kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стаздар ?ла?атын ?л?айтар ?жым

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лемдік ?ркениетті? к?кжиегіне алпауыт елдермен иы? те?естіре жетуді ма?сат еткен мемлекетіміздегі жа?алы? пен ?згерістер легі  к?н ?ткен сайын ?ар?ындай дамып бара жат?аны жасырын емес. Елбасымыз да осы ма?сат?а жету жолында?ы ?рбір ?адамымызды ай?ындап, жылжы?ан жылдар к?шіне лайы?тап, ?о?амымызды? ?рбір м?шесіне межеленген  ба?ытты дер кезінде н?с?ап  отыр. Президентті? басымды? ретінде діттеген он ма?сатты жолыны? ?атарынан ойып орын ал?ан ?аза?станды? білім ж?йесіне ?атысты реформаны? да ?зіндік ма?ызын барша ж?рт т?сінгендей. ?аза?станда адам капиталыны? сапалы ?суіне жіті назар аудар?ан Мемлекет басшысы, е? алдымен, білім ж?не денсаулы? са?тау?а к??іл б?лу ?ажеттігіне ден ?ойып отыр. Сол себепті де  білімні? б?гінгі та?да б?секелестікті? басты ?аруына айнал?анды?ына да ешкім ш?б? келтіре ?оймас. К?зі ?ара?ты ?ауым ??ла? т?ре к?тетін д?ст?рлі Жолдауында: «. педагогтер ??рамыны? сапасын арттыруды? ма?ызы зор. Ар?аулы? педагогтік білім беруді? ?лгі-?алыптарын, мектептер мен жобалар о?ытушыларыны? біліктілігін арттыру?а талаптарды к?шейту ?ажет. ?р ??ірде педагогтерді? біліктілігін арттыратын интеграциялан?ан орталы?тар ж?мыс істеуі тиіс» (Н.?.Назарбаев Жолдау, 2012), - деп Елбасы ереше атап к?рсеткен міндеттер ?азірде сатылы т?рде ж?зеге асырылуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стаздар ?ла?атын ?л?айтар ?жым »

Ұстаздар ұлағатын ұлғайтар ұжым


Н.М.Султанбекова

65 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Әлемдік өркениеттің көкжиегіне алпауыт елдермен иық теңестіре жетуді мақсат еткен мемлекетіміздегі жаңалық пен өзгерістер легі күн өткен сайын қарқындай дамып бара жатқаны жасырын емес. Елбасымыз да осы мақсатқа жету жолындағы әрбір қадамымызды айқындап, жылжыған жылдар көшіне лайықтап, қоғамымыздың әрбір мүшесіне межеленген бағытты дер кезінде нұсқап отыр. Президенттің басымдық ретінде діттеген он мақсатты жолының қатарынан ойып орын алған қазақстандық білім жүйесіне қатысты реформаның да өзіндік маңызын барша жұрт түсінгендей. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуіне жіті назар аударған Мемлекет басшысы, ең алдымен, білім және денсаулық сақтауға көңіл бөлу қажеттігіне ден қойып отыр. Сол себепті де білімнің бүгінгі таңда бәсекелестіктің басты қаруына айналғандығына да ешкім шүбә келтіре қоймас. Көзі қарақты қауым құлақ түре күтетін дәстүрлі Жолдауында: « ... педагогтер құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтердің біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс» (Н.Ә.Назарбаев Жолдау, 2012), - деп Елбасы ереше атап көрсеткен міндеттер қазірде сатылы түрде жүзеге асырылуда.

Мен Шымқалада білім беру ісінде өзіндік ерекшелігімен танылып отырған Педагогикалық Шеберлік Орталығын соның бір айғағы ретінде атар едім. Білім реформасындағы маңызды шараларды атқаруға атсалысып жүрген бұл орталықта бірінші деңгейдегі мұғалімдерді дайындау жұмысы енді ғана басталғандығына қарамастан, тәлім беруші тренерлердің кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейде екендігін алғашқы күннен бастап-ақ таныта білгендігі көңіліміздегі ұялаған күдікті сейілтіп, болашаққа деген сенімімізді арттырды десем, артық айтқандық емес. Ыстық өлкенің әр түпкірінің білім ошақтарынан келген кілең «сен тұр, мен атайын» деген мамандар, бәйгеге баптап қосқан жүйріктердей маңғаздана мардымсып бір ортада бас қостық. Арамызда «не берер дейсің» деген менменсу де, «тағы да нені шығарды» деген жақтырмау да, «не болар дейсің» деген салғырттық та, «қалай болар екен» деген сенімсіздік те, «қайтер екем» деген жалтақтық та орын алғаны рас. Ә дегенде, берілген ауқымды ақпаратты санамызға сіңіре алмай, көкжиегіне көз жетпес көп білімді қолымыздан сырғып түскен сынаптай жинақтай алмай қалғанымыз да рас. Қысқасы, әлемдік білім жүйесі мойындап отырған сындарлы оқытудың мол қазыналы мұхитына шым батып кеткендей әсерде болдық. Алайда тобымыздың тренері Әсия Жаншорақызы Купешованың асқан шеберлікпен ұйымдастыра берген дәруменді дәрісі етек-жеңімізді, ақыл-есімізді жинап, ой-зейінімізді бір бағытқа шоғырландыруға көп мүмкіндік берді. Оның әрқайсысымыздың ерекшеліктерімізді ескере отырып жоспарланған әрбір қадамы тың жерге дестелеп түсірген егістей санамызға қатталып жатыр. Алғашқы «бетпе-бет» кезеңнің орта тұсында тұрсақ та, деңгейлі бағдарламаның басым бөліктері туралы айтарлықтай дерек жинап, келешек жұмысымыздың нысанын анықтай аларлықтай дәрежеге жеттік деп ойлаймын. Бірімізге бас, бірімізіге құрдас, бірімізге жолдас бола білген Әсия Жаншорақызының оқыту барысындағы тиімді әдіс-тәсілдері мен әрбір тақырыпты баламалы түрде, өмірлік дағдылармен қабыстыра жеткізе білуі, сондай-ақ тыңдаушылармен қарым-қатынасты ұтымды құра білу қабілеті бізге, шын мәнінде, үлкен әсер берді. Келешек атқарар ісімізде қолданар іс-әрекетімізге үлгі боларлық үлкен біліктілік мектебіне түскенімізге қуанамыз. «Жақсы адамға әр жерде бір кісілік орын бар» дегендей, тобымызға ратация жүйесімен келеген Роза Гайдарқызы Сыздықбаева да біздің біліктілігімізді арттыруға жоспарланған білімді меңгеруімізде өзіндік орын алып отыр. Ол кісінің кез келген сәтке қолдана қояр сан қырлы, сан түрлі деректемелер қоймасы іспеттес қойын дәптері біздің деңгейімізді көтерер іс-шаралар барысында әлі талай ашылар, ол дәптерден әлі де талай сырлар шашылар. Осындай біздің сезімімізді аялай, өз уақытын аямай еңбек етіп жатқан ұлағатты ұстаздар қауымы әлемдік білім саласындағы маңызды өзгерістер мен олардың себептері, айғақтары, деңгейлік бағдарламаның негізгі жеті модулі, сындарлы оқыту мен инклюзивтік білім беру, оқыту мен оқудың мақсаттары, бағалаудың жаңа жүйесі, көшбасшылық пен басшылық, тәлімгерлік пен ментерлік, жалпы алғанда қалай оқу керектігін үйрену мен үйретудің сан нұсқалы амал-тәсілдерін меңгертуде өз білімі мен біліктіліктерін танытып отыр. Ең бастысы, замануи білім берудің негізгі қағидаларын игеру мен оны іс жүзінде жүзеге асыруға кеңінен мүмкіндік берілуде.

Курсқа қатысушы мұғалімдер арасындағы әңгіме-сұхбат барысында Сәуле Романқызы Матаева, Жазира Өміртайқызы Қалықұлова, Замира Сапарбаева-сынды тренерлердің есімдері ерекше ықылас, ыстық алғыс сезіммен жиі аталады. Мұны олардың бағдараманы оқыту барысындағы еңбектерінің нәтижелілігінің көрінісі деп білемін. Жас та болса қарым-қабілеті мен білімі тұрғысынан айрықша танылып жүрген Жанар Қалғынбаеваның басқаруындағы педагогикалық шеберлік орталығының ел болашағының негізін қалайтын бәсекелестікке қабілетті, икем-дағдылары шыңдалған ұрпақ тәрбиесіне жауапты ұстаздардың біліктілігін арттыру жолында атқарып жатқан жұмыстарының өлшемі тек қана табыспен өлшенетініне сенімім мол. Бұл орталық мұғалімдерді білім беру саласындағы көрінісі көмескі, қолдану қолайлығы кемшін тартқан, шынайылығы күдік тудырып отырған ескі сүрлеуден жаңа бағыттағы даңғыл жолға салуда елеулі еңбек етіп отыр десек те болады. Ұжымның шығармашылық жұмыста жемісті нәтижеге жетулеріне тілектеспін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?стаздар ?ла?атын ?л?айтар ?жым

Автор: Султанбекова Нуржамила Мусаевна

Дата: 08.03.2015

Номер свидетельства: 183386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства