Саба? та?ырыбы да, формасы да еркін ойлау мен шы?армашылы??а ба?ыт береді. Алдымен интерактивті та?та м?мкіндіктерімен танысайы?.
Ізденісті серік еткен жас ?ріптестерімізге ба?дар ретінде саба??а ?ажет к?рсетілім к?рнекіліктерді (слайд) материалдарын жасау ?лгісін ?сына кетсек. Тыныс белгілерін ?айталау саба?тарыны? бірін осы ба?ытта ?ткізіп, о?ушыларды? саба?та?ы м?мкіндіктер ?рісін одан ?рі ке?ейтуді ма?сат т?тып, ш?кірттерінізді? заманауи техника ?лгід\лерін пайдалануына жа?дай тудыр?ы?ыз келсе, ізденістері?ізге ?анат бітсін.
Енді саба? типтері мен ?ткізілу формаларына то?талып, д?ст?рлі т?рде (Ю.А. Конаржевский бойынша) ?олданылып келген саба? технологиялары мен со??ы кездері білім игеру ?рдісіні? (?абылдау, пайымдау, есте са?тау, ?олдану,жалпылау) логикасына с?йене келтіріліп ж?рген саба? типтері ж?нінде салыстыра ?арап ?тсек.
Ю.А. Конаржевский бойынша саба? технологиясы т?мендегідей ?арастырылады
Со??ы кездері саба? типтерін білім игеру ?рдісіні? логикасына (?абылдау, пайымдау, есте са?тау, ?олдану, жалпылау) с?йене отырып, т?мендегідей атаулармен ?арастыруда
Просмотр содержимого документа
«Интерактивті та?та – ?аламмен байланыс, ?ркениетпен ??гіме ж?не арман к?кжиегіне к?з салу »
Интерактивті тақта – ғаламмен байланыс, өркениетпен әңгіме және арман көкжиегіне көз салу
Сабақ тақырыбы да, формасы да еркін ойлау мен шығармашылыққа бағыт береді. Алдымен интерактивті тақта мүмкіндіктерімен танысайық.
Ізденісті серік еткен жас әріптестерімізге бағдар ретінде сабаққа қажет көрсетілім көрнекіліктерді (слайд) материалдарын жасау үлгісін ұсына кетсек. Тыныс белгілерін қайталау сабақтарының бірін осы бағытта өткізіп, оқушылардың сабақтағы мүмкіндіктер өрісін одан әрі кеңейтуді мақсат тұтып, шәкірттерініздің заманауи техника үлгід\лерін пайдалануына жағдай тудырғыңыз келсе, ізденістеріңізге қанат бітсін.
Енді сабақ типтері мен өткізілу формаларына тоқталып, дәстүрлі түрде (Ю.А. Конаржевский бойынша) қолданылып келген сабақ технологиялары мен соңғы кездері білім игеру үрдісінің (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану,жалпылау) логикасына сүйене келтіріліп жүрген сабақ типтері жөнінде салыстыра қарап өтсек.
Ю.А. Конаржевский бойынша сабақ технологиясы төмендегідей қарастырылады
Соңғы кездері сабақ типтерін білім игеру үрдісінің логикасына (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану, жалпылау) сүйене отырып, төмендегідей атаулармен қарастыруда
Аралас (комбинацияланған) сабақ
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Білімді тексеру кезеңі
Мақсат қою кезеңі
Материалды түсіндіру кезеңі
Жаңа сабақ түсінгенін тексеру кезеңі
Бекіту кезеңі
Үйге тапсырма беру кезеңі
Кіріспе сабағы
Мотивация (ұйымдастыру) кезеңі
Игерілетін тақырыпты бейнелі елестету
Практикалық және әлеуметтік маңыздылығын пайымдау
Рефлексия кезеңі
Өткізу формалары: «Ашық ойлар» сабағы, «Эврика» сабағы, «Пайымдау» сабағы
Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру
Білімді дағдылы және өзгерген жағдайда қолдану үлгісін құрастыру
Білімді өздігінен қолдану
Бақылау және өзін-өзі бақылау
Түзету
Рефлексия
Өткізу формалары: Семинар, экскурсия. Консультация, практикум, «саяхат» сабағы
Білімді бекіту сабағы
1.Ұйымдастыру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
7.Бекіту кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мотивация кезеңі
Кешенді білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру
Білімді ұқсас және жаңа жағдайда өздігінен қолдану
Бақылау және өзін-өзі бақылау
Түзету
Рефлексия
Өткізу формалары: Семинар, практикум, «шығармашылық»сабақ, «әдеби қонақжай»сабағы, «Не? Қайда? Қашан?» сабағы, «саяхат» сабақ, «концерт» сабақ
Білімді тексеру және қорытындылау сабағы
1.Ұйымдастыру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Білім және әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы
Мотивация кезеңі
Оқу материалымазмұнын талдау
Оқу материалындағы бастыны бөліп көрсету
Жалпылау мен жүйелеу
Пәнішілік және пән аралық байланысты тағайындау
Рефлексия
Өткізу формалары: Лекция, семинар, «ашық ойлау» сабағы, экскурсия.
Жалпылау және қорытындылау сабағы
1.Ұйымдастыру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
6.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы
Мотивация кезеңі
Тапсырмаларды өздігінен орындау
Бақылау және өзін-өзі бақылау
Талдау
Түзету
Рефлексия
Сабақ үлгілері
Интеграциялық сабақ (кіріктірілген сабақ)
Оқу бағдарламасын тереңірек беріп, күрделі проблемалармен жұмыс істеуге мүмкіндіктер туғызатын бір – біріне жақын пән мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізетін сабақ түрі. Мысалы, «Көп нүкте» тақырыбына байланысты сабақты әдебиетші, тарихшы, сурет және т.б. пән мұғалімдері көне жазбалар мен М. Мақатаевтың өлеңіне байланыстыра отырып, қызықты мәліметтер мен ғылыми тұжырымдарға сүйенген ақпараттарды үйлестіре, бірін – бірі толықтырып, бірін – бірі дәлелдей отырып, оқушының шығармашылығы мен гылыми ізденісіне бағыт берер қызықты сабақ өткізуіне болады.
Баспасөз конференциясы түріндегі сабақ
Конференция түріндегі сабақ жоғары сыныптарда жеке тақырыптар бойынша құрған дұрыс. Қазақ тілі тақырыптары бойынша бұл үлгіні кеңінен пайдалануға болады. Мұндай сабақтарды өткізуге ерте бастан әзірлік жасау орынды. Сабақ өткізу үшін сынып оқушылары екі –үш топқа бөлінеді. Бірінші топ сұрақ берушілер, баспасөз өкілдері – «тілшілері» қызметін атқарады, ал екінші топ елдің тарихы, тілі туралы зерттеуші «мамандар», ой қорытып, бағалайтын «бақылаушылар» тобы. Әр топ тақырып бойынша мұғалім көмегімен жобаларын жасап, сонымен қатар оқулық бойынша алған білімін түрлі оқулықтар, әдеби кітаптар, қолжазбалар мен мерзімді басылым материалдарымен байытады. Сөйтіп, сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға әзірленеді.
Конференция сабағын өткізер алдындағы дайындық топ мүшелерінің жұмыс істеу, қажетті құралды пайдалану мүмкіндігін қарастыруыңызға байланысты оқушылармен кеңесе отырып ұйымдастырылады. Заман талабына сай «ғалым-зерттеушілер» мен «арнайы өкілдер», «БАҚ мамандары» мамандығы, қызметі айқын танылатын құоал-көрнекілік (төсбелгі, интерактивті тақта, компьютер т.т.) жабдықтармен қамтылуы қажет.Бұл сабаққа салтанат пен ерекше жауапкершілік сипатын береді.
Баспасөз конференциясы түріндегі сабақ оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде төмендегідей міндеттерді атқарады:
Бір сабақта белгілі бір тарау бойынша берілген білімді түгелімен қайталап, қорытуға болады
Өз бетімен іздену, белсенді жұмыс істеу, қажетті әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын игереді.
Әр сала «мамандары» қызметін атқару арқылы сабақ материалын жүйелеуге, жоспарлауға, сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысына машықтанады.
Оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы, өз жұмысын көрсету мақсатында жарнама жасау, газет шығару, ресми жазу стилі қалыптасады.
Бір сабақта бүкіл сынып оқушыларын бірнеше критерий бойынша бағалау мүмкіндігі туады және т.б.
Лабораториялық зерттеу сабағы
Лабораториялық зерттеу сабағында оқушылар зерттеу объектісін жан-жақты: ғылыми еңбектер мен тұжырымдарға сүйене зерделеп, зерттеп, сызба-кестелермен, оқулықтағы суреттермен жұмыс істеуге, білім мазмұнына байланысты жоба жасауға үйреніп, дағдыланады. Негізгі мақсаты – оқушыларды ізденіс пен шығармашылық жұмысқа баулу, ойлы, білімді өз бетімен меңгеруге ұмтылдыру.
Мектептік лекция сабағы
Лекция гректің (lektio - оқу) деген сөзінен алынған термин.
Лекцияның мәні мынада:
Сөздік қорды дамытып, тұрақты сөз тіркестері мен айшықты сөз өрнектері қолданылады;
Әдеби стильдік сөйлеуге талпындырады;
Жарыссөзде ұтымды пікір айтып, дұрыс баяндауға машықтандырады.
Лекция көлеміне, өткізілу мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:
Түсіндіру лекциясы
Баяндау лекциясы
Шолу лекциясы
Жүйелі түрде материалдың негізгі белгілерін анықтап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді
Кең көлемде күрделі мәселені қамтиды
Өтілген бір тарауды қорытып, қайталайды
Лекция сабағын өткізу талаптары:
Тақырыптардың мазмұнын ашуда ең басты, аса маңызды, негізгі ойларды іріктеп ала білу;
Лекцияда дидактикалық прициптерді сақтай, тақырыпты ғылыми тұрғыда жүйелі мазмұндай білу (Балаларға түсінікті болу үшін ғылыми терминдермен жұмысты қамту: слайд, плакат т.б.)
Оқушының қисынды ойлауын дамытатындай, туындаған сұраққа тыңдаушының назарын аударып, қарапайымнан күрделіге, дерексізден деректіге қарай ұғындырып, терең білім алуға ізденіс жасау;
Әдебиеттер тізімі ұсынылы, олармен қалай жұмыс жүргізудің жолдары көрсетілуі.
Семинар сабақ
Семинар сабағын жүргізу берілетін білімді тереңдету мақсатын көздейді. Сонымен бірге болашақ жоғарғы оқу орнына дайындалу мүмкіндігіне жол ашады.
Семинар сабағы лекцияда берілген білімді жетілдіріп, тіл ұстартып, лекциялық сөздік қорды байытуға машықтандырады. Семинар – оқушы үшін айтылмақ ойын, талданатын тақырыптардың ішкі терең иірімдері дәлелді пікірлермен саралауға мүмкіндік туатын, сөйлеп үйренуге машықтану алаңы. Өткізілетін семинардың сұрақтары мен тақырыбы, бір апта бұрын хабарланып, өтетін уақыты белгленіп, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі алдын ала ұсынылады. Семинарды бір жақты білгені мен дайындаған ойын айтуға емес, пікірталас туғызатындай дәрежеде ұйымдастыра білген ұстаз ұтады.
Панорамалық сабақ
Бұл мұғалімдерге қажет сабақ жүйесі. Яғни мұғалімдер немесе әдіскердердің өз тәжірибесіне байланысты өткізетін сабағы. Панорамалық сабақ жас мұғалімдерге көмек беру құралы ретінде кеңінен пайдаланылады.
Панорамалық сабақ мақсаттары аясында:
Жеке озат мұғалімнің ұстаздық шеберханасының қыр-сырымен таныстыру, тәжірибесін көпке тарату.
Әдіскерлер немесе мектеп басшыларының мұғалімдерге сабақты ұйымдастыру бағытында әдістемелік көмек беру мүмкіндіктері қамтылады.
Панорамалық сабақты өткізуші мұғалімдерге қойылатын ең бірінші талап – оның сабақ өтуде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік тәсілдерінің болуы. Мұғалімнің оқыту үрдісінде ең көп сүйенетін әдісі қайсы, оның тиімділігі неде деген көкейкесті сұрақтарға панорамалық сабақты таңдаушы әрбір мұғалім жауап ала алуы керек. Панорамалық сабақ мұғалімдердің тың ізденістерін жарқырай көрсететіндей дәрежеде құрылуы тиіс.
Панорамалық сабақта тек мұғалім әрекеті ғана көрініс таппауы тиіс. Сонымен қатар оның шәкірттерінің іс- қимылы, білімді игеру жөніндегі белсенді жұмысы, орын алуы мүмкін жайттар (осы орайда сабаққа қатысып отырған мұғалімдерді оқушы ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады) анық сезілуі керек. Бұл мұғалімдердің оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеу тәжірибесін кеңінен ашып көрсетеді.
Белсенді әрекетке жол ашатын ойындар
Педагогикалық үрдісте белсенділік пен бастамашылдықты талап ететін интерактивті оқыту формаларын қолдану соңғы кезде кеңінен өріс алуда. Соның танымал бір түрі – 1953 жылы американдық психолог Алекс Осборн ұсынған миға шабуы әдісі. Бұл әдісті көбіне екі топ арасында: Бірінші идеяларды ұсынушылар, келесі топты сарапшылар мен сыншылдар деп бөле отырып жүргізеді.
Бұл жұмыс басталмас бұрын жүргзуші проблемалық мәселені хабарлайды. Ой қозғау әрекетінің қарапайым ережелері:
Ойға келген барлық идеяларды жасқанбай ортаға салу;
Оларды сынға алмау;
Бір – бірін тосып сөйлеу;
Еш тартынбай қиялға да кезек беріп, фантастикалық ұсыныстарды ашық айту;
Ал осының ішінен қажетті пікір мен сапалы ұсыныс, тың идеяны тани біліп, көрсетіп отыру (оларды ойластыра отырып пайдаға асыру) жұмысын бағыттау мұғалім еншісінде.
Топ ішінде талқылау кезеңінде әр топ мүшелері мәселені шешудің жолдарын ойластыра бастайды (5-7 минут). Бұдан соңғы уақытта әр адам өзінің нұсқаларын ортаға салады. Топтың бір мүшесі ол идеяларды қағазға түсіріп жинақтап отыруы тиіс (қағазға немесе үнтаспаға түсіріп отырады). Бұл кезеңде айтылған пікірлердің «дұрыс» не «бұрыс» екендігі талқыланбайды.
Ендігі кезеңде әрбр идея, ұсыныстың мәселені шешудегі мүмкіндігі ортаға салынады. Ең тиімді, қызықты деп табылған нұсқалар атап өтіліп отырады. Ой қозғау барысында жүргізуші қатысушыларды қолдап, ынталандырып тұрғаны дұрыс («жақсы, өте жақсы»т.б. түрінде). Дұрыс пікір мынау деген өз ойын күштеп таңуға тырыспауы керек. Миға шабуыл әдісі ұжымның әр мүшесінің, ондағы әр адамның тұлғалық, кәсіби ерекшеліктерін көрсететін, олардың шығармашылығын дамытуға әсер ететін және ойламаған тың идеяларды дүниеге келтіретін әдіс түрлерінің бірі.
8. Тренингтер
ХХ ғасырдың 40 жылдарының қолданыс таба бастаған тренингтер (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру) оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Бұл – тұлғааралық қарым- қатынасты дамытуға ықпал ететін: өзіне-өзі баға беру, өзіне басқалардың көзімен қарау, өзгенің пікірін тыңдау, келісе алмаса да түсінуге тырысу, басқа да көзқарас – пікірлерге деген төзімділік және әр адамның шығармашылық дағдылары тануға үйрететін мүмкіндік кеңістігі.
Батыста білімді байыту, дағды машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылды. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны пркатикалық тапсырмалармен астастыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.
Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікр алмасады, өз көзқарастарын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үрдісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас, тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілеттерін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
Оқушылар бір –біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып., назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);
Тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
Тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;
Мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;
Тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;
Теориялық тапсырамалар мен интерактивті жаттығулардың сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;
Кез – келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады.
Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:
өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;
ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;
координация – іс – қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;
мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;
қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету;
Әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектернің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек
Енді назарларыңызға бірнеше тапсырмаларды ұсына кетейік. Бұл тапсырмалар Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп – лицейінде (А. Кыркубаева) қолданылған авторлық ізденіс нәтижесінде туған жаттығулар.
1 –жаттығу «Таңғалдыра таныстыру»
Қатысушылардың бір – бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға алу мүмкіндігін алатын жаттығу. Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып, соған қоса өзін ерекшке таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту, тосын сырымен бөлісу, тартымды қимыл жасау, т.б.). Қалған қатысушылар оған бағытта көтеріңкі көңіл күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетулері қажет. Жаттығу бірлесіп орындауға өте көңілді. Бұл жаттығу белгілі тақырыпқа орайластырып, бірнеше сағат отырып шаршай бастаған сәтте ұйыдастырса да сергіту сәтінің қызметін атқарады.
2 – жаттығу «Сәлем - Мен!»
Бұл жаттығу қатысушылардың өзінің ішкі ой, жан дүниесіндегі өзгерістерді айқындауға таптырмайтын құрал десек болады. Бұл жаттығу адамның өзін-өзі бағалауы мен тануына, өзінің артықшылығы мен кемшіліктерге жөнінде ойлануына, сын көзбен қарау мен өзіне құрметпен қарауына мүмкіндік береді. Жаттығу жүргізу алдында әрбір қатысушыға қағаз қалам таратылуы тиіс.
Жаттығудың шарты бойынша әр қатысушы өзі туралы сипаттама жасайды. Өз суретін, сұлбасын ұнатқан бейнеде сала отырып «Мен қандаймын?» деген сұраққа тоғыз түрлі (қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы ұғымына сай ) сай жауап жазулары тиіс. Барлық сөз, теңеу, қасиет, сапа және т.б. «Мен .. . » есімдігінен басталуы тиіс. Өзінің жрнамалық жобасы немесе газетін (тақырыбы – «Сәлем – Мен!») дайындап болған соң, қағазды өзі таңдаған жерге қыстырып, өзіне жақындаған ұжым мүшелеріне түсіндіріп, соңынан өзі туралы пікірге келісіп – келіспегені жөніндегі ойларын сын кітапшасына немесе жарнама қағазына, газетке жазып кетулерін сұрайды. Жазылған пікірлерді салыстыра отырып, «Кеңес берушімен» (мұғаліммен) талқылайды, өзі туралы қорытынды пікірін тұжырымдайды.
3 – жаттығу «Достық әлеміне қош келдің!»
Ойыншылар үшін «Танысу аралы» жасалынады. Мұны алдын ала «Сенің қиялындағы арман аралы» тақырыбында эссе жазғызып анықтап алуға болады. Біреулері ондай аралды Жапония мемлекеті жанынан таңдаса, енді бірі ғарышқа самғайды, келесілері жемісі мол жан аяғы баспаған жерді қалайды және басқа нұсқалар. Ұқсас аралды қалаған жандарды топтастыра қондыратындай айтылған белгілерді қамтыған аралды жабдықтаңыз.
Жапония мемлекеті жанындағы арал
Ғарыш айлағындағы арал
Жемісі мол, жан аяғы баспаған жер
Таулы аймақ
Жабдықтары (детальдар)
Теңіз ұлуы қабығы, жапон желпуіші, сакура, оригама, сувенирлер және т.б.
Ғарыш тақырыбына қатысты ойын бейнетаспаларынан үзінді аспан әлемі картасы, т.б.
Пальма, жеміс суреттері, аң мүсіндері, т.б.
Аң мүсіндері, тас қалыптары мен өсімдіктер, табиғат суреті, т.б.
Әркім өзі таңдаған аралға барып, «Достық» қамалын тұрғызуына рұқсат. Оны ойша тұрғызады ма, сурет түрінде келтіреді ме, әлде қағаздан макетін жасай ма- өз таңдауларында.
Ойын бастаушы уақытты белгілеп, уақыт болғанда топ мүшелерінің аралына барып олар дайындаған «Достық әлеміне қош келдің!» тақырыбындағы ойларын тыңдайды. Өзі таңдаған топ мүшесінің біреуін таңдаулы өкіл ретінде өзге топ өкілдері алдына шығарады. Таңдаулы өкілді (қағаздан, жапырақ пайдалана не төсбелгі тағу, т.б.) киіндіру жауапкершілігі әр топ ұжымының мойнында.
4 – жаттығу. «Көтерме сөздер»
Бұл жаттығу жұппен орындалады. Екі щқушының қалауынша (бір – біріне қарама - қарсы) жұптасып тұруына болады тұруы тиіс. Бірінші қатысушы: «маған сенің мінез- әрекетінде ....ұнайды, ол аса таптырмайтын қасиет, өзіңе сондай жарасымды, т.б.» деп екінші жұпқа өз пікірімен көтерме сөзін арнайды. Екінші қатысушы оған «иә, мен шыңдығында да сондаймын, бірақ сен менің мынадай жақтарым бар екенін байқамадың ба?» деп уәж айтады. Оған көтерме сөз айтушы міндетті түрде оң жауап тауып, жақсылықты басым көрсетуге тырысуы керек. Бұдан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады. Жүргізуші айтылған нәрсенің бәрі шын көңілден болуы керектігін ескертуі тиіс.
5 – жаттығу «Шымшыма шындықтар»
Бұл топ мүшелерінің бір – бірін тану мен анықтау зеректігі мен күмәнді де күдікті ойларын анықтауға қолайлы жаттығу болып табылады.
Жұмыс барысына 10 минут беріледі. Ұжым мүшелерінің өз сұрауына сәйкес әр қатысушының өзі туралы бөлігі толтырылған мінездеме – қағаздары таратылып беріледі. Топ мүшелері толтырған оқушының өзі туралы айтқан ақпараттарымен танысып, екінші бөлімге өз пікірлерін жазулары қажет. Пікір әдемі әзіл. Қалжың болса да шындықтан онша ауытқымаған жауапқа, бірақ шымшыма ойға құрылуы шарт.
Мінездеме – қағаз:
Ақпарат иесі
Қатысушының өзі туралы ақпараты
Менің ол туралы шымшыма пікірім
Мен – адал доспын,
қиындықта бой бұғып
қалмайтын адаммын.
Сондықтан да сыйлымын!
Иә, бой бұқпайтын қасиетің бары анық. Ал бедел туралы ойласайық: Ол қандай бедел?
Әркез қорқытып – үркітіп жиналған бедел емес пе?! Шындықтың беті ащылса қиналған бедел болып шықпай ма? Ойланып көрші!
6 – жаттығу «Үшбу хат»
Бұл тапсырма негізінен баланың ішкі толғанысына құрылған ой – түйіндерін қағазға түсірту мүмкіндігі. Жұмыс әр адамның өзіне немесе өзі сенетін жанға (досына, сүйікті ұстазына), болашағына хат жазуы формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқуға да болады. Әрине шәкірт қалауы ескеріледі.