Просмотр содержимого документа
«Жас?лан балалар ж?не жас?спірімдер ?йымына ?абылдау»
Оқушыларды ұйымға қабылдау
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі Өтетін орны: Рәміздер орнатылған дәліз
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі. І жүргізуші: Қайырлы күн,оқушылар мектеп әкімшілігі және ұстазда! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер! І жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім! І жүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын! Әнұран ойналады І жүргізуші: Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын. І-жүргізуші: Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. І-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар. Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек. І жүргізуші: Білімді –көкіректе нұр деп түсін Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін. Аталған мақсат, талап, ережені, Орындауға бәріңде міндеттісің!
І жүргізуші: Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. І жүргізуші: Ұлан басы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал. Рапорт мәтіні: Тәлімгер Қадырова «Жас Ұлан», «Жас қыран» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы Ұлан басы: Мұлхайырова. Рапорт тапсырылды. І жүргізуші: оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар. І жүргізуші: Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
І жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. ( «Жас Ұланның» Ұлан басы ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды) Анттың мәтіні: Мен, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры А.А.Қусаиновқа беріледі.
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді) Қошемет көрсетіледі. І жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын. І жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа, Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа. Келеміз егеменді ел төріне өрлеп, Ашылып алдымыздан алтын қақпа. І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.