kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас Ұлан слет сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий для слета Жас улан. Для районного мероприятия

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас Ұлан слет сценарий»

Уәлиханов ауданы бойынша Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөпірімдер ұйымы слетінің сценарийі

Өтетін орны:мәдениет үйі

Мерзімі: 8 желтоқсан 2016 жыл

Уақыты : ...

Жүргізушілер: Мажитова Ажар Болатбековна , Канжигалин Олжас Болатович

Лит.монтаж\10 өлең оқылады\

Фон жүргізушілер шығады.

  1. Жүргізуші: -Армысыздар қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар,оқушылар! Уәлиханов ауданы бойынша Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының слетіне қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші

Жасұлан жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым

Жаңғырып, жанданатын жылдан жылға

Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым

1-Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерекесіне орай Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер бірлестігіне ауданымыздың оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсенді оқушылар қабылданады.

  1. Жүргізуші: «Жасұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды қарсы алыңыздар!

(«Жасұланға» қабылданатындар сахнаға екі жақтан шығады)

Кішкенекөл №1 орта мектебі

  1. Зейнолла Медина

  2. Рақым Томирис

  3. Төлеген Әділхан

  4. Ауталипов Тарлан

  5. Зейніғабиден Әмина

  6. Тілеген Айжан

  7. Ғалмұрат Мадина

  8. Әміртас Данияр

  9. Ахметова Айнұр

  10. Расулова Ділназ

  11. Толеутай Мадияр

  12. Білял Аңсар

  13. Жамухамбетов Диас

  14. Шадатова Шадиар

  15. Демишева Ариана

  16. Диярат Толқын

  1. Жүргізуші: Уалиханов ауданы бойынша Республикалық бірыңғай «Жасұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының слетын ашық деп жариялаймыз!

Қ.Р Гимні орындалады



  1. Жүргізуші: Бүгінгі таңда, Халықаралық , Республикалық, облыстық деңгейде аудан мектептерінің атын асқақтатып жүрген оқушылар «Жасұлан »балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.

(Шадатова Шадияр 1 қадам алға шығады)

-Мен, Шадатова Шадияр,

(...әр оқушы өз аты-жөнін айтып шығады)

...Республикалық бірыңғай «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным- Қазақстан Республикасының патриоты болуға,

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

(Шадатова Шадияр орнына тұрады.Бәрі бірге «Ант етеміз!»-3 рет)

1-жүргізуші: Галстук тағу рәсімі аудан әкімі Аман Жақсыбайұлы Төрегельдинге, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Мұхамедқалиұлы Қалиевке, «Нұр Отан» партиясының Уәлиханов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маржан Маратқызы Латыповаға, аудан әкімінің орынбасары Айгүл Зендақызы Жауароваға, аудан білім бөлімінің басшысы Айтқазы Әлімбайұлы Аубакировке беріледі.

Фон

2-Жүргізуші: Уәлиханов ауданының әкімі Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин (марапаттау)

(«ЖасҰланға қабылданған оқушылар белгіленген орындарға 2-3 қатарға отырады»)

1-жүргізуші: Облыстық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары,Абай, махамбет, Мағжан оқуларының облыстық, аудандық жүлдегерлері, ғылыми жобадан, спорттан жақсы нәтиже көрсеткен, облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары «ЖасҰлан » мүшелері марапатталады.

2Жүргізуші (мадақтама қағаздың мәтіні оқылады)

Диярат Толқын- мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға белсене қатысушы, облыстық Мағжан оқуларының сертификат иегері, «Жарқын болашақ» 8 республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің қатысушысы, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі.

Токуш Саяжан - мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға белсене қатысушы, аудандық деңгейде өткен «Жастарға сенеміз 2016» атты фестивалінің гран при иегері, «Жасұлан» мүшесі.

Жанай Әділ – оқу озаты, облыстық-«дебют» жас музыканттар сайысының жеңімпазы, Новосибирск қаласында өткен халықаралық «Сибирь зажигает звезды» сайысының гран при иегер, Астана қаласында өткен «Сәлем, Астана» атты республикалық сайысының 1-ші орын иегері, 2016 ж Астана қаласында өткен «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты форум-фестивальдің қатысушысы

Искаков Рустам – аудандық еркін күрестен 1- орын иегерір,облыстық Малик Мусалимовқа арналған турнирдің бірінші орын иегері,Тайынша ауданында өткен облыстық турнирдің 1-ші орын иегері, Астана қаласында өткен республикалық еркін күрестенің 3-ші орын иегері.

Қабиден Досжан – Аудандық «Мен-чемпион» телевизиялық спорт ойынының жеңімпазы, аудандық еркін күрестен 1- орын иегері,Тайынша ауданында өткен облыстық турнирдің 1-ші орын иегері, Петропавл қаласында өткен облыстық еркін күрестің жүлдегері, Астана қаласында өткен республикалық еркін күрестенің 3-ші орын иегері,

1-жүргізуші: Құрметті «Жасұлан» ұйымының мүшелері! «ЖасҰлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз. Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!

2-Жүргізуші

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың түндік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!

  1. Жүргізуші: «ЖасҰлан әні» орындайтын Диярат Дина , Талант Лашын

  2. жүргізуші

Көтеріп биік мінбеге

Көгіме нұрлы күн берген

Айналдым алтын елімнен!

Жүзіме әсем ән берген

Жаныма қуат нәр берген

Жеріме жаңа түр берген

Түр беріп жұпар гүл берген

Айналдым азат елімнен

Домбыра беріп қолыма

Жөн сілтеп түзу жолыма

Әділдік арды қорғаған

Айналдым туған жерімнен

  1. Жүргізуші:

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та,гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат ету, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні-осы!

  1. Жүргізуші:Қадірлі қонақтар, берекелі бірлігіміздің мерейі үстем болсын!еліміздің егемендігі жасай берсін!

1-жүргізуші: осымен жиынымыздың салтанатты бөлімі өз мәресіне жетті.

2-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердің назарларыңызға Кішкенекөл №1 орта мектебінің дайындаған шағын концертін назарларыңызға ұсынамыз

Концерттік бағдарлама

1-жүргізуші:

Достықтың мекенісің –Қазақстан,

Бауырдай жүз жиырма ұлт –тіл табысқан.

Мереке құтты болсын, дүйім жұртым,

Бірлік пен татулығың мың жарасқан

Күй: « --------- » орынд. Жанай Әділ

2-Жүргізуші:

Елімнің болашығы ұланымыз

Өрлеген өреніміз , жыр әніміз.

Тәуелсіз азат елдің қыранымыз

Би: «Маленькая страна» орынд. 3 «ә» сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Тыныш бейбіт өмір болсын әлемде,

Аман болсын елім мене жерімде

Сен сұраған қазақ ұлты мен болам

Орнын тапқан мынау ғалам өмірде

Ән:

2-Жүргізуші:

Елім менің құлақ сал бұл сөзіме

Жау тимесін қазағымның жеріне

Уа, қазағым, ағайындар тату бол

Тату болсақ, шыға аламыз белеске

Би: «Джентльмендер биі» орынд. 5 сынып оқушылары

  1. Жүргізуші:

Көтеріп биік мінбеге

Кеудемде сазды үн берген

Көгіме нұрлы күн берген

Айналдым туған жерімнен

Ән: ағылшын тілінде ән, орынд. Шадатова Шадияр



  1. Жүргізуші:

Қалалар жайып қанатын

Ауылымды арай нұр төккен

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен

Ән: «Қазақстаным» орынд. 5 сынып оқушылары

  1. Жүргізуші:

Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған

Бабамның арманы сенсің, Тәуелсіз Отаным!

2-Жүргізуші:

Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің –Қазақстан!

Келешекке сенімің, ұрпағыңның арманы сенсің-Қазақстан!

1-жүргізуші

Мәңгілік еліміз тұғырлы болсын! Қадірлі қонақтар, берекелі бірлігіміздің мерейі үстем болсын!еліміздің егемендігі жасай берсін!

2-жүргізуші

Осымен Кішкенекөл №1 орта мектебінің дайындаған шағын концерті өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жас Ұлан слет сценарий

Автор: Жолдыбаева Динара Анварбековна

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства