kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлттарды біріктірген Ұлы той" мерекелік кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне арналған кеш сценарийі. Қазақстан әр түрлі ұлттарға мекен болған киелі ел.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлттарды біріктірген Ұлы той" мерекелік кеш»

«Ұлттарды біріктірген Ұлы той» (наурыз 5-10 сынып)

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі «Ұлттарды біріктірген Ұлы той» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

Ән «Бәйге» Темірболатов Дәурен

1-жүргізуші:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
2-жүргізуші:

Құтты болсын ұлыстың ұлы күні

Шаттандырған елімді тәңір нұры

Думандатып мейрамды біз бастайық

Ал, қанеки шашу, шашу шашайық

(Қыдыр ата, Наурызгүл Әжелер шашу шашады.) Халық әні «Қоғалы-ай»

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
2-жүргізуші:

Қош келдіңіз Қыдыр ата, Наурызгүлім ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Наурызгүл ән айтады

1-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

(Халық әні «Маусымжан» Әжелер ән айтады)



1-жүргізуші:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

2-жүргізуші:

Мы дружной семьей живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов
Наурыз мерекесінің думанды той төріне қазақ халқын шақырамыз. 8 сыныпты қарсы алыңыздар!

8-сынып оқушылары өнер көрсетеді.
1-жүргізуші:

Таң шапағын қарсы алып Наурызда

Құт-береке тілейміз баршаңызға

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық

Шат көңілмен бәріміз ән салайық

2-жүргізуші:

Где Арагва водами сверкает
Там живёт одной Отчизны сын
Брат наш из предгорья и равнины
Верный друг - приветливый грузин.
Грузия халқының – өмірін тамашалайық5-сынып


1-жүргізуші:

Бүгінгі Ұлы тойда қасиетті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

2-жүргізуші:

Здравствуй, краса Украина!
Салом и хлебом богата!
От чудо Двины до устья Дуная
В подсолнухах гордо шагая.
Украин халқының – өмірін тамашалайық6б-сыныбы

1-жүргізуші:

Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың. 
2-жүргізуші:

Под солнцем палящим в цветной тюбетейке
Пестрый халат на ветру развевает
Родина хлопка и родина дыни.

Ендеше өзбек халқын ортаға шақырып, өнерін тамашалайық. 7- сыныпты қарсы алыңыздар!



1-жүргізуші:

Наурыз – бақыттың  бастамасы, жақсылықтың жаршысы

Наурыз – елмен  елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн

Наурыз – татулықпен  достықтың мерекесі

Наруыз – ізгілікпен молшылықтың мерекесі



2-жүргізуші: 

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып келген қырғыз ағайындарымызға қол соғып қошемет көрсетейік.

Қырғыз ұлты 9-сынып

1-жүргізуші:

Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
2-жүргізуші:

Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурыз тойға шақырамыз.

Армиян халқын қарсы алайық. 10а сыныбы


1 - жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
2 - жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
Татар халқын қарсы алайық. 6а сыныбы
1-жүргізуші: 

Наурыз-бүкіл табиғат оянатын тіршіліктің бастауы. Бұл күні ата-әжелеріміз үйді-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Халқымыз өсіп-өнсін деген ниетпен тал еккен. Бір-біріне жақсы тілектер айтқан. Ендеше, бізде мерекемізді наурыз туралы жақсы тілектермен жалғайық.

 2-жүргізуші:

Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын.

Елімізде халықтар достығы жасасын! Бәріміз бірге Тәжік халқын қошеметпен қарсы алайық!

Тәжік ұлты 10а сыныбы

1- жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
2- жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен кешімізді аяқтай келе қорытынды сөз кезегін мектеп директоры Айгүл Уразайқызына береміз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Ұлттарды біріктірген Ұлы той" мерекелік кеш

Автор: Жантемирова Ляззат Кенжегалиевна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 464051


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства