Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында мектептегі зерттеуге алған нысаным – 8,9,10 - сынып оқушылары болды. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым - белсенділіктері төмен оқушылардың ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптардың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап беретін, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен болды. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын, зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыру алдыма қойған басты мақсатым болды. Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем, олардың ойлау әрекеттеріне өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы мәселені шешуде сын тұрғысынан ойлау модулі әдебиетті оқыту барысында қолдану өте тиімді деп шештім. Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау, шығармашылыққа бағыттау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасадым. Сол себепті жан-жақты ойлана келіп, ең өзекті мәселелелерімді ортаға сала отырып, алдағы 5 жылдың өзекті тақырыбы ретінде « Оқушыларды сындарлы оқыта отырып, шығармашылыққа баулу» деп алдым. Бұл өзекті тақырыпты таңдауға негіздеме: Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Сондықтан қазақ тілі пәнін оқытуда білімді меңгертіп қана қоймай, оқушының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы шығармашылықтарын дамыту болды.
Өзекті тақырыпты жүзеге асырудағы міндеттер:
- Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу арқылы қоғамның қажетті талаптарын әрбір оқушыға борыш, намыс, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимул ретінде қабылдауына әсер ету;
- Жан-жақты білімді, рухани байлығы мол тұлғаны қалыптастыруына әсерін тигізетін оқу материалдарымен таныстыру;
- Адамзат құндылықтарын, білімдерін нығайту;
Оқушыларды шығармашылық жолында өз бетінше көп ізденуге талпындыру; іскерлік дағдыларын дамыту.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен күтілетін болжамдар:
- Оқушының танымдық қабілеті артады;
- Жүйелі қалыптасқан тілдік тұлға тәрбиеленеді;
- Өмірге деген көзқарастары қалыптасады;
- Шығармашылық жұмыстары жинақталады.
Өзекті тақырыпты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері:
- Оқушыларды жан-жақты зерттеу;
- Мектеп психологымен байланысу;
- Әдебиет пәнінен сөздік қорын, тіл байлығын даму деңгейін бақылау.
- Өзекті тақырыпты кезеңдер бойынша жүзеге асыру:
1- кезең. Теориялық білімін жинақтау.
Әдістемелік оқулықтармен таныстым.
Педагогикалық-психологиялық зерттеу түрлерімен таныстым
Теориялық біліктілікті жетілдірдім.
Зерттеу объектісін таңдап алып, бағдарлама жасау кезеңдерін белгілеп, оны бекіттім.
Зерттеу объектісіне қолайлы жағдай жасап отырып, бағыт-бағдар көрсетіп, жетекшілік еттім.
Әдістемелік қор жинадым. (2010, 2011, 2012 жылдар)
Оқушыларды жан-жақты зерттедім;
- Мектеп психологымен байланыста болдым;
- Әдебиет пәнінен сөздік қорын, тіл байлығын даму деңгейін бақыладым.
Әрине алғашқы кезеңде қиыншылық сәттер көп кездесті.
1. Сыныптағы оқушыларының білім деңгейлерінің әртүрлі болуы.
2. Оқушылардың тіл байлықтары мен сөздік қорлары деңгейінің төмендігі.
3. Есте сақтау қабілеттерінің орта деңгейде болуы.
4. Шығармашылық қабілеттерінің әртүрлі болуы
5. Әр оқушының күнделікті көңіл-күйіне, үйдегі әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлу керектігі кездесіп жатты.
Күнделікті сабақта тапсырма бере отырып, оқушылардың берілген тапсырманы әрқалай орындай алатын деңгейлерін байқадым. Сол себепті күнделікті сабақ жоспарымның тапсырмаларын деңгейлеп бөлдім. Сабағымды әртүрлі етіп, оқушы қызығушылығын арттыратын жоспарлар құрдым. Әр күні өткізген сабақтарыма өзімше қорытынды жасап, қай тұстары ұтымды, қай жерінде кемшіліктерім болды,- деп өзара рефлексия жасап, келесі сабақта кездескен кемшіліктерді болдырмаудың мүмкіндігін іздедім. Оқушылардың топта жұмыс жасауын қадағалау керектігін түсіндім.
2- кезен. Зерттеу кезеңі. Практикалық білім.( 2011, 2012,2013 жылдар).
Мектепішілік, аудандық семинарларда ашық сабақ бердім.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жинақтадым.
Ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым.
Осы кезеңде ойға түйгенім: мұғалім сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылатыны, сонымен қатар сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында өздерінің қалай ойлау арқылы білім алу керектігіне назар аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер арқылы көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылатындығын байқадым. Мен сабақ берген сыныптарда дарынды оқушылар өздерін жан-жақты көрсетіп, әртүрлі олимпиадаларға, Абай, Шәкәрім оқуларына, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, облыстық шығармалар сайысына да қатысып, жүлделі орындарды алды. Дегенмен, мен, 5 жылдық өзекті тақырыппен жұмыс жасауда қолданған әдіс-тәсілдерімнің нәтижесі және жетістігім,- деп осы алған үш сыныбымның білім сапасының көтерілгендігін айтар едім. Яғни, сыныптағы үндемейтін, тұйық оқушымның өзі мұғалім, мен айтайыншы,- деп қол көтеруінің өзі мен үшін үлкен жетістік болды. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыратын, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға итермелейтін - сын тұрғысынан ойлауға үйрету менің тәжірибем мен оқушыларымның білім сапасын арттыруға ең тиімді және қолайлы деген қорытындыға келдім. Сабақта оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше пайдаландым. Мысалы, топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау, (крийтериалды бағалау), АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану (слайдтар, бейнероликтер), сұрақ-жауап, диалог әдістерін қолданудан көрініс табады (стикерлер, постерлер, флипчарттар т.б.).
3- кезең. Қорытынды. Нәтижелерін жинақтау кезеңі (2014-2015 жылдар).
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыра отырып, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда сын тұрғысынан ойлаудың және басқа да әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Әсіресе ең тиімді түрі постер құруда күнделікті өмірден өз білетінін қайта жаңғыртып еске түсіріп алған біліммен байланыстыра білді. Нәтижесінде оқушылардың танымдық қабілеттері артты. Жүйелі қалыптасқан тілдік тұлға тәрбиеленді. Өзінің креативті идеяларымен бөлісіп, ойлау барысында сөйлеу мәдениеті мен көркем әдеби тілі қалыптасып, өз ойын еркін жеткізуде оқушы өлең шығарып, эссе жазып,сурет салып, ән айтып, әр оқушы өз бойындағы ұяңдық қасиеттерінен арылып, сынып алдына шығып еркін сөйлей білді. Өз ойын шығармашылық тұрғыда дамытуға жетеледім деп ойлаймын. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталды. Оқушымның шығармаларын баспасөз беттеріне жібердім. Зерттеу барысында әлі де болса, өзгертуге қажетті жұмыс жолдары бар деп ойлаймын.
Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды одан әрі жандандыра түсу.
Қалалық, облыстық , республикалық олимпиадаларға қатысу пайызын арттыру.
Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға көңіл бөлу.
Оқушылар арасында өз тілінде дұрыс сөйлей алмайтын, қазақша ой өрбіте алмайтын оқушылардың тілдік қорын дамыту.
Осы тұстарды ескере отырып, өзімнің іс-тәжірибемде мынаны жақсартуым керек,-деп болашаққа жоспар құрдым.
Әр оқушыдан білімді, мәдениетті, әлеуметтік өмірге бейімделген, ішкі еркіндігі басым, өмірге құштар, шығармашылық іспен айналыса алатын, адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеп шығару. Сол себепті осы атқарылған жұмыстарымды одан әрі дамыту үшін келесі бес жылдыққа:
«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, функционалдық сауаттылығын арттыру»- деген өзекті тақырып таңдап алдым.
Зерттеу нысандары: 5-11 – сынып оқушылары.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің педагогикалық маңыздылығы ерекше сипат алып отыр. Егеменді еліміздің жеткіншек ұрпақтарының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі күнде негізгі мәселенің бірі. Өзекті мәселенің тақырыбы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маңызы туралы қорытынды жасауға , алған білімдерін өмірде қолдана білуге,оқушының өзіне деген сенімін арттыруға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтауға және шешу жолын таба білуге үйретеді. Сондықтан белсенді әрекетті технологиялар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға байланысты атқарылатын іс-шараларды жоспарлап және дамыту үшін тиімді ықпалын зерттеп анықтауды жоспарлауда.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсаттары:
Белсенді әрекетті технологиялар арқылы пәнге қызыушылығын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқушылардың бейінді мамандану бағдарларын тереңдету.
СТО жобасын қолдану арқылы өз көзқарасын анықтай алатын, проблемаларды өз бетімен шеше алатын әрекеттерді қолдануға үйрететін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Қазіргі әлемді оқу барысында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.
Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау;
2. Белсенді әрекетті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда пәнаралық байланысты арттыру.
3. Белсенді әрекетті технологиялар арқылы сыныпты зерттеу, оқушылардың өз бетінше білім алуының нәтижелерін талдау және сараптама жүргізу, диагностикалау, әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Зерттеу нәтижелерінен күтілетін болжамдар:
1. Мұғалім өз біліктілігін жетілдіре отырып, белсенді стратегияларды сабақта тиімді қолданады.
2. Оқушылар олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындалады және оқушылардың портфолиолары жинақталады.Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстел, ғылыми тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға қатысу.
3. Белсенді әрекетті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға машықтанады.
4. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мектеп оқушыларының өмірлік бағдарының мәнін, ата-аналардың рөлін диагностика жүргізеді. Алған білімін өмірде қолдануға жағдай жасайды.
5. СТО жобасы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасау,қала, облыс көлемінде іс- тәжірибе тарату.
Жаңа әдістерді пайдалана отырып, болашақта әр сабағымды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына бағыттап, түрлендіріп өткізуге тырысамын. Сонымен қатар іс-тәжірибемдегі өзгерістер сабақтан тыс іс-шараларда, пән олимпиадалары мен ғылыми жоба сайыстарында оқушы дайындауда жемісін береді,- деп ойлаймын.