kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДАМЫТА О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледж білім алушыларыны? танымды? ?ызы?ушылы?ын дамытуды? негізгі факторы оларды? білімі мен да?дыларыны?  д?режесі ?ана емес, сонымен бірге, баланы? ма?ызды психикалы? ?ызметтерін, а?ыл - ой ж?мысыны? т?сілдерін ?алыптастыру?а м?мкіндік беретін о?у ?рдісін жол?а ?ою керектігі саналады. Білім алушыны? шы?армашылы? ?абілеті де оны? ойлау мен т?жірибелік ?рекеттері ар?ылы ?ана дамиды. Ойлау?а ?йрететін саба?тарды дамыта о?ыту саба?тары деп білеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДАМЫТА О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ»

«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі»

Педагогика пәнінің оқытушысы

КАБИМОЛДИНА АЙГУЛЬ КАЙРБЕКОВНА

«ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ»


«Бала дамуының ең шарықтау  шегі –

бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

Л.С. Выготский

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес өз сабағымда Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясын» АКТ негіздей отырып қолданамын.

Колледж білім алушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Білім алушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқыту жүйесінде білім алушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

1). Дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған білім алушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

2). Дамыта оқытуда білім алушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр білім алушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

3). Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері білім алушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

4). Дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы білім алушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, білім алушы – «орындаушы”, «оқытушының тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.

Дамыта оқыту белгілері:

1.  Педагогикадағы түсіндірмелі - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.  Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

3.  Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.  Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.  Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Дамыта оқыту білім алушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- білім алушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;

- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі – білім алушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену  іс - әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан оқытушы білім алушыларды іздену іс - әрекетіне таратуы қажет ол үшін мынандай шартты орындау керек.

1) Оқытушы өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2)  Ол білім алушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін оқытушы табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.


Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға өздерінің түсінігін береді. С.М. Құдайқұлов «қабілеттілік – белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады. Оның жоғары деңгейі-творчествалық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен ерекшеленеді» десе, М.М. Жадрина «біліктілік – білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын өмірлік дағдылар, құзырлықтар» деп, ал Л.Т. Қожамкұлова «әлеуметтік икемділік – әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі» деп икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады.

Құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдардың өзара байланысқан дамуы

Ұғымдар

Ұғымдарға түсініктеме

Зерттеуші

Іскерлік

Білімді практикада қолдану, саналы түрде белгілі бір іс-әрекетті орындау қабілеті

К.Д.Ушинский

Білімділік

Әр түрлі тіршілік әрекетіндегі мәселелерді шешуде өзінің қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін пайдалана білу қабілеттілігі.

Б.Г.Ананьев

Еріктілікті, қылықтар мен әрекеттерді белгілейді, тұтас тұлғаның моралдық бейнесін айқындайтын мінез-құлық қағидаларына айналады

О.Е. Лебедев

Бәсекелестік

Өзара жарыс; біреуден озу мақсаты көзделген талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу.

Ю. Бабанский

Құзырлық

Білімнің интеллектуалды және дағдылық құрамын біріктіреді; табиғи интегративке ие нәтижеден құрастырылған; білімнің мазмұнды түсіндіру идеологиясы орныққан когнитивті, операциялы-технологиялы, мотивациялы, этикалық, әлеуметтік және тәртіптік құрамасы.

А.А. Пинский

Толеранттылық

Әлеуметтік инстинктің ең жоғарғы деңгейі, төзімділік – адамның әлеуметтік өмірдегі, тұрмыс тіршілігіндегі әр түрлі үдерістерге, қоғамдағы әр түрлі қайшылықтарға барынша сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Кез-келген қоғамдағы терең мағынадағы Толеранттылық ішкі тұтастықты нығайта түсетін маңызды құбылыстардың қатарына жатады.

Л.И.Комарова

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзыреттілік  ұғымына келесідей анықтама берілді: құзыреттілік – алған білімін пайдалана білу қабілеті; кәсіби  мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

   Олай болса, дамыта оқыту технологиясын білім алушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

  •  оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

  •  проблеманы шешу жолын іздестіреді

  •  жаңаны өздері табады

  •  ақылдасады, кеңеседі.

Білім алушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:

Проблеманы шешу

Ақпараттық

Коммуникативтік

  • Түрлі жағдайларда проблеманы

  • анықтауға, оны шешуге мақсат қоюға, жетістікке жету үшін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өз қызметінің нәтижесін бағалауды іске асыруға, барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдау және қолдануға, өз әрекетін басқамен салыстыруға мүмкіндік береді.

  • Ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға, ақпараттарды өзбетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға, коммуникациялық

  • технологияларды қолдануға, ақпаратты өңдеп, қолдануға, таңдауға, қайта құруға, жаңа жағдайлардағы міндеттерді шешуде сол ақпараттарды пайдалана алуға, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, дәлелдеу, жүйелеу) пайдаланып,оларды өз әрекеттерін жоспарлауда пайдалануға мүмкіндік жасайды.

  • Қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация  

  • түрлерін қолдануға, тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға, әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге, басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен

  • сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге, әр түрлі жағдайларда алдына қойған міндеттерін шешуде, өзінің көзқарасын әдеп нормасына сәйкес жеткізуде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Өзінің және қоғамдық мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

  • Бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

  • Адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік ролдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.   

Аталған әрекеттері арқылы әр білім алушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.

Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар

  • Проблеманы сәйкестендіру:

  • Әрекетті жоспарлау және мақсат қою.

  • сызба құра; - өзіндік бағалау

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

  • Ақпараттық ізденісті жоспарлау

  • Мақаладағы пікірді сәйкестендір.

  • Ақпаратты өңдеу

  • Анықтаманың идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.

  • Логикалық операцияларды пайдалану.

Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

  • Жазбаша қатынас

  • Анықтама бойынша өз пікіріңді білдір

  • Диалог құру; - Өнімді топтық қатынас


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. 12 жылдық оқыту мәселелері. Қ.Р. жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана, 2006

  2. 2014 жылдың17 қаңтар күні жария етілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.  

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  4. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары; Жоба, /12 жылдық білім беру, 2006ж/.

  5. Айдосова З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері ”(қазақ тілі мен әдебиеті).- 2004.- 93-7 бет

  6. Аринова Г.К.Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогиалық технологиялардың алатын орны//12 жылдық білім беру, 2009, №4, 76 б.  

  7. Аяғанова Л. Жаңа технологиялар сабақта «Бастауыш мектеп»-2003.№4. 21-24 б.

  8. Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері «Бастауыш мектеп» — 2000. -№8,9 – 3-6 бет.

  9. Кенжебеков Б.Т. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі //Бастауыш мектеп. – 2004. – №7. – 15-19 бб.

10. Көшімбетова С. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.

12. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

13. Сәлімбаев О.С 12 жылдық мектеп жағдайындағы құзыреттілік білім беруді енгізу мәселелері //«Мектепте құзыреттілік білім беруді енгізу жағдайында педагог кадрларды дайындау» халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. -Тараз, 2006

14. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» /Педагогикалық шығармалар, 1998 ж/.

15. Ғаламтор желісі: http://refleader.ru/jgebewqasatyjge.html










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ДАМЫТА О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫ? ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Автор: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329653


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства