Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. E-mail почтасыны? тарихы. (5-сынып) »
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 5.
Мерзімі:
Мұғалім: Масалимова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: е-mail почтасының тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: интернет туралы білімдерін толықтыра отырып, электронды поштаның тарихын, оның мүмкіндіктерін игерту.
Есептік сан есімді меңгерту.
Дамытушылығы: алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру. Интернеттің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алуға ықпал ету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: достыққа, ұйымдастырушылыққа, басқаның пікірін тыңдап, өз ойын анық жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сөздік, мәтін, тапсырмалар жазылған парақшалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ?
Психологиялық сәт.
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Қанеки, бір-біріміздің көңілімізді көтерейік. Ол үшін барлығымыз шеңберленіп тұра қалайық. Қазір мен сендерге жақсы бір сөз айтып, мына қолымдағы допты лақтырамын, тосып алған адам бір жақсы сөз айтып, келесі оқушыға лақтырады, осылайша ойын жалғасады. Барлығымыз бір-бір сөзден айтып шығуымыз керек. Мысалы: бақыт-жақсылық-сәттілік-бестік-байлық-денсаулық-адалдық-татулық-достық-туыстық-жолдастық- мейірбандық- махаббат-сенімділік-мейірімділік-сыпайылық-әдемілік-әділдік-әдептілік...
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Интернетті кім ойлап тапқан, кім біледі?
-е-mail почтасының тарихы туралы не білесіңдер?
IY. Жаңа тақырып:
Есептік сан есім.
Заттың санын білдіретін сан есімнің түрін есептік сан есім дейміз.
Сұрақтары: қанша? неше? Мың, алты жүз, қырық сегіз, он мың үш жүз...
Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
жүйе - система ақпарат табу – найти информацию
пайда болу – появляться, возникать мәлімет, ақпарат – информация
Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Электронды пошта
Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусет технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек МАІL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама ІВМ 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды.
Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.
Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Топпен жұмыс.
-Мәтінге әр топ үш сұрақтан дайындау, сұрақтарының жауабын қарсы топтардан алу.
-Е-поштаны ашу үшін төмендегі сауалнаманы толтыру.
Аты:
Фамилиясы:
Туған жылы, күні, айы:
Жынысы:
Қаласы:
Е-поштаның аты:
Паролі:
Ұялы телефоны:
Құпия сөз:
Жауабы:
Қосымша е-пошта:
-Мәтінді мазмұндау.
Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.