kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. Спорт т?рлері. (7-сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Спорт т?рлері.

Ма?саты: саба? барысында?ы с?здерді? ма?ынасын, м?тінні? мазм?нын ашып т?сіндіру.

О?ушыларды ?зіндік талдау, жина?тау жасау?а, ойлай білуге да?дыландыру, ?з ойын аны?, толы? жеткізе білуге т?селдіру.

О?ушыларды салауатты ?мір салтына т?рбиелеу, ?демілікке, с?лулы??а ??штарлы?тарын ояту.

Саба?ты? т?рі: жа?а та?ырыпты ме?герту.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, ??гімелеу, ми?а шабуыл, топпен ж?мыс, ?здік ж?мыс, кластер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. Спорт т?рлері. (7-сынып) »

Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.


Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сабақ барысындағы сөздердің мағынасын, мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелігі: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, әдемілікке, сұлулыққа құштарлықтарын ояту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, миға шабуыл, топпен жұмыс, өздік жұмыс, кластер.

Сабақтың құралдары: кітап, дәптер, қалам, маркер, қарындаш, постер, интерактивті тақта, үнтаспа, видео.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сынып сабаққа дайын ба?

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау.

Миға шабуыл.

-Сіздер спорттың қандай түрлерін білесіздер?

-Сіздер спорттың қай түрімен шұғылданасыздар?

-Спортпен шұғылдану қажет пе? Неліктен?

IY. Жаңа тақырып:

-Сабақтың барысымен, мақсатымен таныстыру.

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

әдіс – метод бөлік – часть

жарыс – соревнование әуесқой – любительский

кәсіби – прфессиональный күрес – борьба

ауыр – тяжело (-ый; -ая; ое) жеңіл – легко (-ая; -ое; -ий)

жүзу – плавание мәнерлеп сырғанау – фигурное катание

шаңғы – лыжи таралған – распространенный

ара қашықтық – дистанция қозғалыс – движение

беткей – склон горы серуендеу - прогуливаться

ми – мозг жүйкелік жүйе – нервная система


2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Спорт түрлері

Спорт – дене шынықтырудың негізгі бөлігі. Спорт – дене тәрбиесінің әдісі. Спортта түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Спорт екі түрге бөлінеді: әуесқойлар спорты және кәсіби спорт.

Спорттық ойын түрлері өте көп. Атап өтсек: футбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, жүзу, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, хоккей т.б. Біреулеріне қысқы, біреулеріне жазғы спорт түрлері ұнайды.

Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі – шаңғы жарысы.
Шаңғымен әдемі ормандарда, әр түрлі өңірлерде серуендеу, сырғанау жүйкелік жүйеге, миға және еңбекке қабілеттілікке жарасымды ықпалын тигізеді.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Спорт ненің негізгі бөлігі?

  2. Спортта нелер ұйымдастырылады?

  3. Ол неше түрге бөлінеді? Қандай?

  4. Адамдар спортпен не үшін айналысады?

  5. Сен қандай спорт түрлерін білесің?

  6. Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі қандай?

  7. Шаңғымен қайда серуендеуге болады?

4. Өздік жұмыс:

2 . Мәтіннің бірінші абзацын көшіріп жазыңыздар. Бірнеше тапсырмаларды орындаңыздар:

  1. Жалғауы бар сөздерді сөз құрамына талдап, жалғаулардың түрін ажыратыңыздар.

  2. Мәтіндегі қарамен белгіленген сөздердің дауыссыз дыбыстарының түрлерін ажыратыңыздар.

Үлгі: спорт. С, п, т – қатаң, р- үнді

5. Топпен жұмыс:

I топ. Бірінші абзацты оқып, постерге негізгі мәліметтерді жазыңыздар, суреттеңіздер.

II топ. Екінші абзацты оқып, постерге негізгі мәліметтерді жазыңыздар, суреттеңіздер.

III топ. Үшінші абзацты оқып, постерге негізгі мәліметтерді жазыңыздар, суреттеңіздер.

Тақтаға әр топтан бір баладан шығып, тапсырманы қорғайсыздар.

YII. Сабақты бекіту:

-Сабақта қандай жаңа сөздер үйрендік?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Әуесқой спортта жүрген біздің мектебіміздің түлегі кім? Әлемге аты әйгілі боксшы.

-Ол туралы не білеміз?

Кластер.




Г.Головкин.






Видео.

Г.Головкиннің рингте көрсеткен өнерінен қысқаша видеофильм.


YIII. Рефлексия:

Білетінім. Білгенім. Білгім келетіні.


IX. Үйге тапсырма:

170-бет 2-тапсырма.

172-бет 4-тапсырма.

X. Бағалау.

XI. Сабақ соңы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. Спорт т?рлері. (7-сынып)

Автор: Масалимова Гаухар Аскарбековна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172760


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства