kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалар мен ұжымды зерттеу әдістері: социометрия, балалардың белсенділігін, көңіл-күйін, шығармашылық деңгейін, қызығушылығын анықтау әдістемесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.

Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.

Сынып жетекшісі – ол кім?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалар мен ұжымды зерттеу әдістері: социометрия, балалардың белсенділігін, көңіл-күйін, шығармашылық деңгейін, қызығушылығын анықтау әдістемесі.»

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Сабақтың технологиялық картасы № 13,14


Топ: Күні:

Оқытушы-әдіскер: Кабимолдина А.К.

Оқу практикасы: Жазғы практикаға дайындық

Тақырыбы: Балалар мен ұжымды зерттеу әдістері: социометрия, балалардың белсенділігін, көңіл-күйін, шығармашылық деңгейін, қызығушылығын анықтау әдістемесі.

Мақсаты: Болашақ мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарын жүзеге асыру, тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық-педагогика-лық әдістерді қолдануға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Балалар мен ұжымды зерттеу әдістері: оның ішінде ұжымның қарым-қатынасын зерттеуге арналған социометрия, балалардың қабілеттеріне байланысты белсенділігін, жалпы көңіл-күйін, шығармашылық деңгейін, қызығушылығын анықтау әдістемесі жайлы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Балалар ұжымын зерттеуге бағытталған ғылыми іс-әрекетті меңгерте отырып, татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікте дұрыс қарым-қатынас жасау ортасын құру.

Дамытушылық: Зерттеу әдістеріне арналған тапсырманы талдау, оны талдауда қажетті талапты дұрыс қолдана алу дағдыларын дамыту.

Типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Түрі: теориялық және іс-тәжірибелік дербес жұмыстар сабағы

Оқыту әдіс –тәсілдері: түсіндіру, пікір алмасу, проблемалық, зерттеу әдістері.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясын АКТ-ға негіздеу.

Пәнаралық байланыс: Педагогика, психология, ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі, Тәрбие жұмысының әдістемесі.

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, презентация материалдары, зерттеу әдістемелері.


Сабақтың құрылымдық жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Мақсат қою және оқу іс әрекетіне қызығушылықты ояту

  • Білімді өзектілендіру

  • Жаңа білімді хабарлау

  • Бекіту кезеңі

  • Білімді жүйелеу

  • Қорытындылау

  • Оқушылар білімін бағалау

  • Үй тапсырмасын беру

  • Рефлексиия

  • Сабақты аяқтау

Әдебиеттер тізімі:

  1. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық –педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.-288

  2. М.К. Бапаева, К.Н.нығметова, К.Т. Шериязданова. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. - Алматы: Рауан, 1994

  3. Грабарь М.И., Краснянская К.А. Применение математической статистики в педагогических исследованиях. – М., 1977.

  4. Загвязинский В.И. Методология и методика педагогического исследования. – М., 2000.

  5. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. – М., 1982.

  6. Ильин В.В., Калинкин А.Г. Природа науки. – М., 1985.

  7. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. – Самара, 1994.

  8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007ж.

  9. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Балбөбек» бағдарламасы, Астана, 2007

  10. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана, 2010ж.

  11. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана, 2010ж.

  12. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана.2010

  13. С.Д.Андабекова « Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, «Адам және қоғам», 2012

  14. Меңжанова А.К «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы, 1992ж.

  15. Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика». Астана «Фоллиант» баспасы,2008ж.

  16. Ядэшко В.И.,Сохина Ф.А. «Мектепке дейінгі педагогика» А.Мектеп,1982ж.

  17. Қоянбаев Ж. «Педагогика». Астана.1998ж.

  18. Сағындықов Е. «Педагогика». Астана, 1998ж.

  19. Мухина В.С. «Алты жастағылар мектепте». Алматы.Мектеп.1982ж.

  20. З.Н.Нурдавлетова «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы»


Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс

  • Аудитория тазалығын бақылау

ІІ. Мақсат қою және қызығушылықты ояту /Мотивация/

  • Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, жағымды атмосфера туғызуға бағытталған жұмыс түрін ұйымдастыру

  • Бейнематериал көрсету

ІІІ. Білімді өзектендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.

  • Білім алушы өзінің бүгінгі оқып, алатын білімінің өмірінде қажет екеніні түсіну және ол білімнің қоғамдық кеңістікте де қажетті орында екеніне көз жеткізуге шақыру

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту, ашу

1) Миға шабуыл.

Сынып жетекші жұмысындағы диагностика


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.

Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.

Сынып жетекшісі – ол кім?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.

Дәрігерлер алдына келген ауруды емдеу үшін түрлі анализдер тапсыртып, сол бойынша аурудың диагнозын қойып, содан кейін емдей бастайды емес пе? Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.

Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Кезінде ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек.

Көпке мәлім зерттеудің төмендегідей түрлері бар:


І. Алдын-ала танысу. Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімен жинақтауына болады. Мен өзім төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен, жанұяларымен сырттай таныстым:

Аты-жөнің: .......................................................

Туған жылың: ...................................................

Мекен жайын: ...................................................

Жанұяң туралы мәлімет:

р/с

Аты-жөні

Саған кім болады?

Туған жылы

Жұмыс орны












ІІ. Бақылау. Бақылау – оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді. Егер сынып жетекшісі ұжымды, жеке оқушыны бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.


ІІІ. Табиғи эксперимент. Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.

Мысалы, оқушының қоршаған ортада өзін қалай сезінетіндігін, ұстайтындығын анықтауға мүмкіндік беретін төмендегідей зерттеуді қолдандым.

Оқушының қоршаған ортамен қатынасын зерттеу:

Оқушының аты-жөні:.......................................................... Сыныбы:..................................................

р/с

Орта



Жағдаяттар

Отбасы

Достары

Сыныбы

Сабақ

Мұғалім

Көше

басқа


Мен көбіне сәтсіздікке ұшыраймын









Мені өте жақсы түсінеді









Мен жасқанамын









Маған көмектеседі









Мен өзіме-өзім сенбеймін









өзімді судағы балықтай сезінемін









Мені өте қинайды, жәбірлейді









Қолымнан бәрі келеді









Менің жыныма

иеді









Мені байқамайды









Мені бағалайды









Менің пікіріммен санасады









Мені ренжетеді









Мен өз көңілімді білдіруге жасқанбаймын










IV. Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым.

Балаңыздың аты-жөні:...................................................................................................

Жанұяңыздың материалдық жағдайы (өте жақсы, жақсы, орташа, төмен).................

Жанұяда бала тәрбиесімен кім айналысады?..................................................................

Балаға бірыңғай талап қойылады ма?..............................................................................

Бала үйдегі еңбекке қатысады ма, қандай шаруаға........................................................

Бос уақытын қалай өткізеді .............................................................................................

Достары кімдер .................................................................................................................

Олар туралы сіздің көзқарасыңыз ...................................................................................

Балаңыздың үйдегі мінезі................................................................................................

Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) ..................................................................


V. Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер. Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды материал береді.


VІ. Оқушыларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану. Сауалнама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді.

Мысалы, мен «Дос.Жолдас.Құрбы-құрдас» деген тақырыпта төмендегідей сауалдамалар бердім: 1. Достық деген ұғымды қалай түсінесің? 2. Досың кім? Оның қандай қасиеттері ұнайды? 3. Сынып оқушыларының ішінен кімді дос болуға лайық деп ойлайсың?» Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы тақырыпта пікірталас өткіздім. Пікірталаста оқушылардың достық туралы пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға салып, пікірталас туғызуға тырыстым.


VІІ. Шығармалар жаздыру. Ол жалпы дамуды, сөз мәдениетін, ынтаны, шығармашылық қабілетті, идеялық бағытылықты анықтауға көмектеседі. Шығармалардан оқушының жеке ерекшеліктері (оның мұраты, қажеті, сезім тербеністерінің тереңдігі, аңғарғыштығы және т.б.) көрінеді.


VІІІ. Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.

Бұл тәсіл бойынша мен төмендегідей тәсілді қолдандым.

Социометрия методикасы

Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу

Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама үлестіріледі:

  1. Кіммен бір партада отырғың келеді?

  2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

  3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:

Таңдау матрицасы

Кім таңдайды?

Кімді таңдайды?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1











2











3











4











Т.б.












Қанша рет таңдалды?











Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?










Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады


Социограмма

4 шеңберден тұрады:

1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)

2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар

3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)

4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)

Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алып отырдым. Партаға бірге отырғысы келетін өзара бірін-бірі таңдағандарды оқушылардың өздеріне білдіртпей бірге отыруларына мүмкіндік бердім.


ІХ. Дербес мінездемелер жинақтау. Бұл оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді.


Х: Оқушылардың тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу. Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз оқушының немесе жаңа оқушының отбасында танысуға әбден болады. Бұл тәсілді қолдану ата-аналардың бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмек беруі арқылы оқушының өз уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасайды.

Сынып оқушының тәрбиелік деңгейіне сынып ұжымы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы және т.б. қасиеттері де әсер етеді. Оны анықтау үшін төмендегідей тәсілдерді қолданып жүрмін.


«Сыныптағы ахуал» - шағын зерттеу.

Оқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған бір-бір парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын көрініс береді. Оқушылар мына бланкіні толтырады:


5

4

3

2

1


  1. Достық қалып, жылышырайлық






Араздық

  1. Келісім






Келіспеушілік

  1. Қанағаттылық






Қанағатсыздық

  1. Құштарлық






Селқостық, немқұрайдылық

  1. Жылылық






Салқындық

  1. Ынтымақтастық






Алауыздық

  1. Қызығушылық






Зерігушілік

  1. Табыстылық, жемістілік






Табыссыздық, нәтижесіздік

Қорытындылау: Әрбір жұп сөздің орта бағасын есептеп шығару. Алынған нәтижені график арқылы көрсету. Графиктің сол жағы неғұрлым басым болса, сыныптағы ахуал да, соғұрлым, қолайлы екендігін көрсетеді.


Ұжымның өзін-өзі әлеуметтік-психологиялық аттестациялау

Мақсаты: Бастапқы ұжымдағы ерекше қатынастар жүйесінің даму деңгейінің кешенді бағасы. Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама сұрақтары беріледі.

Берілген тізімге және оны бағалайтын шкалаға сүйене отырып, сіз өзіңіздің ұжымдағы қатынастарыңызды бағалааңыз. Бағаны былайша беруіңізге болады:

«6» - қажетті сапа ұжымның барлық мүшелеріне тән;

«5» - барлығына тән деуге болады;

«4» - көбіне тән

«3» - тең жартысына тән;

«2» - кейбіреулеріне тән;

«1» - бірен-саран адамға тән;

«0» - ешкімге тән емес.


Сапа

бағалар

6

5

4

3

2

1

0

1. Ұжымдық – барлық сұрақтарды бірге, ұжымның мүддесін ескере отырып шешуге тырысу.








2. Бірлік, тұтастық – сынып өмірінің маңызды проблемалары бойынша бір пікірлестік.








3. Ұйымшылдық – ұжым мүшелерінің өзара ұнамды қатынастары.








4. Жанасқыштық – басқа ұжымдармен және жаңа келген оқушымен қатынас








5. Ашықтық – тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыра білу, бірлесіп істеген жұмыс нәтижелі болу үшін міндеттерді дұрыс бөліп беру.








6. Информациялану (хабардар болу) – барлық сынып оқушылары өз сыныбының жағдайы және бір-бірі туралы жақсы хабардар болуы.








7. Жауапкершілік – оқуға, жұмысқа деген саналы және адал ниетті қатынас











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415632


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства