kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен 8-9 сыныпқа арналған зерттеушілік компонентінің бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл бағдарлама орыс сыныптағы қазақ тілі пәнінен оқушыларды мемлекеттік тілді толығырақ білуге бейімдейді, сөздік қорын молайтуға назар аударылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен 8-9 сыныпқа арналған зерттеушілік компонентінің бағдарламасы»

      

Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан олимпиадаға өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты — оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Бұл бағдарлама 8-9 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша олимпиада бағдарламасына негізделген.Сонымен қатар қазақ тілін тереңдете үйренгісі келген оқушылар да пайдалана алады.

Аталмыш бағдарлама синтаксистік талдауды үренуге мүмкіндік тудырады. Бағдарлама жоспары оқушылардың жазбаша тілін дамытуға көмек көрсетеді.Бағдарламада сөздердің грамматикалық байланысынан бастап сөйлемнің тыныс белгілеріне дейін қамтылған.

 «Қазақ тілі бойынша олимпиадаға дайындық» курсының мақсаты — ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

 Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

— оқушылардың фонетикалық,  морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;

— тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы  теориялық білімдерін жүйелеу;

— теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

— оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

 Бағдарлама 68 сағатқа құрылған. Оның 6 сағаты  тест жұмысына 2сағаты кіріспеге, 2сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» /морфология/, М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» /синтаксис/  атты еңбектері пайдаланылды.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Курсты  жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

  1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

  2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

  3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

  4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;

  5. Деңгейлік тапсырмалар орындау;



 Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.


Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:


Оқушылар нені білу керек:

— қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

— білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

— талдау машығының жоғары болуы;

— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;

Оқушылар нені үйрену керек:

— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

— сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

— деңгейлік

Білім деңгейін тексеру:

  1. Бақылау жұмысы

  2. Тест жұмыстары



Оқу-әдістемелік кешендер:

  1. Дидактикалық материалда

  2. ҰБТ жинағы

  3. Электронды оқулықтар


Күтілетін нәтиже:

— салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

— практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

— сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;

Ұсынылып отырған бағдарлама 1 жылға арналған. /8-сыныпқа аптасына 1 сағаттан/ барлығы 34  сағатқа арналып жазылған.

9 сыныпқа 1 сағаттан /барлығы 34 сағатқа арналып жазылған.  

Оқыту мазмұны

    1. тақырып.  Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары.

2 — 3- тақырып. Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары.

4 — 5- тақырып. Дауыссыз дыбыстар, емлесі.

6 — тақырып. Орфография мен орфоэпия.  Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.

7-8 — тақырып. Үндестік заңы.Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері.

9 — тақырып.  Буын. Тасымал. Екпін.Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.

10 — тақырып. Тест жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.

11 — тақырып.  Лексиканың салалары туралы.

12-13 — тақырып. Қолдану аясы шектеулі сөздер Бір-бірінен ажырата білу.

14 — тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.

15-16 — тақырып. Сөз мағынасы. Антоним. Синоним. Омоним.

17 — тақырып. Тест жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау.

18 — тақырып. Сөзжасам. Сөз құрамы.

19 — тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.

20 — тақырып. Морфология. Сөз таптары. Зат есім.

21- тақырып. Сын есім. Түрлері.Қызметі.

22 — тақырып. Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.Емлесі.

23- тақырып. Есімдік. Есімдіктің түрлері.

24 — тақырып. Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.

25 — тақырып. Үстеу. Түрлері.

26 — тақырып.Одағай. Түрлері.

27 — тақырып. Шылау. Атқаратын қызметі.

28 — тақырып. Тест жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін  қорытындылау.

29 — тақырып.  Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

30 — тақырып. Сөйлем. Түрлері.

31 — тақырып. Сөйлем мүшелері.

32 — тақырып. Бірыңғай мүшелер.Ерекшелігі.

33 — тақырып. Тест жұмысы. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

34 — тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.

 













Күнтізбелік - тақырыптық жоспар


Оқу тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

Қайталау

Пәнаралық байланыс

1

Кіріспе сабақ

1

3.09



2

Фонетика

1

10.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

3

Дауысты дыбыстар.


1

17.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

4

Дауыссыз дыбыстар

1

24.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

5

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі

1

01.10

грамматикалық категориялар

орыс тілі

6

Орфография , орфоэпияның негізгі қағидасы

1

08.10

Орфография заңдылығы


7

Үндестік заңы

1

15.10

Фонетика

орыс тілі

8

Ықпалдың түрлері

1

22.10

Ілгерінді ,кейінгі ықпал

орыс тілі

9

Буын. Тасымал. Екпін

1

29.10

Буын түрлері


10

Тест жұмысы.(фонетика тақырыбын қайталау)

1

12.11


орыс тіл, қазақ әдебиеті

11

Лексика салалары

1

19.11

Мағыналары

орыс тіл

12

Қолдану аясы шектеулі сөздер

2

26.11

Сөз.Сөз тіркестері

орыс тіл, қазақ әдебиеті

13

Тұрақты сөз тіркесі

1

03.12

Тұрақты мен тұрақсыз сөз тіркестері

орыс тіл, қазақ әдебиеті

14

Сөз мағынасы

1

10.12

Тура мен ауыспалы

орыс тіл, қазақ әдебиеті

11

Антоним. Синоним. Омоним.

1

17.12


орыс тіл, қазақ әдебиеті

12

Тест жұмысы. /Лексика бөлімін қорытындылау/


1

24.12


орыс тіл, қазақ әдебиеті

13

Сөзжасам. Сөз құрамы.


1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

14

Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау

1


Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.


15

Морфология. Сөз таптары

1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

16

Зат есім.Сын есім.

2



орыс тіл, қазақ әдебиеті

17

Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

1




18

Есімдік. Есімдіктің түрлері.


1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

19

Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.


1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

20

Үстеу. Түрлері.


1




21

Одағай. Түрлері.


1





орыс тіл, қазақ әдебиеті

22

Шылау. Атқаратын қызметі.


1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

23

Тест жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін  қорытындылау.

1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

24

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы.

1


Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

орыс тіл, қазақ әдебиеті

25

Сөйлем. Түрлері.


1




26

Бірыңғай мүшелер.Ерекшелігі.

1




27


Тест жұмысы. Оқушылардың білімдерін қорытындылау

1




28

Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау

1






Оқыту мазмұны

1.Лексика. Қазақ тіліндегі сөз таптары .

2. Сөз мағынасы

3.-Түпкі, туынды мағына;

4. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары;

сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері.

5. Зат есім:

- жұрнақтары, жалғаулары;

6.Күрделі сөздердің жазылуы:

- біріккен, кіріккен;

- қосарланған;

- тіркескен;

7.Тест жұмысы./тақырыптарды меңгеру/

8. Сын есім

9.Қатыстық сын есім жұрнақтары;

сын есімнің шырайлары;

10. Сан есімдердің жазылуы:

- реттік, жинақтық сан есімдерінің жұрнақтары;

- болжалдық, топтау сан есімдер;

- бөлшектік сан есімдердің жазылуы;

11. Есімдік:

  • белгісіздік, болымсыздық есімдіктері;

  • есімдіктің септелуі, жіктелуі, тәуелденуі;

12. Етістік:

  • етістіктің болымсыз тұлғалары;

  • етістік райлары;

  • есімше, көсемше;

  • етіс;

13. Диктант./Сөз таптарын ажырату/

14. Үстеу:

- үстеудің мағыналық түрлері;

15. Синтаксис. -Сөздердің байланысу түрлері

16. Сөйлем . Сөйлем түрлері.

17. Жай сөйлемнің түрлері

18.Құрмалас сөйлемнің түрлері.

19.Бақылау жұмысы/өткенді қайталау/

20. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.





Күнтізбелік - тақырыптық жоспар



Оқу тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

Қайталау

Пәнаралық байланыс

1

Лексика. Қазақ тіліндегі сөз таптары .

1

3.09



2

Сөз мағынасы: ауыспалы және тура


2

10.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

3

Түпкі, туынды мағына;


2

17.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

4

Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары

2

24.09

грамматикалық категориялар

орыс тілі

5

Зат есім:

- жұрнақтары, жалғаулары

2

01.10

грамматикалық категориялар

орыс тілі

6

Күрделі сөздердің жазылуы: біріккен, кіріккен; қосарланған;тіркескен.

2

08.10

Орфография заңдылығы


7

Тест жұмысы./тақырыптарды меңгеру/

1

15.10

Фонетика

орыс тілі

8

Сын есім

2

22.10

Ілгерінді ,кейінгі ықпал

орыс тілі

9

Қатыстық сын есім жұрнақтары;сын есімнің шырайлары;


2

29.10

Буын түрлері


10

Сан есімдердің жазылуы: реттік, жинақтық сан есімдерінің жұрнақтары;болжалдық, топтау сан есімдер; бөлшектік сан есімдердің жазылуы;

2

12.11


орыс тіл, қазақ әдебиеті

11

Есімдік:белгісіздік, болымсыздық есімдіктері;есімдіктің септелуі, жіктелуі, тәуелденуі;


2

19.11

Мағыналары

орыс тіл

12

Етістік:етістіктің болымсыз тұлғалары;етістік райлары;есімше, көсемше;


2

26.11

Сөз.Сөз тіркестері

орыс тіл, қазақ әдебиеті

13

Диктант./Сөз таптарын ажырату/


1

03.12

Тұрақты мен тұрақсыз сөз тіркестері

орыс тіл, қазақ әдебиеті

14

Үстеу: үстеудің мағыналық түрлері.

2

10.12

Тура мен ауыспалы

орыс тіл, қазақ әдебиеті

15

Синтаксис. -Сөздердің байланысу түрлері


2

17.12


орыс тіл, қазақ әдебиеті

16

Сөйлем . Сөйлем түрлері.

2

24.12


орыс тіл, қазақ әдебиеті

17

Жай сөйлемнің түрлері


1



орыс тіл, қазақ әдебиеті

18

Құрмалас сөйлемнің түрлері.




2


Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.


19

Бақылау жұмысы/өткенді қайталау/


1




20

Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау

1























Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

2.Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

3.«Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

4.Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

5.Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

6.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

7.А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

 

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын  әдебиеттер:

 

8.Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

9.Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

10.Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

11.Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

12.Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2010

13.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014

  1. Қазақтың би-шешендері

  2. Газет, журнал материалдары

  3. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

  4. Мақал – мәтелдер жинағы

  5. 8-9- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

 

 

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қазақ тілі пәнінен 8-9 сыныпқа арналған зерттеушілік компонентінің бағдарламасы

Автор: Апенова Сауле Тлеужановна

Дата: 25.01.2017

Номер свидетельства: 383745


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства