Я.А Коменскийдің педагогикалық теориясыЯ.А Коменскийдің педагогикалық теориясыЯ.А Коменскийдің педагогикалық теориясыммммЯ.А Коменскийдің педагогикалық теориясыЯ.А Коменскийдің педагогикалық теориясыЯ.А Коменскийдің педагогикалық теориясы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Я.А Коменскийдің педагогикалық теориясы»
Я.А Коменскийдің педагогикалық теориясы
Жоспар:
Тәрбиенің рөлі ,оның мақсаты мен міндеттері
Табиғатқа сәйкестілік принципі
Мектеп оқуының жүйесі ,білім берудің мазмұны.
Лекцияның мәтіні:
ХҮІII ғасырда жаңа педагогиканың негiзiн қалаған ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына, әсiресе, дидактика саласы бойынша ХI-ХII ғасырларда жаңа философияның (Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи т.б.), соның iшiнде ағылшын материализмiнiң негiзiн қалаушы Ф.Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа дәуiр талабына сай қайта құрылуына арқау болды.
Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.
Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi.
Я.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.
“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс. Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.
Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады.
Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т.б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я.А.Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.
“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.
Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы, көрнекiлiк ұстанымының мәнi – дүниенi тану сыртқы сезiмге байланысты, түйсiкте болмаған нәрсе, зат ойда болмайды, сондықтан нәрсе мен зат бақылау, ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезiм арқылы дәлелденедi. Сол себептi де сезiмнен тыс нәрселер мен заттардың (мәселен, аспан әлемi, жер асты байлықтары, жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлар, т.б.) жасанды формаларын суреттерiн, бейнелерiн салыстыра отырып оқыту қажет.
Оқушының алған бiлiмi тиянақты ұстанымда болса, оның бiлiмi жүйелi, өзара байланысты, ой қисыны дәйектi және берiк болады. Оқытудың жүйелi және бiрiздiлiк ұстанымы бiлiмнiң “жалқыдан жалпыға”, “белгiлiден белгiсiзге”, “жеңiлден қиынға”, “нақтыдан абстракты ойға” қарай игерiлуi оқулықтың басты ережесiн құрайды. Я.А.Коменский бiлiм беру iсiн ұйымдастыруды дүниежүзi бойынша алғашқы рет жүйелiлiкпен дәлелдедi. Оқу жылын тоқсандарға бөлiп, оқу күнiн, күнiне қанша сабақтар өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бiр мезгiлде қабылдау, оқушылардың бiлiмдерiн тексеру, сыныптан сыныпқа көшiру тәртiптерiн енгiздi. Сонымен бiрге ол сабақтың құрылымын анықтауда жаңалық ашты. Мысалы, өткен оқу материалын сұрау, жаңа тақырыпты өту, қайталау және жаттығулар жүргiзу, оқушылар бiлiмiн тексеру, сабақты жоспарлау, тәртiп, т.б. оқу сапасын арттыруға себепшi болды деп айтуға құқығымыз бар.
“Ұлы дидактикада” оқыту әдiстемесiне байланысты құнды пiкiрлердi кездестiремiз, мәселен, оқытуды бақылаудан бастап заттар мен нәрселердiң сыртқы және iшкi ерекшелiктерiнiң себеп-салдар байланыстарын сезiну, содан соң көргендi талдау керек.
Оқу материалын бiрiздiлiкпен жоспарлы ұйымдастырудағы оқу әдiсi жеңiлден қиынға, жақыннан алысқа, жалқыдан жалпыға қарай жүргiзiлiп оқушылардың алған бiлiмдерi тиянақталып, өмiрде пайдалануға жағдай туғызады.
Келесi оқыту әдiсiнiң мәнi оқушылардың бiлiмге деген қызығушылығын арттырып, алған бiлiмдерiне көңiлі толуына, келесi бiлiмге деген ынтасына бағыт беруге кеңес бередi. “Ұлы дидактика” еңбегiнде Я.А.Коменский адамгершiлiк тәрбиесi жөнiнде дiни бағыт ұстанғанын байқаймыз.
Ұлы педагог балалардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеуде кiшiпейiлдiлiкке, мейiрiмдiлiкке, өзiн-өзi басқару, ерлiк, еңбек сүйгiштiк сапаларын қалыптастыруға көп көңiл бөлудi талап еткен. Ал терiс мiнез-құлықтан эгоизм, қаталдық, жалқаулық, өтiрiкшiлiк сияқты әдеттерден арылуға ата-аналар мен мұғалiмнiң бiрлесу қажеттiлiгiн ескеру керектiгiн айтты.
Я.А.Коменский мектеп практикасына жаңа леп, жаңа бағыт әкелдi. Сондықтан ол “Тәрбиенiң Галилейi” деген әдiл атаққа ие болды. Жаңа философияның негiзiне сүйенген педагог алғашқы рет дидактика жүйесiн құрды, тың педагогикалық идеялар енгiздi.
Я.А. Коменскийдің еңбектері әлемдегі педагогикалық ойлар мен мектеп тәжірибесінің дамуына орасан зор әсерін тигізді. Дүние жүзінде оқулық жасауға үлгі боларлықтай көптеген оқулықтар жазып даярлады. Оқу жұмысын ұйымдастыру туралы прогресшіл дидактикалық идеялар, ұстанымдар, қағидалар ұсынды. Сыныптық-сабақтық жүйенің және мектепті ұйымдастырудың теориялық негіздерін, мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасады.
Джон Локктың педагогикалық идеялары. ХVII ғасырда Англиядағы революциялық қозғалыстың қарқындап тұрған кезiнде жаңа заманның ұстаған бағыт-бағдары схоластикалық оқу жүйесiн сынға алып, баланың табиғи бейiм қабiлеттерiн дамытуға назар аударды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың (1632-1704) саяси-әлеуметтiк, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еттi. Ол Оксфорд университетiн бiтiрiсiмен 1658 жылдан бастап сол оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейiннен жаратылыстанумен айналысып, медицинаны зерттеп, ғылыми жұмыстармен шұғылданды.