О?ушыларды? ?ткен тарихымыз?а деген ?лтты? к?з?арастарын ?алыптастыру. О?ушыларды елді, жерді, Отанын с?юге ж?не егемен елімізді са?тау?а ж?не оны г?лдендіруге ??штар патриотты? к?ш-?уаты мол, намысшыл жастардлы т?рбиелеу. Желто?санда ?аза тауып, мерт бол?ан ?аза? ?ыздары мен жігіттеріні? рухына, ерлігіне деген та?зым. "Мен - ?аза?, ?аза?пын деп ма?танамын, ?ран?а "алаш" деген атты аламын" - деп азатты?ты а?са?ан, сол жолда аянбай ?ызмет еткен алаш арыстарыны? барлы?ы да ?у?ын - с?ргінге ?шырап, Сталиндік ?ызыл террорды? ??рбаны болды. Сол алаш ?айраткерлеріні? азатты? идеясын жал?астыр?ан, ?ыршын кеткен арыстарды? аманатын ар?ала?ан кейінгі тол?ын іні - ?арындастары 1986 дылды? желто?санында т?уелсіздік ?шін к?ресе білді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Желто?сан жа??ыры?ы жадымызда" (ашы? т?рбие са?аты) »
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Басшилі ауылы, Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектептің аға тәлімгері Балаушина Айсулу Беркимбаевна
1-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. Шырқадым әнұранды бар дауыспен, Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр. 2-жүргізуші: «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Хор: Мемлекеттік Әнұран
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? 2-жүргізуші: Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
1-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д.Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. Жазалаушы қара құрттай қаптады, Қазағымды қырып – жойып таптады. Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты, Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
Сонау сұрапыл желтоқсан оқиғасының қалай болғандығын бейне фильм арқылы тамашаласақ. 1-жүргізуші: Жағасына жауының жетіп қолы, Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы, Олжа емес салбырап түскен көктен. Қуаныш аралас қасіретпен, Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен. Еркіндік, ерлігін сақтау үшін, Талай ердің бұл жолда басы кеткен. Ән: «Туған жер» орындайтын Қуаныш Нұрсәт.
1-жүргізуші: Желтоқсан айы…
Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.
Хор: «Желтоқсан желі ызғарлы»
2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.
Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.
Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалары…
Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар
Көрініс: «Желтоқсанда құрбан болған Қайрат»
Автор: Қан,қан тағы да қан төгілген,
Отаршылдық жендетті, қанға әлі тоймаппа ең?
Бұрымдыны кепкен ішімен
Айбарлыны аттап өткен үстінен
Қан ішкізіп,асфальтпенен сүйреген
Отарладың жендетті,қанға әлі тоймап па ең,тоймап па ең?
(Осы кезде Қайрат өз-өзінен дауыстап сөйлеп отырады) Қайрат: Мен дүниеге келгенде азан шақырып қойған атым Қайрат екен. «Қайрат» сөзінің мен білетін 2 мағынасы бар.Алғашқысы дүниенің керкметіне қайран қалу болса,кейінгісі «Қайран боздақ,қайран дүние ай» деген ұғымдар.Кісі есімі қандай болса,оның тағдыры да сонымен байланысты дейді.Менікі де солай болатын тәрізді.Сеземін,сеземін де күрсінемін.Ой,қайран дүние-ай!
(Сахнаға Ербол шығып тез басып Қайратқа келеді)
Ербол: Қайрат досым,қане тұршы орныңнан!
Қайрат:Не болып қалды?
Ерболат:Бір сұмдықты көріп келдім алаңнан,
Дәл мұндайды көрмеп едім ешқашан
Қаруланған шоқпар менен солдаттар
Жас қыздарды сүйреп жүр бұрымнан
Қайрат: Не?Не дейсің? Жоқ!Мүмкін емес!
Ербол: Аямайды қара көзді жастарды
Аямайды қиған қара қастарды
Шоқпарменен топпенен жүр ұялмай
Қарсылықсыз бұққан қыздарды
Қайрат: Ой сұмдық ай,мынау неткен зобалаң?
Жеткені ме ел басына «Ақтабан»
Ербол: Ия,ия елес одан өзгеше
Қанға сонда қазі шықсаң бар көше.
Қайрат: Доғар енді,қысқарт енді сөзіңді
Көрсетпе енді маған сасқан жүзіңді
(Қайрат қолын бір сермеп,алдымен сахнадан шығып кетеді,артынан Ербол қолын созып )
Ербол:
Қайраттан, досым Қайратым
Сорлы басым неге мен айттым
Жо жоқ менде алаңға барамын
Берен болса сонда қаза табамын.
Автор: Алаңға 20 мың әскер,20 мың милиция адамдары,16 мыңдай қара көз қыздарымыз шықты.Оларды аясыз жазалады.Ақ қарды қызыл қарға бояды.Оларды машинаға тиеп қаласыртына тиеп апарып төгеді.
(2 милиционер Қайратты қолын кісендеп,сүйреп жігіті ортаға алып келеді)
Тергеуші: Мынау ма батыр,ха ха ха
Қане отыр,былай қарай желкеле
Өлімі үшін адал адамның
Тура келеді саған жауап беруге
Қайрат: Ой,залымдар,арым таза,кінәм жоқ
Мойындамаймын мейлі ұр,мейлі соқ!
Тергеуші: Мойындатамын көргендер бар біледі.Сақшы Сергей Сабидкиді өлтірген сен.Апар қама!Мойындатыңдар бәрін де.
(2 милиция Қайратты жұлқылап алып кетеді.Одан кейін сахгада тергеуші)
- Мойындатамын ! Бәрін де мойындатамын мен әлі!(Cөйлеп шығып кетеді)
(Сахна келесі қойылымға даярланады,2 орындық қойылып біріне 2 милиционер Қайратты 2 жағынан ұстап алып келеді.)
Хабарлаушы: Орнымыздан тұрамыз,сот келеді!(Сот келіп отырады)
Қорғаушылардан кім сөйлейді?
Ешкім жоқ па,мейлі
Өлімі үшін милиционердің қазір жауап береді
Рұсқұлбеков Қайрат деген мойынқұм жігіт
Сот: Ауыр жаза кесіледі Рұсқұлбеков Қайратқа.Ұлтшыл,бұзақы,нашақор Рұсқұлбеков Қайрат 1987 жылдың 16 маусымындағы Жоғарғы сот үкімі,қылмыс кодекісінің 60,69 және 173 баптарымен айыпталып,ату жазасына кесілсін.(Сол кезде анасы орнынан ұшып тұрып айқайлап.)
Анасы: Жоқ менің ұлым қанішер емес! Жоқ менің ұлым бұзақы емес!Жоқ!Жоқ! Қайрат ұлым жоқ!(Сылқ етіп отыра кетеді)
Сот: Атыңдар да істі жабыңдар!
Анасы: (Орнында жылап айтады) Қайрат ұлым,мені кімге тапсырдың? Жолыңды тосқан әкеңе,бауырларыңа мен не айтамын?Жоқ,Жоқ!Не дейді мына жауыздар?Ұлым жоқ!(Сыбырлап жылай береді)
Қайрат: (Орнынан жұлқынып тұрып,жігерленіп)
Кінәдан таза басым бар
21 де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Есет: Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік Жазира мен Ляззаттың Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік
Гүлдана: Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан
Аида: Әр қазақтың есінде сақталады Желтоқсандық өрендер ақталады Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Айса: Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн
Нұргүл: Көк аспанда тулардың Желбіреген күні - бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні - бұл.
Гүлдәурен:
Елдігімнің – реңі, Тендігімнің – тірегі Мүддесінен халықтың Ажырамас бір елі. Алтын заңым – арай таным! Ілияс: Әділеттің ұраны, Ақиқаттың шырағы. Тыныштықтың туы боп, Зор салтанат құрады. Айгерім: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Айдос: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық Айшат: Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлділі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл - күні!
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.
1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Ән: Ақсерік Айбаттың орындауында ән «Көк тудың желбірегені» қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Ән: «Атамекен» Темірхан Аружан мен Құлбатырова Аяжан
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектеп
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________ Г.М.Дауылбаева
Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда»
Дайындаған: Балаушина А.Б
Басшилі 2013 жыл
Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда!»
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, жерді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол, намысшыл жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда қаза тауып, мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған үлкен плакат,буклеттер,слайд, желтоқсан құрбандарының фото суреттері,түрлі-түсті шарлар және т.б.