kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?арым - ?атынас м?дениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шуа?ты к?ндер

Жап - жа?а жылтыра?ан к?п шегені ??рылыс?а ?келіпті. Оларды жас шебер жігіт к?ріп: Пах - пах, неткен ?демі еді, біркелкі т?зуін ай»,- деп ?ызы?а с?йсініпті. Шегелер ?здерін ма?та?ан?а ?уанып «енді тезірек ж?мыс?а кіріссек екен, сонда мына жас шебер бізді? мы?ты беріктігімізді де к?рер еді»,- десіп жымы?дай сыбырласыпты. Соларды? ішінде бір шегені? ?ырсы?ы ?стап, ?з - ?зінен тас - тал?ан болыпты. Неге мен бас?алармен бірдей болуым керек, мен б?лардан арты?пын. Сонды?тан б?лек кеткенім ж?н, ?йтпесе мені? ерекшелігім к?рінбей, к?пті? бірі болып ?аламын», деп, жолдастарыны? ?атарынан секіріп т?сіп, кетіп ?алады. Ал шынды?ында, ?ырсы? шегені? ?з ??рбыларынан титтей де айырмашылы?ы жо? екен. Содан не дейсі?, ?лгі шеге салынып жат?ан ?лкен ??рылысты аралап келе жатады.

??рылыс бол?ан со?, ?рине, ж?мыс к?п, талай жерге шеге керек, біра? ?ырсы? шегені? еш орына б?рлы?ысы келмейді. ?алпа?ын ?ырлап киіп, т?зу ая?тарын т?каппарлана адымдап ж?ре береді. Бір к?ні, найза?ай ойнап, аспан г?рілдеп ?алы? жа?быр жауады. Жас шебер ?атары б?зылмай т?р?ан к?п шегені ??р?а?, ?ал?а жерге кіргізіп, д?рыстап ?стін жауып ?ояды. Ал ?ырсы? шеге ?айтті дейсі? ауызды?сыз ат секілді ла?ып, ма?сатсыз ?ыдырып ж?ріп, жауынны? астында ?алады. ?айда ты?ыларын білмей б?лай - б?лай безектеп, жал?ыз ?зі жол таба алмай с?мектей су болады. Ол аз дегендей ж?гіріп бара жат?ан біреу белінен басып кетеді. ?ырсы? шеге сол жат?анынан мол жатады. Балшы?ты? астында ?анша уа?ыт бол?анын ?зі де білмейді, жер жотасынан к?нні? ысты?ы ?тіп, б?кіл денесі к?йіп бара жат?анда ?ана к?зін зор?а ашып, есін ?ре? жияды. ?зіне ?араса, адам танымастай ?згеріп кетіпті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?арым - ?атынас м?дениеті»


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

№10сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББММерзiм7а(14.11.15) ә(14.11.15) б(14.11.15) Тақырып: Қарым-қатынас мәдениеті Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:сыйластық, ұйымшылдық, ізгілік
Мұғалiм:Жандосова.А.ЖСынып- 7

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын (отбасында, аулады, сыныпта, мектепте, ұжымда) сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету
Міндеттері:
-
оқушыларға жағымды, ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру
- жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту
- жағымды қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.


2.Тыныштық сәті.Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.



Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.
№10 сабақРобинзонКрузо


4.Мұғалімнің сыйы. Шуақты күндер

Жап - жаңа жылтыраған көп шегені құрылысқа әкеліпті. Оларды жас шебер жігіт көріп: Пах - пах, неткен әдемі еді, біркелкі түзуін ай»,- деп қызыға сүйсініпті. Шегелер өздерін мақтағанға қуанып «енді тезірек жұмысқа кіріссек екен, сонда мына жас шебер біздің мықты беріктігімізді де көрер еді»,- десіп жымыңдай сыбырласыпты. Солардың ішінде бір шегенің қырсығы ұстап, өз - өзінен тас - талқан болыпты. Неге мен басқалармен бірдей болуым керек, мен бұлардан артықпын. Сондықтан бөлек кеткенім жөн, әйтпесе менің ерекшелігім көрінбей, көптің бірі болып қаламын», деп, жолдастарының қатарынан секіріп түсіп, кетіп қалады. Ал шындығында, қырсық шегенің өз құрбыларынан титтей де айырмашылығы жоқ екен. Содан не дейсің, әлгі шеге салынып жатқан үлкен құрылысты аралап келе жатады.

Құрылыс болған соң, әрине, жұмыс көп, талай жерге шеге керек, бірақ қырсық шегенің еш орына бұрлығысы келмейді. Қалпағын қырлап киіп, түзу аяқтарын тәкаппарлана адымдап жүре береді. Бір күні, найзағай ойнап, аспан гүрілдеп қалың жаңбыр жауады. Жас шебер қатары бұзылмай тұрған көп шегені құрғақ, қалқа жерге кіргізіп, дұрыстап үстін жауып қояды. Ал қырсық шеге қайтті дейсің ауыздықсыз ат секілді лағып, мақсатсыз қыдырып жүріп, жауынның астында қалады. Қайда тығыларын білмей бұлай - бұлай безектеп, жалғыз өзі жол таба алмай сүмектей су болады. Ол аз дегендей жүгіріп бара жатқан біреу белінен басып кетеді. Қырсық шеге сол жатқанынан мол жатады. Балшықтың астында қанша уақыт болғанын өзі де білмейді, жер жотасынан күннің ыстығы өтіп, бүкіл денесі күйіп бара жатқанда ғана көзін зорға ашып, есін әрең жияды. Өзіне қараса, адам танымастай өзгеріп кетіпті. Қалпағы мыжырылған, бұрынғы едірейіп тұратын қыры салтақ - салтақ, белі шодырайып, іші қабысып, екі бүктетіліп қалыпты. Тұрып жүрейін десе тұра алмайды, ұмтылады, ышқынады, бірақ қозғалуға шама жоқ. Қырсық өзінің бейшара түріне күйініп, көзінің жасын көлдетеді. Амал қанша, одан жеңілдік болмайды. Неге осындай дәрменсіз, сорлы күйге ұшырадым деп ойлайды. Бәленің бәрі - жолдастарын менсінбей, олардан бөлініп кеткен соң басталған екен.



Соны түсініп, енді қайтсе де құрбыларына жеткісі келеді. Алайда айтуға оңай болғанымен, орындалуы қиын еді. Неге десең, бұрынғыдай тік басып жүре алмайды. Бірде еңбектеп, бірде жамбасымен сырғи сүйретіліп, шаршап, қажып тот басып, баяғы құрылысқа әрең жетеді.

Алғашында жолдастарының ешқайсысын таба алмайды. Оларда мен секілді жалғыз - жалғыздан тарап кетіп, құрыған болар деп ойлайды. Алайда біраз жатып жан - жағына зер салып қарайды. Ол өзінің жолдастарының бірқатарын жаңадан салынған ғимараттың есіктерінің жақтауларынан, енді бірқатарын үйдің шатырларында әрқайсысы ерекше өз орындарын алып тұрғанын көреді. Бір ғажабы олардың көңіл-күйлері бұрынғыдан да көңілді, өңдері өте ажарлы көрінді. Сонда тәкаппар шеге мен де осылардай өз орнымды тауып, халыққа пайдамды тигізер едім деп армандайды.

Осылай ол біраз жатады. Ол іске жарамсыз болғандықтан оны ешбір шебер пайдасына жарата қоймайды. Күндердің бір күнінде бір жас шебер қисық шегені алып, төске салып, әбден жанын шығарып, балғамен ұрып түзетеді. Содан соң оны апарып киім ілгішке тағып қояды. Содан әлгі шеге елге қызмет етіп, пайдаға жарап тұрғанына өте қуанышты болады.


Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?

Ақылды адамның қолына түспегенде шегенің тағдыры қалай болар еді деп ойлайсыңдар?

Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме?


5.Дәйексөз.
Өмір – теңіз жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз


6.Шығармашылық жұмыс. Менің берер кеңесім.
Жағымды қарым-қатынас.

1. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді.

2. Ешкімді ешқашан кемсітпе.

3. Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.

4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.

5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады.

6. Адамдарды сынап, мін іздемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз, жеке басын емес.

7. Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз.

Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің



маңыздылығын сезінсін.

8. Әрдайым өз қателіктеріңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз – және кешірім сұраңыз.

9. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.

10. Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді. Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырысыңыз.

11. Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз.

12. Кейде жақсы ойды, идеяны әңгімелесушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы – жақсы нәтиже шығару.

13. Егер әңгімелесушіңіздің ойы қате болса, онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бәрібір райынан қайтпайды.

14. Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бәлкім, менікі дұрыс емес дей салыңыз. Сонда жанжалдың неден шыққаны да, ұрыс та тыйылады.

15. Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, адамды әрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді.

16. Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса, сабырлық танытыңыз, үндемеңіз, эмоцияңызды іште сақтаңыз. Бәрін шорт кесуден аулақ болыңыз. Жай ғана адамға ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын сөздеріне мән беріңіз. Әңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз.

17. Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз.

18. Жымиып жүріңіз.

19. Адамды толық атымен атаңыз. Осылайша оның жеке басына сыйластығыңызды білдіресіз.

20. Әңгімені аяқтағанда, әңгімелесуші жақсы көңіл-күйде қалғанын қадағалаңыз.

21. Кешірімді болыңыз.


7.Топпен ән айту.Аңса жаным

Мен тілейін, жарқыным сен де тіле

Жақсылық орнасын де жер бетінде

Аққу тіле айдынның келбетіне

Айдын тіле аққуды тербетуге


Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным

Жақсыдан жайлап ескен жан самалын

Аңса жаным, зарығып шарша жаным

Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың


8.Үй тапсырмасы.
№11 сабақ.З.Ахметова




9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?арым - ?атынас м?дениеті

Автор: Жандосова Айжан Жандос?ызы

Дата: 15.11.2015

Номер свидетельства: 253492


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства