Р/c | Тақырыптың атауы | Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту |
1 | Мақсаты | Мұғалімдердің іс–тәжірибесіне сүйене отырып диалогтік оқытудың білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. |
2 | Күтілетін нәтижелер | Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге; білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға; оқу үдерісіне диалогтік әдістерді енгізуге; сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға; диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады. |
3 | Сілтемелер | МА нұсқаулық, Тренерге арналған нұсқаулық ІІІ басылым, А.Әлімовтың «Интербелсенді әдісті ЖОО қолдану», бейнесюжеттер |
4 | Ресурстар | Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларға арналған ақ беттер, түрлі-түсті қағаздан жасалған жұлдызшалар, суреттер. |
5 | Түйінді идея | Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың танымдық қызығушылығы артары сөзсіз. білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру үшін әлеуеті бар. |
Сессия барысы |
Коучинг сессияның кезеңдері | Уақыты | Коуч іс - әрекеттері | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Топтарға бөлу | 3 мин | От, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу. От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ. Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар. (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу) | От,Су,Күн,Ай суреттерін өздері таңдап алып топқа бөлінеді. |
Коучинг мақсаты мен барысын таныстыру | | Слайд түрінде көрсету: Мақсаты: Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, ойлау қабілетін, зейінін, есін, қиялын, танымдық қызығушылығын дамыта отырып, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Бала мектептегі сабақтың өту барысында ғана емес оқушы құрбыларымен диалог құру арқылы, әлеуметтік қарым - қатынастар арқылы да танымдық деңгейін арттыра түседі. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой - өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейге жұмыс жасай алатынында. Бірінші деңгейдің тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құрылады. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы орындай алады. Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып талдауға көшеді. Үшінші деңгейде: оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстарын жүргізеді. | |
1-тапсырма | 5мин | 1-топ.Мұғалім – басшы. 2-топ Мұғалім-қиналушы.3-топ Мұғалім – таныс (дос). Үзінділер таратамын. | Мұғалімдердің берілген сипаттамаларына қарай нәтижесін топтар шығарады. |
2-тапсырма | 10мин | Бейне жазба: "Әлемді 20 жылдан кейін қалай елестетесің" | Осы бейне жазбаны қарай отырып, эссе жазғызу. |
Кері байланыс | 3мин | «Екі жұлдыз, бір тілек!» бойынша оқыған эсселеріне кері байланыс жасайды. | Өз ойларын айтады. |
Психологиялық ахуал туғызу | 5мин | Логикалық ойлауға негізделген ойсергек:«Үй, жол, жылан, шалбар, орамал» оқимын. Суреттер туралы әзілге негізделген сипаттамаларын оқимын. | Айтылған аттары бойынша сурет салады. |
3-тапсырма Креативті ойлауға арналған тапсырма | 10мин | Практикалық тапсырма: «Ең биік мұнара » жасау. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі( бір реттік пайдалануға арналған табақша, стакан, жіңішке сорғылар, шар, газет, А4 парақтар) | Өздері қалаулары бойынша (Ең астында табақша, ең үстінде шар тұру керек) |
Рефлексия | 5 мин | Көңіл-күйлері қандай дәрежеде екендігін алдарыңыздағы көңіл- күй диаграммасына түсірулерін сұраймын. Соңынан мұғалімдерге стикерлер таратып беріп, кері байланыс жасау. | Өз әсерлерін стикерлерге жазды. |