Просмотр содержимого документа
««Т?л?алы батырларды? ерлігі ел есінде» (ашы? т?рбие са?аты) »
№249 мектеп – лицей
Тақырыбы:
«Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде»
(ашық тәрбие сағаты)
Жауапты: 8 «В» сынып жетекшісі
Қырмызы Жансұлтан
2014-2015 оқу жылы
Барысы
Би
1 – жүргізуші: Жеңіс!Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті!
2 – жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Төлеген Тоқтаровқа арналған «Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде»- атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! (бірге )
1 – жүргізуші:
Жиырма миллион тірлік демін доғарды,
Қанша қала күлге айналып тоналды.
Тап қазіргі Қазақстан халқындай,
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.
Адамзатым , ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан
Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.
2 – жүргізуші: Қазақстанның 1- миллион екі жүз мыңға жуық ұлы мен қызы Совет Армиясы қатарында шайқасты. Республикада ондаған атқыштар мен атты әскер дивизиялары , бригадалары,авияция полктары мен арнаулы батальондар жасақталды.Қазақстандықтар тарихта тендесі жоқ қаһармандық пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
1- жүргізуші: Әсіресе генерал Панфилов басқарған 316-ші атқыштар дивизиясы Мәксеу түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті.
316 Алматы атқыштар дивизиясы туралы
2 – жүргізуші: 1941ж Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-шы атқыштар дивизиясы жасақталып, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941ж қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған дивизия Волоколамск бағытын қорғауда қаһармандық танытты.
2 – жүргізуші: Дубосеково.....Біздің елімізде осы бір жер атын естігенде селт етпейтін бір пенде жоқ шығар. 28 гвардияшылардың ерлігі, олардың саяси жетекшісі Василий Клочковтың: Ресея кең байтақ , бірақ шегінерге жер жоқ- артымыздаМосква- деген әйгілі сөзін жақсы біледі, мәңгі ұмытпайды. 28 гвардияшылар жаудың 50 танкісін талқандап жауды ілгері өткізбеді , өлімнен тайсалмай күші басым жауды жеңіп, ерлік жасады.
1 – жүргізуші: Міне, сол 28 панфиловшылардың бәріне Совет Одағының Батыры атағы берілді.Есімдері кітаптарда жазылып мәңгілік есте қалды.
2 – жүргізуші: Дивизияның барлық бөлімдері аға лейтенант Маслов В.С , капитан Лысенко М.А, дивизияның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин, қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаров ерлік көрсетті, әсіресе аға лейтенант БауыржанМомышұлының батальоны ерекше көзге түсті.
1 – жүргізуші: Мәскеу түбіндегі бірнеше айларға созылған үздіксіз ұрыстарда өз бекіністерін берік сақтай отырып ,қарсы шабуылдар арқылы жаудың 4 танк ,29 моторлы және 110 жаяу әскер дивизиясын талқандап ,90мың солдатын жойды. Осы бір дивизиядан 35 Кеңес Одағының Батыры шықты.
2 – жүргізуші: Соның ішінде Панфиловшылардың бірі, қатардағы жауынгер - Төлеген Тоқтаров болды.
1-жүргізуші: Туған жеріне орала алмай , жат жердің топырағы бұйырған , жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына
Бір минут үнсіздікжариялансын.
2 – жүргізуші: Төлеген Тоқтаров - 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі. 1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас ретінде көрсетеді.
1-жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші қабылданады. Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылады. Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын. Осылайша Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап, оның майдандағы өмірі басталады. Содан тоғызыншы ақпанға дейін… Көп емес…
2-жүргізуші: Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді. Ол өз өнегесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп, бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды. "Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің" - дейтін еді ол.
1 – жүргізуші: Дивизияның «Отан үшін» газеті, ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалғанда ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді.
2 – жүргізуші: Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген , сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Совет Одағының батыры, белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: "…1942 жылдың 9-ақпаны … Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді…".
М.Ғабдуллиннің Төлеген жайында жазған естелігінен көрініс
Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943).
2-жүргізуші: Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Төлеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген.
1 – жүргізуші: Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
2 – жүргізуші: Сонымен қатар, жазушы К.Сақабаевтың Төлегеннің өмірбаянына арналған "Намыс" атты повесі 2000 жылы жарық көрді.
1-жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.
Ән: «Катюша» (Жасағанберген Нұрайдың орындауында)
1 – жүргізуші: Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер Совет Герман майданының аса жауапты учаскелерінде болып жауынгерлік ерлік пен әскери табандылықтың қатал сындарынан сүрінбей өтті.
2 – жүргізуші: 470-ке жуық қазақстандық Совет Одағының батыры атанды.
1-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым, Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.
2-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аға мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
Ән: «День Победы»
(Әбжалиұлы Тұрар мен Ануарбеков Мадиярдың орындауында)
Барысы
Би
1 – жүргізуші: Жеңіс!Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті!
2 – жүргізуші: От пен жалынға оранған 1918 күн мен түн , әрбір сағаты , әр минуты қауіп – қатерге толы болғанын , қолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі.
1 – жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.Олай болса, биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл.
2 – жүргізуші: 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты.1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.
2 – жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
1-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Төлеген Тоқтаровқа арналған «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.
2 – жүргізуші:
Жиырма миллион тірлік демін доғарды,
Қанша қала күлге айналып тоналды.
Тап қазіргі Қазақстан халқындай,
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.
Адамзатым , ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан
Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.
1 – жүргізуші: Қазақстанның 1- миллион екі жүз мыңға жуық ұлы мен қызы Совет Армиясы қатарында шайқасты. Республикада ондаған атқыштар мен атты әскер дивизиялары , бригадалары , авияция полктары мен арнаулы батальондар жасақталды.Қазақстандықтар тарихта тендесі жоқ қаһармандық пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
2- жүргізуші: Әсіресе генерал Панфилов басқарған 316-ші атқыштар дивизиясы Мәксеу түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті.
316 Алматы атқыштар дивизиясы туралы.
1 – жүргізуші: 1941ж Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-шы атқыштар дивизиясы жасақталып, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941ж қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған дивизия Волоколамск бағын қорғауда асқан ерлік көрсетті.
2 – жүргізуші:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,
Анау жаудың танкілері лаулаған,
Жеріміз кең артымызда Мәскеу тұр,
Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам....
1 – жүргізуші: Дубосеково.....Біздің елімізде осы бір жер атын естігенде селт етпейтін бір пенде жоқ шығар. 28 гвардияшылардың ерлігі, олардың саяси жетекшісі Василий Клочковтың: Ресея кең байтақ , бірақ шегінерге жер жоқ- артымыздаМосква- деген әйгілі сөзін жақсы біледі, мәңгі ұмытпайды. 28 гвардияшылар жаудың 50 танкісін талқандап жауды ілгері өткізбеді , өлімнен тайсалмай күші басым жауды жеңіп асқан ерлік жасады.
2 – жүргізуші: Міне, сол 28 панфиловшылардың бәріне Совет Одағының Батыры атағы берілді.Есімдері кітаптарда жазылып мәңгілік есте қалды.
1 – жүргізуші: Дивизияның барлық бөлімдері аға лейтенант Маслов В.С , капитан Лысенко М.А, дивизияның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин, қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаров ерлік көрсетті, әсіресе аға лейтенант БауыржанМомышұлының батальоны ерекше көзге түсті.
2 – жүргізуші: Мәскеу түбіндегі бірнеше айларға созылған үздіксіз ұрыстарда өз бекіністерін берік сақтай отырып ,қарсы шабуылдар арқылы жаудың 4 танк -29, моторлы 11 және 110 жаяу әскер дивизиясын талқандап ,90мың солдатын жойды. Ерлігі мен батылдығы үшін Панфиловқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.Оның есімі 8 гвардия(бұрынғы 316 ) атқыштар дивизиясына берілді.Алматы ,Мәскеу,Саратов, Петровск т.б қалаларда Батырдың атында парктер, саябақтар, даңғылдар мен көшелер бар.
1 – жүргізуші: Осы бір дивизиядан 35 Кеңес Одағының Батыры шықты.
2 – жүргізуші: Соның ішінде Панфиловшылардың бірі, қатардағы жауынгер - Төлеген Тоқтаров болды.Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі. 1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас ретінде көрсетеді.
1-жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші қабылданады. Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылады. Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын. Осылайша Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап, оның майдандағы өмірі басталады. Содан тоғызыншы ақпанға дейін… Көп емес…
2-жүргізуші: Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді. Ол өз өнегесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп, бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды. "Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің" - дейтін еді ол.
1 – жүргізуші: Дивизияның «Отан үшін» газеті, ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалғанда ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді.
2 – жүргізуші: Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген , сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Совет Одағының батыры, белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: "…1942 жылдың 9-ақпаны … Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді…".
1 – жүргізуші:
Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943).
2-жүргізуші: Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Төлеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген.
1 – жүргізуші: Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
2 – жүргізуші: Сонымен қатар, жазушы К.Сақабаевтың Төлегеннің өмірбаянына арналған "Намыс" атты повесі 2000 жылы жарық көрді.
М.Ғабдуллиннің Төлеген жайында жазған естелігінен көрініс
1-жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.
Мәнерлеп оқу
1 – жүргізуші: Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер Совет Герман майданының аса жауапты учаскелерінде болып жауынгерлік ерлік пен әскери табандылықтың қатал сындарынан сүрінбей өтті.
2 – жүргізуші: 470-ке жуық қазақстандық Совет Одағының батыры атанды.
Туған жеріне орала алмай , жат жердің топырағы бұйырған , жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына
Бір минут үнсіздік жариялаймын.
1-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым, Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.
2-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
Ән: «День Победы»
Биыл Ұлы Жеңіске 70жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты.1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды.
Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батырыатағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатындажаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған.
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар.Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданы Қарақұдық ауылында туды- 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы -2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Қазақ. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпандаБородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943). Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов«Ер Толеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
Ғабдуллин М.Ескерткіш орнатты ол ерлігімен.: [Совет Одағының батыры Т:Тоқтаровқа арналған бет ]// Коммунизм туы.-1967.-8 февраль. Ерлік әнән тудырған: Хикаят (майдангерлер туралы әңгіме).-Өскемен., 1998.-Б3-33 От ішінде, оқ өтінде туған жолдар.: М.Ғабдуллиннің публицистикасы туралы.Т.Тоқтаровқа арналған) //Ыдырысов Р.Отты жылдар шежіресі.- Алматы:Қазақстан, 1971.- Б75-80 Оразбеков Н. Төлегеннің ізімен.//Лениншіл жас.- 1968.-25апр. Сақабаев К Намыс.: [Т.Тоқтаров жайлы деректі повестен үзінді] //Дидар.- 1994.-2 маусым Сақабаев К. Сапарғалиев Қ. Ерлігі оның мәңгілік.//Коммунизм туы.- 1991.- 1ақпан. Тастағанов М. Т.Тоқтаровтың хаты.:[ Совет Одағының батыры]//Дидар.- 1991.-1ақпан. Халқымыздың ержүрек ұлына лайықты құрмет бола ма?:[Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров жайында]//Дидар.- 1995.-7 желтоқсан. Айтқожина М. Батыр тұлғасы.:[Т.Тоқтаровқа арналған өлең]//Коммунизм туы.- 1967.-8 февраль Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына75 жыл. (1920 -1942) //Шығыс Қазақстанда 1995 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер. Ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші.- Өскемен,1994.-Б6-8.
Сен құрметте оны
Сен құрметте оны! Түсіндін, бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде Ол жауға қарсы шапты, Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты, Өлім соққысын өз үлесіне алды. Денесін оқ пәршелесе де Ел намысын қорғап қалды. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Сенің келешегің үшін берді ол Азаттық, жолында аяғын!