kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станды? патриотизмді ?алыптастыруда ?аза? тіліні? т?рбиелік м?ні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Елімізді? Президенті Н?рс?лтан Назарбаев: «?аза?станны? отаншылды? сезімін т?рбиелеу білім беруді? мектепке дейінгі ж?йесінен жо?ар?ы о?у орындарына дейінгі орталы?тарда барлы? ?йымдарда к?кейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, ту?ан жерді, ?зіні? хал?ын с?юге т?рбиелеу-м??алімні? аса ма?ызды, аса жауапты да ?адірменді парызы»-деген еді. ?р д?уірді? тарихи кезе?дерінде Отанс?йгіштікке т?рбиелеуді? ?зіндік м?дделері болады. Ол е? алдымен, «?лтжандылы?», отанс?йгіштік», » патриотизм», ??ымдары сол заманны? а?и?аты — наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік ал?аннан бері жас ?рпа? т?рбиесіні? темір?азы?ы-?аза?станды? патриотизм болды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станды? патриотизмді ?алыптастыруда ?аза? тіліні? т?рбиелік м?ні. »

АКТ арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда

қазақ тілінің тәрбиелік мәні


Егеубаева Д.К.

«Голубой парус» балабақша-гимназия кешені БМФ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Астана қаласы


Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», » патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты — наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын — жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен — өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала екендігін ұмытпауымыз қажет.

Тәрбие дегеніміз – ата-анамыздың беріп отырған тәлімі. Егер ата-ана «үлкендерді сыйла,­ өтірік айтпа, адамдарға көмектес» десе, бұлжытпай орындау керек. Егер сен әке-шешеңнің айтқанын орындамасаң, өзің­нен кішілерге әлім­жеттік жасасаң, жасы үлкендер­ді сыйла­масаң, онда ол сенің дұрыс тәрбие алмағандығыңды көр­сетеді. Ата-анаңның абыройына кір келтірген боласың.

Жақындарыңның сенімін ақтау  үшін сабақты бестік баға­ға оқып, білімді болуың керек. Сонда ғана ата-анаңа жақсы өмір сыйлап, олардың алдындағы борышыңды өтейсің. Міне, тәрбие дегеніміз – осы.


 ОТАН

Отан – менің анам,

Отан – менің панам.

Тұрамын мен осы елде,

Әрқашан мақтан тұтам.

Бірінші анам - өз анам,

Екінші анам – мұғалім.

Үшінші анам – Отаным,

Бәрін мақтан тұтамын.

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Осы тұста мектеп мұғалімдеріне қойылатын міндет те зор болмақ. Тек бала тәрбиесімен ғана айналысып қоймайтын мектеп ұстаздары ата - анамен де жұмысты қатар алып жүретіні белгілі.
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орыны мен еңбегінен олардың өшпес өнері мен ғұламаларының өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған ұрпақтарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Екінің бірі тумысынан дара, ғұлама болмайды, оқудан, таңдау, үйренуден барып, адам өзін толыққанды етіп тәрбиелейді.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз - қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттың қазақ халқына сый - құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай, туған жерін көркейтуге, қорғауға дайын болуы. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары мен оқулықтарының ұлттық және қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет.
Қорыта келгенде, Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды. 

Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екi әлеуметтiк қауым арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ. 






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?станды? патриотизмді ?алыптастыруда ?аза? тіліні? т?рбиелік м?ні.

Автор: Егеубаева Дана Кунтасовна

Дата: 17.06.2015

Номер свидетельства: 220183


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства