kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз – ұлы есім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдер  күні  мерекесіне  арналған  «Ұстаз – ұлы есім»  атты  мерекелік  жиын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз – ұлы есім»

Ұстаз – ұлы есім

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік жиын

Мақсаты :Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету , ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Көрнекіліктер : Қанатты сөздер , гүлдер , жалауша , шарлар ,инт. тақта , слайдтар.

Би : қазақ биі ;Ән: «Анашым» ,Күй :«Әлқисса» ,«Жалғыз аққу», Хор: « Ұстазым менің»

1 – жүгізуші:Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып ,құрметтейтін екі ұғым болса , оның бірі – Ұстаз.

2 – жүргізуші:Дұрыс айтасың Айжан ! «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті , қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген » деген сөздер «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

1 – жүргізуші:Ия ,Ақниет. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға да байланысты. «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт щығатыны сөзсіз.

2 – жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттері білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор .

1 – жүргізуші:Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз .сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

2 – жүргізуші:Олай болса , қадірлі ұстаздар ! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

1 – жүргізуші:Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін .

1 – жүргізуші:Мәділ Айым мен Гүлімнің орындауында «Ұстазым » әні.

2 – жүргізуші:Ендеше қымбатты ұстаздар , шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнаған өлең – шумақтарына кезек берелік.

1 – о:Айгерім

Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтаймыз , ұстаздарым баршаңды.



2 – о:Абзал

Үйретіп өмір ұстамын,

Үлгілі ісқе нұсқадың

Ақ көңіл іскер қашанда

Ақылшым менің - ұстазым.

3 – о:Нұрай

Көзімдегі шырағым

Ол –өзіңсің мұғалім

Сенен жиған білім – нәр

Нәрсені мол ұғамын.

Зәулім де асқақ шынарым

Жүрек жылы жыр – әнім.

4 – о:Ұлжан

Тек биіктер шығарым

Ақылшы бек мұғалім

Жаныма серік еткенім,

Білімнің қайнар бұлағын.

Кеңейтіп сана түлеткен,

Өшер ме есімің жүректен?

1 – жүргізуші:Ақниет, бүгінгі кеште оқушылар 3 топқа бөлініпті және де топтың аттарын тамаша қойыпты! Бірақ неге аттары осындай?

2 – жүргізуші:Ал, енді сұрап көрелік! 1 – топқа сұрақ. Неге топтың атын «мұғалім»деп таңдадыңыздар?

А.Аружан:Мұғалім барша мамандықтың көш бастаушысы , мәртебелі мамандық.Мұғалм сөзіне талдау жасап көрелік!

М – меірімді

Ұ - ұлағатты

Ғ - ғазиз

А – ақылды

Л - лайықты

І – іскер

М - маман Ол мұғалім – бәрі хормен‼!



2 – жүргізуші:2 – топтың аты «оқушы» , олар оны қалай талдайды екен?

Аружан: Оқушы ол мұгалімнің шәкірті.

О –озат

Қ –құдіретті

У – уайымсыз

Ш –шебер

Ы –ырысты Бәрі бірге ол –оқушы‼!

1 – жүргізуші: Ал енді кезек 3 – топқа да жетті.Топтың аты «мектеп».

Ұлжан: Мектеп- мұғалімнің де, оқушының да білім ордасы.

М - мекеме

Е - еңселі

К - керегесі кең

Т – терезесі тең

Е - ерекше

П – профильді мекеме Бәрі бірге ол –мектеп‼!

1,2-жүргізуші: Кешімізді жалғастырайық!

5 – о:Алмас

Құйылады жыр ағын

Көптен дара пырағым

Құтты болсын мерекең

Заңғар тұлға мұғалім !

6 –о :Айсұлтан

Білімнің кәусар бұлағын ,

Жүресің құйып санама ,

Біз үшін сенсің –мұғалім ,

Ұстаз да ,ғалым дана да.

7 –о:Ернур

Мұғалім деген –ерекше тұлға дара шың

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

Мұғалім деген –аяулы адам, асыл жан,

Шәкірт көңілінде кұн болып жайнап жататын.

8 –о:Алпамыс

Шәкірттерін азамат қып саналы

Ұстаз –ана ,дана бола алады

Ең бастысы ұстаз мына өмірде

Ұлағат болып ,ұлылық боп қалады

2 – жүргізуші:

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған,

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. Ендеше ұстаз апайларға яғни екінші аналарымызға

келесі әнімізді арнаймыз. Б.Айымның орындауында «Анашым» әні.

9 –о: Жанерке

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін .



10 –о:Руслан

Мұғалім ,ғазиз мұғалім ,

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда ,

Арнайды саған бұл әнін.

11 –оқушы:

Әр адамға құрметпен қараған

Өз бойынан мол ізгілік тараған.

Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,

Осы өмірге мұғалім боп жаралған.

12 –о:Аружан

Ұлықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

1 – жүргізуші:Ақниет,түсінбедім,мына жүректер не мағына береді?

2 – жүргізуші: Ол –жүрек аяулы ұстаз жүрегі

1 – жүргізуші:Қандай тамаша ! Ал,кішкенежүрекшелер ше?

2 – жүргізуші:Ол –біздің шәкірттердің жүрегі

1 – жүргізуші:Ұстаз жүрегін шәкірт жүрегі неге айнала қоршап тұр?

2 – жүргізуші:Себебі, ұстаз жүрегі мейірімге ,сүйіспеншілікте, махабатқа толы. Бар жылуын шәкірттеріне беріп ,әрқаша қамқор болып жүреді.

1 – жүргізуші:Ардақты ұстаздар,сіздердің құрметтеріңізге Совед Айым «Әлқиса» күйін тарту етеді

13 –о:Абылай

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің –мұғалім .

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге шығар күн.

14 –о: Зухра

Сабақтан еш қалмаймыз,

Сонда гүлдей жайнаймыз.

Ұстаздардан үйреніп,

Биіктерге самғаймыз.



15 –о:Шыңғыс

Білімін құйған санама ,

Ұқсайтын асыл анама .

Мектептегі бар ұстаз,

Лайық ең зор бағаға.

16 –о:Қуаныш

Ұстаз деген бір тұлға ,

Ең қадірлі мамандық.

Мұғалімге, ұстазға

Біз тілеміз амандық.

17 –о:Сұлтан

Ұстаздар – ұлттың тірегі,

Ұстаздар –мектеп жүрегі,

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

2-жүргізуші: Айжан, екеуіміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-жүргізуші: Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

1-жүргізуші: Ұстазға қарап шәкірт өседі.

2-жүргізуші:Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр.

1-жүргізуші:Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

2-жүргізуші:Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы.

Жания: Менің бүгінгі кештен ұстаз туралы түсінігім

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген ерекше тұлға дара шың

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

Мұғалім деген аяулы адам, асыл жан

Шәкірт көңіліңде күн болып жайнап жанатын.

1-жүргізуші: Халаықтың нұрлы ертегі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп.,көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз ұлы есім » атты мерекелік кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші:Біздің сіздердің құрметтеріңізге дайындаған құттықтауымызды тыңдағандарыңыз үшін рахметімізді айтамыз,келгендеріңізге рахмет!

1,2-жүргізуші:Сау болыңыздар‼!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстаз – ұлы есім

Автор: Бекжигитова Гулназ Сейтнуровна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469612

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«Ұстаз – ұлы есім» атты концерттік бағдарлама"
    ["seo_title"] => string(47) "u_staz_u_ly_iesim_atty_kontsierttik_bag_darlama"
    ["file_id"] => string(6) "399440"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489312128"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ұстаз- ұлы есім!"
    ["seo_title"] => string(14) "ustaz_uly_esim"
    ["file_id"] => string(6) "484045"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541584001"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«?стаз –?лы  есім»"
    ["seo_title"] => string(13) "ustazulyiesim"
    ["file_id"] => string(6) "287624"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454510268"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ұстаз -ұлы есім! (эссе)"
    ["seo_title"] => string(23) "u_staz_u_ly_iesim_essie"
    ["file_id"] => string(6) "394489"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487704786"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Тәрбие сағаты "Ұстаз-ұлы есім("
    ["seo_title"] => string(28) "t_rbie_sagaty_ustaz_uly_esim"
    ["file_id"] => string(6) "483548"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541393509"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства