазға мәтін бойынша ең қиын деген бір сұрағын жазады. Және өз атын жазуы керек. Сұрақтар бір қоржынға салынып араластырылады. Оқушылар кезекпен келіп таңдап алған сұрақтарына жауап беруге тырысады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда сұрақ жазған кісі өзі жауап теруі тиіс.